Ойын технологиялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2012 в 21:01, реферат

Описание

Адамзаттың көптеген жылдар бойғы ойнау тәжірибесі ойынның білімдік құндылығын дәлелдеді. Ойынның шығу сырын ғалымдар жүздеген жылдар бойы зерттеп келеді. Оның шығу тарихы жайлы көптеген пікірлер бар.
Көп тұжырымдардың бірі бойынша ойын қоғамның діни, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы кезіндегі бос уақыт пен демалысты өткізу мәселесінен туындаған. Ерте заманда ойын қоғамдық өмірдің бір бөлігі болып, оған діни-саяси маңыз берілген. Ерте гректер ойынды Құдайлар қолдаған десе, Қытайда мерекелік ойындарды император ашып, өзі де қатысқан.

Работа состоит из  1 файл

жас ерек.ойын туралы.docx

— 31.56 Кб (Скачать документ)

 

 Педагогикалық ойындардың  функциясын мұғалімнің дұрыс  түсінуі оқу үрдісіндегі ойын  технологиясының орны мен рөлін анықтайды. Ойын элементтері мен оқытуды ұштастыру мқғалім шеберлігіне байланысты. Кез-келген ойынның өзіндік пайдасы бар. Ойынның бірнеше маңызды функцияларына тоқталайық.

 

1. Ойынның әлеуметтік-мәдени белгілері.

 

2. Ұлтаралық қарым-қатынас функциясы.

 

3. Ойында адамның өзін  іс жүзінде көрсетуі.

 

4. Коммуникативтік ойын.

 

5. Ойынның диагностикалық  функциясы. 

 

6. Ойынның емдеу функциясы.

 

7. Ойынның түзету функциясы.

 

8. Ойынның көңіл көтерту функциясы.

 

Енді әр функцияны қысқаша сипаттайық.

 

1. Ойынның әлеуметтік-мәдени  белгілері. Ойын - баланы әлеуметтендірудің  бірден-бір құралы. Ол бір жағынан тұлғаның қалыптасуына, құрбы-құрдастарына, қоғамға тән рухани құндылықтар мен нормаларды, білімді игеруге мақсатты түрде бағытталса, екінші жағынан адамның қалыптасуына аяқ астынан әсер ететін әлеуметтік бақылау үрдістері болып табылады. Ойынның әлеуметтік-мәдени белгісі мәдени байлықты, тәрбие әдеуетін игерген ұжымның толыққанды мүшесі бола алатын баланың тұлға ретінде қалыптасуының көрсеткіші.

 

2. Ұлтаралық қарым-қатынас функциясы. Бұл функцияның мақсаты ұлтына, нәсіліне қарамастан барлық адамдарға тән әлеуметтік-мәдени құндылықтарды меңгерту болып табылады. Ойындар арқылы кез-келген ұлт өкілдері өз ұрпақтарын өмірдегі әртүрлі жағдаяттардан жол таба білуге, кикілжіңді қатыгездіксіз шешуге, әр қилы эмоцияларды дұрыс қабылдай білуге үйретеді. Ойында шекара жоқ. Ұлттық ойындар, ұлтаралық ойындар, әртүрлі салалық ойындар, бүкіл адамзатқа тән ойындар көптеп саналады.

 

3. Ойында адамның өзін  іс жүзінде көрсетуі. Бұл ойынның  функцияларының бірі. Адамға ойынның  өзін іс жүзінде көрсетіп, тұлға ретінде қалыптасуы үшін маңызы зор. Сол себептен ойын үрдісі адам үшін маңызды. Ойын барысында бала өзін іс жүзінде көрсетеді. Адам өмірінде үнемі ойын жағдаятына кездесіп тұрады. Соны шешу арқылы адамның ой-µрісінің дамуы көрінеді.

