Үйде оқыту жұмыстарының түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2012 в 22:48, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың тақырыбы – «Үйде оқыту жұмыстарының түрлері» болғандықтан ағылшын тілін үйде оқыту технологиясының бірнеше түрлерін қарастырдым:
- Сыныптан тыс оқыту, яғни үйде оқу жұмыстарын жүргізу мұғалімнің ұйымдастыру шеберлігімен іске асады. Сонымен қатар сыныптан тыс оқыту әртүлі жұмыстар арқылы жүзеге асады. Сол жұмыстар арқылы оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға, өз қабілетін танып білуге, қосымша жұмыс жасауға үйретіп, дүниетанымын кеңейтеді.
- Үйірме жұмыстары - сыныптан тыс жұмыстардың күре тамыры. Оқушылардың ағылшын тілі пәніне қызығуы мен қатар белсенділігін көтеру үшін мектептерде ағылшын тілі үйірмелері жұмыс істейді. Бұл үйірмелерді көбіне ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері, ұстаздар, сынып жетекшілері жүргізеді. Үйірме жұмыстарының арнаулы органы – қолжазба журналы, газеті болады. Жұмыс жоспары жасалады.
- Ағылшын тілін әрі қарай дамыта оқыту үшін үйде интернетпен жұмыс жасау.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1. Ағылшын тілін оқытудағы үйдегі оқу жұмысының ерекшеліктері мен түрлері
1.1 Ағылшын тілін оқытудағы үйдегі оқу жұмысының мәні, түрлері......................................................................................................................5
1.2 Ағылшын тілі сабағында үйдегі оқу жұмыстары арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу.........................................................................................8
2. Ағылшын тілін оқытудағы үйдегі оқу тапсырмаларын сабақта ұйымдастыру
2.1 Ағылшын тілі сабағында үйдегі оқу жұмыстарын ұйымдастыру..............11
2.2 Ағылшын тілі сабағындағы үйдегі оқуға қажетті жаңылтпаштар мен тақпақтар өткізу.....................................................................................................18
2.3 Үйдегі оқудағы мақал – мәтелдердің маңызы..............................................19
3. Іс-тәжірибе барысында ағылшын тілі сабақтарында қолданған оқыту жолдары.................................................................................................................24
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................29

Работа состоит из  1 файл

бота курсовой.doc

— 231.50 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

 Курстық жұмыстың тақырыбы – «Үйде оқыту жұмыстарының түрлері» болғандықтан ағылшын тілін үйде оқыту технологиясының бірнеше түрлерін қарастырдым:

- Сыныптан тыс оқыту, яғни үйде оқу жұмыстарын жүргізу  мұғалімнің ұйымдастыру шеберлігімен іске асады. Сонымен қатар сыныптан тыс оқыту әртүлі жұмыстар арқылы жүзеге асады. Сол жұмыстар арқылы оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға, өз қабілетін танып білуге, қосымша жұмыс жасауға үйретіп, дүниетанымын кеңейтеді.

- Үйірме жұмыстары -   сыныптан тыс жұмыстардың күре тамыры. Оқушылардың ағылшын тілі пәніне қызығуы мен қатар белсенділігін көтеру үшін мектептерде ағылшын тілі үйірмелері жұмыс істейді. Бұл үйірмелерді көбіне ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері, ұстаздар, сынып жетекшілері жүргізеді. Үйірме жұмыстарының арнаулы органы – қолжазба журналы, газеті болады. Жұмыс жоспары жасалады.

- Ағылшын тілін әрі  қарай дамыта оқыту үшін үйде интернетпен жұмыс жасау.

    Ағылшын сабақтарында  оқушылардың алған білімі мен   дағдыларын үйде оқу жұмыстарымен  оқумен ұштастыра дамытқан кезде  ғана олардың өз бетімен оқу  машығы жетіле түспек. Осыдан  келіп оқушылардың    ағылшын  тіліне деген білімдерін арттырудың тиімді жолы -    Ағылшын сабақтары мен сыныптан тыс оқу сабақтарын байланыстыра білу мәселесі туады.

