Педагогикалық зерттеу әдістер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 19:17, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың өзектілігі: педагогика ғылымының функциялары, атқаратын қызметі, заңдары, заңдылықтары, принциптері, ережелер жөнінде түсінік, оқудың негізгі заңдары мен заңдылықтарына шолу, принциптер және оларға байланысты оқу ережелері, педагогикалық зерттеу әдістері, оның ішінде: педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру; педагогикалық зерттеу әдістемесі мен әдістер жүйесі қарастырамыз.

Содержание

Кіріспе 2
Негизгі бөлім 4
1 Педагогика ғылымының функциялары 4
2 Заңдар, заңдылықтар жəне принциптер мен ережелер жөнінде түсінік.
3 Оқудың негізгі заңдары мен заңдылықтарына шолу.
4 Принциптер жəне оларға байланысты оқу ережелері.
5 Педагогикалық зерттеу әдістері:
5.1 Педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру;
5.2 Педагогикалық зерттеу әдістемесі мен әдістер жүйесі.

Работа состоит из  1 файл

Айдын_курсовая.doc

— 175.50 Кб (Скачать документ)

4 Принциптер жəне оларға байланысты оқу ережелері

Оқудың  дәстүрлі теориясында аса танымал болғандары келесі дидактикалық принциптер: саналылық және белсенділік, көрнекілілікпен оқыту, жүйелілік және бірізділік, беріктік, түсініктілік, ғылымилық, көңіл-күй ескеру, теория мен практиканы байланыстыру. Саналылық және белсенділік принципі негізінде ғылым тарапынан анықталған заңдылық тұжырымдары жатыр. Білім мәні оқушының өз ақыл-ой белсенділігі арқасында игерілген терең де Әрі өз бетінше ұғынылған білімдерден құралады. Білімдерді саналы игеру бірнеше шарттар мен жағдаяттарға тәуелді: оқу мотивтері, оқушылардың танымдық белсенділігінің деңгейі мен сипаты, танымдық іс-әрекетті басқару және оқу тәрбие процесін ұйымдастыру, мұғалім қолданған әдістер мен оқу жабдықтары және т.б. Оқушының өзіндік таным белсенділігі оқудың маңызды жағдаятының бірі есептеледі, ол оқу материалын терең әрі берік игеруде пәрменді ықпал жасайды. Оқудың саналылық және белсенділік принципін іске асыру барысында келесі маңызды оқу ережелері сақталуы тиіс:

- алдағы  жұмыстың мақсаттары мен міндеттерін  анық түсіну- саналы оқудың қажетті шарты: оларды оқушыларға көрсету маңызы мен мәнін түсіндіру, болашақтағы қажетін бала санасына жеткізе білу;

- оқыту  барысында оқушы не, неліктен  және қалай істеу керектігін түсінуі, сонымен оқу жұмыстарын қарадүрсін орындамай, алдын-ала олардың терең мән, мағынасын ұғынуы;

- оқу  барысында танымдық іс-әрекеттің барша түрлері мен формаларын пайдалану, талдауды біріктіру тәсілімен, индукцияны дедукциямен салыстыруды қарама-қарсы қоя, біріктіру, сәйкестікті жиі пайдалану, балалардың жасы кіші болса, индукция тәсілін жиі қолдану;

- оқушылар  әр сөздің, сөйлемнің, ұғымның мән-мағынасын түсінуі; оларды қолдануда оқушылардың өтілген білімдері мен тәжірибесіне сүйену, бейнелі салыстыруларды пайдалану, мән-мағынасы жете ашылуы мүмкін болмаған ұғымдарды сабақта қолданудан аулақ болу;

- балалардың  бірін-бірі оқыту мүмкіндіктерін  пайдалану, дұрыс шешім табудың  ұжымдық формаларын дамытуға  қажет жағдайларды қамтамасыз  ету, мұғалімнің түсіндірмесінен  гөрі, қасында бірге отырған жолдасының  әңгімелеп бергені тиімді де, әрі жеңіл, сондықтан сыныптағы үздік оқушылар қолынан келетін оқу істерін өз міндетіне алуы, бала белсенділігін тәрбиелеуде уақытты да, күш-қуатты да аянбау. Есте болсын, бүгінгі белсенді оқушы қоғамның ертеңгі белсенді мүшесі;

- оқушыларға белгісіз мәліметтерді бұрынғы белгілілерімен логикалы ұштастыру: игерілген мен игеріліп жатқан білімдердің арасында логикалы байланыс болмаса, саналы оқу да болмайды.

