Педогогикалық міндеттерді шешудегі педагогтың шығармашылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 11:49, реферат

Описание

"Педагогикалық міндетер" ұғымының мәнін анықтаудан бастайық. Әркімге бала жастан-ақ "міндет" сөзі түсінікті. Мектепте оқып жүрген кезде біздерге математикадан, физикадан, басқа да пәндерден есепті шешуге тура келеді. Педагогикалық қызметте әр алуан педагогикалық міндетерді шешуді қарастырады. Педагогикалық міндетерді дұрыс шешуді үйрену болашақ тәрбиешіге оңайға түспегенімен, өте қажетті, өйткені мұндай әрбір шешімнің өзі — күрделі, көп кезеңді творчестволық процесс.

Содержание

КІРІСПЕ
НЕГІЗГЕ БӨЛІМ
1. Педогогикалық міндеттерді шешудегі педагогтың шығармашылығы
2. Студенттерді педогогикалық тәжірибеге даярлау
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиет

Работа состоит из  1 файл

Педогогикалық міндеттерді шешудегі педагогтың шығармашылығы.doc

— 73.50 Кб (Скачать документ)

   Ол  бұрынғы белгілі жайттарды қайталауға көнбейді де, қазіргі ғылыми деректерді кеңінен пайдаланады, үнемі ізденеді. Бұл жоспар мұқият ойлатырылады, онда алдағы жұмыстың буге-шігесіне дейін қарастырылады. Тәрбиешінің білімі, тәрбиесі мен сезінуі, бала өміріне деген шын ықыласы, оның педагогикалық шешімді дұрыс қабылдауына жәрдемдеседі.

   Мұндай  жоспарды жасау әрқашанда шығармашылық, әрқашанда ізденіс, өйткені тәрбиешінің алдындағы нақты педагогикалық міндетердің барлығын тып-тинақтай етіп шешетін дайын ереже жоқ және болуы да мүмкін емес. Ғылым тәрбиешіге тым көп те, тым аз да береді деуге болады. Тым көп дегеніміз-нақты педагогикалық жағдайға шешім қабылдау үшін ондағы берілегннің барлығын пайдаланудың қажеті болмайды. Тым аз дегенміз- тәрбиешінің нақтылы педагогикалық міндеттерді шешуіне қажеттінің барлығын бере алмайды және берілуі де мүмкін емес. Тәрбиеші өз оқушысының өмірінен осынау бір ерекше қызықты «педагогикалық есеппен» қойылған өз шешімінің нәтижеін көре білуі және де «жауап беруі» тиіс. Осы нәтиже бойынша ол қойылған міндеттің дұрыстығын да, оны шешу педагогикалық ықпал ету әдістерінің дұрыс таңдалғанын да тексере алады.

   Сан алуан педагогикалық міндеттерді  үш үлкен топқа бөлуге болады: стратегиялық, тактикалық және оперативтік.

   Стратегиялық  міндеттер - бұл ең ірі, ең үлкен міндеттер, оны шешу тәрбиелеушіліердің жеке басында, олардың өмірге, еңбекке, бір-біріне деген қарым-қатынасында елеулі өзгерістер тудыруы тиіс. Мұндай міндетті шешу демек педагогикалық мұраттың белгілі бір шебіне жуықтау деген сөз. Ол үшін педагог тәрбиелік оқылатын тұтас жүйесін жобалайды. Стратегиялық міндеттерді шешу көп жағдайда ұзақ уақытты қажет етеді. Класс жетекшісінің қызметіндегі мұндай міндеттің мысалы ретінде оқушылырды саналы тәртіпке тәрбиелеуді атауға болады. Стратегиялық міндет тактикалық міндет жүйесі арқылы нақтылы, ал оны дәйекті шешу алға қойылған стратегиялық мақсатты қамтамасыз етуі тиіс. Мәселен саналы тәртіпке тәрбиелеумен жұмыс істей отырып класс жеткеші мұндай тактикалық міндеттер қоюы мүмкін: оқушылардың оқу тапсырмасымен қоғамдық тапсырманы тиянақты орындауына баулу: тәртіп бұзушылыққа жол бермейтіндей етіп, оқу жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету; оқушылар колективінде тәртіп бұзушылық барлық жағдайына белсенді қоғамдық пікір туғызуды қалыптастыру; осы жұмыстарға оқушылардың өздері басшылық ету ролін арттыру т.б. Бұл міндеттерді шешу үшін педагог класпен және жекелегеи оқушылармен міндет және жауапкершілік туралы әңгіме, диспут өткізуді, ата- аналар жиналысын шақыруды осы бағытта оның класында сабақ беретін бүкіл мүғалідер жұмысын үйлестіруді, қамқорлыққа алған кәсіпорынның еңбек колективімен ынтымақтасу мүмкіндігін қарастыруды т.б. жоспарлай алады. Стратегиялық және тактикалық міндеттерді қоюды, сондай-ақ педагогикалық ықпал ету әдістерін жобалауды педагог дербес те, әріптестерімен бірге де жүзеге асырылады. Бұл кезеңде балалар, әдетте педагог жоспары туралы әлі ештеме білмейді. 

   Пайдаланылған әдебиет

  1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педогогика. А., 2004ж [47-53б.]
  2. Педогогика. Дәріс курсы. А., 2003ж [78-85б.]
  3. Сарбасова К.А., Шаушекова Б.К. Педогогика негіздері. Қ., 2004ж[107-113б.]
  4. Сластенин Б.А. Педогогика. М., 2002ж [58-63б.]

Информация о работе Педогогикалық міндеттерді шешудегі педагогтың шығармашылығы