Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2012 в 21:16, реферат
Қазіргі өзгермелі уақытта білім берудің жай – күйі дүние жүзінде де күрделі және қарама – қайшылықтарға толы. Қоғамның дамуы білім беру сапасынан үнемі алды болды, тіпті бұл алшақтық кейбір кездерде ондаған жылдармен өлшенді. Күн сайын адамға көптеген ақпарат тасқыны келеді. Ал оқу мазмұны мен оқыту әдістері ескі сарында қалып қоюда. Сондықтан білім берудегі әлеуметтік қажеттілік пен ол қажеттілікті қанағаттандырудың арасындағы қарама – қайшылық білім беру саласының дағдарысына әкеліп соғуда.
Олай болса, құзырлылық ұғымның педагогикалық категория ретіндегі орны қандай?-деген сұраққа Аристотель категорияларын пайдалана отырып, сегіз түрлі (сан, сапа, орын, уақыт, қатынас,әрекет, мән, иелік) мағынада түсінуге болатындығын көрсетеді.
«Құзырлылық (бар) жеткілікті» бар сөзі сандық мағынада. Егер біз құзырлылық «бар»-ға педагогикалық, зерттеушілік,әдіснамалық, кәсіби құзырлылықтардың санын айтатын болсақ, онда сан сөздің емес, түрдің мәнін ашып тұрғандығын көреміз. Біздің алып отырған сандық мағына жеткілікті сөзі құзырлылық 1 тонна немесе 5 метр деген мағынаны беру қажет. Дидактикалық тұрғыда оның өлшемі балл, баға.
Орны: құзырлылық
(бар) педагогикада,психологияда,
Уақыт: Құзырлылық (бар) ол туралы кеше айтылған, бүгін айтамыз, ертең оқылады, жазылады т.б. Құзырлылық сөзін әл Фараби пайдаланды, бүгін біз оқимыз, жазамыз, яғни құзырлылық уақытқа қатысты бар. Жалпы бар деген сөзі «болған» немесе «болмаған» деген мағынада емес, белгі ретінде қолданылады.
Қатынас: Құзырлылық (бар) кәсібилікке қарағанда толфымды. Толымды сөзі құзырлылық пен кәсібилік арасындағы қатынасты көрсетеді.
Әрекет: Құзырлылық (бар) қалыптасады, дамиды т.б. құзырлылық сөз ретінде өзінен-өзі немесе өз бетімен қалыптаса да, дами да алмайды.
Мән : Құзырлылық (бар), бірақ болмаған. Құзырлылық –абстракт. Ол өлінің де, тірінің де қатарында емес, яғни оның өзінше жеке болмысы жоқ. Мысалы: 20 ғасырда Қазақстанда хан «болмады», бұл жерде «жоқ» сөзі пайдаланылмайды, өйткені қазақта хан болған. Біз қазақ хандығы туралы ойлаймыз, олай болса, хандықтың қандай да бір дәрежеде мәні бар. Осы айтылғандарды жинақтап отырып, құзырлылық ұғымының педагогикалық категория ретінде орны төмендегідей үлгіде береміз.
1-сызба –құзырлылық педагогикалық категория ретіндегі үлгісі
Информация о работе Қоғамның дамуына сәйкес мектепті қайта жаңарту