Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2013 в 18:23, доклад
Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге ұмтылған зиялы топ қалыптасты. Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан осы топтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы еді. Қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының, тіл білімінің атасы, ұлы түрлендіруші-реформаторы атанған ол өзінің алдындағы Шоқан, ЬІбырай, Абайлардың ағартушылық, демократтық бағыттарын жалғастыра отырып, өз заманындағы тұтас бір зиялы қауымның төлбасы болды.
Этносаралық бірлікті, толеранттылықты, конфессияаралық түсінікті сақтауға белсенді қатысып жүрген этномәдени орталықтар – аймағымыздағы татулық тірегі, достық арқауы. Бүгінде олардың саны – 23. Олардың жетекшілері мен өкілдері облыстағы бірде-бір саяси, мәдени шаралардан тыс қалған емес. Этностардың мәдениетін, салттары мен дәстүрлерін сақтауға, мемлекеттік мерекелер мен атаулы даталарға жұмыла қатысады. Этномәдени бірлестіктердің саны жүзден асып, елді мекендерде кеңінен қанат жая бастағанын айта кету ләзім. Олардың белсене қатысуының арқасында жұмысымыз айтарлықтай жандана түсті. Былтыр алғашқы этномәдени фестиваль өткізіп, оған Ресейдің шекаралас облыстарынан арнайы делегациялар қатысты.
Демократиялық саяси мәдениетті дамытудың тағы бір тұтқасы – заңдылық пен тәртіп. Бұларсыз демократия охлократияға (тобыр билігіне) айналып кетеді. Ал ол өз кезегінде жаңа көктей бастаған демократиялық бүршіктерді көктей солдырып, оны тирания мен тоталитаризмге айналдырып жіберуі мүмкін. Сондықтан тағдыр ондайдың ауылын аулақ қылсын дей отырып, Елбасының тікелей бастамасымен құқықтық мемлекет құруға бағыт ұстап отырғанымыз үлкен мерей екенін де айтқымыз келеді.
Дегенмен, азаматтық, құқықтық қоғам толық қалыптасып үлгермеген бүгінгі саяси реформалар кезеңінде бірқатар әлеуметтік топтардың саяси-экономикалық мүдделері кейбір қайшылықтарға тап келу мысалын жоққа шығара алмаймыз. Әрі бұдан шығатын екі жол бар деп білеміз. Оның біріншісі – ел ішінде пайда болған осы қайшылықтарды күшпен жойып, авторитарлық саяси тәртіп орнату. Ол аз уақыт ішінде өте тәуір нәтиже көрсететініне де шек келтіруге болмайды. Алайда, бұл жол қоғамдық қайшылықтарды күшпен жоюға дағдыландырады да, мұндай жағдайда сол елдегі саяси билік алмасулар тек қарулы қақтығыс арқылы өтуі әдетке айналуы мүмкін.
Өз мәдениетімен ғана шектеліп қалу әлемдік масштабта ұлы істерге жеткізе алмайтыны аксиома екенін ешкім жоққа шығара алмайды. «Қазақ тілділер мен орыс тілділер ең соңында тіл табысатынына сенгім келеді. Оған бізде алғышарттар көп. Солардың ішіндегі ең бастысы – қазақ халқының толерантылығы». – орыс және қазақ әлеміндегі құндылық бейнесіндегі кәделі толеранттылыққа қатысты анағұрлым елеулі өзгешеліктер мынадай: орыс лингвомәдениетінде толеранттылық мінез-құлық нормасы ретінде танылады, осылай бола тұра ол – қолдауды, тәрбиелеуді, жетілдіре түсуді қажет етеді, толеранттылық ұлтшылдыққа, басқыншылыққа, шыдамсыздыққа және дұшпандыққа, құқыққа қысым жасауға, дискриминацияға қарсылықпен байланыстырылады; қазақтар толеранттылыққа текпен