Стандарттық деңгейлеп оқыту және құзыреттілік тәсіл – білікті мамандар даярлаудың шарты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 19:41, творческая работа

Описание

Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден-бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа – сол сабақты өткізудің әртүрлі әдіс-тәсілдерді, яғни жаңашыл сабақ. Қазіргі кезде шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің тынымсыз ізденуі нәтижесінде оқу – тәрбие жұмысының тиімділігін арттырудың жаңа технологиялары өмірге келді.
Жаңа технологияны сабақ үстінде қолдану үшін, әр мұғалім оқушыларының жас ерекшеліктерін ескеріп, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыру үшін мұғалім көп іздену керек. Сонымен қатар, сынып оқушыларының қабілеттерін байқап, ары қарай дамытуға көп көмегін тигізу қажет.

Работа состоит из  1 файл

Стандарттық деңгейлеп оқыту және құзыреттілік тәсі1.doc

— 361.50 Кб (Скачать документ)

      Құзыреттілік тәсіл ХХ ғасырдың 70-жылдары АҚШ-та және Батыс Еуропаның бір-қатар елдерінде қалыптаса бастады. Себебі, бұл елдерде де нарықтық экономика жағдайындағы қоғамның талабы мен білім берудің нәтижесі арасында сәйкессіздік белең алған болатын.

       Педагог  кадрлардың біліктілігін жетілдіру жүйесіне құзыреттілік тәсілді енгізу біздің жағдайымызда қандай қажеттіліктен туындады деген мәселеге келсек, мынаған саяды.

  1. Дүниежүзілік тенденциялардың кірігуіне сәйкес еліміздегі білім беру жүйесінің сол талапқа үйлесе алмауы.
  2. Дүниежүзілік білім жүйесіне қазақстандық білім берудің нәтижелерінң үйлесімсіздігі.
  3. Еліміздің өз ішінде білім нәтижелерінің талапты қанағаттандырмауы.
  4. Мектеп бітірушілер мен жас мамандардың алған білімін өмірде қолдана алу дағдысының төмендігі.
  5. Еліміздегі мектеп бітірушілердің білім деңгейінің басқа елдегі құрбы-ларынан кем соғуы.
  6. Еліміздегі мамандардың, оның ішінде педагог мамандардың белгілі бір мәселелер бойынша талдау жасау қабілетінің төмендігі.
  7. Бәсекелестікте, т.б. дәстүрлі емес жағдаяттарда жас мамандар, тіпті сақа мамандардың өзі мәселе әдеттегіден өзгеше қойылса жауап тап-пай қиналатыны.
  8. Қазақстан Республикасында білім беруді 2015 жылға дейін дамытудың тұжырымдамасы және білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасы педагог мамандардың біліктілігін кәсіби құзыреттілік негізінде дамытудың қажеттілігін көрсетіп отыр.

Соңғы кездері педагогикада құзыреттілік және тұлғаның кәсіби шеберлі-

гінің құрамдас бөлігі (Т.Базаров), мамандарды дайындаудың нәтижелілігі мен өлшемдері (А.Бермус, И.Зимняя), білім мазмұның модернизациялаудың тәжірибелік мәні (В.Краевский), педагогикалық мәдениеттің базалық бөлігі (Т.Исаева) ретінде қарастырылуда. ХХІ ғасырдың басында мұғалімнің кәсі-би-тұлғалық құзыреттілігі бұрынғы сипатынан басқаша мазмұнға ие бола бастады. Оның өзіндік себептері бар.

  1. Педагогтің әлеуметтік – педагогикалық рөлі өзгерді.Енді мұғалім бұрынғыдай білім беріп қана қоюмен шектелмейді. Мектеп қабыр-ғасынан шығатын бүгінгі оқушыға қойылатын талап деңгейін қана-ғаттандыру мақсатында мұғалім оған білімді өз бетімен ала алатындай, өзі-өзін өз күшімен дамытып, алған білімін қолдана алатындай, өмірлік тәжірибесін қолдана алатындай, соны саналылықпен сезінетіндей пәндік сауаттылықты игертуге тиіс.
  2. Мұғалімнің өз бойындағы бар білімі мен кәсіби біліктілік құзыреттілігі оның бүкіл педагогикалық қызметінің барлық кезеңдеріне жеткілікті болады деп айта алмаймыз. Демек, мұғалім үнемі біліктілігін жетілді-руге, тұлға ретінде үнемі өзінің білімін көтеріп отыруға тиіс.

