Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 18:49, реферат
Мақалада әлеуметтік педагогиканың әдіснамасының мәні, әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық негіздері мен құрылымы, гносеологиялық және логикалық- гносеологиялық негіздері, әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық білімдерінің технологиялық деңгейі, таным әдіснамасының негіздері және субъект тұрғысынан әлеуметтік педагогикалық болмыстың сапасының бағалау ерекшеліктері, әлеуметтік педагогиканың аксиологиялық негіздері, көзқарастық және әдістемелік негіздері қарастырылады.
Әлеуметтік педагогиканың аксиологиялық негіздері – таным құндылығы және әлеуметтік-педагогикалық ақиқат туралы ілім. Олар артықшылықтарды, идеалды, құндылықтарды, мақсаттарды, қағидаларды, нормалар мен ережелерді, сонымен қатар әлеуметтік педагогика қызметіндегі негізгі білімді көрсететін білімдерден тұрады; адам бағытын әлеуметтік-педагогикалық білімді тасымалдаушы ретінде анықтайды; тириихи, әлеуметтік-педагогикалық сипатта болады.
Артықшылықтар
мемлекеттің әлеуметтік
Қазіргі кезде идеалдар көбінесе РФ Конститутциясымен және басқа да нормативтік құжаттармен анықталады. Олардың негізінде адамды әлеуметтік-педагогикалық қорғау артықшылығы жатыр. Әлеуметтік педагогиканың көптеген идеалдары ұлттық және діни дәстүрлермен, адамға, балаға, отбасына, отбасылық тәрбиеге, мектепке деген қатынаспен және басқа әлеуметтік-мәдени факторлармен анықталады.
Құндылықтар адамның қоршаған ортасына оң немесе теріс әсер ететін объектілер мен құбылыстар маңыздылығы және олардың адам тіршілігіне еліктірілгенін анықтайды. Бұл мәдениеттің негізгі элементтерінің бірі. Әлеуметтік-педагогикалық құндылықтар негізіне тұлғалық және мемлекеттік құндылықтар жатады. Олар ұлттық жобалар мен азаматтық қоғам құндылықтарында көрсетілген.
Қағидалар объективті сипатқа ие, олардың есебі мен негізгі талаптарының орындалуы әлеуметтік-педагогикалық қызметтің сәтті келешегін анықтайды.
Мақсаттар – мінез-құлықтың бір элементі, саналы қызметтің қозғауыш күші, қызмет нәтижесін ойлау және оған жету жолдары мен тәсілдері, тамаша нәтиженің саналы көрінісі және соған жетуге бағытталған іс-әрекеттер. Әлеуметтік-педагогикалық ақиқатты тану және түрлендіру мақсаттары ерекшеленеді. Таным саласында - бұл себеп-салдар байланыстардың құбылысы; әлеуметтік-педагогикалық құбылыстардың заңдылығы және олардың негізінде теориялық әдістемелерді дайындау; түрлендіру саласында – тұлғаның мақсатты қалыптасуын үйрету, орта мен адам қатынасын үйлесімдеу.
Әлеуметтік нормалар ресми және бейресми сипатта болады, ресми түрде қойылған немесе әлеуметтік-педагогикалық тәжірибе әсерінен қалыптасқан ұйғарым – қоғамның нақты-тарихи өмір сүру шарттарындағы қоғамдық өзін-өзі ұстау ережелері. Олар индивидтің әрекеттесуінің негізгі шарты болып табылатын тұлғаның топтағы тәртібінің қалыптасқан немесе орнатылған стандарттарын анықтайды. Ресми – бұл заңнамалық акттарда, лауазымдық қызмет нұсқаулықтарында, ережелерде, жарғыларда және басқа ұйымдастырушылық құжаттарда көрсетілген әлеуметтік нормалар. Бейресми – қоғамда қалыптасқан, жазылмаған ережелер түріндегі нормалар. Ережелер жеке сипатта болады.
Әлеуметтік
педагогиканың дүниетанымдық
Әдістерді қолдану
адамды дербес шешімдер қабылдайтын
әрекеттерге тартуға
Айтылғандарға байланысты әдістердің келесідей топтары ерекшеленеді: әрекеттер әдісі – жаттығу, машықтану, ойын әдістері, оқу; әсер ету – сендіру, ақпараттық әдіс; қызметті ұйымдастыру – басқару, қызмет сипатын анықтайтын бақылау әдісі; ынталандыру – мадақтау, жарыс, әрекеттерде белсенділікті жаттықтыратын жағдайлар тудыру.
Құрал – таңдалған мақсатқа жетуде пайдаланылады. Ол әдісті таңдауда шешуші фактор болуы мүмкін және оның құрал-сайманы ретінде жүреді, әлеуметтік-педагогикалық технологияның негізгі қызмет ету көзін тапқандағы факторы болып табылады.
Әлеуметтік-педагогикалық технологияның немесе әдістің ұйымдастырушылық жағын форма анықтайды. Қолдану саласына байланысты олар мыналарды айқындайтын формаларға бөлінеді:
Осылайша, әлеуметтік педагогика әдістемесі әртүрлі деңгейде талдана алады: гносеологиялық, дүниетанымдық, ғылыми жетекшілік, ғылыми- мазмұнды технологиялық, ғылыми-әдістік. Әрбір деңгейде әлеуметтік педагогиканың ір түрлі элементтерін таным үрдісі жүзеге асырылады.
Әдебиет
1.Загвязинский
В.И.Методология и методика
2.Иванов А.В и др.Социальная педагогика: Учеб. пособ./Под общ. ред.А.В.,,,,,, -М.: Дашков и К ,2010.-С.34-4
3.Краевский
В. В., Бережнова Е.В. методология
педагогики: новый этап: Уч. пособ.
для студ.выш.учеб.завю-2-е и:
4.Никадров Н. Д. Состав и структура – методологии социалистической педагогики.-М.,1987.
5.Философиялық энциклопедялық сөздік..-М.,1983.