келген, мінез сипатына тән құбылыс ретінде қарайды, бұл – шыдамдылықтан, ішкі сезім ұстамдылығынан, жан жадыраңқылығынан көрініс береді. Зерттеу жұмысының келесі аспектісі ретінде ҚР жастарының толеранттылық және дінге деген көзқарастары мәселесі алынды. Жалпы алғанда статистика бойынша Қазақстан халқы жастарының үштен екі бөлігінен астамын қазақтар, шамамен бестен бір бөлігін – орыстар құрайды, қалған этностардың үлесі 3%-дан аспайды. Келісім мен тұрақтылық – бұл өркениетті қоғам мойындаған аса маңызды құндылықтар. Осы тұжырыммен сұрау салынғандардың 89,7% (жауап нұсқалары «толығымен келісемін» және «келісетін сияқтымын») келісіп отыр. Бұл пікірмен келіспейтіндер 6,3% (жауап нұсқалары «келіспейтін сияқтымын» және «келіспеймін»). Осылайша, этносаралық әлемнің құндылығы – бұл бүгінгі күні республикада қоғамдық сананың тұрақты компоненті деуге болады. Этносаралық қарым-қатынастардың жай-күйі сұрау салуға қатысушылардың көпшілігімен (77,9%) мынадай «достық» және «қауіп-қатерсіз» сияқты пікірлер арқылы айқындалды. Оларды бейтарап сипаттағандар – 15,7%. Сұрау салынғандардың 4% («шиеленіскен» (2,5%) және «жанжалды» (1,4%) пікірдегілер) теріс баға берді. «Этносаралық қарым-қатынастар соңғы 3-5 жыл ішінде қалай өзгерді?» деген сауал бойынша көпшілік бөлігі осы саладағы оң қарқынды белгілеген: сұрау салынғандардың 25,7% этносаралық қарым-қатынастар анағұрлым жақсарған, 18% - жақсарған жоқ деп есептейді. Ешқандай өзгеріс болмағанын – «бұрынғы қалпында қалды» деген пікірді - сұрау салынғандардың 38,2% белгілеген. Сұрау салуға қатысқандардың 8% этносаралық қарым-қатынастар жүйесінде теріс өгерістер бар екенін айтқан. Этносаралық қарым-қатынастар жүйесіне оң әсерін тигізген факторлар қатарына респонденттер мыналарды: халықтың әл-ауқатын арттыру (35,1%), мемлекеттік саясатты (22,1%), сондай-ақ өңірлердегі экономиканы тұрақтандыруды жатқызады. Этносаралық қарым-қатынастардың нашарлауын белгілеген респонденттер атап айтқан теріс факторлар жалпы мәдениеттің төмендеуіне, салт-дәстүрдің құлдырауына (25% ), қоғамдағы ұлттық көңіл-күйлердің өсуіне (22,7%), ауыл халқының қалаға ағылуына (18,2%), сондай-ақ көрсетілген этностық топтардың байланысының өзгеруіне (18,2%) қатысты болады. Этносаралық шиеленістер –этностың мүддесін кемсітетін, оның жай-күйін тұрақсыздандыратын және оның дамуын қиындататын қолайсыз сыртқы жағдайлардың жиынтығын топтық этностық таныммен көрсету процесінде туындайтын ерекше психикалық жай-күй. Этностық топтар арасындағы қарым-қатынастарда жасырын беткі шиеленістен бастап басқыншылық пен зорлық-зоблыққа дейінгі ауқымда көрінуі мүмкін.
Этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынастар саласындағы ресми дискус Қазақстан Халықтары Ассамблеясының (ҚХА), Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңес органының қызметімен ұсынылған. Респонденттер Ассамблея қызметі туралы қаншалықты хабардар және олар осы жұмысқа қандай бағалар береді? Респонденттердің 74,2%-ы Қазақстан Халықтары Ассамблеясының бар екендігі туралы біледі, оның ішінде 62,6%-ы оның жұмысына оң баға беріп, ал 11,6%-ы ҚХА-ның қызметі тиімсіз деп бағалаған.