 

4. Коммуникативтік ойын. Белгілі бір ережесі болса да ойын коммуникативті әрекет. Ойын оқушыларды адам қарым-қатынастарының әр түрлі жағдайларында болдырады. Осы әр түрлі қиыншылықтан жол таба білуге итермелейді. Топтық ойынға қатысушылар ойыншылар қоғамын құрайды. Осы қоғамның мүшелері бір-бірімен коммуникативті байланыс орната алмаса, ешқандай ойын болуы мүмкін емес. µ

 

5. Ойынның диагностикалық  функциясы. Диагностика - диагноз  қою үрдісі, білу қабілеті. Адамның  басқа іс-әрекетімен салыстарғанда ойынның немен аяқталатынын болжауға болады. Тұлға интеллект, шығармашылық жағынан өзін-өзі іс жүзінде көрсетеді.

 

6. Ойынның емдеу функциясы.  Ойын адамның тәртібіндегі өзін  қоршаған басқа адамдармен қарым-қатынасын және оқудағы туындаған әртүрлі қиындықтарды жеңу үшін де пайдаланылады. Д.Б.Эльконин ойын тәсілдерінің емдік мағынасын бағалай келе, былай деді: «Ойын емінің эффектісі бала рөлдік ойын кезінде алған жаңа әлеуметтік қарым-қатынастың тәжірибесімен анықталады». Рөлдік ойындар баланы үлкендермен, құрдастарымен нағыз қарым-қатынасқа үйретеді. Әр түрлі сатыдағы қарым-қатынастың емдік эффектісі болады.

 

7. Ойынның түзету функциясы.  Ойынның әрбір қатысушысы өз рөлі ғана емес басқалардың да рөлін жақсы білсе, ойын ережесімен жақсы таныс болса, онда психологиялық түзету табиғи жағдайда жүреді. Түзету ойындарының тәртібі нашар, психологиялық көмекті қажет ететін оқушылар үшін көмегі зор. Сонымен қатар бала өзінің және басқалардың ойынының нәтижесін бақылай, талдай, қорытындылай отырып, оны өзінің істерінде ұтымды қолдануға машықтанады.

 

8. Ойынның көңіл көтеру функциясы. Көңіл көтеру - түрлі нәрсеге, әртүрлі әрекеттерге ұмтылу. Ойынның көңіл көтеру функциясы жеке тұлғаның тұрақтануы мен рухани қуанышын қалыптастыру, сондай-ақ жағымды атмосфера құрып, белгілі бір жағдайларда жайлы жағдай орнатумен тығыз байланысты. Ойындағы көңіл көтеру үнемі ізденіс жағдайында өтеді. Ойын қиялды дамытып, көңіл көтеруге итермелейді. µ

 

 

Ойын түрінде оқыту барысында әртүрлі түрткінің тәсілдерін қолданады.

 

1. Қарым-қатынас түрткісі.

 

2. Моральдік түрткілер.

 

3. Танымдық түрткілер.

 

  1. Қарым-қатынас түрткісі. Оқушылар ойынға қатыса отырып, бір мақсатты шешу арқылы қарым-қатынас жасауды, жолдастарының пікірімен санасуды үйренеді. Ұжымдық тапсырмаларды шешу барысында оқушылардың әртүрлі мүмкіндіктері пайдаланылады. Тәжірибелік іс-әрекет кезінде тез ойлай білетін, жылдам, әрі мұқият жұмыс істейтін байқампаз, сын тұрғысынан қарай білетін балалармен бір топта болудың тиімді екенін байқайды. Ойын кезіндегі біріккен эмоционалды қобалжулар өзара қарым-қатынастың нығаюына ықпалын тигізеді.

2. Моральдік түрткілер.  Ойын кезінде әр оқушы өзінің білімін, дағдысын, мінез-құлқын, ерік-жігерін, адамдарға және іс әрекетке деген қарым-қатынасын көрсетеді.