         Білім беруді 2015 жылға дейін дайындаудың  тұжырымдамасын дайын-дау барысында туындаған құзыреттілік тәсіл тақырыбы бүгінде барлық ғы-лыми педагогикалық ортада талқылануда. “Компетенция” және “компетент-тілік” ұғымдарына талдау жасай келе “компетенцияны” жеке тұлғаның та-ным мен тәжірибе арқылы жетік меңгерген мәселелерінің жиыны десек, “компетенттілік” компетенцияға ие болу дегенді білдіреді. Сонда білім беру саласында компетенцияны оқыту мақсаты, құзырлылықты оқыту нәтижесі деп қарастырамыз. Сонымен “компетенттілік” ұғымы педагогикада бұрын-нан қалыптасқан “дайын болу” ұғымымен байланысты.Демек, “компетентті-лік” – қандай да бір әрекетке, мысалы жоғары шығармашылық әрекетті іске асыруға дайын болу деген сөз.

        Оқытудағы құзыреттілік тәсіл – оқушыға қойылатын мектептегі талап пен өмірлік талаптарды ұштастыру.

        Құзыреттіліктің түрлері: проблеманың  шешімін табу немесе өзіндік  менеджмент құзыреттілігі, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктер.

        Проблеманың шешімін табу немесе  өзіндік менеджмент құзыреттілігі:

  • түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, жауапты шешім қабылдауға, өз шешімінің нәтижесін бағалауға;
  • өз әрекетіне мақсат қоя білуге, оны жүзеге асыруға қажетті жағдайды анықтауға, оқу үрдісін жоспарлауға және ұйымдастыруға;
  • өзіндік тұжырым жасауға, өзіндік бағалауға, өз әрекетін бағалауға;
  • түрлі жағдайда өзінің шамасын білуге;
  • қойылған міндетті орындауға, технология таңдай білуге мүмкіндік береді.

Ақпараттық  құзыреттілік:

  • сыни қараған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға;
  • өз бетімен мақсат қоюға және негіздеуге, осы мақсатқа жеткізетін та-нымдық әрекеттерін жоспарлауға және жүзеге асыруға;
  • ақпаратты өз бетімен табуға, талдауға, таңдауға, өңдеуге, сақтауға, ин-терпретациялауға және қазіргі ақпараттық-коммуникативтік техноло-гияның көмегімен жүзеге асыруға;
  • логикалық операцияларды (анализ, синтез, жинақтау, құрылымдау, тіке-лей және қосымша дәлелдеу, салыстыру, моделдеу, ойша эксперимент жүргізу, материалдарды жүйелеу) қолдана отырып дәлелдеуге мүмкіндік береді.

Коммуникативтік құзыреттілік:

  • нақты өмірлік жағдаяттарда  ағылшын немесе басқа тілде ауызша және жазбаша түрлі коммуникативтік құралдарды қолдануға;
  • коммуникативтік міндеттерді шешуде стиль мен жанрды таңдай білуге, қолдана білуге;
  • өзінің көзқарасын этикет нормаларына сәйкес жеткізуге;
  • өнімді өзара іс-қимылды, оның ішінде басқа да көзқарас пен бағыттарды ұстанатын өзге ұлт өкілдерімен қарым-қатынас диалогына түсе отырып жанжалдық ахуалды шешуді жүзеге асыруға;
  • жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі позициядағы адамдармен топта қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.

       12 жылдық жалпы білім беретін мектепке көшу жағдайында оқу-тәрбие үрдісін оқушының жеке қабілетін ұйымдастыруға байланысты мұғалімнің кәсіби құзырлылығын қалыптастыру  қажеттілігі туындайды. Кәсіби құзыреттілік – ізденімпаздықпен, жауапкершілікпен әрекет етуге адамның еңбегінің нәтижесінде байқалатын белгілі бір еңбек функциясын қабілет-тілікпен және біліктілікпен меңгеруіне мүмкіндік беретін психологиялық жағдай.

       Қазіргі  заманғы құзырлылығы қалыптасқан  мұғалімнің кәсіби әреке-тінің құрамына енетін бөліктерді меңгеру мектептің әр мұғалімінің міндеті, олар:

  • ақпараттық (біліктер: ақпаратты қабылдау, жинау, таңдау, жүйелеу, жалпылау, бағалау, шолу, кодтау, өзгерту және тарату);
  • зерттеу (біліктер: проблема туғызу, оны көкейкестілендіру, мақсатты, міндетті,

пәнді, объектіні тұжырымдау, зерттеу әдістерін меңгеру және жоспарлау, бақылау, эксперимент жүргізу, қорытынды тұжырымдау);

