Оқушылардың танымдық қызығушылығының теориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 10:01, реферат

Описание

Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады.

Работа состоит из  1 файл

Оқушылардың танымдық қызығушылығының теориясы.doc

— 71.50 Кб (Скачать документ)

Психологиялық аспект - тұрғысынан белсендiлiк С.Л. Рубинштейн көзқарасындағы жалпы психика жөнiндегi детерминистiк түсiнiк беру сұрағының бiр бөлiгi ретiнде қарастырылады. Мұнда белсендiлiк iшкi шарттар арқылы болатын сыртқы себептерiнiң әрекетiнде көрiнедi, сыртқы шарттардың нәтижесi және ол iшкi сапаларға тәуелдi. Iшкi мен сыртқының қарым – қатынасы өзбеттiлiктiң және сыртқы әсер жауап беру белсендiлiгiнiң өсуiнде көрiнетiн күрделi шарттардың жоғарылауына сай өзгерiп отырады. Белсендiлiк адамның жаңа қарым – қатынасына айналады, бұл – адам жеке тұлға ретiнде көрiнгенде және белсендi әрекет қарым – қатынас иесi болған жағдайда болады.

С.Л.Рубинштейн адамның белсендiлiгiн былай түсiндiредi: «Сыртқы себептер мен сыртқы әсерлер әрқашан iшкi шарттар арқылы әрекет жасайды». Белсендiлiк субъектiнiң объектiге қатынасын қарастырады. Ол қатынас мына сәттердiң болуын қалайды:

- объектiлерге бағытталған  ыңғайлы таңдаушылық,

- объектiнi таңдаудан  кейiнгi мақсаты,

- тапсырмаларды қою, 

- iс – әрекетке  объектiнiң қалыптасуы,

- мәселенi шешуге бағытталуы.

Практикалық әрекеттiң  жүру барысында субъект қоршаған әлемге әсер етедi, таниды, өз қажеттiлiктерiмен  мақсаттарына сәйкес құрады.

Әлеуметтiк  тұлғалық аспект мәселелерi iс – әрекет кезiндегi тұлғаның белсендiлiгiн зерттеумен  байланысты. тұлғалық белсендiлiк – адамның тек табиғи қасиетi ғана емес дегенге сүйенедi.

Бұл орайда субъект белсендiлiгi сыртқы материалды iшкi психикалық әрекетi өз қатарына қосатын iс - әрекеттiң бiрдей жүйесi болып табылады (Б.Г. Ананьев, В.М. Бехтерев, Л.С. Выготский, С.Л. Рубенштейн). тұлға белсендiлiктiң өзiне ғана тән түрiне ие – әлеуметтiк өзiндiк әрекет, мұнда ол белгiлi әрекетке жетедi. Бұл әрекет өз жеке  тұлғасының өзгеруiмен және әлеуметтiк ортаның өзгеруiмен байланысты өзгеруi мүмкiн.

Белсендiлiк тұлғаның әлеуметтiк сапасы деп қарастырсақ, оны әрекеттiң қысқа сипаттамасында қарастырып көрген дұрыс. Әрекет бұл  адамның қоршаған ортаның меңгеруiнiң және құрылуының бiр түрi. Жеке тұлға әрекет барысында қалыптасады, дамиды. Тұлғаның әрекетке қарым – қатынасына байланысты, әрекет мақсатқа жете алуы бойынша әртүрлi болуы мүмкiн. Белсендiлiк болмыстық қоғам формаларын құруға және адамның адамның қоғамдық мәнiн жүзеге асыруға бағытталған әрекет болып табылады.

Педагогикалық аспектiдегi белсендiлiк мәселесiн зерттеу берiлген түрлi түсiндiрумен байланысты:

  • белсендiлiк баланың таным iс – әрекетiне (мақсатқа жетудiң тиiмдi жолдарын таңдау, талпыныс, дайындық жүзеге асыру) деген қатынасын сипаттайтын тұлғаның бiр белгiсi ретiнде түсiндiредi
  • белсендiлiк субъектiнiң iс – әрекетке қатынасын (қажеттiлiк, мотив, ерiк күшi, эмоция) көрсететiн негiзгi белгiлермен қатар тұлғаның сипаттамасы ретiнде түсiндiрiледi.
  • Белсендiлiк жөнiндегi қысқаша сипаттамадағы таным мақсаты – объективтi шындықтағы индивидтiң санасындағы бейнемен шектеледi. Әйтседе, белсендiлiк танымның ерекшелiгi немесе байланысты екенiн түсiну үшiн, таным процессiнiң болуымен, бiр – бiрiнен айырмашылығы бар репродуктивтi және продуктивтi атты таным шындық әлемiнiң көрiнiсi ретiнде субъект санасында екi деңгейге ие екенiн ескеру қажет. Белсендiлiктiң дамуы репродуктивтi деңгейден iздеу – орындау арқылы продуктивтi деңгейге дейiнгi тұлғалық даму процесi қамти отырып жүзеге асады.

Репродуктивтi таным деңгейiнде  объект (оқу материалы) сырттай қабылдауда сол деңгейде қабылданады. Т.И.Шамова репродуктивтi танымның мәнiн мақсатқа бағытталған iс – әрекет ретiнде  ашады танымның жоғарғы деңгейi –  өнiмдi келген белсендi таным болып табылады.

Педагогикалық аспект тұрғысынан белсендiлiктiң үш түрiн бөлiп қарауға  болады: ақыл – ой белсендiлiгi, интелектуалды  және таным белсендiлiгi.

