Әлеуметтік психологияға қысқаша шолу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 11:52, реферат

Описание

Әлеуметтік психология (гр. psyche — жан және logos — сөз, түсінік, ілім) — әлеуметтік топтарғақосылуымен байланысты адамдардың қызметі мен пәнінің заңдылықтарын, сонымен қоса ол топтардың өздерінің рухани ерекшеліктерін зерттейтін жантану ғылымдарының саласы.
Әлеуметтік психология отбасының, ұжымның, таптың, ұлттың, тағы да басқа адамдардың тұрған жеріне, кәсібіне, қоғамдағыалатын орнына қарай жіктелетін топтарының психологиясын зерттейді.

Содержание

1. Әлеуметтік психологияға қысқаша шолу
2. Тренинг дегеніміз не?
Тренингтік топ жұмысының принциптері
Тренингтің мақсаты
Тренингтің сипаттамасы
3. Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың әлеуметтік-психологиялық тренингтерге қатысуы

Работа состоит из  1 файл

алеуметтик психологиялык тренингтер кк ф.docx

— 49.53 Кб (Скачать документ)

Жоспар:

  1. Әлеуметтік психологияға қысқаша шолу
  2. Тренинг дегеніміз не?

Тренингтік топ  жұмысының принциптері

      Тренингтің мақсаты

      Тренингтің сипаттамасы

  1. Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы  балалардың        әлеуметтік-психологиялық тренингтерге қатысуы

 

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әлеуметтік-психологиялық  тренинг арнайы ұйымдастырылған

қарым-қатынас  формасы ретінде.

 

Әлеуметтік  психология (гр. psyche — жан және logos — сөз, түсінік, ілім) — әлеуметтік топтарғақосылуымен байланысты адамдардың қызметі мен пәнінің заңдылықтарын, сонымен қоса ол топтардың өздерінің рухани ерекшеліктерін зерттейтін жантану ғылымдарының саласы.

Әлеуметтік психология отбасының, ұжымның, таптың, ұлттың, тағы да басқа адамдардың тұрған жеріне, кәсібіне, қоғамдағыалатын орнына қарай жіктелетін топтарының психологиясын зерттейді. Әлеуметтік психология қоғамда болып жатқан саяси-әлеуметтік құбылыстардың сырын түсінуге, олардан қорытынды шығарып, қоғамның даму бағытын айқындауға, ірі топтарды және тұтас қоғамды басқаруға, бағыттарды, шараларды айқындай отырып, оны стратегиялы дұрыс жолға салып отыруға көмектеседі. Сондықтан ғалымдар бұл ғылымның болашағы зор, XXI ғасырда жетекші орындарға шығады деп есептейді.

Әлеуметтік психологияның  негізгі бөлімдеріне мыналар  жатады:

    • әлеуметтік топтардың психологиялық мінездемесі;
    • тұлға психологиясы;
    • ақпарат алмасу заңдылықтары және бірлескен қызмет үстіндегі адамдардың өзара әрекеттесуі;
    • түрлі қауымдастықтарда қалыптасатын тұлғааралық өзара қатынастар.

Әлеуметтік психология өзге ғылымдармен — социологиямен, педагогикамен, философиямен, саясаттанумен, мәдениеттанументығыз байланыста болады.

Социология қоғамның, топтың және жеке адамның құндылықтары мен нормаларының сипатын қарастырса, әлеуметтікпсихология сол адамдар өмір сүретін микро және макроортаның әсерін ескере отырып, олардың қалыптасуының нақты механизмдерін және тұлғаның дара ерекшеліктерін зерттейді. Егер социология тұлғаның әлеуметтік белсенділігінің түпкілікті қайнарларын ашатын болса, онда әлеуметтік психология олардың пайда болу жолдары мен заңдылықтарын қарастырады, белсенділікті мейлінше толық іске асырудың жағдайларын жасауға көмектеседі. Социология түрлі адамдар топтары мен қауымдастықтарының ішіндегі тұлғааралық байланыстардың әлеуметтік мәнін ашады. Ал әлеуметтік психологияны жеке адамның немесе жеке топтың қызметінен ол мәннің калай және қандай формаларда көрініс беруі, тұлғалық сапалықтардың қалыптасуына қалай әсер ететіні қызықтырады.

Әлеуметтік психологияның философия құрамында ұзаққа созылған даму тарихы бар; Батыста XVIII ғасырдағы ағартушылық кезеңде оған көбірек көңіл бөліне бастады.

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында әлеуметтік психология жеке ғылым саласы ретінде орнықты.

