Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 10:01, реферат
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады.
Оқушылардың танымдық қызығушылығының теориясы.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Танымдық әрекет – шәкiрттiң бiлiмге деген өте белсендi ақыл – ой әрекетi. Ол танымдық қажеттiлiктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекеттiң негiзiнде оқушыларда танымдық белсендiлiктерiнен iзденiмпаздық қалыптасады.
Танымдық iзденiпаздық ұғымы және оны қалыптастыру проблемасын көптеген педагогтар, психологтар мен әдiскерлер зерттеп, ғылыми еңбектер жазды. Бұл проблеманың түп тамыры сонау көне замандардан бастау алады.
Құл иеленушiлiк құрылыс кезiнде ежелгi Греция мен Римде басқа мемлекеттермен салыстырғанда қоғамдық даму деңгейi жоғары болды. Бұл дәуiрде де өскелең тәрбие беру iсiне мемлекет тарапынан айрықша көңiл бөледi. Құл иеленушi қоғамға мемлекеттi қорғай алатын, қажет кезiнде жаугершiлiк ұрыстарға шалымды, күштi, жiгерлi де бiлiктi адамдар қажет болады. нәтижесiнде ежелгi грек тәрбие теориясы пайда болып, бұл идеялар Платон, Аристотель, сондай – ақ ежелгi Рим философтары Плутарх, Тацит, Квинтилиан еңбектерiнде одан ары дами түстi.
Бұл теорияда ақыл – ой тәрбиесiне көп көңiл бөлiндi, әсiресе шәкiрттiң өз ой тұжырымын дамытуға ерекше мән берiлдi. Сократтың өзi – ақ оқыту барысында шәкiрттердiң танымдық белсендiлiгi мен iзденiмпаздығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен – дi. Ол шәкiрттердiң танымдық iзденiмпаздығын арттыратын арнайы оқыту әдiсiн – эвристикалық әңгiмелесудi алғашқылардың бiрi болып қолданды. Сократ бiлiмдi жай ғана бере салмай, шәкiрттерiне сұрақ қоя отырып, олардың ойлау қабiлетiн, қызығушылығын арттырып, өз ой тұжырымдарын жасай бiлуге ұйретедi. Эвристикалық сұрақтарды алдын – ала дайындай отырып, танымдық iзденiмпаздықты оқыту құралы ретiнде қарастырады.
Кейiнiрек осы iзденiмпаздықтың дамуына ежелгi Рим философтары үлес қосты. Олар бiлiмдi игеруде шәкiрттердiң белсендi танымдық iзденiмпаздығы айтарлықтай роль атқарады деген пiкiр айтты.
Демек, антикалық дәуiрдiң өзiнде – ақ педагогтар оқушылардың өзiндiк ой – тұжырымын жасау, оны дамыту үшiн репродуктивтi және эвристикалық әдiстердi дұрыс қолдану мәселесiне көңiл бөлген.
Орта ғасырлық тәрбиелеу процессiнде дiннiң ерекше роль атқарғанын байқауға болады. дiннiң уағыздауы бойынша, адамды алдағы келетiн «о дүниелiк» өмiрге дайындау мәселесiне мән берiлдi. Шiркеу қызметкерлерi антикалық дәуiрдегi әдеби және ғылыми мұраларды жоққа шығарып, оны таратушыларды аяусыз жазалап отырды. Мысалы, ҮI ғасырдың соңында Папа Григорий I шәкiрттерiн латын грамматикасына үйреткен епископты жазалауға үкiм шығарған.
Жалпы, орта ғасырдағы оқу жүйесi догмалық жағдайда болды, мағынасын түсiнбей жаттап алу жиi кездестi. Оқылатын материал шындықтан алыс, бұлдыр тiлде берiлдi. Сондай – ақ бiлiмдi жеткiзу сұрақ – жауап түрiнде жүзеге асты. Оқытудың мұндай жағдайында танымдық iзденiмпаздық туралы сөз қозғауға болмайтыны белгiлi.
