Тəрбие əдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 15:14, реферат

Описание

Тəрбие əдістері –бұл тəрбие көздеген мақсатқа жетудің жолдары, тəсілдері. Мектеп тəжірибесіне орай əдістердің жəне бір анықтамасы – қажетті сапаларды қалыптастыру мақсатымен тəрбиеленушілердің санасына, еркіне, сезіміне жəне қылық-əрекетіне ықпал жасау тəсілдері.

Содержание

1. Тəрбие əдістері мен тəсілдері жөнінде түсінік
2. Сана қалыптастыру əдістері
3. Іс-əрекет ұйымдастыру əдістері
4. Ынталандыру əдістері
5. Педагогикалық қолдау, оның мəні жəне ұйымдастыру жолдары
6. Тәрбие әдістерін таңдау

Работа состоит из  1 файл

реферат Нури.doc

— 110.00 Кб (Скачать документ)

     Үлгі-өнеге - өте əсерлі тəрбие əдісі. Бұл əдіс негізінде жатқан заңдылық: көрумен  қабылданған санада тез əрі жеңіл  бекиді, себебі оны ойланып сөзбен таңбалап не таңбасын ауыстырып жатудың қажеті жоқ. Үлгі- бірінші, ал сөз – екінші сигналдық жүйе деңгейінде əсер етеді. Үлгі еліктеу үшін нақты өрнек беріп, сана, сезім, сенімді белсенді қалыптастырып, іс-əрекетке қозғау салады. «Уағыз жолы ұзақ, үлгі жолы қысқа» - деген байырғы Рим ғұламсы Сенека. Бала өміріндегі тұңғыш жанды өрнек - ата-ана, тəрбиеші, дос-жаран. Əдебиет, фильм кейіпкерлері, тарихи қайраткерлер, ұлы ғалымдар да үлкен тəрбиелік ықпал жасайды. Үлгінің психологиялық негізі – еліктеушілік. Осыған орай бала əлеуметтік жəне инабаттық тəжірибе жинақтайды. Мектеп жасындағы балалар өздері аса ұнатқан адамдарға еліктейді. Сондықтан, баланың адамгершілік дамуына қамқорлық жасауда оның өнегелі ортаға араласуына басты назар аудару қажет.

     Өмір  өнегесі ұдайы оңды болса, тіпті  жақсы, бірақ олай бола бермейді, балаға əсер етуші кері өрнек аяқ астында. Оқушылар назарын өмір, адам келеңсіздіктеріне аударып бару, болымсыз қылықтар салдарын талдап, олардан қорытынды шығару –міндетті шарт. Мезетімен орынды пайдаланған ұнамды үлгі тəрбиеленушіні жаман қылықтан сақтандыруға жəрдем беретінін де ескерген жөн.

     Тəрбие  тəрбиешінің жеке басы үлгі-өнегесіне, оның қылық-əрекетіне, қамқорлығындағы  балаларға қатынасына, дүниетанымына, іскерлігі мен абыройына тəуелді. Ұстаз үлгісінің оңды ықпалы оның сөзі мен ісінің жарасымдылығына, балалардың бəріне бірдей ақ пейілді қатынасына орай арта түседі. Бұл тəрбиешінің беделіне, ол бастаған істің жүйелілігі мен бірізділігіне де байланысты.

     Сонымен, сана қалыптастыру əдістері тұлғаның ізгілену тəрбиесінде маңызды рөл атқарады. Мұндай əдістер түрі: əдептілік əңгімелері, түсіндіру, ұғындыру, əдептілік сұхбаттары, үгіттеу, сендіру, көрсетпе нұсқау, үлгі тəрбие əдістерінің тиімділігі олардың қалай қолданылуына, педагог таңдаған гуманистік бағытқа тəуелді.  

