Педагогикалық зерттеу әдістер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 19:17, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың өзектілігі: педагогика ғылымының функциялары, атқаратын қызметі, заңдары, заңдылықтары, принциптері, ережелер жөнінде түсінік, оқудың негізгі заңдары мен заңдылықтарына шолу, принциптер және оларға байланысты оқу ережелері, педагогикалық зерттеу әдістері, оның ішінде: педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру; педагогикалық зерттеу әдістемесі мен әдістер жүйесі қарастырамыз.

Содержание

Кіріспе 2
Негизгі бөлім 4
1 Педагогика ғылымының функциялары 4
2 Заңдар, заңдылықтар жəне принциптер мен ережелер жөнінде түсінік.
3 Оқудың негізгі заңдары мен заңдылықтарына шолу.
4 Принциптер жəне оларға байланысты оқу ережелері.
5 Педагогикалық зерттеу әдістері:
5.1 Педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру;
5.2 Педагогикалық зерттеу әдістемесі мен әдістер жүйесі.

Работа состоит из  1 файл

Айдын_курсовая.doc

— 175.50 Кб (Скачать документ)

- оқушыларды  өз мүмкіндіктеріне сәйкес күш салып, жұмыс істеуге үйрету. еріншектікке жол бермей, тиімді іс-әрекет желісін қалыптастыру;

- алдын-ала  оқу процесіне аса қажет екі  сапаны – қызығу мен ұнамды  қатынас қалыптастырмай, жаңа материал  өтуді бастамау;

- оқу  материалын ұсыну логикасына  назар салуды ұмытпау, өзара логикалық байланыстағы білімдер мен нанымдар жеке-дара, тұтастығы жоқ ақпараттарға қарағанда, берік игеріледі;

- оқу  қарқыны төмендегенін байқаудан,  кейінге қалдырмастан оның себебін  анықтау. Бұл жағдайдағы себептер  түрі келесідей болуы мүмкін: оқу процесіне қызығушылықтың болмауы және шаршау. Оларды қайта қалпына келтірудің жолдарын іздестіру, оқу барысын жасанды жеделдетпеңіз.

Түсініктілік  принципі оқытудың көп ғасырлық тәжірибесі талаптарынан туындайды: бұл, бір жағынан – оқушылардың жастық даму заңдылықтарына байланысты келсе, екінші жағынан – дидактикалық процесті оқушылардың даму деңгейімен сәйкестендіре ұйымдастыру және іске асыруға тәуелді. Бала өзінің ойлау деңгейіне, жинақтаған білімі, ептілігі, ойлау тәсілдеріне сәйкес келген дүниені ғана түсіне алады.

Түсініктілік  принципін іске асыруда қажет, өз уақытында Я.А.Коменский өрнектеген классикалық ережелер: жеңілден-қиынға, белгіліден-белгісізге, қарапайымнан-күрделіге  өту. Қазіргі заман оқу теориясы мен практикасы түсінімін оқытуда міндетті болған ережелер тізімін кеңейте түсті:

- өтілуге  тиіс материалдардың бәрі әр жас қабылдауына сәйкес реттестіріліп, ұсынылуы тиіс;

- оқушы  санасы қандай да пәнді қабылдауға дайын болуы қажет екендігін ұмытпау;

- оқыту  барысында балалардың табиғи мүмкіндіктерін, олардың дайындығы мен даму деңгейін арқау ету, балалардың өмір тәжірибесін, қызығуларын, бейімділігін, даму ерекшеліктерін зерттеу және оқытуда ескеру;

- оқу  мазмұны және тәсілдері балалар дамуынан бір шама алда жүретіндей болсын;

- оқушылардың әртүрлі топтарындағы оқу ерекшеліктерін назарға алу. Бір текті мүмкіндіктері бар балаларды жіктеулі топтауға біріктіру;

- оқу  процесін тиімді қарқында жүргізу,  бірақ күшті оқушыларды аяқтан  тартпайтындай, сонымен бірге  орташа және үлгерімі төмен оқушылардың дамуына тиімді ықпал жасайтындай етіп ұйымдастыру;

