Ойын технологиялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2012 в 21:01, реферат

Описание

Адамзаттың көптеген жылдар бойғы ойнау тәжірибесі ойынның білімдік құндылығын дәлелдеді. Ойынның шығу сырын ғалымдар жүздеген жылдар бойы зерттеп келеді. Оның шығу тарихы жайлы көптеген пікірлер бар.
Көп тұжырымдардың бірі бойынша ойын қоғамның діни, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы кезіндегі бос уақыт пен демалысты өткізу мәселесінен туындаған. Ерте заманда ойын қоғамдық өмірдің бір бөлігі болып, оған діни-саяси маңыз берілген. Ерте гректер ойынды Құдайлар қолдаған десе, Қытайда мерекелік ойындарды император ашып, өзі де қатысқан.

Работа состоит из  1 файл

жас ерек.ойын туралы.docx

— 31.56 Кб (Скачать документ)

 Ойын технологиялары

Адамзаттың көптеген жылдар бойғы ойнау тәжірибесі ойынның  білімдік құндылығын дәлелдеді. Ойынның  шығу сырын ғалымдар жүздеген жылдар бойы зерттеп келеді. Оның шығу тарихы жайлы көптеген пікірлер бар.

Көп тұжырымдардың бірі бойынша ойын қоғамның діни, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы кезіндегі бос уақыт пен демалысты өткізу мәселесінен туындаған. Ерте заманда ойын қоғамдық өмірдің бір бөлігі болып, оған діни-саяси маңыз берілген. Ерте гректер ойынды Құдайлар қолдаған десе, Қытайда мерекелік ойындарды император ашып, өзі де қатысқан.

Кеңес өкіметі кезінде  халық мәдениетінің ойын салт-дәстүрлерінің дамуы мен сақталуы қала сыртындағы жаздық лагерьлерді ұйымдастыру тәжірибесінен басталды.

Әлем педагогикасында  ойын - белгіленген ережелері бар, бір мақсатқа жету үшін ойыншылар  арасындағы сайыс пен жарыс ретінде  қарастырылады.Ойын ең алдымен қарым-қатынас жасау, үйрету, өмірлік тәжірибені жинақтау жолындағы әлеуметтік мәдени феномен болып табылады.

Ойынның қиыншылығы оның түрлерінің көптігінен, қатысушылар санынан, ойын өткізу алгоритмінен туындап отыр. Ойын әрекеті сәби кездегі қарапайым сылдырмақтардан басталып, бірте-бірте күрделену арқасында фантастикалық шындық деңгейіндегі видео-компьютерлік ойындарға айналады. Ойынның табиғилығы сонша, ол оқу элементінің таптырмас бөлігі. Ойын үрдісі кезінде сыныптағы топтардың әлеуметтік рөлі және ойын тәртібі игеріледі. Ойын мақсаттарына жету жолында ұжымның бірлескен іс-әрекетінің дағдысы, оқушылардың жеке мінез-құлқы қалыптасады. Ақыл-ойды дамыту ойындарынан бастап бизнеске, мәдениетке, қоғамтануға және басқарудың барлық салаларына сәйкес мамандар даярлауға қатысты бағдарламаларды меңгеруге көмектеседі.

Ойыншылар, мұғалімдер қосымша  материалдар, оқулықтар, көрнекі құралдар, компьютерлік технологияларды енгізе отырып, мәдени салт-дәстүрді жинақтайды.

Ойын теориясы мен практикасын  отандық және шетелдік педагогтар, психологтар, социологтар зерттеуде

Ойын өмірде пайдасыз көрінгенмен аса қажетті көрініс-құбылыс.

 Сабақта тиімді қолданылған  ойын элементтері – мұғалімнің  түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен  тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты  ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез  әрі қызығып орындайтын болады.

 Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін,  қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында  балалардың белсенділігі, шығармашылығы артады.

 Ойын проблемасымен  шұғылданған көрнекі ғалымдар  Р.М.  Жуковская, Д.В. Менджерицкая, Т.А. Маркова, Н.Я.  Михайленколардың  айтуынша балалар игерген білімдерін  ойынға  пайдалана білу керек. Ал мұғалімнің міндеті - балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету.