Оқытудың мұндай догмалық жүйесi шәкiрттiң жалпы дамуын тежеп қана қоймай, олардың танымдық әрекетiне балта шапты. Бұл жүйе бiрнеше ғасырға созылды.
Қайта өрлеу дәуiрiнде
капиталистiк өндiрiстiң
Оқытуды жетiлдiру құралы ретiнде танымдық iзденiмпаздық туралы құнды пiкiрлер Ф. Бэкон, Ф. Рабле, М. Монтень, Д. Локк, Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо, К. Гельвеций, Д. Дидро, А. Лавуазье, И.Г. Песталоцци, И. Кант және т.б. еңбектерiнде айтылды.
Қайта өрлеу дәуiрiнiң ұлы ойшылы, ХҮI ғасырда өмiр сүрген француз ғалымы Мишель Монтень оқытудағы танымдық әрекеттiң маңыздылығын ерекше атап көрсеттi: «Тәрбиешi баланы бастан – ақ оның бойындағы қабiлеттердi еркiн көрсете бiлуiн, түрлi заттардың дәмi мен олардың ерекшелiктерiн ажыратуда өз бетiнше әрекет етуiн, кейде оған жол көрсетiп, кейде, керiсiнше, өзiне iздеп отыруын қалаймын». Монтень таным әрекетiнде оқушының басшылық ролiнiң маңыздылығын түсiндi. Ол: «Оқушы мұғалiмнен алған бiлiмiн түгел сүзбеден өткiзiп, өз бетiнше талдау жасату қажет. Соның нәтижесiнде оның бiлуге құштарлығы дами түсетiнi сөзсiз», - деп жазған болатын.
Демек, Монтень пiкiрлерiнде оқушының танымдық iзденiмпаздығын дамыту идеялары айтылған.
Монтеньнен кейiн iзденiмпаздық ұғымы мен ондағы мұғалiмнiң ролi туралы идеяның маңыздылығын Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо, И.Г. Пестолоцци және т.б. мұраларында жалғасын тапты.
Танымдық iзденiмпаздықты дамытудағы оқыту әдiстемесiнiң негiзiн Я.А. Коменский қалады. Ол: «Таным бастамасы – сезiмнен, бала сезiне бiлмесе, оның ой – өрiсiнде ешқандай өзгерiс болмайды. Оқытуды зат туралы сөзбен емес, сол затты бақылау арқылы шәкiрттiң ойын дамыту керек», - деп жазды.
«Мен өз шәкiртiмнiң әрқашанда өз бетiнше бақылауын, практикада өздiгiнен тұжырым жасауын дамытуды – бiлiм берудегi негiзгi жетiстiкке жету құралы ретiнде қарастырамын», - деген болатын.
Коменский оқытудың мақсаты ғылыми бiлiмдi меңгеру және өмiрге пайда келтiру деп бiлдi. Ол «Ұлы дидактика» еңбегiнде: «Заттың не құбылыстың түп тамырына жету, анықтау қабiлетiн дамыту, оны шынайы түсiну және қолдана бiлу қажет», - деп ерекше атап өттi.
Я.А.Коменскийдiң шәкiрттiң iзденiмпаздығы туралы пiкiрiн Д. Локк одан әрi дамытып, оқу әрекетiндегi мотив пен ұмтылыс туралы сөз ете отырып, баланы дамытудағы iзденiмпаздықтың қажеттiгiн атап көрсеттi.
Ж.Ж.Руссо тәрбие мақсатын сөз ете отырып, баланың шығармашылық тұлғасын көрсету керектiгiн айтты. Ол алғаш рет оқытудағы белсендiлiк пен өзбеттiлiк, iзденiмпаздық ұстанымын көрсетiп бердi.
Ж.Ж.Руссо идеясын И.Г.