- оқу  жұмысы белгілі дәрежеде күш салуды қажет етеді. Олай болмаса, балалар жұмыс орындауға дағдылана алмайды. Оқушылар әрдайым өз мүмкіндіктерінен төмен оқу қарқынын қалайды. Осыны ескерумен мұғалім әр оқу ситуациясына сәйкес оқу желісін тиянақты әрі нақты белгілеп барғаны жөн;

- педагогиканың  және психологияның жаңа жетістіктерін пайдалану: нақты білімдер мен ептіліктерді кіші көлемдегі материалдар жәрдемімен қалыптастырып бару, ал қорытынды білімдерді қалыптастыруда – іріленген білім блоктарын пайдалану;

- сабақ  барысында ұқсастықты, салыстыруды,  беттестіруді, қайшылықтарды кең  қолдану, жаңа және күрделі материалды өтуде күшті оқушыларды қатыстыру, ал бекіту жұмыстарына - орташа және төмен оқушыларды тарту;

- жаңа  ұғымды енгізу бір сабақтың  танымдық міндеттерімен ғана  байланыстырылмай, бүкіл өтілген  оқу жүйесіне негізделуі тиіс.

Ғылымилық принциптің талабы – оқушылар игеруіне ғылым тарапынан анықталған білімдерді ұсыну. Мектептік білімденудің де міндеті  осы ғылыми білімдерді игертуге бағытталған. Оқудың ғылымилығы ең алдымен мектеп білімінің мазмұнына және оны қалыптастыру принциптерін қатаң ұстануына; мұғалімдердің мазмұнды толық іске асыра алуына тәуелді; қабылданған білімдердің ғылымдық сипаты оқу жоспарларында, бағдарламаларында өрнектелген, пән аралық байланыстарда іске асып барады. Озат дидактикалық жүйелер практикасы бұл принципті жүзеге келтіретін бірнеше ережелерді пайда еткен:

- оқуды  педагогика, психология, әдістеме, педагогикалық тәжірибенің жаңа жетістіктері негізінде жүргізу, оқу процесіне педагогикалық еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін ендіру;

- оқу дидактикасы мен психологияның соңғы жаңалықтарын ескерумен индуктивті оқыту логикасын ғана емес, сондай-ақ дедуктивті оқу әдісін де орынды пайдалану, дерексізденген (абстракция) түсініктерді қолданудан тартынбау, себебі бұл нақты құбылыстардың тереңдегі мән-мағынасын түсінуге жәрдемін береді. Бірақ мектеп курсы шеңберінде толық түсінік берілмеген абстракцияларды қолданудан аулақ болыңыз;

- әрқандай жаңа енгізілген ғылыми ұғым, түсінікті жүйелі қайталап отыру, пәнді оқыту барысында қолданып, пайдалану, себебі жаттықтырылмаған білімдер тез ұмытылады;

- ғылыми  таным әдісін пайдаланумен, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, балаларды ізденіс, шығармашыл жұмыстарға қосып отыру;

- жаңа  идеялар қабылдауды бір сәттік міндет деп білмеу – әрбір құбылысты жаңадан түзіліп жатқан жан-жақты байланыстары және қатынастары аумағында қарастыра талдау;

- оқушыларды  атақты ғалымдардың өмірбаяндарымен  таныстыру мүмкіндіктерін қолдан  шығармау, олар енгізген ғылым  жаңалықтарын шәкірттерге кең жария ету;

- жаңа  ғылыми терминологияны қолдану, ескірген терминдерден сақ болу, оқушыларға жаңа жетістіктердің негізгі идеяларын ашып, ұсыну, оларды жаңа ақпараттарға ден қоюға үйрету, жаңа мәселелерді ұжым болып талқылауды қолдап қуаттау;

- балалардың  зерттеу жұмыстарына қолдау көрсету. Оларды мүмкін болған жағдайларды пайдаланып, ғылыми-тәжірибе жұмыстарының негіздерімен таныстыру, шығармашылықты қажет еткен мәселелерді шешуде алгоритмдерді пайдалануға жаттықтыру, проблемалармен айналысудың сензитивтік (жас сатысы) кезеңдерін есіңізде ұстау;

- танымдық  қызметтен оқушыға жаңалық ашу,  табысқа жету, қанағат табу сезімдеріне  бөленуге мүмкіндік беру.