 Сабақ процесінде пайдаланатын  ойындардың бірнеше түрлерін  атап көрсетуге болады. Бастауыш  сынып мұғалімдерінің оқу –  тәрбие жұмысының  негізгі  саласы сабақ. Сабақ үстінде оқушылардың біліктілігі,  іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы қалыптасады. Негізгі бетбұрыс  оқушы білімінің сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нәтижені көре білу, яғни окушыға берген біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін  сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып  қатыстыру қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының сабаққа қызығушылығы, дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі.  Сондықтан оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Ал ойын элементтері кез -келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен,  белсенділікпен орындайды. Оқушылардың қызығушылықтарын  туғызатын ойындардың бірі - дидактикалық ойындар.

 Дидактикалық ойындар  – көп салалы, күрделі педагогикалық құбылыс. Оны - балаларды оқытудың бір әдісі, оларды жан-жақты тәрбиелейтін құралдардың бірі деп айтуға болады.

 Ойын элементтерін  қолдана отырып мұғалім оқушылардың   сабаққа деген қызығушылығын,  зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Атап айтқанда, мұғалім ойын жағдаяттарын  туғыза отырып, әртүрлі заттарды қолдану арқылы  сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады.

 Дидактикалық ойын  оқу процесінде екі түрлі мақсатпен   қолданылады: оқу (танымдық) мақсатта, екіншісі ойын ойнау  мақсатында. Мұғалім өзі де ойынға қатысады, балаға үйретеді. Бала  ойын ойнай отырып үйренеді.

 

 Бастауыш сыныптардың  тіл сабактарында дидактикалық  ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау,  пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдалануға болады. Бастауыш  сынып оқушылары әлі де ойын баласы, сондықтан мұғалім оларды  жалықтырмай әртүрлі ойын түрлерімен сабақты қызықты өткізуге  тырысуы қажет.

 

 Дидактикалық ойындар  оқушылардың ой - өрісін дамытып,  ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды  саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік  қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Оқушылар ойын  ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның  қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер  береді.

 

 Ойын әрекеті балалардын  бағалы өмірінің алғашқы күндерінен  бастап-ақ маңызды орын алады. Ойын бастауыш сынып  мұғалімдерінің бірден-бір көмекшісі болу керек.

 

А.С. Макаренконың айтуы бойынша,  ойынға бір жақты көзқарас педагогикалық процесте ойынды дұрыс пайдаланбауға әкеп  соғады, көп ретте мұғалімдер ойынның негізгі мәні балаларға қуаныш сыйлау екенін ұмытады. Ойын бала үшін жаңа ортаға тезірек үйренуіне мүмкіндік береді. Ал Ю.К. Бабанский - ойында бастауыш  сынып оқушыларының барлық әрекеттерін ынталандырудың түрлері  мен әдістері ретінде ұсынады.

 

 Халық жасаған мұралар сан алуан. Солардың бірі ұлт  ойындары. Ойынға тек ойын деп қарамай халықтың ғасырлар бойы  жасаған асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие  құралы деп қарау керек. Ұлт ойындары отбасы тәрбиесінен бастап, мектептегі жеке пәндерді оқыту барысында қосымша материал үшін,  баланың сол пәнге қызығушылығын арттыру үшін пайдалануға болады.

 

 Сабақта ойын түрлерін  пайдалану сабақ түрлері мен  әдістерін  жетілдіру жолындағы  ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын  элементтерін оқу процесін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау  кезеңдерінде, қайталау сабақтарында пайдалануға болады. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына  неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдылық маңызы да арта түседі.  Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдығын күшейтеді,  оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады.  Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді.  Ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен  жағдайларын ескеруге ерекше назар аударға жөн.  Баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін бастауыш сынып мұғалімінің басты қолданатын тәсілі - ойын.

 

Н.К. Крупская өзінің көптеген еңбектерінде ойынның бала өміріндегі маңызына үлкен мән берген. Қандай ойын болмасын,  әйтеуір бір нәрсеге үйретеді, ең бастысы - баланы мұқияттылыққа,  еңбекке, жолдастарымен ынтымақта болуға үйренеді.

 

 Демек, бастауыш сынып  оқушыларының оқуға, білімге деген  ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану, Оларды оқу процессінде  үздіксіз дамытып отыру жєне сабақ барысында алған білімдерін  практикада қолданудың, пайдаланудың орны бөлек.

