Күләш Ахметова

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 10:40, сочинение

Описание

Мында өту: шарлау, іздеу
Күләш Ахметова (25.4.1946 жылы туылған, Қырғызстан, Талас ауданы Киров ауылы) — ақын. Жамбыл медициналық училищесін, Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1973). “Қазақстан пионері” газетінде, “Жалын” баспасында бөлім меңгерушісі, редактор болып қызмет істеді. Алғашқы өлеңдері училищеде оқып жүрген кезінде жариялана бастады. “Ақ гүлім менің” (1975), “Сен менің бақытымсың” (1977), Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының, (1978), “Жапырақ жаздың жүрегі” (1979), “Мейірім” (1981), “Бұлақтағы жұлдыздар” (1982), “Жасыл жағалау” (1984), “Ләйлектер қайтып келгенде” (1985), “Арғымақтар даласы” (1987), “Сен жанымда жүрсең” (1987), “Наурыз нұры” (1991), “Күн шыққанда күліп оян” (1996) т.б. жыр-жинақтары жарық көрген. Ахметова өлеңдері орыс, украин, белорус, өзбек, башқұрт, қырғыз, т.б. тілдерге аударылған. А.Ахматова, А.Межиров, Н.Ислам, Э.Межелайтис өлеңдерін қазақ тіліне тәржімалады.[1] Азаматтық үнінің айқындығымен, нәзік сыршылдығымен ерекшеленетін Ахметова шығармалары туған елді сүю, адалдық, достық, махаббат сезімдерін арқау етеді. Замандастың көңіл-күйі, жан әлеміндегі құбылыстар, әйел тағдыры — ақынның лирикалық толғаныстарының арқауын құрайды

Работа состоит из  1 файл

Күләш Ахметова.docx

— 42.62 Кб (Скачать документ)

Күләш Ахметова

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан  алынған мәлімет

Мында өту: шарлау, іздеу

Күләш Ахметова (25.4.1946 жылы туылған, Қырғызстан, Талас ауданы Киров ауылы) — ақын. Жамбыл медициналық училищесін, Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1973). “Қазақстан пионері” газетінде, “Жалын” баспасында бөлім меңгерушісі, редактор болып қызмет істеді. Алғашқы өлеңдері училищеде оқып жүрген кезінде жариялана бастады. “Ақ гүлім менің” (1975), “Сен менің бақытымсың” (1977), Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының, (1978), “Жапырақ жаздың жүрегі” (1979), “Мейірім” (1981), “Бұлақтағы жұлдыздар” (1982), “Жасыл жағалау” (1984), “Ләйлектер қайтып келгенде” (1985), “Арғымақтар даласы” (1987), “Сен жанымда жүрсең” (1987), “Наурыз нұры” (1991), “Күн шыққанда күліп оян” (1996) т.б. жыр-жинақтары жарық көрген. Ахметова өлеңдері орыс, украин, белорус, өзбек, башқұрт, қырғыз, т.б. тілдерге аударылған. А.Ахматова, А.Межиров, Н.Ислам, Э.Межелайтис өлеңдерін қазақ тіліне тәржімалады.[1] Азаматтық үнінің айқындығымен, нәзік сыршылдығымен ерекшеленетін Ахметова шығармалары туған елді сүю, адалдық, достық, махаббат сезімдерін арқау етеді. Замандастың көңіл-күйі, жан әлеміндегі құбылыстар, әйел тағдыры — ақынның лирикалық толғаныстарының арқауын құрайды.[2]

Марфуға Айтхожина

 