Ұнамды  көңіл-күй сақтау принципі бала табиғатының  дамуы мен оның іс-әрекетіне байланысты туындайды. Ұнамды көңіл-күйден адам жаны нәр алады, ой өрісі сәуелелене түседі, оқу жеңіл, жылдам және жағымды сезіммен қабылданады. Егер оқушының кітап оқуға зауқы болмаса, оны ауыр да азапты еңбек сипатында қабылдаса, одан табысты нәтиже күтудің өзі бей-берекетсіз іс. Сондықтан да, оқу баланың ұнамды көңіл-күйін көтеріп, оны қуанышты оқиға ретінде қабылданатын дәріс жұмысына дайындау қажет. Ұнамды қатынас болмаған жерде оқу процесі өз ықпалын жояды. Ықыласы болмаған адамды оқыту – бос әурешілік. Көңілін қорқыныш, өшпенділік, жек көрушілік жайлаған баланы оқыту оның санасына шынайы болмыс деректерін зорлап ендірумен бірдей. Мұндай жолмен қабылданған білім ұзаққа бармай ұмытылады, одан келер пайда болымсыз. Сондықтан педагогтар бар шеберлігін қосып, мектеп оқу еңбегі мен білім тартымдылығын көтеруге ат салысады. Бала жанын сенім шуағымен жылытып, оның алғашқы қадамдарына қолдау көрсетеді. Мектеп өмірін мұғалімдер жарқын да қызықты істер, оқиғалармен толтырып, олардың бәрі балалық шақтың балдәурені секілді оқушы есінде ұзаққа сақталуына негіз қалайды. Оқудың көңіл-күй принципінің талаптары осы. Ал бұл талаптарды іске асыруда мұғалімнің міндеттері:

- әр сабаққа дайындалу барысында оқушылардың ұнамды көңіл-күйін қалыптастыру мен қолдау жолдарын ойластыру. Алдағы оқу жұмысы неғұрлым зеріктіргендей әрқилы болса, оқу материалы неғұрлым құрғақ әрі абстракт келсе, ұнамды эмоциялар пайда етудің барша мүмкіндіктерін іздестіріп бағу;

- сынып  босағасын көңіл жадыратар кейіппен  аттап, балалармен әзілдесе, оларды жігерлендіре сөз тауып, сабақты бастау;

- демократиялық  қарым-қатынас стилін ғана ұстану;

- балалар  болмысына, олардың істеріне қызыға  қатынас жасап, араласып бару;

- сыныпта  қапелімде болып қалатын дау-дамайды  әрқашан сабырлы, айқайсыз, тұрпайы және намысқа тиер сөздерсіз шешу;

- күдер  үзгендей әрі қиын жағдайлардан шығу үшін орайы келген әзіл-қалжыңды пайдалану;

- оқуды  әсем, бейнелі, көңілді өткізілуі үшін оқу процесін танымдық ойындар, жарыстар, конкурстар мен сайыстарға толтыра жүргізу;

- кіші  оқушының ойлауын оның сезімдері  мен толғаныстарынан ажыратпау: оқу-тәрбие процесінің эмоционал көрікті болу қажеттігі - бала ойының даму заңдылықтарынан туындаған талап;

- әрдайымғы көңіл-күй көтеретіндей сәттерден ұнамды эмоционал қалыпта өтетін тұрақты кейіп жағдайларына өту;

- оқу  материалдары, оқу әдістері мен танымдық еңбек ұйымдастыру формаларының эмоционалдық молшылығын пайдалану.

Теория  мен практиканы байланыстыру принципі негізіне классикалық философияның ақиқат пен танымдық қызметтің дерек  көзі – тұрмыс және практика екендігі туралы тұжырымы алынған. Орынды ұйымдастырылған тәрбие әрқашан өмірдің өзінен, практикадан бастау алып, онымен тығыз байланыста болады, сонымен өсіп келе жатқан әулетті белсенді тіршілік қамына дайындайды. Оқудың өмірмен, теорияның практикамен тығыз байланысты болуы оқу мазмұнына, оқу-тәрбие процесінің келелі ұйымдастырылуына, оқудың тиімді формалары мен әдістерін пайдалануға, еңбек пен политехникалық дайындыққа бөлінген уақытқа, сонымен бірге оқушылардың жас ерекшеліктеріне тәуелді келеді.