  • интеллектуалдық (біліктер: жүйелеу, жалпылау, талдау, абстрактілеу, салыстыру, мәнін түсіну, жалпы мен жекені айыра білу, мақсат қою, ой жүгірте алу (рефлексия));
  • креативті (біліктер: елестету, жалғастыра алу (агглютинация), сүлбелеу (схематизация), топтастыру (типизация), негізгісін бөліп көрсете алу (акцентировать), әсірелеу (гиперболизация), алдын ала білу, қайта түзу, жаңаша түрлендіру);
  • диагностикалық (біліктер: диагностиканың тәртібі бойынша жүргізу, оның нәтижелерін өңдеу)
  • болжау (біліктер: мақсат қою, ақырғы нәтижені болжау, үрдісті интуи-тивті болжау, заңдылықтарды, шарттарды айқындау, қор іздестіру, түзетулер жасау);
  • инновациялық (біліктер: мәліметтер жинақтау, педагогикалық тәжірибелерді талдау, эксперимент жүргізу, өзгертулер жасау, жан-жақты ойлана алу, ой жүгіртулер арқылы бағалау, қадағалау, жаңаша түрлендіру, екінші рет эксперимент жүргізу, өңдеу енгізу).

       Жеке  тұлғаның құзыреттілігін дамыту мен қалыптастыруда нысандар

мен құбылыстарды зерттеумен байланысты өңдеу әрекетінің маңызы зор. Оқушының танымдық өзгертушілік әрекеті зерттеушілік деп аталатын әдістің көмегімен жүзеге асырылады. Интеллектуалдық, шығармашылық қабілеті жоғары оқушыға өз бетімен білім алуына жағдай жасалуы тиіс, яғни оқушының өз іс-әрекетін өзі ұйымдастырып, басқаруына мүмкіндік туғызы-луы қажет.

      Зерттеуші  – оқушы өзінің табиғатынан  зерттеуге бейім, келеді. Білуге  құмарлық, бақылау жасауға талпыныс, өзінше эксперимент жүргізу баланың  балалығымен бірге жүретін үрдіс.  Зерттеу, іздеу белсенділігі –  баланың жара-тылысына мән құбылыс. Шығармашылық зерттеушілік ізденіс адам үшін екі түрлі көзқараспен маңызды: бір жағынан, жаңа өмірге қол жеткізуінде,екінші жағынан ізденіс процесінің мәнділігінде.Адам шығармашылық нәтижесінде ғана қанағаттанып қоймай, шығармашылық пен зерттеу ізденушілігінің өзінен де ләззәт алуға қабілетті.

     Зерттеу  мен дағдысы ғылыммен ғана  айналысатын адамдарға ғана емес, сондай-ақ әр адамның түрлі саладағы қызметіне қажет. Шығармашылық ізденушілік кез келген кәсіппен тікелей байланысты. Зерттеу ісі қазіргі кезде аясы тар мамандандырылған қызмет емес, сондай-ақ бүгінгі заман адамының өмір сүру тәсіліне енген, кәсіби шеберлігін танытуда өзіндік көзқарасына сәйкес қызмет болып табылады. Бұл пікірді Абайдың жетінші қара сөзінде-гі:«Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біріншісі-ішсем,жесем, ұйықтасам» деп туады. Екіншісі - көрсем, білсем  деп, ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, ол неге үйтеді ,бұл неге бүйтеді  деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін, тыныштық көрмейді ,- деген ой- тұжырымды растайды.

     Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады. Егер әр оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету қажет болса, онда баланың қабілетін түрлі әрекетте көрсету үшін зерттеуге дайындау қажет. «Зерттеу» түсінігі энциклопедиясында «жаңа білімді өңдеу процесі және таным қызметінің бір түрі болып есептеледі» деп түсіндіріледі. Бала-ларды оқытуда зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың табиғи қызығу-шылығының басымдылығымен түсіндіріледі.Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік  талабын қанағаттандыруға ықпал етеді.Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес өзі ашады.

     Мектеп  қабырғасында кемеңгерлер жақсы да,жаман да оқиды. Ал адам бойындағы дарындылықты нағыз данышпандыққа айналдырудың бір ғана шарты – табиғи талантпен шектеліп қалмай, табандылықпен еңбектену. Демек, табиғи таланттарды ашу, жас талапкердің жарқырап көрінуі үшін ұстазға жүктелер міндет не? Ол міндет – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін жан аямай еңбек ету.

     Шығармашылық  оқушыға шын ләззат, қуаныш сезімін әкелуі тиіс. Жаңа-ны жасау, өзі жасаған тың дүниеден алған жан ләззаты оқушы үшін шабыт баспалдағы болмақ. Сабақ беру үрдісінде шәкірттерді шығармашылық жұ-мысқа баулудың маңызы зор.

