Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 11:52, реферат
Әлеуметтік психология (гр. psyche — жан және logos — сөз, түсінік, ілім) — әлеуметтік топтарғақосылуымен байланысты адамдардың қызметі мен пәнінің заңдылықтарын, сонымен қоса ол топтардың өздерінің рухани ерекшеліктерін зерттейтін жантану ғылымдарының саласы.
Әлеуметтік психология отбасының, ұжымның, таптың, ұлттың, тағы да басқа адамдардың тұрған жеріне, кәсібіне, қоғамдағыалатын орнына қарай жіктелетін топтарының психологиясын зерттейді.
1. Әлеуметтік психологияға қысқаша шолу
2. Тренинг дегеніміз не?
Тренингтік топ жұмысының принциптері
Тренингтің мақсаты
Тренингтің сипаттамасы
3. Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың әлеуметтік-психологиялық тренингтерге қатысуы
Басқаларды қабылдау, олармен
әртүрлі қатынастар жасау кезінде
адамдар бірін-бірі бағалап, бірімен-бірі
не жағымды (симпатия, ұнату), не жағымсыз
(антипатия, ұнатпау) эмоциялық қарым-қатынас
орнатады. Эмоциялық қатынастар іскерлік,
ұжымдық, рөлдік қатынастарға өз әсерін
тигізеді. Мұндай жағдайда мәдени аралық
өзара тренинг жаттығу
Тренингтің мақсаты
Басқаларды қабылдау, олармен
әртүрлі қатынастар жасау кезінде
адамдар бірін-бірі бағалап, бірімен-бірі
не жағымды (симпатия, ұнату), не жағымсыз
(антипатия, ұнатпау) эмоциялық қарым-қатынас
орнатады. Эмоциялық қатынастар іскерлік,
ұжымдық, рөлдік қатынастарға өз әсерін
тигізеді. Мұндай жағдайда мәдени аралық
өзара тренинг жаттығу
Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы
балалардың әлеуметтік-
тренингтерге қатысуы
Мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы психикалық дамуы, әлеуметтік ортаға бейімделу мүмкіндіктері, мектептегі оқуға психологиялық тұрғыдан даяр болуы қарым-қатынас генезисі бойынша жасына лайық қарым-қатынас формасының қалыптасуымен тікелей байланысты. Алайда психолог ғалым Х.Т. Шерьязданова зерттеулері 5-6 жастағы балалардың бірқатарында М.И. Лисина тағайндаған жағдайдан тыс жеке бастық қарым-қатынас формасының кейбір параметрлерінің толық қалыптасып қоймайтындығын көрсетеді. Ол 3-5 жастағы балалардың қарым-қатынас формасында ересектер мен және басқа балалармен өзара әрекеттестік және ақпарат алмасатындығын айтады. Осы арнадағы және өз зерттеу тәжірибемізде баланың жасына лайықты қарым-қатынас формасының қалыптасуына отбасы, балабақша мектеп жасына дейінгі даярлықтың әсер ету мүмкіндігі ерекше болатыны белгілі болды.
Сондықтан 5-6 жастағы балалардың
ересек адаммен, басқа балалармен қарым-қатынас
формасының жасына сәйкес параметрлерінің
қалыптасып, дамуы мақсат-бағдарлы,
жедел ұйымдастырылатын коррекциялық-дамытушы
әдіс-құралдардың жүйесін
Тренингтік сабақтарды ұйымдастырып
өткізудің жалпы шарттарын
Тренинг сабақтардың басты принциптері:
- сабақтар балалардың үйреншікті іс-әрекет аймағында жүргізілуі тиіс;
- сабақты тиімді өткізу үшін бөлмедегі заттарды ыңғайластыру;
Тренингтік сабақтарды аптасына екі рет өткізу ең қолайлы вариант болып табылады. Біріншіден, балалардың жаңа формада ұйымдастырылатын іс-әрекетке деген қызығушылықтарын ұзақ мерзімге сақтауға, жаңалыққа «тойынып қалу» феноменімен, шаршаудан, қажудан сақтайды. Екіншіден, балаларға біртіндеп тренигтік әсер болады да, оларды жаңалықтық эффектісіне бар мәліметтердің негізінде абдырап, еңжарлыққа бой ұрып қалмауға мүмкіндік береді. Ең соңында, балалардың тренинг жүргізушіде бауыр басып қалып, өздерінің бұрынғы тренингтен тыс болатын іс-әрекетттерінен, педагогтарынан аулақтап кетуден сақтайды.
