Стандарттық деңгейлеп оқыту және құзыреттілік тәсіл – білікті мамандар даярлаудың шарты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 19:41, творческая работа

Описание

Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден-бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа – сол сабақты өткізудің әртүрлі әдіс-тәсілдерді, яғни жаңашыл сабақ. Қазіргі кезде шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің тынымсыз ізденуі нәтижесінде оқу – тәрбие жұмысының тиімділігін арттырудың жаңа технологиялары өмірге келді.
Жаңа технологияны сабақ үстінде қолдану үшін, әр мұғалім оқушыларының жас ерекшеліктерін ескеріп, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыру үшін мұғалім көп іздену керек. Сонымен қатар, сынып оқушыларының қабілеттерін байқап, ары қарай дамытуға көп көмегін тигізу қажет.

Работа состоит из  1 файл

Стандарттық деңгейлеп оқыту және құзыреттілік тәсі1.doc

— 361.50 Кб (Скачать документ)

Стандарттық деңгейлеп  оқыту және құзыреттілік тәсіл –  білікті мамандар даярлаудың шарты.

      Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден-бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа – сол сабақты өткізудің әртүрлі әдіс-тәсілдерді, яғни жаңашыл сабақ. Қазіргі кезде шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің тынымсыз ізденуі нәтижесінде оқу – тәрбие жұмысының тиімділігін арттырудың жаңа технологиялары өмірге келді.

       Жаңа технологияны сабақ үстінде қолдану үшін, әр мұғалім оқушыларының жас ерекшеліктерін ескеріп, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыру үшін мұғалім көп іздену керек. Сонымен қатар, сынып оқушыларының қабілеттерін байқап, ары қарай дамытуға көп көмегін тигізу қажет.

      Қазақстан  мектептерінің тәжірибесінде жаңа технологияларды оқыту әдістерін белгілі бір топтарға топтап, көрсетуге болады:

  • жартылай іздендіре оқыту – оқушылар оқудың мақсат-міндеттерін шешуге зерттеудің жеке сатыларын орындау арқылы үйренеді;
  • проблемалық сипаттағы оқу-мақсаттары мен мәселелерді ұйымдастыру және шешу. Бұл оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға қызмет етеді;
  • іскерлік және білімдік ойындар;
  • зерттеушілік әдістер – дағдыларды, білімді және біліктерді меңгеру барысында оқушы шығармашылық жұмысқа мейілінше үйренеді, толық меңгереді.

    Жаңа технологиялық  әдістерді сабақта пайдалана отырып өткізу бары-

сында мынадай қорытындыға келуге болады:

    -    Оқушылардың пәнге қызығушылығы артады

    -    Білім сапасы көтеріледі;

    -    Оқыту процесіне барлық оқушыларды қамтылады;

    - Дарынды оқушыларды шығармашылыққа баулып ізденушілік қасиеттерін жетілдіреді. Уақытты үнемді пайдалануға мүмкіндік алады.

    - Оқушылар өз жұмыстарының қорытындысын шығарып өз дәрежесінде бағасын алады.

       Әртүрлі технологияларда сабақтарды құру жеңіл емес, алайда, ол – уақыт талабы.

Үшінші мыңжылдықтың тұлғасын қалыптастыруға қызмет ететін мұндай түрлі стратегия-лар бүгінгі мектептің жұмыс көрсеткішіне айналуда.

       Қазіргі  кезде білім беру үрдісінде  50 ден астам жаңа технология қолданады екен.

Мен «деңгейлеп оқыту» технологиясын  ағылшын тілі пәніне қолданамын. Мұндағы  мақсатым - өз бетімен  дами алатын, әртүрлі қиындықтарға төзе білетін, белсенді, білімді оқушы тәрбиелеу. Сонымен қатар, осы технология оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағыттайды.

       Дифференция  дегеніміз – оқушыларды қандай  да ерекшеліктерінің негізінде  топтастырып оқыту. Қазіргі кезде  мектептегі осыған байланысты  өзгерістер – оқытуда дифференциялауды  енгізуге тікелей тәуелді. Бұл жағдайда әртүрлі оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша жүргізіледі.