XX ғасырдың 20-жылдарынан бастап әлеуметтік психология  АҚШ, Англия, Германия, Франция, Жапония сияқты дамыған елдердегі  психология ғылымының жетекші бағытына айналды.

Әлеуметтік психология бұрынғы Кеңес Одағында да көп көңіл бөлінген. Кеңес билігі тұсында бұл ғылым жетекші салаға айналды. Кеңестік әлеуметтік психологтардың зерттеулерінде тұлға және ұжым мәселелері Батыстағыдай топ динамикасы заңдылықтарынан өзгеше бағдарда алынып, ерекше теориялық құрылғыда қарастырылды. Ұлттардың және өзге ірі әлеуметтік топтардың психологиясы зерттелді. Олардың арасында Қазақстандық ғалымдардың да үлесі болды.

Қазіргі қоғамда қарым-қатынас  сауаттылығы маңызды сипат алып отыр. Күннен-күнге қарым қатынас пен өмір, ойын тәрізді қарастырылады. ХХІ ғасырда әлемдік өркениет жаңа даму сатысына көтерілді. Қазақстан Республикасының қазіргі білім жүйесінің стратегиялық мақсаты – жоғары білімді басекелестік қабілеті мол, шығармашыл тұлға қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау ьолып табылады. Қазіргі мектептерде балалар белгілі бір білім ғана алып, біліктілікке үйреніп қана қоймай, сондай-ақ алған үлгі - өнегені өмір бойы пайдалана білуі тиіс.

Әлеуметтік-экономикалық дамудың  қазіргі кезеңінде, оқу-тәрбие жұмысының  жаңару заманында ағарту саласының  барлық білім беру буынында шешімін  күткен келелі мәселелер тұр.

Бүгінгі таңда қарым-қатынастың мазмұнды дамуы әлеуметтік-психологиялық  тренинг аясында ойдағыдай шешілуде. Соңғы 30-40 жыл ішінде қарым-қатынас  механизмін дамытуда белсенді, жедел  әдіс-тренингтер ұйымдастырылып, қолданылуда. Психологиялық тренинг (немесе әлеуметтік психологиялық тренинг) жанұялық қарым-қатынастағы  түзету тәжірибесінде, жасөспірімдерді  бейімдеуде, мінез-құлықты түзетуде, адамның өзіне сынмен қарап тәрбиелеуінде  т.б. жағдайларда өзін жақсы жағынан  көрсетті. Нақты және зертханалық  эксперименттердің бөліктерін өзіне  біріктіре отырып, қарым-қатынас  біліктілігінің саласында кең көлемдегі  міндеттерді шешетін тренингтер психологиялық ықпалдың тиімді құралы болып табылады.

 

Тренинг дегеніміз  не?

 

Тренинг – бұл өзін-өзі  қалыптастыру мүмкіндіктері және қоғам  өміріне енуге қатысты ақпарат  ақпаратты беру және алуда жасалатын топтық әдеттегіден тыс әрекет.     

Адам бойындағы мінез  құлықтың айтарлықтай өзгеріске  ұшырауы көп жағыдайда жеке түрде  емес топтық әрекеттерде айқын көрінеді, сондықтан да мінез құлықта болып  жатқан өзгерістерді уақытында анықтап, өзгерту үшін, жаңа мінез қалыптастыру үшін, адам өзін басқалар сыртынан қалай  көретіндігін көре алатын болуы керек.

Бүгінде топта әрекет ету  қабілеттілігі қажетті кәсіби және жеке қасиеттердің бірі болып табылады. Психологиялық ойындар мен жаттығулар ынтымақтастыққа тәрбиелеуге бағытталған. Топ жетекшілері бұларды әр түрлі  жағдайларда: топпен өтетін тренинг пен қарым-қатынас тренингтерін, тұлғалық өсу тренингтерін мектепте, бала-бақшада және түрлі мекемелерде қолдануға болады.

Жалпы білім беретін мектептер  тәжірибесінде лекция-семинар сабақтары, шығармашылық шеберлік, пікіталастық (дискуссиялық) клуб сияқты жұмыстардың  жаңа формалары белсенді түрде енуде. Сонымен әлеуметтік-психологиялық  тренинг дегеніміз не? Мамандар оны  топтық жұмыстың белсенді әдістеріне негізделген психологиялық әсер ету деп есептейді. Бұл – тұлға дамуына, коммуникативті дағдының қалыптасуына, психологиялық көмек көрсетуге, стереотиптерді жоюға және қатысушылардың жеке проблемаларын шешуге байланысты сұрақтар қарастырылатын арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас формасы.