    Бұл көркем  шығарманың идеялық – көркемдік  құндылығы, көтерген проблемасының  тереңдігі; ауқымы, оқушының қабылдаушылық, қызығушылық қабілеті тұрғысынан сарапқа салынған, мақсаты мен бағыт-бағдары айқындалған сыныптан тыс оқу сабақты басқа да жұмыстармен тығыз ұштастыра жүргізуді міндеттейді.

Ағылшын тілі сабағындағы  информатика пәнінің орта білім  беру жүйесіндегі ролі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі.

Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, Web-дизайн, жүйелік программалушы, администратор және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Аталған мамандықтарды қалай дайындап, оларға қандай программалық құралдарды үйрету арқылы жетілдіруге болатыны әдістемелік жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.

Ағылшын тілі сабағында  компьютерлік сауатылықты меңгеріп шығады, бірақ келешекте олар программист, инженер, жүйе администраторы болуы  міндетті емес. Дегенмен кез-келген шығармашылық мамандық сізден қазіргі заманға сәйкес компьютерлік технологияларды меңгеруге талап етеді. Шығармашылық жұмыстын қортындысы әр қашан жаңа білім, жаңа ақпарат, ал осы ақпаратты таратудың ең жеңіл әдісі – Интернетте жариялау.

Зерттеу жұмысының  мақсаты: Оқушының шет тілі сабағын оқытуда үйдегі оқу жұмыстарының мәні мен түрлерін зерттеу мақсатында мәліметтер жинақтай отырып, тақырыпты зерттеу және оның тиімділігін анықтау.

  Зерттеу жұмысының міндеттері:

  1. Оқушының шет тілі сабағын оқытуда үйдегі оқу жұмыстарын жүргізуде қолданылатын пікірталастың мақсатын зерттеу;
  2. Оқушының ағылшын тілі сабағын оқытуда үйдегі оқу жұмыстарын ұйымдастыру, яғни сабақтан тыс жұмыстар, курстар, үйден жеке ақыту тәсілдерін қарастыра отырып, тақырыпты зерттеу.

1. Ағылшын тілін  оқытудағы үйдегі оқу жұмысының ерекшеліктері мен түрлері

1.1 Ағылшын тілін оқытудағы үйдегі оқу жұмысының мәні, түрлері

    Оқыту  - білім  берудің негізгі жолы болып табылады. Оқыту оқытушы мен оқушының біріккен іс-әрекеттері, сондықтан да ол екі жақты бір текті процесс. Оқытушы оқушыларға білім беріп іскерлікке, дағдыға үйретеді, ал оқушы таным міндеттерін түсініп, дағдыны игереді. Оқыту барысында оқушыларға теориялық білім мен тәрбие беру бір-бірімен ұштастырыла жүргізіледі. Тәрбие негізін қалайтын, оқушылардың білімін кеңейтіп, өз қабілетін танып білуге үлес қосатын оқытудың түрі – сыныптан тыс оқыту, яғни үйдегі оқу жұмыстарын жүргізу.

    Сыныптан тыс  оқыту, яғни үйде оқу жұмыстарын  жүргізу  мұғалімнің ұйымдастыру шеберлігімен іске асады. Сонымен қатар сыныптан тыс оқыту әртүлі жұмыстар арқылы жүзеге асады. Сол жұмыстар арқылы оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға, өз қабілетін танып білуге, қосымша жұмыс жасауға үйретіп, дүниетанымын кеңейтеді.

 Үйірме  жұмыстары -   сыныптан тыс жұмыстардың күре тамыры. Оқушылардың ағылшын тілі пәніне қызығуы мен қатар белсенділігін көтеру үшін мектептерде ағылшын тілі үйірмелері жұмыс істейді. Бұл үйірмелерді көбіне ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері, ұстаздар, сынып жетекшілері жүргізеді. Үйірме жұмыстарының арнаулы органы – қолжазба журналы, газеті болады. Жұмыс жоспары жасалады.