 

3. Танымдық түрткілер.  Әрбір ойынның аяқталуы оқушылардың мақсатқа, жеңіске жету жолында басқалардан білімінің, дағдыларының, спорттық қабілетінің жоғары болуына итермелейді. Топтық ойында әрбір оқушы бас кезінде тең жағдайда болады. Бірақ ойынның қорытындысы әр оқушының дайындығына, қабілетіне, мінез-құлқына, біліміне, шыдамдылығына тәуелді. Кейбір ойындарда оқушылар әлеуметтік бет перде киіп, өздерін тарихтың белгілі бір тұлғасы ретінде сезінеді. Ойында табысқа жету танымдық қызығушылықтың дамуы үшін жағымды эмоция тудырса, ал жеңілген жағдайда танымдық іс-әрекетін жоғарылату қажеттігін тудырады. Ойын балалар үшін бәсекелестігімен тартымды. Ойыннан алынған рахаттану сезімі сабақтарда жағымды жағдай тудырып, пәнді оқуға қызығушылықтарын арттырады. Ойындағы алынбаған жауап балалардың ойлау әрекетін белсендендіріп, жауабын табуға тырыстырады. Ойын барысында ортақ мақсатқа жету үрдісіндегі ойлау іс-әрекеті белсендіріледі. Ойлау танымдық мақсаттарды шешуге бағытталады.

 

Баланың өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін белсендендіру үшін көптеген ойындар арқылы басқару қажеттілігі туындайды.

Ойынды таңдау баланың  белгілі бір тєрбиелік мақсаттарын жүзеге асыру қажеттілігінен туындайды. Ойын ұжымдық болған жағдайда ойнаушылар құрамын, олардың интелектуалдық дамуын, дене бітімінің дамуын, жас ерекшелігін, қызығушылықтарын, қарым-қатынас жасау деңгейін білу қажет. Ойынды таңдау оның өту кезеңіне, табиғи климаттық жағдайға, уақыт ұзақтығына, жыл мезгіліне, ойынға қажетті заттардың болуына байланысты. Ойын барысында ойын түрткісі өзгере береді. Балалар ойын кезінде рахат алу үшін әрекет жасайды. Кей жағдайда бала бір нәрсені заттай алу үшін, кейде шығармашылық жағдайда, бәсекелестік жағдайда өтеді. Бала ойын барысында өзара байланыстағы бірнеше деңгейдегі мақсатты жүзеге асырады.

Бірінші деңгейдегі мақсат – ойын үрдісінен рахаттану. Егер ойын балаға қуаныш әкелетін болса, онда бала кез-келген белсенділікке дайын болады.

Екінші деңгейдің мақсаты  – функционалдық. Ол ойын ережесінің сақталуы, көріністер ойнау, рөлдерді орындаумен байланысты.

Үшінші деңгей ойынның  шығармашылық мақсатын айқындайды. Шешу, табу, қорытындыға жете білу жолындағы іс-әрекетті көрсетеді.

Баланың тілегі мен тәрбие мақсаты үйлескен кезде ойынға қызығушылық пайда болады. Ойнауға ауызша және жазбаша тартуға болады. Ойын заттары, ойыншықтар, ойын жарнамалары ойнауға қызығушылық тудырады. Ойнауға ұсыныс жасау арқылы оның ережесі мен іс-әрекет техникасы түсіндіріледі. Ойын шартын түсіндіру өте маңызды кезең. Ойын шартын тура басталар алдында нақты және қысқаша түрде түсіндіру қажет. Бұл кезде ойын заттарын, ойнаушылар айырмашылығын, негізгі және көмекші ережелерді, ойын мазмұнын, ойын атын айту қажет.

 Ойнайтын жер ойынның  мазмқнына, құрамына, сюжетіне, ойнаушылардың  санына сәйкес келуі керек.  Сонымен қатар қауіпсіз, балаларға  ыңғайлы, гигиеналық талаптарға  сай, бөгде адамдар кедергі  жасамайтын жерде болғаны жөн.  Ойын алаңы балалардың жас  ерекшеліктеріне сай жабдықталуы  тиіс. Ойындар қосарланған, жеке, топтық және ұжымдық болады. Ұжымға, топқа бөлген кезде әдеп сақтау, балалардың бір-біріне тартымдылықтарын, симпатияларын, жаратпаушылықтарын ескеру қажет. Балалардың ойнау тєжірибелерінде топтарға бөлу кезінде жеребе, санамақ сияқты демократиялық тәсілдер бар.