ХҮIII – ХIХ ғасырдағы танымдық iзденiмпаздық теориясының дамуына И.Г. Песталоцци еңбектерiнiң маңызы зор болды.
И.Г. Песталоций оқыту
әдiстемесiнiң жалпы
Қазiргi таңда әрбiр жеке тұлғаның құндылық қасиеттерiн дамытып, қалыптастыруға аса мән берiлiп отырғаны белгiлi. Әсiресе ұрпақтан – ұрпаққа мирас болып келе жатқан салт – дәстүр, әдет – ғұрыптар, тарихи – әдеби мұралар арқылы оқушылардың жеке бас қасиетiн дамыту мүмкiндiгiне барынша көңiл бөлiнгенiн ғылыми – зерттеу еңбектерден аңғарамыз.
Көп жылдық бастауыш сынып мұғалiмi ретiнде байқағаным – бастауыш сынып оқушысының есте сақтау мен танымдық қызығушылық қабiлетi жақсы болады. Егер баланың қызығушылығы жайында жүйелi мәлiмдемелер түсiп отырса, баланың даму үрдiсi шапшандайды. Бiз бұл жерде Л.В. Занковтың идеясын негiзге алдық. Ол баланың қоғамдық өмiрдiң әртүрлi жақтарымен еркiн араластыру керек, әртүрлi баланың дамуы үшiн туындайтын шегiнiстерден қашпауымыз керек, керiсiнше, баланың дамуына қандай дәрежеде ықпал еткенiн айқындай отырып, жүргiзу қажет деген ұсынысын зерттеуiмiзге басшылыққа алдық. Тарихи ескерткiш мұраларға жүргiзiлген саяхат – сабақтар мен эксурсиялар баланың танымын қалыптастыруда негiзгi орын алатынын практика барысында айқын байқадық.
Әртүрлi жүргiзiлген саяхат жұмыстары бастауыш сынып оқушыларының ынтымақтастығын жетiлдiре түседi. Бұл туралы психолог Л.С.Выготский «Дербес жұмыс iстегеннен гөрi бала ынтымақтастықта күштiрек әрi ақылдырақ болып, ол өзi шеше алатын интелектуалды қиындықтар деңгейi жөнiнен биiкке көтерiледi…», - дейдi.
Жалпы жеке тұлғаның бойындағы адамгершiлiк құндылықтарын қалыптастыруға байланысты арналған ғылыми – зерттеу еңбектерiн зерделеу барысында бастауыш сынып оқушыларының қалыптасуы, олардың психологиялық дамуына байланысты арналған еңбектер сараланып, жүйеленгенiн байқадық.
Мәселен, С.Төрениязова «Бастауыш мектеп оқушыларын сыныптан тыс оқу – тәрбие жұмысы арқылы дамытудың педагогикалық негiздерi» атты ғылыми – зерттеу жұмысында оқушыны дамытуда бiлiм мен тәрбие негiзгi орын алатынын атап көрсете келе, дамудың бес жағдайын нақтылайды:
- психикалық дамуға – оқушының мiнез – құлқының, ерiк – жiгерiнiң, қабiлетiнiң дамуы;
- денелiк дамуға – дене
- рухани дамуға - оқушының iшкi жан дүниесiнiң сырттан әсер ететiн күшпе өзара бiрлiгi;
- әлеументтiк дамуға – өздерi өмiр сүрiп отырған қоғамдық ортаға үйлесе дамуы;
- жалпы дамуға – оқушының жан – жақты үйлесiмдi дамуы, - деп қорытындылай келе, сыныптан тыс уақытта бастауыш сынып оқушыларын дамытудың ғылыми – теориялық негiзiн айқындай отырып, бастауыш сынып оқушыларымен жүргiзiлетiн жұмыстардың тиiмдiлiгiн арттыруға, үйiрме жұмыстары мен мектептегi қоғамдық ұйымдардың құрылымын айқындай отырып, тәжiрибелiк – эксперименттiк жұмыстардың тиiмдiлiгiн нақтылайды.