Тренинг оқытудың бір формасы, әдісі деп қарастырғанда, оның тиімділігі бірлескен пікірлік, танымдық іс-әрекеттерінің қалыптасуымен анықталады. Психологиялық тренинг – басқа адамдарды терең түсінуге көмектеседі; өз бейнесін басқалардың қалай көретіндігімен салыстыруға мүмкіндік береді; өз мүмкіндіктерін көруге, өзіндік санасын санасын жетілдіруге жағдай жасайды. Тренинг терминін ғылыми пайдалануды кезінде ГДР-да М.Форверг енгізген. Ол алғаш оқытудың бұл формасын ерлі-зайыптылар арасындағы қарыс-қатынаста, балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты түзетуде пайдаланған.

 

Тренингтік топ  жұмысының принциптері

 

Тренинг сабақтарын жүргізгенде ескертіп отыратын бірнеше ережелер мен принциптер болады. Солардың арасынан негізгі принциптерді бөліп көрсететін болсақ:

    1. Өзара әсер диалогизациясы принципі
    2. Тұрақты кері байланыс принципі
    3. Өзін-өзі диагностикалау принципі
    4. Интелектілі және эмоциялы аумақтар үйлесімділігі принципі
    5. Дамытуды ыңғайландыру принципі
    6. Барлық тренингке, жеке сабақтар мен жаттығуларға өз еркімен принципі
    7. Топтың тұрақты құрамын сақтау принципі
    8. Ену принципі
    9. Бөлектену принципі
    10. Еркін кеңістік принципі

Өзара әсер диалогизациясы принципі, яғни қарым-қатынастағы тұлға аралық теңдік, қатысушылардың өзара сыйласуы мен бір-біріне деген толық сеніміне толық негізделген. Егер топта біреуі немесе бірнешеуі басым болса, онда қарым-қатынас диалогқа тән қасиеттерді  жоғалтады да монологқа айналады. Бұл тренинг табиғатына қарама-қайшы келеді.

Тұрақты кері байланыс принципі, яғни қатысушының өзі туралы ақпаратты барлық іс-әрекетінің нәтижелерін талдап отырған басқа топ мүшелерінен ұдайы алып отыруы. Кері байланыс арқылыадам келесі қадамдарына түзету (коррекция) жасауға, сәтсіз қарым-қатынас тәсілін жаңаға ауыстыруға, оның қоршаған ортаға әсерін байқауға мүмкіндік алады. Ол үшін қатысушыларды басқаларға солар туралы пікірін айтуға және өздері туралы пікірлер тыңдауға барлық жағдайлар жасалуы керек. Осындай арнайы саналы түрде ұйымдастырылған кері байланыс максималды дамыту нәтижесін береді.

Өзін-өзі диагностикалау принципі, қатысушылардың өзін-өзі толық ашуына, өздерінің жеке маңызды проблемаларын анықтап, түсіне алуға көмектеседі. Тренинг мазмұнында адамға өзін, өз тұлғасының ерекшеліктерін тануға көмектесетін жаттығулар қарастырылады. Топтық әр мүшесінің белгілі бір шешім мен оны жүзеге асыруды талап ететін түрлі жағдайларда өзін көрсете білуіне көмектесу керек. Бұған вербальды қарым-қатынас тәсілі емес, практикалық әрекет көмектеседі.

Интеллектілі  және эмациялы аумақтар үйлесімділігі  принципі, бір жағынан тренингте жоғары эмоциялы қатысушылар болған жағдайда ол шынайы өтеді. Бұл ашықтыққа бағыттап, топ мүшелерін сенімге, ізгілікті қарым-қатынасқа жетелейді. Ал, екінші жағынан болған жағдайларды талқылау-аналитикалық процестерді ынталандырады. Мұндай әрекеттің формасы-барлық тренинг бойы қолданылатын топтық пікірталас (дискуссия).

Дамытуды ыңғайланыру  принциті, жүргізушіден нақты диагностика, бөлек қатысушылар мен толық топтың белгілі бір психологиялық күйінің біліктілік тұрғыдан констатациясы, яғни анықтау жұмысы сонымен қатар шарттарды ыңғайлы ету мақсатында болып жатқан іске белсенді түрде араласуын көздеу. Арнайы жаттығуларды қолдану арқылы жүргізуші қатсулардың зіндік дамуына түрткі беруі, олардың барлық күшін керек арнаға бағыттауы керек.

Барлық тренингке, жеке сабақтар мен жаттығуларға өз еркімен қатысу принципі, әрбір тренингке қатысушының жұмыс барысындағы өзгеруіне табиғи түрде ішкі қызығушылығы болуы керек. Тұлғаның жағымды (позитивті) өзгерістері мәжбүр ету арқылы пайда болмайды, оны талап етудің де қажеті жоқ.