     Қазіргі  талап –оқушыларды ойландыру,іздендіру,  сол арқылы өз беттерін-ше еңбектеніп оқуға баулу. Осы міндет тұрғысынан ағылшын тілі сабағында ойларын кемелдендіру тілдерін дамыту,сөз байлығы молайса,ой қабілеті шынықса , білім көлемдері де артады, тереңдейді және сапалы, тиянақты болады. Бұл орайда төмендегідей жұмыстарды жүзеге асырдым.

  Мысалы, «Тыныс белгісін қой». Тыныс белгісі қойылмаған 30-50 сөзден құралған мәтін-ді даярлап , оқушыларға үлестіремін. Олар мәтіндегі сөйлем-дердің жігін айырып, тиісті тыныс белгілерін қояды.

   Мысалы, «Where did you get it?»

   When uncle Peter came to their house, mother said I’m sorry I have no cheese I know you like it very much little Jim turned went out the room and soon came back with some cheese Uncle Peter thanked him put the cheese into his mouth and said You have very good eyes Where did you get it the boy answered from the rat-trap.

  «Адасқан сөздер». Орны ауыстырылып қойылған сөздер беріп, сол сөздерді орны-орнына қойып, сөйлем құратамын, оқушылар сол сөйлемдерден мәтін құрайды.

   Мұғалім: «A thirsty man». A man along a road was walking. was thirsty He. saw a swimming pool He. There two boys were swimming. He them asked to show a shop the way to. He the store came to. The shop assistant on the phone was talking. It long talk was very. The man and was angry the store left.

  «Қалып қойған сөзді тап». Оқушыларға мәтін беремін, оның ішінен кейбір сөздерді қалдырып кетемін. Сол нүктенің орнына керікті сөздерді тапқызып жаздыртамын.

  Мұғалім: «Pete' s story. One day a teacher says to his pupils:

  «Write....about the football....on Sunday. » Pete....writes three words in his notebook...puts his…

Down on the desk. «Where… your story,…Show it to me!», says the teacher. Pete…to the teacher his story. ....takes his notebook and reads: «Rain. No game»

«Сұраққа жауап  бер». Тақырып белгіленіп, сол бойынша ыдыратылған сөй-лемдер беріледі, астына сұрауларын жазып қоямын. Оқушылар сол сұрауға жауап боларлық сөйлемдерді орнына қойып, әңгіме айтады.

 «The environment»

  Cambridge is in the east of England. Cambridge is an ancient city. The main industries in Cam-bridge are tourism and agriculture. The population is about a hundred thousand. It is a small city. There are a lot of English language schools.

  Where is Cambridge? What kind of city is it? How many people live there? Is it an ancient city? What are the main industries? What kind of schools are there?

 « Тақырыбын  тап». Бір тақырыпқа байланысты белгілі сұрақтар жазып қоямын. Балалар сол сұрақтарға жауап береді және әңгіменің тақырыбын белгілейді.

   Мұғалім: Which class are you in? What is your teacher’s name? What subject do you like?

  «Әңгімені құра». Белгілі бір оқиғалы суретті үлестіріп беремін,кейде сынып тақтасына үлкейтілген түрін іліп қоямын.Суреттің астына сұрақтар жазамын. Оқушылар сол сұрақтарға жауап беру арқылы мәнді әңгіме құрап береді.

  Мұғалім: When was she ill? What was the matter? Did she have a headache in the morning? How long did she sleep? How does she feel today? Why is she staying in bed?

  «Әңгімені аяқта». Тиісті тақырыпқа жазылған әңгіменің бас жағына 2-3 сөйлем өзім жазып қоямын. Оқушы сол әңгімені өзі аяқтау керек.

  Teacher: Which is nearer: Africa or the sun?

  Pupil: The sun.

  Teacher: The sun. Why do you think so?

  Pupil…

«Мақалды тап». «I like this place», said the young man. «Tastes differ. As for me, I prefer the seaside», George smiled at his brother.

 «Полиглот». Аталған мақалдардың қазақша, орысша баламаларын тап.

  1. There is no smoke without fire. Жел соқпаса, шөптің басы қимылдамайды. Нет дыма  без огня.
  2. To make a mountain out of a molehill. Түймедейді түйедей ету. Делать из мухи слона.

Жаңа сөздерді есте сақтау жадысын дамыту бағытында сөзжұмбақтардың

ағылшын тілі пәнінде  қолданудың орны ерекше. Сөзжұмбақтарды әртүрлі бағыттарда қолдануға болады:

  1. жасырылған сөзді тауып, сөйлем құрау;
  2. сөз топтарын тауып содан әңгіме құрастыру;
  3. жаңа сөздердің ішінде сөзжұмбақ етіп жасыруға болатындарын анықтау.

Информация о работе Стандарттық деңгейлеп оқыту және құзыреттілік тәсіл – білікті мамандар даярлаудың шарты