Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2013 в 18:23, доклад
Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге ұмтылған зиялы топ қалыптасты. Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан осы топтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы еді. Қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының, тіл білімінің атасы, ұлы түрлендіруші-реформаторы атанған ол өзінің алдындағы Шоқан, ЬІбырай, Абайлардың ағартушылық, демократтық бағыттарын жалғастыра отырып, өз заманындағы тұтас бір зиялы қауымның төлбасы болды.
Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге ұмтылған зиялы топ қалыптасты. Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан осы топтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы еді. Қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының, тіл білімінің атасы, ұлы түрлендіруші-реформаторы атанған ол өзінің алдындағы Шоқан, ЬІбырай, Абайлардың ағартушылық, демократтық бағыттарын жалғастыра отырып, өз заманындағы тұтас бір зиялы қауымның төлбасы болды.
Кез келген қоғамның тарихи
дамуы мен өркендеуі сол елдің
өнері мен мәдениетіне тікелей
байланысты. Оған дүниежүзілік деңгейге
кеңінен танымал біртуар
Көптүрліліктің, көпұлттылықтың және көпконфессиялықтың толерантты дамуы – ғаламдық бейбітшілік пен келісімнің кепілі. Жаһандану заманында ғасырдан ғасырға ауысып келген этномәдени алуантүрлілік болмысты бір мәдениет пен бір танымның туының астына енгізуге талпыныс күшеюде. Сондықтан да мультикультуралық тіршілік пен диалог мәселелері қазіргі заманғы қоғам үшін аса өзекті болып табылады.
Алдағы форумда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері халықтардың, олардың мәдениеті мен діндерін теңестіру және дамыту; этнокультуралық алуантүрлілік болмысы және ұлттық бірлік туралы; мультикультурализм идеологиясы туралы; дамудың толеранттылығы мен саясаты, мәдени ерекшеліктерді сақтау және т.б. аспектілері сияқты мультикультурализм феноменіне көңіл аудару мәселесін қарастыруды жоспарлауы да бұл тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Я.Н.Каменский баланы жастайынан жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеу жолдарын, швед педагогы И.Г.Пестолоций «Баланың дүниені түсінуі, отбасынан басталып, мектепте ары қарай жалғастыруы шарт», - деген қағиданы ұсынған, К.Д.Ушинский «Халық педагогикасының тәрбиелік мақсаты мен мазмұныa сол халықтың сан ғасырлық тарихымен байланысты, тәрбие көзін халықтың жақсы дәстүрінен іздеу керектігін» айтқан болатын. Болашақ ұрпақтың келбетін айқындайтын біздің абыройлы қызметімізге үлкен міндет жүктелген. Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы.Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады.
Жаһандану заманында әлемнің көптеген
елдерінде өзгенің қаңсығын таңсық
көру, этномәдениетінен жеріп, «ескіліктің
қалдығы» санау – «жоғары
Мұның ақыры бір мемлекетте бейбіт қатар өмір сүріп жатқан азаматтардың сыртқы әсердің ықпалымен жікке бөлінуіне, тұтастық пен ынтымақтың бұзылуына апарып соғу қаупін туғызады. Бұл орайда ұлттық ерекшелік, салт дәстүр, тарихи этномәдениет дегенді тәрк ететіндер – діни фанаттар. Олар діни сенім-нанымдағы адам факторын мүлде жоққа шығарып, соқыр бас ұрушылыққа бой алдырады. «Бұл осылай болуға тиіс, және басқаша болуы мүмкін емес» деген төзімсіз көзқарас ұстанып, адамзатты ұстанған дініне, нәсіліне, салт-дәстүр ерекшелігіне қарай дос және дұшпан деп екіге бөледі. Пікірін бөліспегендерді күшпен көндіруге, тіптен жойып жіберуге күш салады. Бұған ықылым заманнан бері тарихтан белгілі діни соғыстар мен террористік әрекеттер, нәсілдік кемсітушіліктен туындаған көтерілістер мен асыл текті ұлт құруға деген қанды қырғындар мысал. Бүгінгі сананың дамып, надандықты білім мен ғылым жетістіктері жоя бастаған өркениет заманында әртүрлілікті дау-жанжалдың нысаны емес, құрметтеуге тұрарлық Жаратушы сыйы ретінде қабылдау бейбіт өмірге бастамақ.
Бұл орайда сан ғасырлар бойы түрлі этностар мен діни нанымдардың рухани мұрасымен кемелденген, өз бойына толеранттылық, діни төзімділік және жаңа атаулыны қабылдауға деген ашықтық секілді қасиеттерді қалыптастырған Қазақстанның біртұтас халқының бірлігі жарасқан бүгінгі өмірі әлемге үлгі жоба бола алады. Оған мәдениетаралық үнқатысуды нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болған Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылуы дәлел.