Қазақстандағы діни сенушілердің 95% мұсылмандар мен православтықтардан құралған. Республикада барлығы 4362 діни бірлестіктер, оның ішінде 2640 мұсылмандық, 296 православтық, 85 католиктік, 1264 протестанттық, 28 иудейлік, 44 дәстүрлі емес, 5 буддистік, тіркелген . Қазақстанның дінаралық қатынас саласындағы мемлекеттік саясаты дінаралық сұхбатты дамытуға, толеранттылықты нығайтуға және дін саласындағы заң талаптарын орындауға бағытталуымен сипатталады. Қазақстанда дінаралық келісім мен тұрақтылықты әрі қарай нығайту үшін барлық жағдайлар бар. Ұлтаралық және дінаралық келісімді, қауіпсіздікті, халықаралық қатынастың тұрақтылығын қолдау Қазақстанның 2010-2020 жылғы дағдарыстан кейінгі кезеңде дамуының бес негізгі бағыттарының бірі ретінде көрсетілді. Жастардың шамамен 68%-ы – исламды ұстанушылар. Шамамен әрбір үшінші адам – христиан. Шамамен әрбір отызыншы қазақстандық дінсіз болып табылады. Респонденттер арасында «Мен дінге сенушімін, бірақ діни өмірге қатыспаймын» деген жеке басының пікірін білдіретіндер саны (43,9% таңдалған) бәрінен де басым болған. Екінші «Мен дінге сенушімін қауымға кіремін және діни нормаларды ұстанамын» деген жеке пікірдегілер саны бойынша (18,5%) едәуір аз мөлшерді құрайды. Үшінші орында «дінге сенбеймін, бірақ дінге сенетіндердің діни сезімдерін құрметтеймін» деген респонденттер(15%) тұр. Дінге сенбейтіндер мен дінге қарсылардың – «дінсіздер» ең азы, небәрі 2,3%. Саны бойынша біршама көп топ «индифферентті» - дін мәселелеріне бей-жай қараушылар, мұндай респонденттер сауалнама нәтижесі бойынша 6,8%-ды құраған. Дінге сенетін топтардың арасында көпшілігін ислам (67,3%) мен провославие (20,7%) ұстанушылары – Қазақстан үшін дәстүрлі діни конфессиялар құрайды. Діни таным проблемалары бойынша зерттеулер тәжірибесінде діндарлық сияқты ұғымға өте көп көңіл бөлінеді. Өзінің конфессионалдық артықшылықтарын мойындау оның өлшемдерінің бірі ретінде ғана көрінеді. Осы сауалнамада дінге сенетін респонденттер арасында көпшілігі өздерін діндер адамдар етіп (57,3%) айқындайды. Осы фактіні жоққа шығаратындар – 26,3%. Тиісінше сауалнамаға жауап берушілердің 16,4%-ы жауап беруге қиналды. Респонденттердің негізгі бөлігі діни ұйымдарға кей кездері (41%), не болмаса ерекше жағдайларда (27,1%) баратыны анықталды. Респонденттердің 15,4% ғибадатханаларға (шіркеулерге, мешітке) тұрақты, ұдайы барады. Блоктың келесі сұрағы зайырлы билік пен діни билік арасындағы, мемлекет пен дін арасындағы өзара қарым-қатынасқа қатысты болды. Пікірлер сауалда берілген мынадай үш ұстанымдар бойынша бөлінген : сауалға жауап берушілердің үлкен бөлігі мемлекет барлық конфессияларға тең және бейтарап қатынастарды көрсетуі тиіс деп есептейді (39,9%); сұраққа жауап берушілердің 22,8% мемлекет «дәстүрлі» конфессиялармен тығыз қатынасты қолдауы және дәстүрлі емес қызметке шектеу қоюы тиіс деп ұйғарады; тағы бір көзқарас – мемлекет халықтың көпшілігі ұстанатын дінді қолдауға міндетті деген ойды – респонденттердің арасында 20,9% қолдайды [4]. Дәстүрлі емес діни ұйымдар Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жылдары кеңінен етек жая бастады және Қазақстандағы діни көпжақтылықтың жаңа факторына айналды. Қазақстан қоғамында дәстүрлі емес діндердің бой көрсетуі және қызметінің қауіпті тенденцияны байқатып отырғандығы объективті ғылыми зерттеулерді талап етеді. Еліміздегі жаңа діндердің шетелдік миссионерлеріне айқарыла жол ашылуына, «дәстүрлі емес» діни ұйымдар санының көбеюіне барша мүмкіндіктерді тудырып отырған қазіргі жаһандану жағдайында мемлекетіміздің конфессионалдық қауіпсіздігі мәселесі туындайды. Қалыптасқан діни плюрализм жағдайына күмәндана қарамастан бұрын, алдымен «ҚР идеялық және өнегелілік ахуалы үшін олардың қызметінің және оның салдарының айқындалмағандығын...» көрсеткен жөн. Зерттеуші Г.