Ал, Л.К.Керимовтiң қиын балаларға арналған еңбегiнде, оларды «қиын балалар» етiп тәрбиелейтiн әлеументтiк жағдайларға ғылыми талдау жасай келе, тығырықтан шығу жолдарын саралап көрсетедi. Әсiресе, қиын балалардың мiнез – құлқын түзетуде адамгершiлiк тәрбиесiнiң ықпалының мол екенiне тоқталады.
Көпұлтты Қазақстан жағдайында аралас мектептегi адамгершiлiк тәрбие мәселесi В.А.Кимнiң еңбегiнде негiз болады. әрбiр этникалық топтың бiр ұжымда тәрбиелену барысында олардың ұлттық ерекшелiктерiне, салт – дәстүрiне, әдет – ғұрыптарына аса мән бере отырып, адами құндылық қасиеттерiн қалыптастыруда әр ұлт өкiлдерiнiң ықпалын жан – жақты ашып көрсетедi.
Қоғам дамуының жаңа кезеңiнде жоғарғы сынып оқушыларын адамгершiлiкке тәрбиелеудiң ғылыми – педагогикалық тұрғыда жүйесiн жасаған Р.К.Төлеубекова адамгершiлiк тәрбиесi – адамзат қоғамын үнемi толғандырып келе жатқан күрделi мәселенiң бiрi. Жаңа әлеументтiк мәдени жағдайда жеке тұлғаның адамгершiлiк тұрғыдан қалыптасуына байланысты, бiрiншiден бүкiл адамзат қоғамының даму тарихында адамгершiлiк тәрбиесiнiң өзектi болғанын, екiншiден, философиялық, тарихи, әлеументтiк, психологиялық, педагогикалық әдебиеттер мен зерттеулерге талдау жасай келе, адамгершiлiк адамның тұлғалық құрылымында ең алдымен өзiн танып бiлуi, олармен қарым – қатынасы адамгершiлiк тәрбиенiң бiр қыры, үшiншiден, қазiргi әлеументтiк жаңа орта жағдайында адамның адамгершiлiк тұлғада қалыптасуы өзi өмiр сүрiп отырған қоғамның және әлеументтiк ортаның, оның жанды саласы – мектептiң алатын орнының маңызы зор екенiне тоқталады.
ХIХ ғасырдың 60 жылдары мен ХХ
ғасырдың 90 жылдары аралығында адамгершiлiк
тәрбиенiң даму тарихын зерттеген
Э.А.Урынбасарованың
Ал, болашақ мектеп мұғалiмдерiнiң мектепте адамгершiлiк тәрбиесiн ұйымдастыруға байланысты А.А.Калюжный, А.А.Аманжолова, С.Қ.Әбдiлдинаның еңбектерi арналған.
Бiз, тарихи ескерткiш мұралар арқылы оқушыларды адамгершiлiкке тәрбиелеуде жоғарыда аты аталған ғалымдардың, практиктердiң ғылыми тұжырымдарын басшылыққа алдық. Әсiресе, «Тарих тағылымдары» атты бастауыш сыныптарға арналған бағдарламаның мазмұнын құрастыруда оқулықтардың мүмкiндiктерiн негiзге алдық.
Бастауыш сынып оқушыларына адамгершiлiк тәрбие берудiң ғылыми – теориялық негiзiн айқындай келе, зерттеуiмiзге нысана етiп алып отырған ұрпақтан – ұрпаққа жалғасқан тарихи ескерткiш мұралардың тәлiмдiк те, бiлiмдiк те маңызының зор екенiн зерттеу барысында айқындадық.