1995 жылы Президент Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы институтының құрылуы саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялы мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.
Елімізде бүгінде этностардың мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. Мемлекет аумағында қазіргі күні 800-ден астам этномәдени бірлестіктер бар. Осымен қатар, балалардан басқа үлкендер де 30 этнос тілдерін оқуға мүмкіндік алған 195 этно-білім беру кешендері, жексенбілік және лингвистикалық мектептер ашылды. Әр жыл сайын Қазақстан этностарының тілдерінде бірнеше ондаған жаңа кітаптар жарық көреді. Олардың міндеттеріне Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін өркендету, сақтау және дамытудан бөлек қоғамдағы экстремизмнің және радикализмнің көріністері мен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік органдарға жәрдемдесу де кіреді.
Ал бұл ұйымның саясаттағы рөліне келсек, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды және олар елдегі барлық этностардың мүддесін білдіреді, этносаралық қатынастарға қатысты қабылданатын барлық заң жобаларын тиісті сараптаудан өткізеді.
Міне, сондықтан да көптеген елдер
бетпе-бет келіп отырған
Бейбітшіліктің өзегі
болып табылатын
Пленарлық отырыс
барысында мінберге шыққан шешендер Президент
бастамасының өзектілігін, оның дәл уағында
көтеріліп отырғанына назар аударды. Мәселен,
ТМД Гуманитарлық ынтымақтастығы мемлекетаралық
қорының басқарма төрағасы Полад Бюль-Бюльоғлы
рухани мұраны сақтау гуманитарлық саясаттың
өзегі болуы тиістігін алға тартады. «Мәдениет
кез келген халық үшін басты рухани капитал
болып табылады», – дейді Полад Бюль-Бюльоғлы.
Ендеше, ол кез келген елдің қуаты, экономикасы,
геосаясаты немесе демографиялық факторы,
энергия ресурстары сынды маңызға ие.
Оның айтуынша, ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа
мұра болып жеткен рухани байлық қана
мәдени салада өзара ықпал ету міндетін
өзіне жүктей отырып еуразиялық ареалдың
ортақ құндылығына айнала алады.
Жалпы, еуразиялық
мәдениет форумында ғылыми, шығармашылық
ықпалдастықтың өзекті мәселелері талқыланып,
гуманитарлық, оның ішінде білім беру
саласындағы ынтымақтастыққа қатысты
тың бастамалар көтерілді. Еуразиялық
рухани ықпалдастыққа кедергілердің болмауы
тиістігі айтылды. Ең бастысы, Елбасының
осынау маңызды әрі ауқымды мәдени бастамасына
алғыстар жауып, еуразиялық интеграция
идеясының мазмұнын толықтыруға қатысты
ұсыныстар жасалды. Форум барысында қатысушылардың
арнайы үндеуі де қабылданды. «Бүгінгі
ұрпақтың міндеті – барлық аймақтардың
өзара тең өркендеуін қамтамасыз ету,
мәдени, рухани, ақпараттық өзара әрекеттесуді
сақтап, дамыту үшін бай мәдени мұра мен
ортақ тарихи тәжірибені пайдалану. Бұл
тұрғыдан келгенде еуразиялық мәдениет
атты форум қазіргі заманғы ғаламдық үдерістер
шеңберіндегі мәдениеттің мән-маңызын
айқындау мақсатында шығармашыл әлеуметтің
күшін біріктіретін жаңа кезең болмақ»,
– делінген форум тұжырымдамасында.
Ясауи мәдениеті ислам дінінің ішкі (батини)
мәні, рухани психотехникалық этикалық
кемелденудің өзіндік әдістемелік қағидасы
мен ережелері қалыптасқан дәстүрлі түркі
сопылық ілімнің қазақ түсінігіндегі,
діни танымындағы көрінісі. Осы мәдениет
кешегі жетпіс жылдық қызыл империяның
темір құрсаулы қыспағынан құтылып, ғылыми
атеизмнің көздеген «синтезі» мен көрігінен
ерімей аман сақталды. Қазақ өз болмысынан
алыстамай, ұлттығы мен дәстүрлі тарихи
сабақтастығынан қол үзіп қалмайынша
Ясауи мұрасы мен мәдениеті тіршілігін
жалғастыра береді.