«Біз де» қазақ балаларының
ежелден ойнайтын ойыны. Балалардың
ақыл ой лабильдігін, яғни үйренуге дағдылануға
қабілетін зерттеудегі
Зерттеу балалар тобымен жүргізіледі. Эксперимент жүргізуші балаларға қарсы қарап отырып бір әңгіме бастайды. Әңгіме желісі бойынша балалар қосылатын кез болса, олар «біз де» деп қол көтереді.
Балалардың қосылуы ыңғайсыз сәтке дәл келіп қалса, олардың «біз де» деп қалуы қате болып саналады. Бұл ойыннан үзінді. Ойынға 30 минут бөлінеді. Сол аралықта үзінді әрбір баланың жіберілген қате жауаптары ескеріліп, жағары лабильділік үйренуге, дағдылануға өте қабілеттілік, орта лабильділік, төменгі лабильділік үйренуге , дағдылануға ниет қоймаушылық, қандай іс-әрекетте де болымсыз ғана жетістікке ие болу деңгейлері тағайындалады.
Тренинг сабақтарды жалпы топтағы балалардың психологиялық ерекшеліктерін және олардың арасындағы жиі кездесетін қақтығысуларды зерттеп болғаннан кейін жалпы жұмыс жоспарын құруға болады. Жұмыс жоспарын кезеңдерге бөліп қарастырған ыңғайлы.
1. Диагностикалық – түзету кезеңі.
2. Диагностикалық-аналитикалық кезеңі.
Бұл әдістеменің негізінде
тренингтік сабақтарды өткізу
жолдары мен мазмұнына даралау,
Тренингтік сабақтардың
мазмұндық аспектісін
1. Блок. Балалардың коммуникативтілік дағдылары мен біліктерін дамытуға,өзара әрекеттесу мен қатынасудағы жіберілетін қателіктерді талдауға негізделген. Бұл блок бойынша балалардың вербалды және вербалды емес коммуникациясы қарастырылады. Блок бойынша қойылған мақсатқа жету үшін балалармен сергіту, рөлдік ойындар қолданылады.Ойындар вербалды және вербалды емес құралдарды белсендендіруге бағытталған.
Сергіту ойындарын басқаша қыздыру жаттығулары деп те атайды. Бұл ойындар балаларды топтық іс-әрекетке эмоционалды түрде келтіретін, баптайтын мақсатқа бағытталды.Сергіту ойындары әр сабақтың алдында және соңында 13-15 минуттан өткізіледі.балалардың ойынын ғана қыздырып қоймай вербалды белсенділіктерін арттыруға мүмкіндік беретін жаттығу түрлері- жаңылтпаштар. Сонымен қатар, сергіту эффектісі үшін қазақтыың ұлттық ойындары: «Тауқырайдан», «Бұғнай», «сыйқырлы таяқ», «Жаңылма», «Тақыл-тұқыл», «Мысық пен тышқан », «Қас-қағым», «Сұрақ- жауаптар», «Қостаймын, қарсымын, толықтырамын» қолданылады.
Ойындардың өту барысы: «Тауқырайдан» - балалар бірінің қолы, бірінің басына жетерліктей мөлшерде дөңгеленіп отырады. Тренинг жүргізушіден басқасы жалаң бас болуы керек.Тренинг ждүргізуші:
«Тауқырайдан, тауқырайдан»- деп , айта түседі де өз басындағы тақияны оң жағындағы көршісінң басына кигізе қояды. Көрші де сол сөзді қайталап оң жағындағы көршісіне кигізеді. Осылай жалғасып кете береді. Бір мезетте тренинг жүргізуші көзін жұмып отырады да : «Тау-тау»-деп басын өз қолымен баса қояды. Әркім тақияны өз басында қалдырмауға тырысуы керек.Ойын барлық бала басына тақия киіліп өткенінше жалғасады. Ойын аяқталған соң, балалардықң талқылауы үшін мына сұрақтар беріледі:
-тақия басыңа киілгенде не ойлай қалдың?
- тақияны басқаның басына кигізген соң өзің не ойладың?