Марфуға Айтхожина-"Жыр аққуы" атанған, қазақтың белгілі ақыны Марфуға Айтхожина 1936 жылы 25 тамызда Қүлжа қаласында (ҚХР) дүниеге келген. Атасы Айтхожа топжарған шешен, суырыпсалма ақын, ел сыйлаған би кісі болған. Қазақ елінің басына қаралы күн туған кезде бұл кісі алғашқы қүрбандардың бірі болған екен. Ол кісіні "Итжеккенге" айдаған. Ал өз әкесі Ғали арабша, орысша сауаты бар білімді, жан-жақты зиялы адам болған. Ол кісіні де сол жылдары "Қарағаш" мектебінен (сол кездегі Қапал уезі) Алматыға сексен адаммен бірге айдап әкелген екен. Бес баласы аштан өліп, түрмеден қашып, зайыбы Бифатима "Иіруден" қашып, Қытай жерінде табысып, қыздары Марфуға дүниеге келеді. Ақынның балалық шағы қаймағы бүзылмаған, түнығы шайқалмаған, халқымыздың салт-санасын қаз-қалпында сақтаған ортада өтеді. 1956 жылы Қүлжадағы қыздар гимназиясын бітіреді. 1958 жылы атамекенге оралган. 1965 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, 1971 жылы Мәскеудегі жоғары әдеби курсты бітірген. 1961-1969 жылдары "Қазақ өдебиеті", "Қазақстан мүғалімі" газеттерінде өдеби қызметкер болып істеген. Акынның поэзиясында ерекше бөлек әуен еседі. Коңіл-күй лирикасында адам жанын тебірентетін, ойын толқытатын ерекше бір күш бар. Әсіресе туған жер тақырыбына келгенде сөзден ғажайып суреттер бояуын тогеді. "Сайрам көлің толғауындағы шумақтар осы созімізді дөлелдей түседі. [1] "Құрмет белгісі" орденімен, Болгарияның "Достық" медалімен марапатталған. [2]

Фариза  Оңғарсынова

Өмірбаяны

  • 1939 жылдың 5 желтоқсанында Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған.
  • 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркінқала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектептерінде үстаздық еткен.
  • 1966-1968 жж. Гурьев облыстық "Коммунистік еңбек" газетінің партия түрмысы бөлімінде әдеби қызметкер болып істеген.
  • 1968-1970 жж. республикалық "Лениншіл жас" газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілші қызметін атқарған.
  • 1970-1978 жж. республикалық "Қазақстан пионері" газетінің бас редакторы, 1978 жылғы желтоқсаннан "Пионер" журналының бас редакторы болып істеген.

 
Алғашқы өлеңдері баспасөз беттерінде 1958 жылдан бастап шыққан. Әр жылдары 20-дан  астам өлеңдер жинақтары, очерктері, таңдамалы шығармалары, "Біздің Камшат" повесі, аудармалары "Жазушы", "Жалын", "Молодая гвардия" баспаларынан жарық көрді. 
Орыс, туысқан республикалар ақындарының, Чили ақыны П. Неруданың жырларын, кейбір драмалық шығармаларды казак тіліне аударған. Фариза Оңғарсынованың өлендерінде жасандылық жоқ, азаматтық лирикасы сыншылдығымен, қоғамдағы, адам мінезіндегі келеңсіз тұстарды дәл нысанаға алуымен ерекшеленеді. "Жүрек еенеің..." деген өлеңіндегі төмендегі жолдарды оқыған кезде азаматтық сарын, ар-ождан тазалығына тәнті боласыз. 
Немесе ақын арсыз жандардың жағымсыз жат қылықтарын ашына былайша жырлаған: Не қасиет күтерсің бүгінгі елден, Жасқаншақтап күйеудей үрын келген. Айтар сөзін көмейге көміп қойып, Күн кешеді қорқумен, дірілдеумен. Ақынның творчествосына тән басты қасиет — шындыкқа бас ию. Оның бүл қасиеті кез келген туындысынан да айқын көрініп түрады. 1979 жылы жарық көрген "Сенің махаббатың" жинағындағы "Сырласу немесе ақын әйелдің анасымен диалогы" атты поэмасы ақын творчествосының шындық шырқауы, негізгі қағидасы. Шындық, қайсарлық, адамгершілік, махаббат, сенім сияқты философиялық категориялар Ф. Оңғарсынованың поэзиясында нанымды, салмақты көрініс тапқан.