3. Іс-əрекет ұйымдастыру əдістері

     Тəрбие  көзделген əрекет-қылық (поведение) типін қалыптастыруы міндетті. Тұлға  тəрбиелілігі түсінік, ұғымнан көрінбейді, ол адамның нақты іс-əрекетімен бағаланады. Бұл тұрғыдан іс-əрекет ұйымдастыру  мен қылық қалыптастыру тəрбие процесінің өзегі ретінде қарастырылады. Аталған топтағы əдістердің бəрі тəрбиеленушілердің практикалық іс-əрекетіне негізделген. Мұндай іс-əрекетті басқару үшін педагог оны құрамды бөліктерге – нақты істер жəне қылықтарға жіктейді.

     Қажетті тұлға сапаларын қалыптастырудың жалпыланған əдісі – жаттықтыру. Балада қалыптасатын қылық, əрекеттің қай-қайсысы да жаттығып, дағдыланудан. Балаға басқалардың қалай жазатынын əңгімелеп, жазуға, атақты күйші өнерін көрсетіп, домбыра тартуға үйрету мүмкін емес. Тəрбиеленушіні мақсатты бағытталған белсенді əрекетке ынталандырмай, жоспарланған мінез бітісін де орнықтыруға болмайды. Жаттықтыру мəні – талап етілген əрекеттерді көп мəрте қайталаумен автоматты орындалу дəрежесіне жеткізу. Жаттығулар нəтижесі – тұлғаның бекіген сапалары: əдеттер мен дағдылар.

     Жаттықтыру  істерінің тиімділігін келесі шарттар  анықтайды: 1) жаттығулар жүйесі; 2) олар мазмұны; 3) түсініктілігі мен жеңілдігі; 4) көлемі;

  5) қайталау жиілігі; 6) бақылау мен  түзету; 7) тəрбиеленушілердің тұлғалық  сапалары; 8) жаттығулардың орындалу мерзімі мен орны; 9) жеке-дара, топтық, ұжымдық жаттығулар формасы; 10) жаттығу сеп-түрткілері мен оған деген ынта себептері. Жаттығулар жиілігі, көлемі жəне жетіскен нəтижелер арасында тікелей тəуелділік бар: жаттығу неғұрлым көп орындалса, олар жəрдемімен қалыптасушы сапалар дамуы да соғұрлым жоғары келеді. Бұл тəуелділік тұлғалық ерекшеліктерімен реттеліп барады. Бірдей тең деңгейлі сапаны қалыптастыру үшін əр оқушының орындайтын жаттығуларының саны əрқилы: бір бала көзделген сапаға аз санды жаттығудан жететін болса, екінші біреуінде ондаған, жүздеген жаттығу əрекеті қажет. Сапа неғұрлым күрделі келсе, оған байланысты əдеттерді қалыптастырып, тұрақтандыру үшін соғұрлым көп жаттығу орындап, көп мəрте қайталау керек.

     Жаттығулар  жүйесін жоспарлауда тəрбиеші ең алдымен өз тəрбиеленушілеріне қандай дағдылар мен əдеттерді қалыптастыруы қажет болатынын ойластырып алғаны жөн. Жаттығулардың көзделген қылық-əрекетке сəйкес болуы (адекватность) – əдісінен баланың өмірлік қажетті, мəнді жəне пайдалы дағдылары мен əдеттері қалыптасады. Сондықтан жаттығулар қалай болса, солай ойдан шығарылмай, өмірден алынуы тиіс. Бірінші кезекте жалпы адамзаттық ізгілі сапалар тұрғызушы жаттығулар пайдаланылады.

     Тұрақты дағдылар мен əдеттер қалыптастыру үшін жаттығуларды мүмкін болғанша ерте жастан қолданған дұрыс. Жас организм қай əсерді де тез қабылдайды. Əдеттенген адам өз сезімін басқара біледі, құмарлықтарына тоқтау береді, өз ниеттерін басқалар мүдделерімен салыстырып, бағалай алады. ұстамдылық, өзіндік бақылау, ұқыптылық, тəртіптілік, қатынас мəдениеті – бəрі де тұрақтанған əдеттер негізінде туындайтын ізгілі адам сапалары.