Оқудың  өмірімен ұштастық принципін іске асыру негізі – теориялық тұжырымдар мен озат мектеп ұжымдарының тәжірибесінен туындайды. Осыған байланысты мұғалімнің атқаратын міндеттері:

- мектепте  игерілетін білімдердің қажеттігін  оларды қоғамдық – тарихи практикамен  байланыстыра, оқушыларды сендіре,  дәлелдеу, оқу процесін білімнің, оған қоса мектепте алатын құндылықтарының өмірлік қажетті дүние болатынын түсініп, сезетіндей дәрежеде алып бару;

- тұрмыс  қажеттерінен - білімге, білімнен  өмір қажеттігіне өте отырып, баланы «білім – бай, қуатты  тіршілік» қағидасымен тәрбиелеу;

- балаларға  қазіргі заманның жаңа технологиялары, өндірістік қатынастары, озат  еңбек әдістері жөнінде әңгімелеу;

- оқушыларды  өз білімдерін практикада тексеріп, қолдануға табандылықпен үйрету, қоршаған дүниені білім көзі  және сол білімді қолдану саласы ретінде пайдалану;

- өз  жұмысының өмірлік маңызын оқушыға  түсіндіріп бере алмайтын бірде  бір мұғалім не сабақ болмауы  тиіс;

- мектеп  пен өндіріс орындарының байланысын  пайдалану, оқушылардың өндіріс  өкілдерімен қатынастарын оқу-тәрбие жұмыстарының жалғасына айналдыру, бұл үшін «оқу пәні -өндіріс» байланысын ептілікпен бағдарлап, қадағалап бару;

- оқушылармен  бірге «тұрмыстық қажет» сипатындағы  мәселелер мен жаттығулар түзіп, оларды сабақ материалымен байланыстыра шешуге дағдыландыру. Оқулықты балалар өмірімен ажыралмас бірліктегі қоршаған болмыс деректерімен толықтырып баруды ұмытпау.

- оқуды  ауыл, қала, облыс, республиканың  нақты болашақ даму жағдаяттарымен  ұштастыру, аймақтың келешек дамуына  орай кәсіби бағдарлау жұмыстарын өткізіп бару;

- проблемді  ізденіс және зерттеу тапсырыстары теорияны практикамен байланыстырудың таптырмас құралы. Оларды әрқилы жолдармен пайдалануға тырысу;

- балаларды  еңбекке, қоғамдық және жеке меншікке саналы да ұнамды қатынас жасауға баули отырып, мұндай қатынас үлгісін мұғалімнің өз бойынан көрсетуі.

Қорытындылай  келе, айтарымыз: принциптер әрқашан белгілі жүйеде, бір уақытта, тығыз байланысқан күйде іс-әрекетте комплексті, параллель жүзеге асып барады, оларды кезекпен немесе бірінің орындалуымен екіншісіне тізбекті өте, пайдалану мүмкін емес. Принциптер арасында басты не екінші дәрежелісі болмайды, әңгіме тек олардан туындайтын талаптардың ауқымдылығы мен жалқылық дәрежесі жөнінде болуы мүмкін. Барша принциптер өзара кіріге ұштасқан, сондықтан бірінің талаптары, екінші бір принцип талаптарымен мәндік жақындыққа түсіп жатады. Олардың бәрінің де қызметі - бағыттау, оқудың сапалы нәтижелеріне жетудің жолдарын көрсету. Білімдендіру ісін гуманизациялаудың мәні –оқушының тән-дене және ақыл-ес мүмкіндіктерін сақтау және дамыта түсу. Сондықтан оқу еңбегінің нәтижесі оған жұмсалған оқушы күш-қуатының деңгейімен салыстырылып, бағаланады. Принциптер баланың табиғи және әлеуметтік мүмкіндіктерін, күш салулары мен еңбек нәтижелерін қалыпты мөлшерлеп отырады, егер қандай да себептермен ауытқуға түспесе, олар арасындағы теңдіктің (баланс) сақталғаны.

Информация о работе Педагогикалық зерттеу әдістер