  • 1984 жылы "Үйім — менің Отаным", "Маңғыстау монологтары", "Революция және мен" өлеңдері топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

 
Ленин комсомолы Орталық Комитетінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Қүрмет Грамоталарымен, "Қүрмет Белгісі", "Парасат" ордендерімен марапатталған. Республика мәдени-ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болған.

 

 

 

 

Тұмар патшайым

Бастысы → -Т- → Тұмар патшайым

 

ТҰМАР

Тұмар (Томирис) ханша (ж.ж.с.д. 570-520) – күнгей түркі сақ  халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі. Грек жазбаларында оның елін «массагет» деп атайды. Тұмар ханша есімінің тарихқа еніп, әлемге танылуы Ахемен әулетінен шыққан, «төрт құбыланың  тұтас билеушісі» атанған парсының әйгілі патшасы Кирдің (ж.ж.с.д. 558 – 530) Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген, «жеңілуді білмейді» деп  дәріптелген әскерін ашық шайқаста тас талқанын шығарып жеңуімен тікелей  байланысты.  
Мемлекетінің аумағын тойымсыздықпен кеңейте беруді ойлаған Кир патша батыс елдеріне аттанбас бұрын әуелі шығыс жағын қауіпсіздендіру мақсатымен күнгей түркі сақтарды бағындырып алуды көздейді. Сөйтіп түркі сақ еліне елші аттандырып, олардың ханшасы, сол кезде күйеуі өліп жесір отырған Тұмардың (Томириске) өзіне тұрмысқа шығуын сұрайды. 
Бұл Кирдің түркі сақтармен соғысуға желеу іздеуі еді. Тұмар ханша Кирдің ұсынысын қабылдамай тастайды. Осыны желеу еткен Кир өзінің жау қайдалап жұтынған жаужүрек жауынгерлерін шығысқа қарай қаптатады. Аракс дариясына жетіп, үстінен қалқыма көпірлерді құруды кемелердің кермесінде мұнара қамалдар тұрғызуды әмір етеді.  
Өздерін жаулап алуға келген парсылардың әр қадамын алыстан бақылап, біліп отырған Тұмар ханша олардың дариядан өту үшін әуреленіп, көпір салғалы жатқанын естіп, Кирге арнайы жаушы жібереді.  
- Мидиялықтардың патшасы! -, дейді жіберген жаушысы арқылы Тұмар ханша Кирге. - Ниетіңнен қайт. Салып жатқан көпірлеріңнің игілігін көрер көрмесіңді өзің де білмейсің. Өнбес істі қума. Өз патшалығыңа бар да, өз билігіңді жүргізе бер, бізді күндеме. Ал егер алда жалда соғыспай қоймаймын десең, онда көпір салып, уақыт өткізіп, әуре болма. Дарияның біз жақ бетіне шығып соғысамын десең, біз үш күншілік жерге кетіп, жол ашайық, ал дарияның өз жағыңда соғысамын десең, сен үш күншілік жерге шегін. Қалауына қарай өзің шеш.  