Ағылшын тілі үйірмелердің бір түріне «Кітап достары» немесе  «Кітап – білім бұлағы» деген  үйірмені жатқызуға болады. Әсіресе, V – VIII сыныптарда мұны мектеп кітапханасымен бірігіп жүргізудің маңызы ерекше. Үйірме мүшелері кітапханада арнайы көрме ұйымдастырып өткізеді. Мысалы, «Құрметтейік те көтерейік ананы!» (8- наурыз қарсаңында), «Менің Қазақстаным» (Республика күніне). Олар жаңа кітапты үнемі насихаттап, балаларға таратып, төменгі сынып балдырғандарына әңгімелеп береді. Жұмыс нәтижелі болу үшін, жоспарлы, жүйелі жүргізілуі керек. Кітапты күтіп ұстау, ұқыпты болу, оны қалай оқудың мәдениеті туралы да тартымды әңгімелер осы үйірме міндетінде. Олар осы мәселеде неше түрлі бәйге өткізеді. Мысалы, «Ұқыпты бала», «Кітап жанашыры», «Білгір» (кітап көп оқитын), «Шапшаң» немесе «Алғыр» (кітапты тез әрі қатесіз оқитындар үшін) т.б. тақырыптарда. Жеіңмпаздарға қоғамдық ұйымдар, үйірме, мектеп әкімшілігі алғыс айтып, оларды мектеп газетінде мадақтап отырғаны дұрыс. Үйірме мүшелері оқушыларды кітапханадан кезекті кітапты қалай алуға болады, каталогпен жұмыс түрлерін қалай жүргізу керек, соған үйретеді, дағдыландырады.

    Үйірмелердің тағы бір түрі – ағылшын тілінде мәнерлеп оқу, драма үйірмелері. Үйірмені осы өнерден хабары бар, сауатты маманның жүргізгені дұрыс. Оқушылар драматургия жанры, оның ерекшелігі туралы хабар алады, театр өнері, оның өзіндік сипаттарымен, ұлы артистер өмірі, өнерімен танысады.  Драма үйірмесіне мектеп оқушылары ішінен өнерге бейімі бар балалар өз еркімен тартылады. Үйірмеде кемінде он бес мүше болады. Оқу жылы басында үйірме жетекшісі мектептің оқу – тәрбие жоспарын негізге ала отырып, жұмыс жоспарын құрады. Үйірменің мақсаты – жекелеген оқушының сан қырлы  көркем дамуын, оның рухани қажеттілігінің арта түсуін қамтамасыз ету. Сол арқылы өнерге құлшынысын тәрбиелеу. Үйірме жұмысын жоспарлау көбіне жетекшінің жеке басының біліміне, өнеріне, режиссерлік қабілетіне байланысты. әрбір жетекші ең алдымен оқушының жас ерекшелігін ескеріп, оның табиғи дарынын байқап, жас өнерпаздың қызығушылығын баулып, шығармашылық еңбекке йретеді. Үйірме сабақтарында мектеп бағдарламасына байланысты шағын пьесалардан үзінді, әдеби монтаж қойылымдары даярланады. Үйірменің жұмысы әр оқушының көркем білімін дамытуға әсерін тигізеді. Ал көркем білім ізгілік  пен адамгершілікке негізделіп, оқушының нысанасы биік идеясын тәрбиелейді. Ендеше драма жанры бойынша әр сабақта оқушының алған білімі, драма үйірмесінде практикалық істермен ұласып,  көркем білім негізін қалыптастырады. Мектептегі ағылшын тілі үйірмесі - ағылшын тіліне жақын, талантты жастарды тәрбиелейді. Ағылшын тілі үйірмесі де жыл басынан жоспарланып дайындалады. Ағылшын тілі үйірмесін ұйымдастырғанда  ұйымдастырушы жетекшілері алдына әртүрлі мақсат қоюы  мүмкін. Ағылшын тілі оқушылардың үлгерімін арттыру, пәнді игеруге қызықтыру, білімдерін кеңейту, ағылшын тілін тереңдете оқытуға үлес қосады. Сонымен қатар ұлттық негіздегі тәрбиеге халықтың педагогикаға сүйене отырып мынадай жоспар құруға болады.

Ағылшын тілі үйірмесінің  жұмыс жоспары.

р/с

Жүргізілетін жұмыстардың  тақырыбы

уақыты

Кім жүргізеді?