Сонымен қатар, Қазақстан бiлiм беру жүйесiнiң әлемдiк стандартқа сай 12 жылдық бiлiм жүйесiне көшуi кезiнде бiлiм берудiң негiзгi компонентi аймақтық ерекшелiктердi ескере отырып, тәлiмдiк маңызы мол тарихи мұраларды оқушылардың бiлiмдiк деңгейiн жетiлдiруге байланысты еңгiзу мүмiндiгi бар екенiн атап көрсеткiмiз келедi.
Тарихи ескерткiш мұралар жеке тұлғаның адамгершiлiк құндықтарын қалыптастыру мәселесi әлi өз дәрежесiнде зерттелмеген тақырыптардың бiрi болып табылады. Бүгiнгi жас ұрпақтың бойындағы адамгершiлiк құндылықтарды қалыптастыруда ұрпақтан – ұрпаққа жалғасқан мұралардың маңызының мол екенiн көп жылдық ұстаздық тәжiрибемнен көрiп отырмын. Себебi, оқушы менталитетiне жақын, күнделiктi отбасындағы, қоршаған ортадағы iзгiлiктер адам бойындағы құндылықтарды дамытудағы ықпалы мол. Көп жылдық тәжiрибе барысында қоршаған ортаның бастауыш сынып оқушыларына қандай ықпалы болатынына зерттеу жүргiздiк. Зерттеу барысында әсiресе бастауыш оқушыларының көңiл – күйiне сыртқы қоршаған ортаның ықпалының мол болғанын тәжiрибелiк – зерттеу жұмысында айқындадық. Әсiресе, қоршаған табиғи ортамен тiкелей қарым – қатынаста болу арқылы табиғаттың небiр қыр сырын түсiнуге мүмкiндiк алады [2].
Тәуелсiз Қазақстан мемлекетiнiң қазiргi кезеңiндегi қоғамның түрлi сфераларының құрылуы мен тұлғаның белсендiлiгiнiң жоғарылауы арасында байланыс айқындала түсуде. Осыған байланысты балалардың танымдық әрекетiн белсендiлендiру, оны тиiмдi басқару және дамыту, әдiстемелiк, ұйымдастырушылық және моральдiк – психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету күрделi педагогикалық мәселе ғана емес, маңызды әлеуметтiк мәселе болып табылады.
Психологиялық – педагогикалық әдебиеттердегi талдауда көрсетiлгендей «танымдық белсендiлiк» терминiнiң негiзiнде белсендiлiк жөнiнде түсiнiк жатыр. Ол әр түрлi салада талдауды талап етушi көп аспектiлi феномен ретiнде көрiнедi:
-биологиялық (П.К.Анохин, В.М. Бехтерев, Н.А.Бернштейiн, А.Илиади, И.М. Сеченок т.б.);
Биологиялық аспект – белсендiлiк мәселелерi түсiнiгiмен байланысты белсендi бастама адамда энергияның жиналуының нәтижесi болып табылатындығы жөнiнде түсiнiкпен тығыз байланысты. ол өзiн – өзi ретке келтiрумен негiзделедi. Биологиялық белсендiлiк адамның ортаға бейiмделуiн қамтамасыз ететiн оған тән тұқым қуалау қасиетi. Оны өзара қарым – қатынас кезiнде ағза мен оның тiршiлiк ету шарттарымен аралығында туатын қарама – қайшылықты жоюға бағытталған физиологиялық механизмдер ғана туып қоймайды, сонымен қатар осы әсердi жоюға мүмкiндiк беретiн және мiнез – құлық құруға өткен оқиға емес, алдағы оқиғаға бағытталған мүмкiндiк беретiн физиологиялық механизмдер де туып отырады (П.К. Анохин). Белсендiлiк бейне белгiсiн тұрақтандырушы сапа болып табылады, бұл тiрi материяның iштей детерминацияланған iс – әрекетiнiң бiр түрi болып табылады. Адам өзiндiк табиғи сапаларының күшiмен, әлеуметтiк мәндiлiк күшiмен де белсендi келедi.
Информация о работе Оқушылардың танымдық қызығушылығының теориясы