Тұмардың ұсынысын Кир әскери кеңеске салады. Біраз пікір таласынан соң, Лидияның бұрынғы патшасы, сол кезде Кирдің қолындағы мырза тұтқын Крездің ақылымен дарияның түркі сақтар жағында соғысуды ұйғарып, шешімдерін Тұмарға хабарлайды.  
Түркі сақтар уәделерінде тұрып, үш күншілік жерге шегініп кетеді. Олардың кеткеніне анық көз жеткізгеннен кейін Кир бүкіл әскерін дарияның арғы бетіне өткізіп, Крездің үйреткен айласымен түркі сақтардың шабылдаушы тобын алдап қолға түсіріп, түгел қырғынға ұшыратады. Осы шабуылшы топтың басшысы, Тұмар ханшаның ұлы Спаргапты (Спаргапис) тұтқынға алады.  
Сүйікті ұлы мен шеп бұзар жауынгерлерінің қайғылы хабарын алған Тұмар Кирге жаушы жіберіп, оған өзінің соңғы сөзін жеткізеді.  
Қанқұмар Кир! Жеңіске желікпе. Сен менің ұлымды ашық айқаста қару құдіретімен жеңген жоқсың. Шарап ішкізіп, алдап барып, пенде еттің. Енді менің мына ақылымды ал. Айла амалмен біраз жауынгерімді опат еткеніңді қанағат тұтып, менің ұлымды өзіме қайтарып бер де, есен сауыңда жөніңді тап. Егер өйтпесең, Тәңірі атымен ант етіп айтайын, қанға қаншама тойымсыз болсаң да, адам қанын сусының қанғанша ішкізермін!  
Бар аңсары біреудің елін шауып, олжаға батып, атағын шығаруға ауған Кир ханша ақылын тыңдамай, өзінің шайқасатынын айтып, Тұмардың жаушысын кері қайтарады.  
Тұтқынға түскен Тұмардың ұлы өзінің қандай күйге ұшырағанын мастығы айығып, есі кірген кезде ғана бір-ақ біледі. Кирден аяқ қолын босатуын өтінеді. Қолдан бұғау, аяқтан кісен алынысымен, ол қасында тұрған парсы жауынгерінің қаруын жұлып алып, өзін өзі өлтіреді.  
Келесі күні екі жақтың арасында бұрын соңды көз көріп, құлақ естімеген сұрапыл қырғын соғыс басталады. Ақырында далалық ұрыс тәсілін тиімді пайдаланған түркі сақтар парсылардың әскерін түгел дерлік жусатып салады. Қоршауға түсіп, бас сауғалар мүмкіндігінен айырылған. Кирдің өзі де жауынгерлерімен бірге айқас алаңында қаза табады.  
Тұмар ханша шайқас аяқталған соң, сарбаздарына Кирдің денесін таптырып алып, басын кестіріп, қан толтырылған меске салып тұрып: «Әйтеуір тірі қалдым, сені жеңіп шықтым демесем, жан дегендегі жалғыз ұлымды аярлықпен қолға түсіріп, сен менің түбіме жеттің, жауыз! Енді Тәңірге берген сертімді орындап, басыңды қанға бөктіріп, сусыныңды қандырғаннан басқа амалым жоқ» дейді.  
Осылайша күнгей түркі сақтар өздерін жаулауға жасанып келген басқыншылардан елінің тәуелсіздігін сақтап қалады. Осылайша Тұмар ханша елбасылық ұлы тұлғасымен, қолбасшылық асқан ерлігімен тарихқа енеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өнердегі  қазақ әйелі