1

І тоқсан

Кіріспе

қыркүйек

Ағылшын тілі пәнінің  мұғалімі       

2

Жұмыс түрлерімен таныстыру

1

ағылшын тілі пәні мұғалімдері

Қазан

2

Кітаптар көрмесі

1

ІІ тоқсан

Ағылшынша тақпақ жаттау

Қараша

2

Ағылшын әдеби шығармалардағы кейіпкерлер 

1

Ағылшын – қазақ тілінде  мақал – мәтелдер үйрену

Желтоқсан

2

Қолөнер

1

ІІІ тоқсан

Қаңтар

2

Мақал-мәтелдердің тәрбиелік  маңызы

1

Ақпан

ағылшын тілі

2

Ұлттық киім үлгілерін  ағылшынша оқу

1

ІV тоқсан

Ұлттық аспап музыканың  түрлерін ағылшынша үйрену

Наурыз

2

Әндер айту

1

 Мәнерлеп оқу

Сәуір

2

Қорытынды

    Сыныптан тыс оқу  сабақтары бағдарламалық талаптар бойынша жүргізіледі. Оған бағдарламада қосымша оқуға және сыныптан тыс оқуға ұсынылған шығармалар негізге алынады.

    Сыныптан тыс  оқуға бөлінген сағат көп емес. Бөлінген уақытты ұтымды пайдалана  отырып, оқушылардың әдебиет сабақтарында  алған білімдерін сыныптан тыс  оқу сабақтарында кеңейту мен  тереңдетудің тиімді жолдарын  іздестірген жөн.

    Сыныптан тыс  оқу сабағы -    Ағылшын сабағының жалғасы. Ол арқылы мұғалім оқушылардың өздігінен кітап оқуына бағыт береді, оқыған шығармаларды есепке алады, қадағалайды, тексереді, оқушылардың қабілетін арттырады. Сыныптан тыс оқуға арналған сабақтарда оқушылар бірде сабақта аяқталмай қалған көркем шығарманы оқыса, бірде кейбір үстірт түсіндірілегн мәселеге қайта оралып, оны нақтылай, дәлелдей түседі, енді бірде оқушыларды алда болатын әдебиет сабағына дайындайды. Бұған қарап сыныптан тыс оқу сабағын қалыптағы дәстүрлі әдебиет сабағы деуге болмайды. Себебі, сынып сағатына  қарағанда, мұнда оқушылардың дербес жұмысына, өзіндік ізденуіне, пікір еркіндігіне мол мүмкіндік беріледі. Сондай – ақ баланы жеке адам ретінде қалыптастыруға қажетті тәрбие жұмыстарын іске асыруда сыныптан тыс оқудың  маңызы зор.

1.2 Ағылшын тілі сабағында үйдегі оқу жұмыстары арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу

Ол оқыту процесінде оқушыларды бірігіп белгілі бір  мәселені шешуге белгілі бір әрекетке өз жауапкершілігін сезініп, белсенді болуға және осы кезде өз қиялын, ой-өрісін, шығармашылығын көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге бұл әдіс оқушыларды жұп болып, бірігіп жұмыс жасауға, жұмыс жасай отырып, өзгелерге көмек көрсетуге үйретеді. Сонымен қатар бұл ұғым тәсіл ретінде төмендегідей талаптарға сай келеді:

    • ақпаратты терең игереді, өйткені оны ой елегінен өткізеді;
    • студент өзін-өзі еркін және ыңғайлы сезінетін өрісті қалыптастырады, тілді оқып үйрену ниетін арттырады;
    • студенттің жеке тұлғасына тікелей әсер етіп, танымдық, шығармашылық қабілетін оятады;
    • топ студенттерімен жасалатын жұмысты түрлі формада (жұптық, топтық, ұжымдық) өткізуді қамтамасыз етеді;
    • ойлауды белсендіреді;
    • ынтымақтастықпен әрекет етуге үйретеді;
    • тындау дағдысын қалыптастырып, өзгені тындай алады.

Әрине мүндай тәсілді қолдануда кездесетін қиындықтар да жоқ емес. Себебі әр студенттің ойлау қабілеті, жылдамдығы, білім деңгейі, ақпаратты меңгеруі бірдей жағдайда емес. Осыдан келіп студенттердің алдында шынайы және психологиялық қиындықтар туындайды.

Информация о работе Үйде оқыту жұмыстарының түрлері