Қоғамның дамуына сәйкес мектепті қайта жаңарту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2012 в 21:16, реферат

Описание

Қазіргі өзгермелі уақытта білім берудің жай – күйі дүние жүзінде де күрделі және қарама – қайшылықтарға толы. Қоғамның дамуы білім беру сапасынан үнемі алды болды, тіпті бұл алшақтық кейбір кездерде ондаған жылдармен өлшенді. Күн сайын адамға көптеген ақпарат тасқыны келеді. Ал оқу мазмұны мен оқыту әдістері ескі сарында қалып қоюда. Сондықтан білім берудегі әлеуметтік қажеттілік пен ол қажеттілікті қанағаттандырудың арасындағы қарама – қайшылық білім беру саласының дағдарысына әкеліп соғуда.

Работа состоит из  1 файл

art_11.doc

— 81.50 Кб (Скачать документ)

Қоғамның дамуына  сәйкес мектепті қайта жаңарту жағдайында педагог кадрлармен жұмысты олардың  кәсіби құзырлылығы негізінде ұйымдастыру  және мұғалімдер мен мектеп басшыларының жұмыс үрдісі мен үйреншікті дәстүрді тұтасымен өзгерту мәнді де өзекті мәселеге айналып отыр. 
Қазіргі өзгермелі уақытта білім берудің жай – күйі дүние жүзінде де күрделі және қарама – қайшылықтарға толы. Қоғамның дамуы білім беру сапасынан үнемі алды болды, тіпті бұл алшақтық кейбір кездерде ондаған жылдармен өлшенді. Күн сайын адамға көптеген ақпарат тасқыны келеді. Ал оқу мазмұны мен оқыту әдістері ескі сарында қалып қоюда. Сондықтан білім берудегі әлеуметтік қажеттілік пен ол қажеттілікті қанағаттандырудың арасындағы қарама – қайшылық білім беру саласының дағдарысына әкеліп соғуда. Сол себепті мектеп мұғалімдерінің әдістемелік шығармашылығын дамытуды педагог – мамандардың біліктілігін жетілдіру жүйесінде ұйымдастыруды олардың кәсіби құзырлылығы негізінде жүзеге асыру қажеттігі туындайды.

Құзырлылық тәсіл идеясы – қоғамға қандай, жеке тұлғаға қандай білім қажет және ол қоғамның қандай қажетін өтей алады деген сұраққа жауап береді. Оқушының құзырлылығын қалыптастыру – бүгінгі білім саласының өзекті мәселелерінің бірі. Құзырлылық тәсілді, жоғарыдағы айтқанымыздай, білім сапасын арттыруды дәстүрлі тәсілмен білім мазмұнын ұлғайту арқылы шешудің арасындағы қарама – қайшылықтан туындаған дағдарысты жағдайдан шығудың бір жолы деп қарастыруға болады. Бұл тәсіл білім берудің нәтижесіне басты орын береді. Оның сапасы алған білімінің көптігіне көптігімен емес, сол білімді қолдана білуімен маңызды. Сонда мұғалімнің кәсіби құзырлылық деңгейі қандай болмақ? Педагогикалық зерттеулерге жасалған шолу бұл мәселенің тарихи тұрғыда кезеңдеп дамығанын көрсетеді. Бұл проблеманың ғылыми – теориялық тұрғыда аз зерттелуі мұғалімге құзыреттілігін нығайтуға мүмкіндік берілмеуі біздің біліктілікті жетілдіру жүйесінде мұғалімнің әдістемелік шығармашылығын кәсіби тұрғыдан дамытудың теориялық негізін жасау міндетін қойды.

Құзырлылық тәсілі ХХ ғасырдың 70 жылдары АҚШ – та және Батыс Европаның бірқатар елдерінде қалыптаса бастады. Себебі, бұл елдерде де нақты экономика жағдайындағы қоғамның талабы білім берудің нәтижесі арасында сәйкессіздік белең алған болатын.