       Дифференциялаудың  маңызды түрі – деңгейлік дифференция  болып отыр. Бұның басты ерекшелігі  – оқушыларға берілетін тапсырмалардың  деңгейлерге бөлінуі және олардың меңгерген білімі мен іскерліктеріне  қойылатын талаптардың дифференциялануы. Яғни, материалды меңгерудің төменгі жеткілікті шегін қамтитын міндетті дайындық. Бұл деңгей – барлық оқушылардың шамасы жететін деңгей. Осы деңгейдің барысында курсты меңгерудің жоғары деңгейлері қалыптасады. Оқушылар бір сыныпта бір бағдарлама бойынша білім ала отырып, қабілеттеріне, қызығушылығына сай деңгейді таңдауға мүмкіндік табады.

      Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі-оқушылардың сабақ барысында бірнеше жұмыс жасай алатындығында.Оқушыларды деңгейге бөліп оқытуға бола ма, оның қандай тиімділігі бар, деңгейге бөліп оқытудың өзіндік ерекшелігі қандай, жеке тұлға тәрбиелеуде қандай көмегі бар деген сауалдарға тоқталсақ, деңгейге бөліп оқыту кезінде оқушылардың тәжірибелік-теориялық дайындығын, оқуға деген ынтасын, дара қасиетін, әлеуметтік психологиялық танымын, сұранымын ескеру талап етіледі.Оқушыны деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады.Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыстар жүргізіледі.Оқушының алған білімін жүзеге асыра алатындығы тексеріледі.Өз бетімен жұмысты орындауға бейімділігі бақылауға алынады.Қорытындысында деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады.Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып, шығармашылыққа ұмтылады.Деңгейлік оқыту барысында біліктілікке жетеді.

         Деңгейлеп оқыту оқылатын ақпараттың  азаюы арқылы емес, оқушыларға  қойылатын талаптардың әртүрлілігі  арқылы жүзеге асырылады.

         Деңгейлеп оқыту технологиясының  мақсаты әрбір оқушы өзінің даму деңгейіне оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету.

         Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы  оқушының да, мұғалімнің де белсенді  шығармашылық қызметін дамытуға  бағыттайды.

         Алдыңда  отырған оқушының білім деңгейі,  білімді меңгеру дағдысы барлығында бірдей болуы мүмкін емес жағдай.

Бағалау жүйесінде оқушы  білімінің ең төменгі деңгейі  негізге алынады және ол деңгей мемлекеттік  стандарттың төменгі талабына сәйкес келеді.

         Жалпы жаңа  педагогикалық  технологияда  бағалау үрдісі арнайы «қосу» әдісімен жүзеге асырылады.Бағалау деңгей жүйесінде оқушы білімі «есеп-зачетқа» алынып отырады.

         Өзін-өзі  бағалау «қосу» әдісімен жүргізілетіндіктен  оқушы бұрынғыдай «екілік» аламын  деп қорықпайды.Сөйтіп оқушыда  жоғары ұпай жинауға талпыныс  пайда болады,Ол дұрыс орындалған тапсырмалардың  санына ғана тікелей тәуелді.

 

Деңгейлеп тапсырудың ауқымы өте кең  – оқулықтағы жаттығулар - өткен  ережелер бойынша қайталау, пысықтау, бекіту жұмыстарына арналған тілдік, грамматикалық жұмыстар жүйесі.

      Оқушыны деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады. Оқу-шыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі. Оқушының алған білімін асыра алатындығы тексеріледі. Өз бетімен орын-дауға, бейімділігі бақылауға алынады.

       Деңгейлеп оқыту оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асырылады. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты - әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамамыз ету.

       Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға болады. Деңгейлік тапсырмалар бойынша бағалау «ұпайлық» жүйемен жүзеге асырылады. Бірінші деңгейдегі орындаған бала 5 ұпай жинаса «3» алады. Екінші деңгейге 10 ұпай жинаса «4» қойылады. Үшінші деңгейден 15 ұпай жинаса «5» бағасы қойылады. Төр-тінші деңгейге 20 ұпай болса, «5» бағамен бағаланады.