     Жаттықтыру  əдістерінің тиімділігіне себепші  маңызды шарттардың бірі- біртұтас жаттығулар жүйесінің біртіндеп  күрделеніп баруы. Кіші сынып оқушыларында мінез-құлық мəдениетін қалыптастыруда келесідей шамалап түзілген ілгерілі жаттығулар жоспарын ұсынуға болады.

     Гуманистік  тəрбиеде де қатаң əдістер қолданылады. Бірақ əңгіме оны қалай пайдалануда. Осындай шешімді əдеттердің бірі – талап. Тəрбие барысындағы талап тəрбиеленуші əрекетінің ынталылығын көтеруге не оны тежеуге қажет талаптар тікелей не жанамалы болып келеді. Тікелей талап – анық, дəл, нақты. Жанамалы талапта əрекетке келтіретін талаптың (кеңес, өтініш, сенім, қолдау, құлақ-қағыс жəне т.б.) өзі емес, ал сол талаптан туындайтын психологиялық жағдаяттар: толғаныс, күйзеліс, мүдде, ұмтылыс. Жанама талаптар арасында аса көп қолданылатындары:

     Кеңес-талап. Бала санасына ықпал жасаумен педагог  қойған талаптың қажеттігін, пайдасын түсіндіреді. Мұндайда кеңестің қабылдануы не қабылданбауы педагог беделіне, оның оқушымен қатынасына тəуелді.

     Ойын  талап. Əрқандай талаптарды қою үшін тəжірибелі мұғалім баланың ойынға құштарлығын пайдаланады. Бала ойынды қызығушылықпен орындай жүріп, өзі  байқамай талаптарды да қабылдайды. Бұл талап əдісінің өте ізгілікті жəне тиімді формасы, бірақ оны қолдануда аса жоғары педагогикалық шеберлік қажет.

     Сенім талап. Мұндай əдіс, əдетте, сыйластық  жайлаған ортада іске асады.

     Өтініш  талап. Педагог пен тəрбиеленуші арасында достық, жолдастық қарым-қатынас болған жағдайда өз тиімділігін береді.

     Үйретіп көндіру – көзделген сапаны жылдам əрі жоғары деңгейде қалыптастыру үшін қолданылады. Кейде бала мұндай талапты ауырсынады, өжеттікпен қарсы шығады. Солай болса да, көндіру баланың өзі үшін қажет. Гуманистік педагогика адам құқына қарсы қатаң əдістерді қолданудан аулақ, дегенмен орынды жерінде бұл əдісті жұмсарта, басқа əдістермен, əсіресе ойынмен бірлестіре пайдаланғанды жөн санайды. Үйретіп көндіру жəне оны ойынмен бірлестіру бала табиғатына сай келеді.

     Үйретіп көндіру тəрбие процесінің барша  кезеңдерінде де тиімді, бірақ бала дамуының алғашқы сатысында əбден қажет. Бұл əдісті пайдалану шарттары:

     1. Тəрбие шарттарын екі тараптың  да анық, дұрыс түсінуі. Егер  тəрбиеші алдына қойған көндіру  мақсатының мəнін, пайдасын жете  пайымдамаса, онда əдіс баланы  түгелдей бағындырумен орындалады. Баланың өзі нені қажетсінетінін түбегейлі түсінген жағдайда ғана əдіс өз нəтижесін береді.

     2. Қандай да талапқа көндіруде,  айтар ойыңызды сөзбен анық, түсінімді  өрнектеңіз, ерекше пікіріңізді  «олай бол да, солай бол» деп  қайырмаңыз. Дұрысы «Көршіңе сəлем  берсең – ол да жылы сəлемдеседі», «Салақтың болашағы жоқ, тырнағы өскен, құлағы кір – адам шоршытады» сияқты насихат жолымен ұғындырған жөн.