 

 

Ұлттың ұлттық сипатын  ашатын нәрсе — өнері мен мәдениеті. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ халқының өнері мен мәдениетінің дамуына  орасан зор үлес қосқан сан-алуан  өнер иелері әйел-аналарымыздың шоқтығы  биік тұрары сөзсіз.

 

Оның ұшар басында Құрманғазы бабамыздан бата алған қазақ қыздарының бірі — биылғы жылы Елбасы жарлығымен 150 жылдық мерейтойы республика көлемінде  өтіп жатқан, күй анасы атанған  – Дина Нұрпейісованың тұруы заңды  құбылыс.

Қазақ даласынан Кремль сахнасына  дейін жеткен Динаның Бүкілодақтық конкурстардағы орындаушылық шеберлігіне  тәнті бол-маған көрермен жоқ  шығар.

Республика үкіметі қазақ  халық аспаптарында тартылатын музыканың  тамаша салтын сақтап, өзінен кейінгілерге жеткізген Дина сынды біртуар  дарын иесіне «Қазақстан өнеріне  еңбегі сіңген қайраткер» және «Халық әртісі» деген құрметті атақтар  берді.

Ғажайып дарын иесінің  күй орындау стилін сақтап, сол  қалпында кейінгі ұрпаққа жеткізуде  Динаның ізін басқан сіңлілері атыраулық  Зәмзәм Есжанова, сондай-ақ, Дина шешей  бейнесін қазақ киносында сомдаған, ер мінезді, сегіз қырлы, бір сырлы, жарқын жүзді, халық арасында «екінші  Дина» атанған профессор дәрежесіне дейін көтерілген талантты домбырашы, білімдар ұстаз Бақыт Қарабалина, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Құрманғазы атындағы Қазақ  Ұлттық консерваториясының профессоры, шебер домбырашы Айгүл Үлкенбаева есімдерін бүгінде мақтанышпен  атасақ. Дина атындағы Атырау музыка колледжінің  түлектері жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған домбырашы, атыраулық қыздарымыз Шарипа Жаменова, Айгүл Батырхайырова, Жанат Молдағалиева, Сәбира Бейбатыровалар бастаған күй анасының өнердегі ертеңін  жалғастырар өнерпаздар қатарының  жылдан-жылға өсе түсуі көңілге  қуаныш ұялатады.

ХХ ғасырда ән көгінде  жұлдыздай болып жарқыраған Күләш  Бай-сейітованың есімін білмейтін  жан жоқ шығар. Күміс көмей  әнші небәрі 22 жасында Қазақстанның халық әртісі, ал 24 жасында КСРО халық  әртісі дәрежесіне ие болған өнер саңлағы  ретінде тарихта мәңгі қалды. Аты аңызға айналған атақты әншінің  ғұмыры қысқа болғанымен, ол салып  кеткен сара жолды біртуар дарын  иелері, халықтың мақтанышына айналған, жезтаңдай, күміс көмей әншілер  Жамал Омарова, Роза Жаманова, Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова сынды  апаларымыз жалғастырып, қазақ ән өнерінің биіктен көрініп, жұлдызының жануына  орасан зор үлес қосты.

Тұңғыш рет қазақ қыздарының арасынан Елбасының жарлығымен «Халық қаһарманы» атағын алып, айрықша «алтын жұлдызды» кеудесіне таққан, қаһарлы  соғыс жылдарында бораған оқтың  ортасында жауынгерлерді әнімен жігерлендірген әнші Роза Бағланова  өмірден өткенше халқына өнерімен еңбек етіп, халықтың шынайы құрметіне  бөленді.

Бүгінгі күні жоғарыдағы аталған  біртуар дарын иелерінің ізін басқан Нұржамал Үсенбаева, Майра Мұхамедқызы, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, дәстүрлі ән өнерін насихаттап жүрген Сәуле  Жанпейісова, Бағдат Сәмединова, Майра  Ілиясова, Майра Нүркенова, Айгүл  Қосанова, Жанар Айжанова, Мәдина Ералиева сияқты ән өнерінің жарық жұлдыздар легі күн санап артып келеді.

Би өнерінде жарқырай жанған қазақтың тұңғыш биші қызы Мәскеуге қайта-қайта  қол соқтырған мың бұралған би шебері — Шара Жиенқұлова. Дәуір  сахнасына Нұрсұлу Тапалова, Гүлжан Талпақова секілді бишілердің келуі  қазақ би өнерінің, Шара өнерінің керуен көшін түзеп, байытты.

Қағаз бен қарындаштан  өрнек өріп, ғажайып сурет әлемі  кеңістігінде өзіндік қолтаңбасын  қалдырған сурет өнерінің құдіретті  шебері атанған — Гулфайруз Исмайлова. Күрделі музыкалық туындылары мен  симфониялық шығармаларымен күллі  әлемді тәнті еткен, қазақтың тұңғыш сазгер қызы Ғазиза Жұбанова, Қорқыт ата  мұрасын насихаттап, қазақтың қара қобызын қайта тірілткен, алдынан  сандаған қобызшылар дәріс алған  Гүлнәфис Баязитова, Фатима Балғаева есімдері әрқашан құрметпен аталып, қазақтың мақтанышына айналғалы қашан?!