Бала ойынындағы маңызды  сәттердің бірі рөлге бөлу. Олар белсенді және енжар, негізгі және қосымша болуы мүмкін. Рөлге бөлу кезінде дене тұлғасының ерекшелігіне, жынысына, жасына тәуелді болмайды. Көп ойындар рөлдердің тең құқылығына құрылған. Кейбір ойындар үшін жүргізушілер, капитандар, басқарушылар қажет. Жетекшілер мен тәрбиешілердің балалар ойынындағы рөлі маңызды. Олар ойынды ұйымдастырушы, ойынның мазмұны жөніндегі ақыл-кеңесшісі балалардың даулы мәселелерін шешіп беретін әділ төреші болуы тиіс. Тәрбиеші кейде рөлдерді өзі бөледі. Кей жағдайда капитандар, жүргізушілерді тағайындайды. Бала тілегі де ескеріледі. Ойында рөлдерді кезектесіп ойнайды.

Топтық ойындар кезінде  рөлдерге бөлу талас-тартысты ұмытып, ортақ мүдде туралы ойлауға, енжарларға белсенді болуға, беделі жоқтарға беделін көтеруге, тәртіпсіздерге тәртіпті болуға, жаңадан қосылған балаларға басқалармен тіл табыса білуге көмегін тигізеді. Демек, ойнау кезінде балалар арасындағы қарым-қатынас нығая түседі. Сонымен қатар ойын барысындағы бәсекелестік жағымсыз қарым-қатынас тудыруы мүмкін. Жағымсыз қылықтар арқылы, әртүрлі амал-айла көмегімен өз тобын жеңіске жеткізуге тырысады. Сол жағдайда педагогтің немесе жетекшінің міндеті  - балалар арасындағы адамгершілік қарым-қатынасты талдап, дұрыс шешім қабылдап, тиімді әдіспен басқару.

Ойын кезінде көмекші  рөлдердегі балаларға жетекшілердің  үстемдік көрсетпеуін, әрбір рөлдің әрекетте болуын, жағымсыз рөлдердің болмауын ескеру керек.

Ойын үнемі даму үстінде болады. Ойын ережесі қиындайды, ойын іс-әрекетінің эмоционалдылығы өзгереді, ойынға қатысушылар құрамында өзгерістер болып тұрады. Ойынның мақсатына жету кезіндегі тәсіл мен іс-әрекетті аяғына дейін білмеу себебінен ойынға қатысушылардың белсенділігі, қызығушылықтары артады. X

 Педагогтердің интеллектуалдық  ойындарға қатысуы ойындардың тәрбиелік, білімдік құндылығын арттырады.

Ойын формасында жүретін  сабақ белгілі бір ережелерге бағынады.

1. Алдын ала дайындалу.  Ойынның өту формасы мен сұрақтарын  талдап алу қажет. Рөлдердің алдын ала бөлінуі танымдық іс-әрекеттің белсенділігін тудырады.

2. Ойын заттарының болуы.  Көрнекі құралдар, жиһаздардың орнын  ауыстырып қою, техникалық оқыту  құралдарын пайдалану ойын нақты жағдайда болғандай әсер қалдырады.

3. Міндетті түрде ойын  қорытындысын  жариялау.

4. Құзіретті әділ қазылар алқасының болуы.

5. Балалардың зейінін аудару үшін өлең айту, секіру тәрізді сәттерді ойынға енгізу.

6. Ойын мұғалім мен оқушы  арасындағы қарным-қатынасты нығайтып, пәнге қызығушылығын арттырады. Бала бойындағы жағымсыз қылықтарды ойын арқылы тәрбиелеуге мүмкіндік туады.


Информация о работе Ойын технологиялары