Тарихтағы Ясауи жолы – дін іші тұтастыққа және діндер арасы татулық пен толеранттылыққа шақырады. Бұл жолдың ұстындық негізі – шариғат, психотехникалық жүйесі – тариқат, танымдық негізі – мағрифат және ақиқаттан тұрады. «Шариғатсыз тариқатқа, мағрифатсыз ақиқатқа өтуге болмайды», – дейді Ясауи. Ясауидің төрт ұстанымы мен шарты, яғни «заман, мекен, ихуан, рабти сұлтан» қазақ мемлекеттілігінің негізгі ұйытқысы болды. Ясауи жолы фикхтық жағынан Имам ағзам Әбу Ханифаның, ақаидтық (доктриналық) жағынан имам Матурудидің іліміне негізделген, түркі халықтары арасында кең тараған нағыз түркілік мәдениетпен сомдалған дәстүрлі мұсылмандық түсінігіміздің айнасы. Ясауи ілімі – Қазақстандағы дінішілік қана емес, дінаралық татулық пен толеранттылықтың темірқазығы.
Ұлттың ұлылығы жалпыадамзаттық мұрат-мүдделерге жауап беруімен өлшенеді. Қазақ тарихында идеялық сабақтастық пен философиялық антропологиялық концепция, әрі рухани ұлағат рөлін атқарған ондай жәдігер құбылыстар мен идеялар жеткілікті. Жалған идеологияның жалған сипаттамасы мен құлдық санадағы үрей-қорқынышты ығыстырар болсақ, рулық-тайпалық жүйе көшпелі қазақ тіршілігінде көпсалалы қызмет атқарған мәні терең маңызды рухани құбылыс. Рулық-тайпалық жүйенің көшпелі қоғамда атқарған негізгі функциялары мыналар:
- Онтологиялық мән
- Өзіндік барабарлықтың (самоидентификация) қалыптасуының фундаменті
- Позитивті эмоционалдық қуат көзі
- Экзистенциалды қауіпсіздік сезімі қалыптасуының тетігі
- Генофонд тазалығының сақшысы
- Дінге индифференттіліктің себепшісі
- Отаншылдықтың бастауы
- Коммуникация, дипломатия үлгісі
- Толеранттылықтың қайнары.
Рулық-тайпалық жүйе - толеранттылық матрицасы ретінде
Полигамиялық семья туралы дәстүрлі ұғым көпшіліктің түсінігінде (әсіресе Батыста) жеңілтектік немесе әлеуметтік озбырлық деген пікір қалыптастырды. Бұл олай емес. Полигамиялық семья көшпелі өмірсалт жағдайындағы жанұя моделі болды. Көшпелі отбасының әрбір мүшесінің өз орны, жалпы әдет бойынша қалыптасқан өз құқықтары бар (жоспарланбаған бала деген жоқ - "әрбір сәби өз несібесімен") "ұл -шаңырақ иесі", "қыз қонақ" болғанмен соңғысына көрсетілетін құрмет шексіз, қыз бен ұл арасында Үнді, Қытай, т.б. Шығыс елдеріндегідей әлеуметтік, моральдық психологиялық дискриминация жоқ. Үлкен үй, кіші үйдің балалары болып бірге туып, бірдей тіршілік кешу отбасы мүшелерін психологиялық төзімділік пен байыпты ұстамдылыққа баулыды. Үлкен отбасыларда жағымды компромисс рухы қалыптасып, бүкіладамзат қауымын "мен" және "өзге" (демек - жау!) деп eмес, бір атаның балалары ретінде қабылдаудың - толеранттылықтың негізі қалыптасты. Әрине, ондай отбасыларда да үлкен жанжалдар туып, соңы драмаларға ұласып жатқан кездері болғаны сөзсіз. Сөйтсе де ертедегі және кейінгі әдеби дереккөздерін (билер Кеңесінің шешімі, Шешендік сөздер, "Абай жолы", т.б.) зерттеу ондай мәселелердің барлығы адамдар арасындағы қатынастардың барлық қырлары мен күрделіліктері және ең бастысы, өзара диалогтың тоқталмауы көзделе отырып шешілгені туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Әрбір тарихи-мәдени зерттеулер барысында жауап қарастырылатын негізгі сұрақтар үшеу. Олардың алғашқысы және ежелгісі - "Қалай болған?". Жадынан айырылып қалай есейгені естен шыққан, не болғанын білмейтін адамның толық мәндегі тұлғаға айналмайтыны сияқты, өз руханиятының қайнар көзін жоғалтқан, сыйлайтыны мен сыйынары жоқ ел саналы, салиқалы қауым емес, мәңгүрт тобыр болмақ. Сондықтан бұл сұрақ жеңіл де бос қызығушылық емес, адамзат пен халқының басынан кешкеннің бәрін білуге деген табиғи, қажетті, заңды құбылыс.