- Есте  болсын, оқудағы басты нәрсе –оқытылып жатқан пән емес, ол мұғалім тәрбиесімен қалыптасып жатқан тұлға. Оқушыны пәнге қосалқы элемент болмайтындай етіп оқыту әрі тәрбиелеу, керісінше, оқушыны сол пәнді мұғаліммен бірге белсенді игеретін субъект дәрежесінде тану. Тұлғаны қалыптастыратын пән емес, пәнді оқытумен байланысқан мұғалімнің өз әрекет-қимылы.

- оқушының  бақылайтын деректері мен игерген  білімдері арасындағы айырмашылықтарды  тауып және оларды түсіндіруді талап ететін жағдайлар жасау;

- егер  әр ереже тиімді сандағы мысалдармен қамтамасыз етілсе және сол ережелердің қолдану ауқымы қаншалықты кең екендігін оқушы түсінсе, оқу табысы соғұрлым жоғары болады.

- игеріліп  жатқан материалдардағы басты  және екінші дәрежелі ақпараттарды табуға және ажыратуға үйрету. Оқушыны ең алдымен өзекті проблемаларды түсініп, игеретін дәрежеге жеткізу. Сабақта келтіретін дерек және мысалдардың негізгі мәселе мәнін көлеңкелеп тастамауы.

Көрнекілікпен оқыту принципі. Оның негізінде келесідей  ғылыми заңдылықтар жатыр: адамның  сезім мүшелері сырттай тітіркендіргіштерді  әртүрлі қабылдайды, адамдардың көбі көру органдарының аса жоғары сезімталдығына ие; рецепторлардан орталық жүйке жүйесіне бағытталған байланыс оптикалық каналының өткізгіштік қабілеті өте жоғары; көру органдарынан (оптикалық канал бойынша) миға келіп түсетін ақпарат қайта таңбаланбайды, ол оқушы есінде жеңіл, тез және берік бейнеленіп қалады. Оқу тәжірибесі көрнекілік принципін қолданудың көптеген ережелерін іске асырған. Солардың кейбірін еске салайық:

- сөздік  формада, ауызша не жазбаша  өрнектелген материалдарға қарағанда,  табиғи күйінде берілген заттар жақсы, жеңіл әрі тез есте қалатынын ескеріп, оларды оқу процесінде пайдалану.

- есте  болсын, сәби ойы формалармен, түр-түсті бояулармен, дыбыстармен, түйсіктермен өрнектеледі. Осыдан бала санасы жалпы дерексізденген ұғымдар мен сөздерден құралмай, оның тікелей қабылдауындағы нақты бейнелерді арқау етеді.

- оқушылар  үшін ең маңызды ереже: мүмкін  болғанша сезімдік қабылдауды  пайдалану, дәлірек айтсақ, көз қабылдауына – көретінді, құлақ қабылдауына – естілетінді, иіс, дәм қабылдауға тиісті мүшелерді;

- бір  көрнекілікпен шектеліп қалмау: көрнекілік – мақсат емес, оқушының  ойын дамыту және оны оқыту құралы;

- оқыту  және тәрбиелеу барысында есіңізде болсын: ұғымдар мен дерексізденген тұжырымдар бала санасына нақты деректер, мысалдар және бейнелер негізінде жеткізілсе, тез әрі жеңіл қабылданады; олардың мəнін ашуға әрқилы көрнекілік түрлерін пайдалану;

- көрнекілікті  тек сурет ретінде қолданбастан, оны проблемалық ситуацияларда  өз бетінше білім алу көзі  ретінде де пайдаланған жөн.  Бұл оқушылардың тиімді ізденіс және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді;

- көрнекі  құралдар сабақта өтіліп жатқан  заттар мен құбылыстар жөнінде  өте анық және дұрыс ұғымдарды қалыптастыруға жәрдемін беретінін оқу және тәрбие барысында естен шығармау;

- оқушы  бақылауларын жүйелестіріп, себеп-  салдарлармен сәйкестендіру;

- көрнекі  құралдарды қолдана отырып, алғашқыда  балаларды ондағы берілген бейнелерді  тұтастай қабылдауға, кейін бастысын  және екінші дәрежелілерін өз алдына, содан соң – қайталай тұтастыққа келтіруге үйрету.