Т.Телебаев көрсеткендей, «ислам мен православиеге қарағанда дәстүрлі емес діндер жас ұрпақтың өзгермелі талғамын ескеретін жаңашылдыққа неғұрлым ашық» . Гуманитарлық зерттеу орталығының (ГЗО) мәліметі бойынша 4% құрайтын «дәстүрлі емес» діндерді ұстанушылар санының аздығына қарамастан аса белсенді болып келеді . ҚР ӘМ діндер ісі жөніндегі Комитеттің мәліметінде Қазақстандағы протестанттық деноминациялар мен харизмалық ағымдар, сонымен қатар, респуликадағы Бахаи қауымы, Церковь Объединения, Церковь Последнего Завета, Сайентология және т.б. «дәстүрлі емес» діни ұйымдар жаңа құрылымдар ретінде есепке алынған. Қазақстан аумағында «дәстүрлі емес» діни ұйымдардың таралуының келесі себептерін көрсетуге болады. Біріншіден, Сенім мен сенімсіздік аралығында күмәнданушы «дін төңірегіндегі» тұрғындар санының едәуір көп болуы, мұндай «діни сенімсіз» адамдар «дәстүрлі емес» діндердің миссионерлері үшін қолайлы жағдай тудырады. Екіншіден, бұқаралық діни сауатсыздық, әсіресе жастар арасында негізгі діни білімнің жоқтығы. Бұл қазіргі діни жағдайда адамдардың бағыт-бағдарын бұрмалауға және оларды діни насихат жүргізуде ыңғайлы нысанаға алуға мүмкіндіктер тудырып береді. Үшіншіден, бұл «дәстүрлі емес» діни ұйымдардың догмалық, культтық, ұйымдастырушылық ерекшеліктері. Догмалық тұрғыда жаңа діни ағымдар жеңіл жол мен жауап іздеген бұқаралық тұтынушы қоғам өкілінің санасына негізделген тиімді догматтармен ерекшеленеді. Бұған дейін көрсеткендей, жаңа діни ағымдарды сипаттайтын діннің өз ішіндегі дедогматизация мен секуляризация үдерісі, діннің өзіне зайырлылықты енгізу тенденциясы қазіргі зайырлы қоғам адамының оларға деген қызығушылығын тудырып отыр. Культтік тұрғыда, діни қызметтің қазіргі адам талғамдарына жауап беретін, бір көзбен қарағанда, өзіндік демократтық пішіні айқындалады. Мақсат – Қазақстанның ұлттық бірегейлігін күшейтуге, этносаралық қатынастарды және толерантты сана-сезім мен конфессияаралық келісімді дамытуға ықпал ету.
Міндеттер:
-Қазақстандағы діни жағдайдың даму тенденцияларын анықтау және талдау;
-Қазақстанның этносаясатын
-Қазақстанның ұлттық
-этносаралық толеранттылықтың, қоғамдық
келісімнің және жалпы
-діни өмірді зерттеудің
-Қазақстанның этносаралық
-жастар ортасына
-діни бірлестіктердің бейбіт жағдайда қатар өмір сүруін қостау, конфессия арасында бейбітті сақтау және күшейту;
-халықтың діни ағартушылығына объективті түрде қатысу;
-діни өмірдің мәселелерін
-діннің саясаттануына жол
-жастар арасында жоғарғы
-діни институттарды әрекет
-конфессияаралық және
Тәртіпті мінез-құлық
енгізілген тәртіпті Адамдардың тәртіпті
жүріс тұрысы адамдар мен әлеуметтік ұжымдардың
бірлесіп;
Тәртіптілікті үшке
бөледі:
а) ішкі тәртіптілік немесе өзіндік
тәртіптілік;
б) пайда келтіруге бағытталған тәртіп;
в) күштеп тәртіпке келтіру.
Ішкі тәртіптілік адаммен нормалардың
терең қабылдануы, оның бойында жауапкершілік
Пайда келтіруге бағытталған тәртіп және
күштеп тәртіпке келтіру сыртқы
Тәртіпті жүріс-тұрыс жеке тұлғада тәртіптіліктің
қалыптасуына әкеледі. Өз жүріс-тұрысын.
Қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан
бері тарихымен біте қайнасып келе
жатқан ұрпақ тәрбиелеудегі
Әр адам өзінің ұлттық тамырын,
әдет-ғұрпын, мәдениетін түсіне алады.
Өз халқына деген сүйіспеншілігі,
өзінің туған жеріне өз халқы өмір
сүретін ортаға деген сезіммен ұласып
жату керек. Халықтық әдет-ғұрып, салт-санасының
байлығы, патриоттық сезім Отанға деген
сүйіспеншілігін
Көне заманнан-ақ қазақ
халқында жазбаша педагогикалық
еңбек жазып қалдырмаса да білгір
педагогтар, тәрбиешілер, ұстаздар болған.
Олар өз көзқарастары мен әрекеттерінде
белгілі-бір дәстүрлі дүниетанымды
ұстанып, халықтың мұраттары мен
арман-тілектеріне сүйеніп
Ұлттық сана-сезім, ұлттық патриотизм әр адамды, әр халықты ұлттық ойлау қабілеті, ұлттық әдет-ғұрып, ұлттық салт-дәстүр қоршауында сақтайтын негізгі рухани байлық. Егер бір ұлттың бір бөлшегі басқа жерде, я өз Отанында бөлек ұлттың сана-сезімі негізінде тәрбиеленсе, онда ол қоғамның мүшелері басқа ұлттың әдет-ғұрыпын, салт-дәстүрін қабылдайды, біраз уақыттан кейін сол ұлтқа сіңіп кетеді. Сондықтан халықты ұлт ретінде сақтайтын жалғыз жол бар. Ол жол – жас ұрпақты ұлттық сана-сезім негізінде тәрбиелеу. Ұлттық сана-сезімнің қалыптасуы бала дүниеге келгеннен бастап отбасындағы ұлттық тәрбиеге тікелей байланысты. Егер отбасында ұлттық тәрбие болмаса, балалардың ұлттық тұлға болып қалыптасуы сондай теріс тәрбиеге лайықтанып қалыптасады.
Қазір таңда еліміздің дәстүрлі қоғамға қайта оралу кезеңін бастан кешіріп жатқаны белгілі. Содан да болар, руханият төңірегінде түсініксіз мәселелер көп-ақ. Жұртшылықты, әсіресе, еліміздегі діни ахуал қатты мазалап отыр. Қоғам шын дін қайсы, шатақ дін қайсы екенін біле алмай дағдарып қалды. Жалпы рухани-діни өрісте тура жолды таптық деуге әлі ерте. Отбасы тәрбиесінде ата-ананың мінез-құлқы, тіршілік ортасы үлкен маңызға ие. Ұрпақ адамгершілік, әдептілік, инабат үлгісін өскен ортасынан, отбасынан алады. «Атасыз үй – батасыз, анасыз үй – панасыз», «Шешесін көріп қызын ал, аяғын көріп асын іш» деген мақалдар тегін айтылмаған. Әйелді отбасының құты деп, әспеттеп-құрметтеген. Қазақ ежелден ақылына келбеті сай аналарды ардақтап, басына көтерген.
Бүгінде мәдениеттердің, тілдердің, түрлі көзқарастар мен дүниетанымдардың бір-біріне жақындасып келе жатқанын байқамау мүмкін емес. Бұл түрлі дәстүрлердің терең түсінісуінің үдерістерінен де айқын көрінеді. Мұндай үдерістер, әсіресе, көптеген этнос өкілдері қатар қоныстанған біздің елімізде ерекше байқалады. Бұл ретте, біз «інжілдік ақиқат» құндылықтарын насихаттай отырып, түрлі мәдениеттер мен діндер өкілдерін бейбітшілік пен сүйіспеншілікке шақыру, ізгілік үдерістерін уағыздау, өз діни дәстүрлеріңді қастер тұтып және өз сеніміңе берік болу арқылы өзге діндегілердің наным-сеніміне де түсіністікпен және тілектестікпен қарау қағидатын назарда ұстау қажеттігін ұмытпауымыз керек.