Педагог кадрлардың біліктігін жетілдіру жүйесіне құзырлылық тәсілі енгізу біздің жағдайымызда қандай қажеттіліктен туындады деген мәселеге келсек, мынаған саяды:

1.    Дүниежүзілік тенденциялардың кірігуіне сәйкес еліміздегі білім беру жүйесінің сол талапқа үйлесе алмауы;

2.    Дүние жүзілік білім жүйесіне қазақстандық білім берудің нәтижелерінің үйлесімсіздігі;

3.    Еліміздің өз ішінде білім нәтижелерінің талапты қанағаттандырмауы;

4.    Еліміздегі мектеп бітірушілердің білім деңгейінің басқа елдегі құрбыларынан кем соғуы;

5.    Мектеп бітірушілер мен жас мамандардың алған білімін өмірде қолдана алу дағдысының төмендігі;

6.    Еліміздегі мамандардың, оның ішінде педагог мамандардың белгілі бір мәселелер бойынша талдау жасау қабілетінің төмендігі;

7.    Бәсекелестікте, т.б. дәстүрлі емесжағдаяттарда жас мамандар, тіпті сақа мамандардың өзі мәселе әдеттегіден өзгеше қойылса жауап таппай қиналатыны;

8.    Қазақстан Республикасындағы білім беруді 2015 жылға дейін дамытудың тұжырымдамасы және білім беруді дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған бағдарламасы педагог мамандардың біліктілігін кәсіби құзырлылық негізінде дамытудың қажеттілігі көрсетіп отыр.

Білім беруді 2015 жылға дейін дамытудың тұжырымдамасын дайындау барысында туындаған құзырлылық тәсіл тақырыбы бүгінде барлық педагогикалық ортада талқылануда. «Компетенция» және «компетенттік» ұғымдарына талдау жасай келе «компетенцияны» жеке тұлғаның таным мен тәжірибе арқылы жетік меңгерген мәселелерінің жиыны десек, «компетенттілік» компетенцияға ие болу дегенді білдіреді. Сонда білім беру саласында компетенцияны оқыту мақсаты, құзырлылықты оқыту нәтижесі деп қарастырамыз. Сонымен «компетенттілік» ұғымы педагогикада бұрыннан қалыптасқан «дайын болу» ұғымымен байланысты. Демек, «компетенттілік»  – қандай да бір әрекетке, мысалы жоғары шығармашылық әрекетті іске асыруға дайын болу деген сөз.

Оқытудағы құзыреттілік тәсілі  – оқушыға қойылатын мектептегі талап пен өмірлік талаптарды ұштастыру.

«Түйінді компетенттілік» деп адамның өмір сүруіне қажетті және өзгермелі қоғамда кәсіби қызметінде табысты болуына байланысты құзырлылықтарды айтады. 
Еуропалық кеңес түйінді компетенттіліктің 5 тобын ұсынады.

1.    Саяси және әлеуметтік компетенттілік (жауапкершілікті өз мойнына алу, ортақ шешім қабылдауға қатысу, кикілжіңдерді жайдары реттей алуы). 
2.    Көп мәдениетті қоғамға қатысты компетенттілік (мәдениеттердің ерекшеліктерін айыру, түсіну, өзгелерге шыдамдылық танытып, басқа мәдениет адамдарымен біріге өмір сүре алуы).

3.    Ауызша және жазбаша қарым – қатынас мәдениеті (бірнеше тіл білу, т.б.).

4.    Ақпараттық компетенттілік ( жаңа технологияны меңгеру, түсіну, қолдану, артық кемін өлшеу. БАҚ құралдары таратқан ақпарлары мен жарнамаларды сыни тұрғыдан бағалау қабілеті).

5.    Өзін – өзі жетілдіруге компетенттілік.