Ақыл – ой белсендiлiгi элементарлы iс – әрекеттен бастап шығармашылықтың күрделi түрiне дейiнгi барлық деңгейдегi  нағыз әмбебап iс – әрекет шарты болып табылады. Ол түрлi модификацияларда көрiнуi мүмкiн:

- ынталандыру жаңалығынан  туған зейiн белсендiлiгi және  бағдарлы – зерттеу iс –  әрекетiне бағытталған зерттеу  белсендiлiгi ретiнде;

  • интелектуальды ынталандыру түрiндегi (Д.Б. Богоявленская) көрiнетiн тұлғалық белсендiлiк ретiнде.

Ақыл – ой белсендiлiгiнiң  орталық ядросын когнитивтi функциялар мен процесстер құрайды. Н.С.Лейтес «балалық шақтың әр кезеңi -  белсендiлiк  дамуының өзiндiк сапалы сатысы» деген қорытындыға келдi.

Интелектуальды белсендiлiк өзiндiк  шарттарға сай ой әрекетi ретiнде  түсiндiрiледi. Бұл терминнiң кең  өрiс алуы, жиi қолданылуы Д.Б. Богоявленскаяның жұмыстарымен байланысты. оның пiкiрi бойынша, интелектуальды белсендiлiк  интелектуальды және интелектуальды емес факторлардан көрiнетiн жүйенiң интегралды қасиетi болып табылады.

Танымдық белсендiлiк – жалпы  танымдық белсендiлiк феноменiнiң  маңызды саласы, оның негiзi ретiнде  адамның ең маңызды қасиетi болып  табылады:  қоршаған әлемдi тек шындықтағы биологиялық және әлеуметтiк мақсатта ғана тану емес, сонымен қатар адамның әлемге деген ең мәндi қарым – қатынасымен, яғни оның алуан түрлiлiгiне енуге ұмтылуымен, санада мәндi жақтарын бейнелеуiмен, себеп – салдарлы байланыстар, заңдылықтар, қайшылықтармен түсiндiрiледi.

Танымдық белсендiлiк адамға өте  маңызды және күрделi құрылым ретiнде  өзiнiң психологиялық анықтамаларында  көптеген тұжырымдарға ие. Бiлiмдi белсендендiру мәселесiне байланысты әр еңбектерде таным  белсендiлiгiне анықтама берiледi, оның құрамды белгiлерi бөлшектенiп, мазмұны мен көлемi анықталынады.  Таным белсендiлiгiнiң мәселесi – педагогикалық зерттеудiң терең негiзi екенiн атап өту керек. Оның зерттелуiне маңызды үлес қосқандар: М.Н.Скаткин, И.Ф.Харламов, М.А.Данилов, И.Л.Лернер, М.И.Махмутов және т.б. Маңызды әлеуметтi күшiне байланысты бұл қазiргi диалектикада, бiлiм беру тәжiрибесi мен тәрбиеде негiзгi болып саналып отыр. Педагогикалық – психологиялық әдебиеттерге белсендiлiкке төмендегiдей анықтамалар берiледi:

  • Адам зейiнiнiң  белсендiлiгiнiң тағдаулы бағыттылығы (Н.Ф. Добрынин, Т. Рибо).
  • Таным субъектiсiнiң ақыл – ой қабiлеттерiнiң көрiнуi (С.Л. Рубенштейн).
  • Әртүрлi сезiмдердi белсендiргiш (Д. Фрейер).
  • Адамның iс – әрекетi мен санасының деңгейiн жоғарлататын эмоциональды – ерiктiң және ақыл – ой процессiнiң ерекше қорытпасы (А.Г. Ковалев).
  • Бiлiмдi қарқынды меңгеруге әзiрлiк, яғни қабiлет пен ұмтылыс (Н.А. Половников).
  • Субъектiнiң қоршаған заттар мен құбылыстарға қатысты қайта құрылу әрекетiнiң көрiнуi (Л.П. Аристова).
  • Тұлғаның күшейтiлген танымдық жұмысымен сипатталатын ерiктiк жағдай (Р.А. Низамов).
  • Оқушының өмiрлiк күшiнiң әсерлiгi (Г.И. Щукина).
  • Таным мақсатына жетудегi құлықтық – ерiктiк әрекеттi жиюға ұмтылумен және бiлiм беру сипатына, мазмұнына қатысты тәрбиеленушi тұлғасының айқындалуы, әрекет сапасы (Т.И. Шамова).

Танымдық белсендiлiк  көп түрлi тұлғалық қатынастардың  қалыптасуымен тығыз байланысты.  танымдық әрекеттiң белгiлi бiр ғылым  саласымен  таңдаулы қатынасы, танымдық әрекетi, оларға қатысу және қатыскшылармен танымдық қарым – қатынасы маңызды келедi. Сонымен бiрге, адамның барлық жоғарғы  таным процесстерiн өзiнiң даму деңгейiнен белсендiруде  танымдық белсендiлiк тұлғаның шындықты қайта құру әрекетi нәтижесiнде ұдайы iзденiске жетелейдi.

Балалардың жеке тұлғасында танымдық белсендiлiгiнiң дамуы бес – алты жас аралығында қарқынды келедi. Бұл әсiресе баланың логикалық тапсырмаларды белсендi орындауы, жауап кiлтiн табуға ширақ келуi, бiлуге деген ұмтылысы танымдық ойындар арқылы  оқу әрекетiнiң мiндеттерiн шешуде айқын көрiнедi


Информация о работе Оқушылардың танымдық қызығушылығының теориясы