Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 10:40, сочинение
Мында өту: шарлау, іздеу
Күләш Ахметова (25.4.1946 жылы туылған, Қырғызстан, Талас ауданы Киров ауылы) — ақын. Жамбыл медициналық училищесін, Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1973). “Қазақстан пионері” газетінде, “Жалын” баспасында бөлім меңгерушісі, редактор болып қызмет істеді. Алғашқы өлеңдері училищеде оқып жүрген кезінде жариялана бастады. “Ақ гүлім менің” (1975), “Сен менің бақытымсың” (1977), Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының, (1978), “Жапырақ жаздың жүрегі” (1979), “Мейірім” (1981), “Бұлақтағы жұлдыздар” (1982), “Жасыл жағалау” (1984), “Ләйлектер қайтып келгенде” (1985), “Арғымақтар даласы” (1987), “Сен жанымда жүрсең” (1987), “Наурыз нұры” (1991), “Күн шыққанда күліп оян” (1996) т.б. жыр-жинақтары жарық көрген. Ахметова өлеңдері орыс, украин, белорус, өзбек, башқұрт, қырғыз, т.б. тілдерге аударылған. А.Ахматова, А.Межиров, Н.Ислам, Э.Межелайтис өлеңдерін қазақ тіліне тәржімалады.[1] Азаматтық үнінің айқындығымен, нәзік сыршылдығымен ерекшеленетін Ахметова шығармалары туған елді сүю, адалдық, достық, махаббат сезімдерін арқау етеді. Замандастың көңіл-күйі, жан әлеміндегі құбылыстар, әйел тағдыры — ақынның лирикалық толғаныстарының арқауын құрайды