Топтың тұрақты  құрамына сақтау принципі, егер тренингтік топ жабық болып тұрақты болып, жаңа адамдар қосылап отырмаса, онда топта топ мүшелерінің ашылуына әсер ететін ерекше процестер пайда болады, трнеинг топ өнімді түрде жұмыс істейді. Топтың қалыптасу принципі туралы сұрақтар аса маңызды болып табылады. Жұмысқа қатысу үшін ең қолайлы жас 16 мен 40 жас деп есептелген. Оның құрамына мектеп жасындағыларды да қосуға болады. Бірақ бұл үшін, жүргізуші тренингтен кейін писихологиялық көмек пен жүріс-тұрысына түзеті жасау, мақсаттарында қатысушылармен байланыс (контакт) жасауға мүмкіндіге болуы керек. Мектептерде практик-психолог қызметінде жұмыс істеп жүрген педагог мұндай мүмкіндікке ие. Өзіндік тренингпн алғаш рет айналысушыға кішкентай топпен (10-12 адам) жұмыс істеген қолайлы. Белгілі бір тәжірибе жинақталған соң қатысушылар санын 30-40 адамға дейін көбейтуге болады.

Ену принципі, сабақ ұзақтығы жұмыс барысында айқындалуы керек. Оларды жұргізу тәжірибесі толық түрде негізделген қортындыға дәйек береді: өте ауқымды эффектіге ірі уақыт блоктарымен жұмыс істегенде ғана қол жеткізуге болады, 3-4 сағат енумен, кейде бұдан ұзақ кезең бойына бұл қатысушыларды «елітуге», олардың ұзақ үзілістен кейін толық процестерге эмоциялы енулеріне көп уақыт кететіндігімен байланысты. Қосарланған сабақты патасына кем дегенде 1 рет өткізген жөн.

Бөлектену принцпі, бұл жағдайда қатысушылардың сөздерін бөтен ешкім естіп қоймауы шарт. Егер жүргізушіге аудио немесе видео жазбалар қажет болса, топтың барлық мүшелерінен рұқсат сұрауы қажет. Тренингтік жаттығулар мен тапсырмалардың үлкен болігі осы материалдармен кейінрек өзіндік жұмыстары үшін арнайы жазылады.

Еркін кеңістік принципі, бөлмеде қатысушылардың еркін қозғалуына, шеңбер құруына, 3-4 және 7-8 адамнан микротоптарға бөлуіне, оқшаулануына мүмкіндік болуы керек. Трениниг дайындығының негізгі элементі, болашақ ұжыммен алғашқы кездесуі болып табылады. Бұл екі кезеңнен тұрады: біріншісінде, міндеттері, мерзімі кездесу ұзақтылығы туралы топтық әңгіме жүргізіледі. Жиналғандар тренингке қатысу немесе қандай да бір себептермен бас тарту сияқты шешімдер қабылдайды. Екінші кезеңде сабаққа қатысуға ниет білдіргендермен жекеленген түрде сөйлеседі. Тренинг өткізуде принциптерді жүйелі түрде жүзеге асыру, дәстүрлі оқыту әдістерінің (лекция, семинар, көркем әдебиеттерді оқыту) сала жағынан айырмашылығымен қамтамасыз етеді, олар:

Белсенділік, әркімнің топ  жұмысының нәтижелігіне жауапкершігі.

Топ жұмысына қатысу тұрақтылығы. Әр топ мүшесінің топ жұмысына басынан аяғына дейін үзіліссіз  қатысуы міндетті.

Топтың тұйықтылығы. Топтағы  болған оқиға топтан сыртқа шықпайы  қажет.

Ашықтық пен адалдық.

«Тоқта» ережесі. Ойынға қатысқысы  немесе қандайда бір жауап бергісі, шынын айтқысы келмейтін адамнын  «Тоқта» деп айтуына және ойыннан  шығуына болады.

 

 

    • Өзін-өзі тану, түсіну, тұлғалық даму тәсілдерін табу;
    • Ойлаудың икемділігін, тапқырлығынталап ету, өзгешелігін дамыту;
    • Ойлаудың дәлдігі менжаттықтыру
    • Қиялды, шығармашылық қабілетті дамыту;
    • Өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін-өзі қрметтеу;
    • Коммуникативтік, дағдыны дамыту, қарым-қатынастың түрлі әдіс тәсілдертін меңгеру;
    • Өзі, өз құқығы мен міндеттері туралы ойларын дамыту;
    • Көңіл күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу. 

Информация о работе Әлеуметтік психологияға қысқаша шолу