 

 Тиімді қолданылған  ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп  отырған материалын окушылардың зор ынтамен тыңдап, берік  меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың  аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын  түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыласпен орындайды.

 

 Сабақ барысында ойын  түрлерін дидактикалық материал  ретінде пайдаланудың маңызы  зор. Ойын арқылы баланың бойына  адамгершілік қасиеттермен қатар,  білімге, өнерге деген  құштарлығы  қалыптасады. Тіпті нашар оқиды-ау  деген  оқушылардың өздері де ойын түрлері араласқан сабаққа зер салып,  ынталана түседі. Ойын араласқан жерде жарыс болмай тұрмайды.  Оқушылар жолдастарынан қалып қоймау үшін сабаққа белсенді  қатысып, қойылған сұрақтарға жауап іздеп, ойлана бастайды. Сабақта  ойын түрлерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін дамытуға әсер  етеді.

 

 Тілдің дамуына ойын  өте үлкен әсер етеді. Ойын  ақыл-ой  дамуына да әсер етеді,  бала ойын үстінде заттар мен іс-әрекеттерді  жалпылауды, сөздің жалпылама мағынасын қолдануды т.б.  үйренеді. Ойын жағдайына ену баланың ақыл-ой әрекеттерінің түрлі  сипаттарынын шарты болып табылады. Ойын баланың психикасына  сапалы өзгерістер туғызады: онда мектеп жетекші болатын оқу  әрекетінің негіздері қаланады. Сабақты ойын түрінде өткізу  шәкірттердің білімге ынта-ықыласын арттырады. Оқытудың түпкі  мақсаты - оның сапалы болуы. Яғни, сабақтың түрлері мен әдістерін, мазмұнын жетілдіруге оны әдіскерлік, танымдық, білімдік, тәрбиелік  жағынан сапалық жаңа деңгейге көтеру. Оқытудың тәрбиелік қызметі  мен практикалық бағытын күшейту де осы міндеттерден туындайды.  Сабақта ойын түрлерін пайдалану - сабақтың әдістерін жетілдіру  жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Дидактикалық  ойындар барлық сыныптарда қолданылады. Әсіресе алты жастан  бастап оқытудың ойын әдістеріне көп көңіл бөлу керек. Демек, ойын  деген аты ғана, ал шынында да, ол сабақтың, еңбектің жиынтығы.  Ойын түрлерінен тәрбиенің түп мақсатын байқауға болады.

 

Отандық педагогика мен психологияда ойын іс-әрекетінің негізін К.Д.Ушинский, П.П.Блонский, С.Л.Рубенштейн, Д.Б.Эльконин салды. Қазақстандық ғалымдар Н.К.Ахметов, Ж.С.Хайдаров еңбектері берік білім берудің, оқу белсенділігін арттырудың маңызды жолдарының бірі ойын элементтерін тиімді пайдалану екенін атап көрсетті. Шетелдің К.Гросс, Ф.Шиллер, Г.Спенсер, К.Бюлер, З.Фрейд, Ж.Пиаже және тағы басқа ойшылдары мен зерттеушілері де ойын теориясы туралы әртүрлі пікірлер білдірді.

 

К.Гросстың теориясы кеңінен  танымал. Ол ойын келешектегі іс-әрекетке дайындық ретінде қызмет етуінің маңыздылығын айқындаған. Ойында адам жаттығу арқылы өз қабілетін шыңдайды. Бұл теория бойынша ойын дамумен байланысты. Бұл теорияның кемшілігі – ойынды тудыратын себеп, түрткілерді ашпауы.

 

Ф.Шиллердің ойын дамытып, Г.Спенсер қалыптастырған ойын теориясында  ойын бастауы күштің артықтығынан көрінеді. Олардың пайымдауынша өмірде, еңбекте қолданылмаған күш ойында шығады. Шаршаған адамның демалу үшін ойнауы, күшті басқа арнаға бұрмай ойынға жіберу себебі анықталмаған.

 

С.Л.Рубинштейннің пікірі бойынша, ойынның жиналған күшті шығаруы формалды түрде, ойынның динамикалық аспектісі мазмұнынан бөлек бастау алады. Сол себепті бұл теория ойын жайын толық түсіндіріп бере алмайды.