«Бұғнай»- тренинг жүргізуші ер балаларды малдасын құрғысып , қыздарды бір тізерлеп отырғызады да, өзі барлық балалардан 1-ші бұғнай, 2-ші бұғнай, 3-ші бұғнай т.с.с. санап шығады да , кенеттен «пәленше бұғнай» деп шақыра қалады.Аты аталған «бұғнай» орныныан атып тұрады да бірден келесі біреуін шақырады.Әдетте кейбір балалар тұра алмай, ал сақ отырған балалар аты аталмай тұрып кететін жағдайлар болады. Ойын әрбір «бұғнай» шақырылғанша ойналады. Бұл ойынның қыздыру эффектісімен қоса диагностикалық, социометриялық мәні бар. Тренинг жүргізуші, біздің жұмыста ассистент рөліндегі студент, аты аталынған, аталынбай қалған , бірнеше рет аталған балаларды тіркеп отырады. Содан кейін балалар өздері де ойын барысында қандай ой, сезім болғанын ортаға салып талдайды.
«Сыйқырлы таяқ»-балалар қол ұстасып, дөңгелене тұрады.Тренинг жүргізуші қолына таяқ ұстап шеңбердің ортасына шығады да, ойынның тәртібін түсіндіреді. Балалар бір балаладан бастап тізбектеле қатардағы санын айтады. Тренинг жүргізуші таяқты тігінен жерге қадап ұстап, кез келген қатардағы санды айтады да таяқты қоя біледі. Аты аталған қатардағы бала өз санын ести сала жүгіріп барып, таяқты құлатпай ұстап үлгеруі керек. Таяқты құлатпай ұстаған бала ойынды жүргізіп, жалғастыра береді. Алдыңғы ойын сияқты мұның да социометриялық мәні бар. Хаттамаға ойын жағдайы тіркеліп отырады. Ойын аяқталғаннан кейін балалар ойын барысындағы өздерінің ой-сезімдерімен бөліседі.
Рөлдік- сюжеттік ойындар тренингтік сабақтардың өзегі іспетті.Мұндай ойындар біздің зерттеуде коррекциялау (түзету) мақсатын көздемейді.біз гуманистік бағыттағы ғалымдар көзқарасына сәйкес, психологиялық ойындар арқылы баланың өзіндік дамуына көмек беруді мақсат еттік.
Рөлдік-сюжеттік ойындардың психологиялық әсері мен балада:
- өз-өзіне деген сенімінің бекуі;
- этикалық және адамгершілік негізінде мінез-құлық жүріс-тұрыстың меңгерілуі;
- қарым-қатынас дағдылары мен біліктерінің дамуы болатындай түрлері жинақталып, іріктеледі.
Рөлдік ойындар міндетті түрде топтық талдаумен аяқталады. Талдау екі бағытта жүргізіледі:
1) Қарым-қатынас жағыдайының құрамын балалардың толық та, адекватты түсінуін қамтамасыз ету;
2) Коммуникативті іс-әрекет механизмдерін біліп, түсінуге, дағдылануға мүмкіндік беру.
Біз рөлдік ойындардың екі түрін – импровизациялық және сюжеттік түрлерін қолдандық.Импровизациялық ойындардың мазмұны балалардың өздерінің үйреншікті жағдайларынан, қарым-қатынас сферасынан алынып отырады. Мұнда тек алдын ала рөлдер мен позициялар бөлініп беріледі. Импровизацияланатын ситуациялардың ең қарапайымы таңдалынды. Ал басты назар әрбәр баланың импровизациялауға қабілетін яғни спонтанды түрде оның кез келген рөлді ойнап, сол рөл тұрғыдан диалог құра алуы мен вербалды емес коммуникацияны қабылдап, меңгеруі талданып, зерттеледі. Импровизациялық ойындардың арасынан ұзақ даярлықты қажет етпейтін, тренинг барысында өрістейтін түрлері қолданылды. Бірақ мұндағы басты талап ойын мазмұны балалардың қарым-қатынас саласындағы мәселелерге бағытталынуы. Алдыңғы диагностикалық ойындар нәтижесінде импровизациялық ойын мазмұны құрастырылады. Біз «Айжан бүгін балабақшаға ең әдемі қуыршағын алып келеген екен», «Анасы мен Болат дүкенге келді», «Гүлнәр мен Эльвира ойнап жүріп ренжісіп қалды» т.с.с. балалардың жас ерекшеліктеріне қарым-қатынас қажеттіліктеріне және тренинг мақсатына орай тақырыптар бойынша спонтанды түрде бір оқиғалар ойналып отырды.