Соңғы кездері педагогикада компетенция және тұлғаның кәсіби шеберлілігінің құрамдас бөлігі (Т.Базаров), мамандарды дайындаудың  нәтижелігі мен өлшемдері (А.Бермус, И.Зимняя), білім мазмұнын модернизациялаудың тәжірибелік мәні (В.Краевский), педагогикалық мәдениеттің базалық бөлігі (Т.Исаева) ретінде қарастырылуда. ХХІ ғасырдың басында мұғалімнің кәсіби – тұлғалық компетенциясы бұрынғы сипатынан басқаша мазмұнға ие бола бастады. Оның өзіндік себептері бар.

1.    Педагогтің әлеуметтік – педагогикалық рөлі өзгерді. Енді мұғалім бұрынғыдай білім беріп қана қоюмен шектелмейді. Мектеп қабырғасынан шығатын бүгінгі оқушыға қойылатын талап деңгейін қанағаттандыру мақсатында мұғалім оған білімді өз бетімен ала алатындай, өзі – өзін өз күшімен дамытып, алған білімін қолдана алатындай, өмірлік тәжірибесін қолдана алатындай, соны саналықпен сезінетіндей пәндік сауаттылықты игеруге тиіс.

2.    Мұғалімнің өз бойындағы бар білімі мен кәсіби біліктілік компетенциясы оның бүкіл педагогикалық қызметінің барлық кезеңдеріне жеткілікті болады деп айта алмаймыз. Демек, мұғалім үнемі біліктілігін жетілдіруге, тұлға ретінде үнемі өзінің білімін көтеріп отыруға тиіс.

Сондықтан осыған дейінгі компетенцияларды мамандардың кәсіби шеберлігінің негізі деп қараумен бірге одан басқа да жаңа құзырлылықтарды қарастыруға болады. Өйткені мұғалімнің кәсіби – тұлғалық компетенциясының мазмұнын анықтау мен құрастыру мәселесі тек әлеуметтік – экономикалық өзгерістерге ғана байланысты емес.

Ғалымда құзырлылықтың табиғатын түсіндіру мақсатында оны білім, білік ұғымдары арқылы анықталатын тұлғаның жеке қасиеті (Н.Кузьмина, А.Маркова, К.Махмурян, т.б.) немесе ерекше қабілеті (Дж.Равен, Р.Уайт, Х.Хершген, т.б.) деп түсіндіреді.

Басқа да ғалымдардың компетенция жөнінде пікірлерін зерделей келе, құзырлылықтың тағы бір ерекшелігін атауға болады. Компетенция жеке тұлғаның алған білімін, бойында бар білігін қолдана білумен қатар өзін – өзі үздіксіз жетілдіру мен дамыту нәтижесінде алған білімі мен білігіне жаңа мағына беріп, басқаша құрылым жасау қабілеті екенін пайымдаймыз. Біздің ойымызша, мұғалімнің компетенциясы – оның кәсіби – тұлғалық білімнің теңдессіз жүйесі,  еңбекке шығармашылық көзқарас, педагогикалық жағдаятты меңгерту үшін үнемі кәсіби жетілуге ұмтылу нәтижесінде жаңа ой – мағына туғызатын қабілет. Демек, құзырлылық – шығармашылықты қалыптастыруға қажетті негізгі қабілет.

«Компетенция» ұғымы білімділік аймағына емес, білік аймағына жатады. Компетенция – оқудың арқасында білім мен тәжірибеге сүйеніп адам бойында жинақталған жалпылама қабілеттілік. Құзырлылық – ғалым болу немесе білімді болу деген сөз емес. Компетенция біліктілік пен іс – әрекетті таңдатады (К.Қожахметова). Демек, әдістемелік жұмысты жетілдіру мақсатындағы мұғалімнің ізденісінің өзі құзырлылықты қажет ететіні анық. Ендеше біліктілікті көтеру жүйесіндегі жүргізілетін жұмыстар мұғалімнің мұғалімнің шығармашылыққа құзырлылығын дамыту бағытында жүруі қажет деп есептейміз.