Меніңше этностық дәрежені алу үшін, белгілі бір мәдениетті ұстанған кемінде үш жүз отбасы бар әлеумет топтасуы тиіс. Содан кейін оны Қазақстан халқы ассамблеясында тіркеп, этнос деп таныса көкейге қонымды. Осы бір шетін мәселеге салғырттық танытып келеміз. «Көп ұлтты» деген сөзді мейлінше айтпауға, қолданбауға тырысуымыз керек. Оны жария еткен сайын, түбі мәңгүрттікке апарар интернационалдық сезім күшейіп, өз болашағымызға бей-жай қарайтын боламыз. Шын мәнісіндегі көп ұлтты мемлекет – Ресей федерациясы. Онда бірнеше субъекті-республикалар, бірнеше ұлт мекен етеді. Бірақ соған қарамай мемлекеттік тіл, идеология біреу ғана. Шашау шықпауды ойлаған елдің мұраты көзге ұрып тұр. – Бұл орайда орыс тілді басылымдардың қазақтың мүддесін қорғамайтыны айдан анық нәрсе ғой… – Біз бірігу формуласын таппағандықтан қоғамда үлкен әлеуетті күш екенімізді айқындайтын халге жеткен жоқпыз. Соны жақсы меңгеріп алған орыс баспасөзі қазақтың мүддесін қорғамайды. Ортақ «өгіз өлмейтін, арба сынбайтын» тақырыптарды қозғайды. Кейде Ресейге қатысты материалдар береді. Ал, мемлекет құраушы халықтың ұпайына ұпай қосар мәселелер болса, керісінше оған көлденең таяқ тастап отырады. Күні кеше ғана тілге қатысты мемлекеттік саясатты көздеп, бірқатар қолданыстағы заңға өзгерістер енгізуді қарастыратын заң жобасы жөнінде үлкен шу болды. Ұлттық тәрбие бағдарламасының формуласы қандай болуы керек деп ойлайсыз? – Ата-бабаларымыз «тәрбие басы – тал бесік» деп, ұрпақты ұлттық ес-жадыда өсіріп-өрбітудің маңыздылығын көрсетіп берген. Осы ғибратын көкейге салып екшесек, ұлттық тәрбие бағдарламасының формуласы, ең бірінші, төл мәдениетіміз бен дәстүрімізден туындауы керек. Ол бағдарламаның атын «Тал бесік» деп атаса да болады. Олай дейтін себебім, белгілі. Адамзаттың қарым-қатынасын реттейтін заңның шығу тарихын қарасаң, барлығы бірдей ұлттық салт-дәстүрден бастау алған. Кез-келген заң тінінде тиісті мемлекеттің ежелгі өмір сүру салтының өлшемдері жатыр. Қысқасы, ата-бабадан мирас болып қалған ұлағатты өнеге нормативті құжаттың өзегіне айналып, жоба соған сай әзірленеді. Бүкіл заңның қағидасы – осы. Этнос мәдениеті деген ауқымды ұғым. Ол халықтың даралығының тарихын, оның қазіргі замандағы болмысын айқындаушы феномен. Этнос дегенде, оның этникалық табиғаты сөз болады дедік, бірақ оны әдет, ғұрып, салт-сана, дәстүр шеңберінде ғана қарамай, халықтың бүкіл болмысынан іздеу қажет. Айталық, еврей этносы дегенде ойға бірден не келеді, немесе неміс этносы дегенде бірден не айтпақпыз? Алғашқысы туралы, еврей этносының асқан прагматизмі, екінші жағдайда ұқыптылық, тәртіптілік неміс этносына тән дегенге қарсы дау айту қиын. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының бағдарламасы ауқымды әрі жан-жақты. Қызылжар өңірінде тұратын жүзге жуық ұлттар мен ұлыстар арасындағы өзара түсіністік пен төзімділікті сақтаумен бірге жас буынды мемлекетін, Отанын қорғауға әзір, Қазақстанмен мақтана алатын рухта тәрбиелеу – басты бағдарымыз. Осы орайда, Ассамблея мүшелері көптеген ауқымды жұмыстар атқарып, негізгі қызметті шешуге бағытталған шараларды жүзеге асыра білді. Ақпараттық-үгіттік топтардың құрамында елді мекендерді аралап, Жолдау талаптарын, Елбасының ұлтаралық саясатын жан-жақты түсіндіруге кеңінен атсалысты. Қазақстандықтардың мызғымас достығына, бірлігіне шақыратын, рухтандыратын салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, ұлттық құндылықтар әркез насихатталып отырады. Солтүстік қазақстандықтардың шын пейілді достығы, бір мақсатта топтасқандығы әр ұлттың өмірінде ерекше орын алатын мерекелер мен ұлттық мейрамдарда жарқын көрініс табады. Оның әсерін, мән-маңызын айтып жеткізу қиын. Осындай рухани түсіністіктер адамдарды бір-біріне жақындата түсері сөзсіз. Біз дәстүрлі достықты, тіл мен мәдениеттің бай құнарын сабақтастықпен дамыта отырып, жақсы өнегелерді мысал етіп отырамыз.