       І деңгейдегі тапсырмалар жаттап алуға лайықталған, меңгерген білімін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беретін болуы тиіс және тап-сырмалар өмірмен байланысты болуы керек. Мен осы деңгейде алатын әдіс-тәсілдерім: сұрақ-жауап, аудармасын  жұмысы, сын жұмысы-диалог. Аудар-ма сын жұмысында өткен тақырып бойынша сөйлемдерді қазақ тілінде оқи-мын, ал оқушылар сол сөйлемдерді ағылшын тілінде жазады. Сын жұмысы – диалог әдісімде сұрақтарды оқимын, оқушылар жауабын жазады.

       ІІ деңгейдегі тапсырмалар өтіп кеткен материалдарды реттеуге, жүйе-леуге берілген, өзгертілген, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білім түрлендіріліп пайдаланылуы қажет. Бұл тапсырмаларға логикалық есептер, әр түрлі ребустар, сөзжұмбақтар жатады. Осы деңгейдегі тапсырманы орындауға «Көру сын жұмысы» әдісін аламын, яғни өткен тақырыпқа байланысты сөйлемдер сәл өзгертіліп оқылып, тақтаға ілінеді. Оқу, аудару, жеке және хормен қайталап, есте сақтап, сосын өшірі-леді де, сөйлем дәптерге жазылады. Ең соңнда сөйлем түгел тақтаға ілінеді. Оқушы өз-өзін тексереді. Көру сын жұмыс есте сақтауға жағдай жасап, орфо-графиялық байқағыштықты дамытады.

       ІІІ деңгейдегі тапсымаларға танымдық іздену түріндегі тапсырмалар беріледі де, оны орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша мең-герген алғашқы қарапайым білімдерінен заңдылықтар шығарады. Бұл дең-гейде әр түрлі схемалар мен схемантикалық схемаларды, сызба кестелер мен Венн диаграммасын пайдалануға болады.

      IV деңгейдегі тапсырмалар – шығармашылық деңгейдегі тапсырмалар. Оқушылардың жинаған өмір тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым, түсінік-терінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шағаруға негізделген. Бұл деңгейге жататын тапсырмалар: олимпи-адалық жұмыстар, берілген тақырыпқа өз бетінше рефераттар жасау, баян-дамалар дайындау, тақырыптық тест тапсырмаларын дайындау, яғни бұл тап-сырмалар оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады. Міне, осы деңгейге жеткен оқушыларға ситуациялық жағдайлар мен проблемалық сұрақтар беріп отырамын. Өз тәжірибемнен байқағаным: бұл деңгейде шығармашылықпен жұмыс істей алатын оқушы дараланып шығады.

       Мысалы, 7 сыныпта «Health problems» тақырыбын өткен кезде деңгейлік тапсырмаларды беруге болады:

        І деңгей – оқушылық. «Health farm» мәтінін оқып, аудару.

        ІІ деңгей – алгоритмдік. Ағылшын сөздерді қазақ тіліне аудару:

  1. Patient                            a) кеңес беру

  2. Suggest                           b) сырқат адам

  3. Surgery                           c) көмей

  4. Swallow                          d) хирургия

  5. Examine                          e) тамақ ауру

  6. Sore throat                      f) тексеру

  7. Cough                             g) тіс ауру

  8. Toothache  h) жөтел

       ІІІ деңгей – эвристикалық. Сұрақтарға жауап беру. There are five types of food a person should eat. What do you think are they?

 

Do you eat them all? Do you know any Kazakh and Russian proverbs about health? 

      Сабақ барысында дидактикалық ойындар пайдалану, ойын элементтерін енгізу оқушының ойлануына, сөйлеуге, ойын жинақтап айтуына, жеке және топпен жұмыс істеуіне көп көмегін тигізеді.

      IV деңгей – шығармашылық. «What should you do to keep fit?» тақыры-бында кеңес беру.

      6 сыныпта «Looking for the sun» тақырыбы бойынша оқушылардың білім-дерін шыңдау мақсатында деңгейлік тапсырмалар берілді.

       І деңгей – ауа-райы туралы суреттер бойынша сөздерді дұрыс орналас-тыру.

      ІІ деңгей – мәтінмен жұмыс. Оқыту, сұрақтар қою арқылы түсінгендерін тексеру.