Кәсіптік білімді құзырлылық тұрғысынан ұйымдастыру қоғамның әлеуметтік мүддесіне де, білім саласы қызметкерлерінің мүддесіне де сай келеді.

Қазақстандық ғалымдар да ұлттық білім беру жүйесін әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру жәнеқоғамдық сұраныстарға жауап беру мақсаттарына сәйкес білім берудегі құзырлылық үлгісіне зерттеулер жүргізіп, оны мектеп тұрмысына енгізу мүмкіндіктерін қарастыруда.

Педагогтерді құзырлылық тұрғыда даярлау арнайы, жалпы және түйінді құзырлылық негізінде жүзеге асады. Мұндай құзырлылықтар мұғалімнің кәсіби – педагогикалық еңбегінің жоғары нәтижелі болуына кепілдік береді. Оны ұйымдастырудың төмендегідей міндеттері анықталған:

-    Құзырлылық тұрғысынан ұйымдастыру педагогикалық білім мен білікті бүгінгі күнгі жиі айтылатын мұғалімнің «педагогикалық шығармашылыққа»қатысты білім мен білік деңгейін нақты анықтауға мүмкіндік береді;

-    Құзырлылық тұрғысынан ұйымдастыру мұғалімнің кәсіби және іскерлік қасиеттерін жетілдіре отырып, олардың білім беру саласындағы шығармашылық қасиеттерінің де дамуына оң әсерін тигізді.

Құзырлылық тұрғыдан ұйымдастыру ұстанымдары төмендегіше негізделеді деп есептейміз:

-    Диагностикалық, яғни ойлаудың диагностикаланған нәтижелеріне қол жеткізуге ұмтылушылық;

-    Кешендік пәнаралық, яғни білімдік факторлармен бірге сыртқы факторларды ортаға әсерін есепке алу;

-    Көп функционалдық, өйткені құзырлылық тек бір ғана білікпен сипатталмайды. Өйткені құзырлылық кез  келген кәсіби педагогикалық мәселелерді шеше алу қабілетімен де анықталады.

Құзырлылық тұрғысынан ұйымдастыруды педагогикалық білім беру мен білікті жетілдіру мазмұнын жаңарту құралы ғана емес, оны қазіргі талапқа сай ұйымдастырудың қажетті механизмі ретінде де қарастыруға болады. 
Құзырлылық тұрғысынан ұйымдастыру білім беру мен білікті жетілдіру жұмысына айтарлықтай өзгеріс ендіріп, оған тәжірибелік – шығармашылық бағыт береді. Ал қоғамдағы көптеген өзгерістер әлеуметтік – экономикалық дамудың ырғағы, яғни білім саласының осы өзгерістерге сәйкес жаңа тұжырымын іздеуді талап етеді.

1.    Құзырлылық тұрғысынан ұйымдастыру қарым – қабілеті бар, яғни құрастырушылық, кәсіби, әлеуметтік, жеке тұрмыстық құзырлылықтарға ие маманды даярлауға бағытталған.

2.    Жалпы және кәсіби білім беруді қазіргі заманғы модернизациялау міндетінің өзі қоғамның талабы және жеке тұлғаның қажетсінуіне сәйкес келуі осындай жаңаша ұйымдастыру мен оның мақсатын, мазмұнын анықтауды туғызып отыр.

Жоғары құзырлылық өзін «меңгеруді» күтпейді. Сол себепті де біліктілікті жетілдіруде әдістемелік – шығармашылық қабілетті қалыптастыру түрлі формада және түрлі бағытта мұғалімнің әдістемелік қызметінің белгілі бір аспектілерін дамытуға бағытталуы тиіс. Мұның өзі өте күрделі әрі сан – салалы мәселе.