 

Ойын түрткілерін ашуға ұмтыла отырып, К.Бюлер нәтижесіне қарамастан әрекеттің өзінен қанағат алу, басқаша айтқанда, функционалды қанағаттану теориясын ұсынды. Бұл ойын түрткісінің негізі деп түсіндірді. Бұл теория ойынды ағзаның қанағаттануы ретінде ғана көреді.

 

З.Фрейд теориясы өмірде жүзеге аспаған тілектерді ойын арқылы іске асыру деп біледі. Адлерлік түсінік  бойынша ойында өмірде шамасы жетпеген кедергілерден қашқан адамдардың әлсіздігі  көрінеді. Сөйтіп, ойын өмірдің әдемілігі  мен сәнін мадақтайтын шығармашылық белсенділіктен өмірге керексіз қалдыққа айналады; даму факторы мен өнімінен жетіспеушілікке, өмірге дайындықтан қашуға айналады.

 

Л.С.Выготский мен оның оқушыларының пікірінше ойында ең маңыздысы  адам ойнай отырып, өзіне қандай да бір жағдаят тудыру арқылы белгілі  бір рөлді ойнайды.

 

Ойынның спецификалық формаларын дамыту үшін қалыпты жағдайды қиялдағы жағдаятқа көшу сипатымен айқындалады, бірақ ол ойын негізіне жатпайды.

 

Ол ойынның бастауларын  ашпай ойын жүйесіне басты назар  аударады. Бұл теория баланың қалыпты  жағдаяттағы ойынын есепке алмайды  және ойынды даму үстінде сипаттай алмайды.

 

 Педагогикалық ойынның  маңызы зор. Ойын біріншіден, білу және үйрену, екіншіден, адамның ойнай отырып, өзіндік білім алуы өмір тәжірбесін жинақтауға көмектеседі. Ойынның кәсіптік, әуестену, оқу-жаттығу ойындары сияқты түрлері бар. Ол дем алу, көңіл көтеру бола тұра оқуға, шығармашылыққа, емдеуге, адам қарым-қатынасының типтерінің модельдеріне, еңбекте көрініс табады.

 

Ойынды ерте заманнан үлкендердің  іс-тәжірибесін жеткіншек ұрпаққа жеткізу үшін пайдаланған. Ойын халық педагогикасында, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде кеңінен пайдаланылады. Қазіргі мектепте ойын әрекеті ойын пәнінің тарауын және тақырыбын түсіну үшін өздік технология ретінде, жалпы технологияның элементі ретінде, сабақ немесе оның бір бөлігі ретінде, сыныптан тыс жұмыстың технологиясы ретінде қолданылады.

 

«Ойын педагогикалық технологиялары»  ұғымы әртүрлі педагогикалық  ойындар түрінде педагогикалық үрдістің әдіс-тәсілдерін ұйымдастыруды қамтиды. Жалпы ойыннан педагогикалық ойынның ерекшелігі - оқу-танымдық бағытта сипатталған, педагогикалық қорытындыға ие нақты оқыту мақсаты қойылады. Оқу әрекетіне қызығушылық сезімін ояту мақсатында сабақ ойын түрінде ұйымдастырылады.

 

Сабақтың ойын түрінде өтуін жүзеге асыру үшін төмендегі бағыттар айқындалған:

 

Оқушыларға дидактикалық мақсат ойын түрінде қойылады.

 

Оқу материалы ойын құралы ретінде қолданылады.

 

Оқу іс-әрекетінде дидактикалық мақсатты ойын мақсатына айналдыратын жарыс элементтері енгізіледі.

 

 Дидактикалық тапсырманың  табысты орындалуы ойын қорытындысымен  байланыстырылады.

 

Ойын – адамдардың қарым-қатынасы, кәсіби және жанұялық өмірдің мектебі болып табылады. Адам ойын арқылы өзінің бір нәрсені үйреніп жатқанын білмейді. Мектепте мұғалім монолог, диалог түрінде балаларға білім береді. Бір-бірімен белсенді байланысу арқылы ойынға қатысушылар бір-бірін үйретіп, өздері де үйренеді. Ойын түрінде оқыту жалықтырмайды, қызықты және ерікті түрде жүреді.

Информация о работе Ойын технологиялары