- әртүрлі көрнекілікті пайдалану, бірақ көрнекі құралдар санын шектен асырмау, себебі бұл баланың зейін шашыраңқылығын пайда етіп, негізгі мән-мағынаны қабылдауға кедергі жасайды.

Жүйелілік және бірізділік принципі келесі ғылыми тұжырымдарды негізге алады: қоршаған орта болмысының айқын бедерлері мида нақты бейнеленсе ғана, оқушы шынайы білім топтай алады; ғылыми білімдер жүйесін қалыптастырудың басты тәсілі – белгілі жолмен ұйымдастырылған оқу; ғылыми білімдер жүйесінің бірізділігі оқу материалының ішкі логикасымен және оқушылардың танымдық мүмкіндіктерімен байланысты; жеке элементтерден тұратын оқу процесінің тиімді әрі жоғары нәтижеге жетуі ол процесте орынсыз үзілістердің, ескерілмей қалған қажетті сәттердің болмауына және бірізділіктің қандай да себептермен бұзылмауына тәуелді. Егер дағдылар тиісті жаттығулармен жүйелі бекімесе, олар көп ұзамай жойылады; егер оқушылар логикалық ойлауға үйретілмесе, олар өздерінің ойлау іс-әрекетінде үлкен қиыншылықтарға кезігеді; егер оқу ісінде жүйелілік және бірізділік сақталмаса, оқушылардың даму процесі бəсеңдейді.

Мұғалім практикасында жүйелілік және бірізділік принципі көптеген ережелерді орындаумен іске асып барады, олардың арасында аса маңыздылары келесідей:

- оқушылардың  білімдер жүйесін қалыпты игеруін  қамтамасыз ету үшін схемаларды, жоспарларды орынды пайдалану.  Оқу материалын логикалық бітімге  келген бөліктерге ажырату, оларды  бірізді іске асырып бару, балаларды  бірізді оқу әрекеттерін жасауға үйрету;

- егер  жауабы табылмайтынына не шешімі  алынбайтынына көзі жетсе, ондай  сұрақтарды немесе мәселелерді сабаққа қоймау;

- материалдың  мазмұндық жүйесін, сондай-ақ  оқу тәсілдерінің жүйесін бұзуға жол қоймау, ал егер жүйе себепсіз өзгеріске түсе қалса, үлгермеушіліктің алдын алу үшін олқылықтарды түзету;

- әрдайым пән аралық байланыстарды пайдалану. Мазмұндық тұрғыдан, сондай-ақ оқу әдістемелерінде барша сыныптар арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету;

- оқу  әдістемелерінің жетістіктерін пайдалану: оқушылармен тірек-конспекттер, оқу материалының құрылымды - логикалық схемасын түзу, білімдерді игеру процесін жеңілдететін шараларды қолдану. Оқу барысында жүйелілік пен бірізділікті қамтамасыз ету үшін бұрын өтілгендерді жиі қайталап отыру және жетілдіріп бару;

- қысқа  және қорытынды қайталауларды сабақтың басында немесе ақырында үй тапсырмаларына байланысты қолданып қана қоймай, оларды бүкіл сабақ барысында негізгі проблемаға орай, сонымен бірге жеке мәселелерді баяндаудан соң да пайдалану, жаңа материалдарды өтуді күрделендіретін жағдайлардан сақ болу, сабақ тақырыбына жасанды ендірілген, оған тікелей қатысы жоқ идеялар (білімдік, дамытушы, тәрбиелік) дәріс нәтижесі мен оқу құндылығын кемітеді. Осыны ескере отырып, аса маңызды болған идеяларды оқу мазмұнына және балалардың мүмкіндіктеріне орай игертуді, оқу-тәрбие процесінің жылдық жоспарына ендіруді алдын ала көздеу.