Ана тұлғасын әлемге паш еткен  «Қазақфильм» киностудиясының тамаша туындылары «Ана туралы аңыз» бен  «Тақиялы періштеде» бір трагедия, бір комедияда басты рөл —  ананы, сондай-ақ, сахнадағы 50 жыл ішінде ірілі-ұсақты кейіпкерлер бейнесін сомдаған қазақ киносының анасы  атанған Әмина Өмірзақова — туабітті дарынымен өнер шыңына шыққан, халқының сүйіктісіне айналған актриса!

Қазақ театрының іргесін  қаласып, сахнада сан тағдырлы, алуан  мінезді жүздеген әйел-аналардың  бейнесін сомдаған, аналар рөлін ойнай  жүріп, өзі де алты алаштың анасына  айналған Сәбира Майқанова есімі  — театр өнеріндегі қайталанбас  есімдердің бірі. Ұлттық бояуы мол, ішкі толғанысы толассыз ағыл-тегіл  дарын иесі Сәбира Майқанованың ұшы  қиыры жоқ темпераментіне қанша  көрермен бас имеді дейсіз? «Ана-Жер  анадағы» әйгілі Толғанайды жер тарпыған тұлпардай дүбірлетіп толғаған оның табиғи дарыны даланың сайын ерке самалын еске түсірер еді...

Дәл бүгінгі күні қатарымызда  жүрген,асқан таланты мен табан-дылығының  арқасында жастайынан жұлдыздай  жарқырап, талай халықаралық байқауларда  топ жарған, Қазақстанның мемлекеттік  сыйлығын алған, республикамызда тұңғыш рет ғажайып аспаптар коллекциясын жинақтаған, «Солистер академиясы»  камералық оркестрін құрған, Астанада Ұлттық музыка академиясын ашқан, осылайша алаштан ат оздырған қазақ қызы —  Айман Мұсақожаева, Гауһар Мырзабекова, апалы-сіңлілі Нақыпбековалар сияқты сиқырлы сазбен аспандағы аққуды қондыратындай саңлақ скрипкашылар шоғырындағы шоқтығы биік дара туған  жарық жұлдыз.

Аспапта ойнау дағдысында өзін-дік қолтаңбасымен ерекшеленіп  жүрген жүздеген қазақ жастарын өнер көгіне қанаттандырып отыр-ған Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, профессор, халықаралық байқаулардың жеңімпазы, пианист Жәния Әубәкірованың  есімі де өнерде жүрген қазақ қыздарының ішінен ойып тұрып орын алады. Қазіргі  кезде Жәния Яхияқызының жолын  қуған Жанар Сүлейменова, Гауһар Сұлтановалар — республикалық, ха-лықаралық  байқауларда бас жүлдені қанжығаларына  байлап жүрген пианистер.

Ендеше, қанша ұрпақ алмасып, жаңарып, жасарса да, ұмтылмауға тиісті ұлттық құндылықтарымыздың бірегейі жоғарыда есімдері құрметпен аталатын өнер көгінде  қалықтай ұшқан қазақ қыздарының өнердегі мұраларын одан әрі дамытып, жетілдіруіміз қажет. Біздің «Д.Нұрпейісова  атындағы халықтық музыка Академиясы»  — ұлы өнердің кәсіби бағыт  алып биіктерден көрінуіне, дамуына, өнердің  әлемдік әйгілілік сипатқа ие болуына зор үлесін қосып келе жатқан ұлағатты ұжым.

Тек қана соңғы 3 жыл ішінде халықаралық, республикалық, ай-мақтық, облыстық сайыстарға қа-тысқан 81 жас өреннің 57-сі жүлделі орындарға ие болуының өзі, шәкірт тәрбиелеудегі еткен еңбектеріміз бен төккен теріміз текке кетіп жатпағанын көрсеткендей.

Халықаралық, республикалық, облыстық дүбірлі додаларда «оза шауып, бәйге алу», колледждің ғана емес, облыстың абыройын асқақтатып жүрген жас өрендеріміздің де ішінен Дина әжеміз, Күләш апамыз сынды саңлақтардың мұрасын алға апарар, талай өнер майталмандарының ертеңгі ізбасарлары шығары сөзсіз.