Осы орайда біздің мектебімізде өткен кіріктірілген сабақ гуманитарлық ғылымдарды біріктіре отырып, бір шығарманың төңірегінде оның тарихи құндылығы мен өміршеңдігі, өнер саласында да алатын орны жайлы кең мағлұмат алуға мүмкіндік бере алды. Абылай (Сабалақ) ұлы тұлға ретінде осында қамтылған барлық ғылымдар саласында таныла білді. Сол секілді өзін-өзі тану пәнінен, бастауыш сыныптарда «Сыни тұрғыда ойлау мен жазу», политехникалық пәндер бірлестігіндегі «Ақпараттық технологияның тиімділігі» және пәндік апталықтардағы үш тілде ұйымдастырылып жүрген шаралар мен тәрбие саласындағы сан түрлі танымдық ойындар мен сайыстар баланың жан-жақты дамуына және өз өміріне қажетті бағыт-бағдар алуына үлкен септігін тигізіп жүр деп айтуға толық негіз бар.  Мемлекетіміз көтеріп отырған саяси-әлеуметтік жағдайдағы құзырлылыққа бағыттаушы құрал- нәтижеге бағытталған білім берудегі жан-жақтылықты қажет ететін бүнігі күн талабы.

Нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесі ұғымның ҚР білім  саласына  енуіне байланысты білім,білік,дағды, тәрбие білімділік, дайындық ұғымдары автоматты түрде құзыр, құзырлылық ұғымдарымен алмастырып, практиктердің қолданыстағы үйреншікті сөзіне айналып кетті. Жалпы алғанда,құзыр ұғымы өзін қолданыстағы ежелден келе жатқан көне ұғымдардың бірі ретінде түсінуді талап етеді. Ауызекі кең тараған «құзырңызға құлдық» деген сөздің мағынасы құзыр ұғымының мағынасында қолданып келсе, «бұлменің құзырымдағы дүние емес» деген сөз тіркесті құзырлылық ұғымының мағынасын  ашады. И.А. Зимняя еңбектерінде құзырлылық құзырдың өзекті түрде көрінуі, құзыр ішікі әлеует, психологиялық жаңа түзілім (әрекет бағдарламалары,құндылық жүйелері және қатынастар) ретінде адамның құзырлылығында байқалды делінген. «Құзыр»  мазмұндық бөлімін құрамдас бөлігі, «құзырлылық» ұғымы мазмұнды  бірлік , яғни құзырлылық құзырға қатысты жинақтаушы ұғым болып табылады деген бекімге тоқталады.

«Құзырлылық», «құзыр» ұғымдарының қолданыстағы білім, білік, дағдыдан айырмасын төмендегідей ажыратылады:

а) білімнен айырмасы – қызмет жөніндегі ақпараттық сипатта  емес, өнімді қызмет формасы түрінде  байқалады;

ә) дағдыдан айырмасы – оқыған метериалды топтастыра, құбылыстарды, заңдылықтарды шығармашылықпен  пайдалана отырып өзгерте алатын саналы қызмет;

б) біліктіліктен  айырмасы – дағдыға автоматты  түрде жету немесе алмастыру емес , керісінше, бірнеше пән дағдыларын кіріктіру, жалпы қызмет негіздерін сезіну.

Сондықтан да құзырды  әр түрлі кенеттен болған ситуацияларда  мәселелерді шешу үшін қажетті білімді  немесе әрекетті көрсете білу қабілеті, білім мен өмірлік ситуация арасындағы байланысты орнату мүмкіндігі ретінде, ал құзырлылықты адамның өзіндік деңгейіне, даралық қасиеттеріне тікелей байланысты, тұлғалық, теориялық, практикалық өлшеу дәрежесі жоғары деңгейінде кіріктірілген құрылым ретінде қарастыру ұсынылады.

Информация о работе Қоғамның дамуына сәйкес мектепті қайта жаңарту