- өтілгендерді  қайталау сабақтың басында білім  мен ептіліктердің игерілу деңгейін  анықтау үшін немесе сабақтың  ақырында ұсынылған ақпаратты бекіту үшін ғана орындалмай, бұл жұмыс логикалық бітімге келген оқу бөліктерінің әрбірінен соң, сабақ барысында іске асып баруы шарт;

- оқушылардың  ой өрнектеу тәсілдері мен формаларын бақылап бару, тұрақты әрі үлкен шыдамдылықпен балаларды дербес еңбектенуге үйрету. Тапсырмаларыңыз дербес орындалуда бірте-бірте күрделеніп барсын, сонымен бірге олардың табысты орындалуы үшін мүмкіндіктер жасау. Істі, мүмкін болғанша, оқушының өзі орындасын, қажет болса, көмек беру.

- оқудан  болар жарқын болашаққа оқушылардың сенімін жеткізу;

- сезімдік  тәжірибе мен тірек білімдерді орынсыз әрі жиі жаңғыртуға әуесқой болмау, жаңа білімдерді игеруге ғана қажеттерін еске түсіріп, әркімге белгілі әшейін біліктерді хабарлау үшін өзі де тығыз сабақ уақытын алмау.

Беріктік  принципі келесідей заңдылықтарға  негізделеді: мазмұнын игеру және оқушылардың танымдық күш-қуатының дамуы – оқу процесінің бір-біріне байланысқан екі тарапы; игерілген оқу материалының беріктігі объектив жағдаяттарға, яғни бұл материалдың мазмұны мен құрылымына ғана тәуелді болып қоймай, оқушылардың сол пәнге, материалға, мұғалімге деген субъектив қатынастарына да орайлас; игерілген білімнің берік болуы оқуды ұйымдастыруға, әрқилы оқу түрлері мен әдістерін пайдалануға, сондай-ақ оқу мерзіміне байланысты келеді; оқушылар жады таңдамалы сипатқа ие: қандай да материал оларды маңыздылығымен қызықтырса, сол материал берік орнығады және ұзақ сақталады.

Игерілген білімдердің бекуіне жәрдемші оқу іс-әрекеті механизмдерін түсінуден дәстүрлі оқу жүйесіне жаңа ережелерді ендіру мүмкіндіктері ашылды:

- қазіргі  заман оқуында ес мүмкіндіктерінен  гөрі ойлау қабілеті көбірек  іске қосылады. Сондықтан аса  қажетті болмаған білімдік материалдарды  жаттауға сарп етпей, балалардың  күш-қуатын үнемдеу, ес жүктемесін  ойлау әрекетіне кедергі болар дәрежеден арттырмау.

- қате  қабылданған немесе түсініксіз  материалдардың есте бекуіне  жол қоймау, бала әр уақыт саналы игерілген және түсінген білімін ғана есте сақтайтын болсын;

- қосалқы  сипатқа ие материалды жаттаудан  балаларды құтқару үшін, оларды әрқилы анықтама кітаптарымен, сөздіктермен, әмбебап ақпарат құралдарымен пайдалануға үйрету.

- есте  сақтауға қажет материал қысқа  да нұсқа болуы тиіс. Оқушының  өзі ойланып, жеңіл есіне келтіретіндерінің  бәрін жатталатын материалдар қатарынан шығарып тастау.

- Есте  болсын, өтілгенді ұмыту процесі  оқу жұмысы біткен бойда қарқынды  жүреді, сондықтан қайталаулар уақыты  мен жиілігі ұмытудың психологиялық  заңдылықтарымен сәйкестендірілуі қажет;

- қайталаулар  жиілігі оқушының ұмыту жағдайларына сәйкес болуы тиіс. Қайталаулардың көбі жаңа материалдың өтілу ізімен, яғни ақпараттың ең көп жойылатын мезетінде ұйымдастырылып, ал кейін бұл бекіту жұмыстары бірте-бірте кемиді, бірақ толық тоқтатылмайды;

Информация о работе Педагогикалық зерттеу әдістер