Ұлттық өнеріміздің ұлағатты өкілдері өткен өнер жолын жалғастырар ертеңгі жас ұрпақты оқытып-тәрбиелеуде, өткені өнеге, бүгіні бедерлі, абыройы асқақ, болашағы кемелді «Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжі педагогикалық ұжымының алға қойған мақсаты биік, туған еліміздің мәдениеті мен өнерін өркендетуде алар асулары, жетер жетістіктері әлі де көп болмақ!


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақтың  мақтан тұтар ұлы әйелдері

 

«Ана бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген  халқымыздың қанатты сөз бар. Расында да аналарымыздың қоғамда  алар орны ерекше. Балаға тәрбие беруден  бастап қоғамның кез келген салаларында  да ойып орын алған аналарымыз жетерлік. Осы ретте «ҚазАқпарат» агенттігі  жанқиярлық ерлігімен, талайды тәнті  еткен өнерімен, ақыл-парасатымен  ел есінде мәңгі сақталатын Қазақ  әйелдерінің өміріне қатысты  бұқаралық ақпарат құралдары  беттеріндегі қызықты деректер топтамасын оқырман назарына ұсынады.

Шығыстың  қос шынары

1941-1945 жылдары 5 жылға созылған  Кеңес одағы мен фашистік Германия  арасындағы соғыста талай жан  қыршынынан қиылды. Міне осы соғыста  ерен ерлігінмен көзге түсіп,  мерт болғаннан кейін одақтың  ең жоғарғы атағы Кеңес Одағы  Батыры атанған қаршадай қазақ  қызы Әлия Молдағұлова Ақтөбе  облысының Қобда ауданында дүниеге  келген. Жалпы Әлияның өмірбаяны  баршаға мәлім, ол жайында көркем  фильм де түсірілген болатын. 1943 жылдың қарашасында Әлия Холм  түбінде немістерден «тіл» алу  мақсатында жүргізілген барлау  соғысына қатысқан. Осы соғыс  барысныда Әлия солдаттармен  бірге немістердің траншеясына  басып кіріп, 5 немісті тұтқындаған.  Қаңтардың қақаған аязында Насва  стансасы үшін қырғын шайқаста 19-дағы өрімдей қыз жаңбырша  жауған оқтың астында сиреп  қалған қаруластарын 6 рет шайқасқа  өзі бастап шыққан. Ресейдің Псков  облысының Новосокольники жері  қазақтың қаршадай қызының қаһармандығы  айқындалған соғыс алаңы болды.  Дәл осы жерде 1944 жылы 14 қаңтарда  Новосокольники ауданына қарасты  Казачиха деревнясын азат етуде  Әлия Молдағұлова ғасырларға  жалғасқан аңыз қалдырды. Бұл  Әлияның соңғы соғысы еді. «Кеңестік  идеологияда батыр не болса  да ерлікпен дер кезінде өлу  керек деп шешкен. Негізінде зерттей  келе Әлия сол шабуыл кезінде  қатты жарақаттанады. Бірақ оны  қасындағы Яновлева, Нажеда Матвеевна,  Зинаида Поликова деген үш  қыз және Поликованың күйеуі  Попов деген азамат плащ палаткаға  салып, Әлияны көп солдаттар  жатқан жерге апарып, қайтып келе  жатқанда сол жерге бомба түседі. Әлия сол жерде қайтыс болады. Енді ол жөнінде бізге көпке  дейін айтқызған жоқ. Бірақ, 1980 жылы Зинаида Поликова деген  Алтай өлкесінде тұратын Әлияның  майдандасына хат жолдағанда, ол  осылай қайтыс болды деді. Оған  кейбіреулер қарсы шықты. Дегенмен  шындық осы», - депті «Қос Шынар»  қоғамдық бірлестігінің төрағасы  Ғалымжан Бәйдербес «Қазақстан»  телеарнасы берген сұхбатының  бірінде.

Информация о работе Күләш Ахметова