      ІІІ деңгей – сөйлемдерді толықтыру. What is the weather like today? It` s ____________.

  What was is yesterday?  It was ____________.

      IV деңгей – жыл мезгілдерінің суреттері бойынша оқушыларға шағын әңгіме құрату.

Көбінесе оқушылар 1-2 деңгейдің тапсырмаларын толыққа жуық орындайды, ал озат оқушылар алға шығады. Сабақтың соңында барлық оқушы бағаланды, бағалауды мониторинг жүйесі бойынша сызып, үлгерімін шығарып отырамыз. Өзіндік жұмыстар оқушылардың практикалық біліктерін, дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Сонымен қатар бұл жұмыстар негізінен оқушылардың білім, білік дағдыларының деңгейін бағалауға негізделген.

                             

   Сабақ соңында  2-3 минут қалғанда оқушы өзіндік жұмысты орындауға қанша ұпай жинағанын есептеп, дәптердің соңындағы жеке бетке түсіреді. Жалпы ұпай санына қандай баға сәйкес келетіні де осы бетке көрсетіледі. Беттегі жалпы ұпай көрсеткішін мониторинг кестесіне түсіру арқылы (модуль) тарау немесе тоқсан бойынша оқушының қай тақырыпты қандай дәрежеде меңгергеніне оқушының өзі де, мұғалім де анализ жасай алады. Соның негізінде оқушының білімін көтеруге ізденуге бағыт-бағдар көрсетіледі.

   Сабақтың барлық  кезеңінде белсенді жұмыс істеп  отыратындықтан осы технология бойынша құрылған сабақ оқушылардың ойлауын, есте сақтау қабілетін, ынтасы мен қызығушылығын арттырады, өз бетінше жұмыс істей 

білуге , еңбегінің қорытындысын шығарып, бағалай білуге үйретеді.

      Қоғамның  дамуы білім беру саласынан  үнемі алда болды, тіпті бұл ал-шақтық кейбір кездерде ондаған жылдармен өлшенді. Күн сайын адамға көп-теген ақпарат тасқыны келеді. Ал оқу мазмұны мен оқыту әдістері ескі са-рында қалып қоюда. Сондықтан білім берудегі әлеуметтік қажеттілік пен ол қажеттілікті қанағаттандырудың арасындағы қарама-қайшылық білім беру саласының дағдарысына әкеліп соғуда. Сол себепті мектеп мұғалімдерінің әдістемелік шығармашылығын дамытуды педагог-мамандардың біліктілігін жетілдіру жүйесінде ұйымдастыруды олардың кәсіби құзыреттілігі негізінде жүзеге асыру қажеттігі туындайды.

       Құзыреттілік тәсіл идеясы – қоғамға қандай, жеке тұлғаға қандай білім қажет және ол қоғамның қандай қажетін өтей алады деген сұраққа жауап береді. Оқушының құзыреттілігін қалыптастыру – бүгінгі білім беру сала-сының өзекті мәселелерінің бірі. Құзыреттілік тәсілді, жоғарыдағы айтқаны-мыздай, білім сапасын арттыруды дәстүрлі тәсілмен білім мазмұнын ұлғайту арқылы шешудің арасындағы қарама-қайшылықтан туындаған дағдарысты жағдайдан шығудың бір жолы деп қарастыруға болады. Бұл тәсіл білім беру-дің нәтижесіне басты орын береді. Оның сапасы алған білімінің көптігімен емес, сол білімді қолдана білуімен маңызды. Сонда мұғалімнің кәсіби құзереттілік деңгейі қандай болмақ? Педагогикалық зерттеулерге жасалған шолу бұл мәселенің тарихи тұрғыда кезеңдеп дамығанын көрсетеді. Бұл проблеманың ғылыми-теориялық тұрғыда аз зерттелуі, мұғалімге құзырет-тілігін нығайтуға мүмкіндік берілмеуі біздің біліктілікті жетілдіру жүйесінде мұғалімнің әдістемелік шығармашылығын кәсіби тұрғыдан дамытудың тео-риялық негізін жасау міндетін койды.

Информация о работе Стандарттық деңгейлеп оқыту және құзыреттілік тәсіл – білікті мамандар даярлаудың шарты