     3. Əрбір уақыт аралығына қонымды,  оқушы мүмкіндігіне сай əрекет  жоспарлаңыз. Асығыстық мақсатты  жақындатпайды, керісінше, алыстатады. Алғашында дəл орындауға, кейін тез орындауға үйретіңіз.

     4. Қалай орындалуын, одан болар  нəтижені көрсете біліңіз. Салақтық  пен тазалықты, ұқыптылық пен  салғырттықты нақты мысалмен  көрсете түсіндіріп, бала жанын  қозғаңыз, өз тəрбиесіздігінен ұялып,  оқушыны өзінің келеңсіз əрекетінен жеркенуге мəжбүр етіңіз.

     5. Көндірудің бірізді – параллель  схемасын қолданыңыз. Егер тұлға  сапаларын біртіндеп, кезегімен  тəрбиелейтін болсаңыз – уақыт  жеткізе алмаймыз. Барша сапаларды  параллель де қалыптастырып болмайды. Сондықтан, қай сапалар өзара табиғи байланысты болатынын анықтап, оларды бірқатар тəрбиелеңіз, екіншіде қай сапа қандай қасиетке негіз боларын біліп алып, оларды бірінен соң екіншісін қалыптастырыңыз.

     6. Көндіру тілектестік пен мүдделілікке  негізделген, бірақ бірқалыпты қатаң, үздіксіз бақылау бар жерде нəтижесін береді. Бақылау оқушының өзіндік бақылауына ұласуы қажет.

     7. Көндірудің педагогикалық тиімді  нəтижесі ойынмен бірге келеді. Бала белгілі қағидаларды ойын  барысында еш зорлықсыз-ақ, өз  қалауымен орындайды. Көндіру үшін баланы ойынға тартудың себептері: 1) қажетті іс-əрекет мақсаты оқушылар үшін тартымсыз болса; 2) мақсатқа жету жолы іс логикасына орай баланы жалықтыратын, қолайсыз болса.

     Тапсырыстар беру – балаларды ұнамды қылық-əрекеттерге  жетелеудің тиімді жолы. Тапсырыстар түрі əрқилы: сырқат жолдасынан хабар алып, оның оқуына жəрдемдесу; қамқорлыққа алынған балабақшаға ойыншықтар дайындау; сынып бөлмесін мейрамға безендіру жəне т.б. Қажетті сапаларды дамыту үшін де тапсырмалар қолданылады, мысалы, нақтылығы мен ұқыптылығы кем балаларға – дəл əрі орынды жасау əрекеті, шыдамсыздарға – байсалдылық талап ететін жұмыстарды тапсырып тəрбиелеуге болады. Тапсырыстың орындалуын ежелеп, түсіндіріп жатудың қажеті жоқ.

     Тəрбиелік жағдайлар – арнайы жасалған шарттарға  орай тəрбиеленуші іс-əрекеті мен мінез-қылығын қалыптастыру əдісі. Тəрбиелік жағдайлар (ситуация) тиімділігін көтерудің екі жолын еске ұстаған жөн:

  - жағдай жалған, жасанды болмай, нақты  өмірде кездесетін қарама-қарсылықтары  мен қүрделіліктерден құралуы  тиіс. Тəрбиеші əдейі жағдай туындатушы шарттарды түзеді, ал ситуациялар табиғи қалпында өтуі тиіс. Мектеп өмірі мұндай ситуацияларға бай: «Оқушы – мұғалім», «Оқушы – жол тəртібінің сақшысы», «Оқушы – ертеңгі серуен басшысы» жəне т.б. тосын жағдайлар. Мұғалім ескертпесін күткен тəрбиеленуші оған алдын ала дайындалады, ал əрекет тосын болса, көп жағдайда бала мұғалім айтқанына көнеді. Оқушының тосын қылығына мұғалім кеңпейілділік, қайырымдылық танытуы лазым. Бірақ бұл жағдайдағы басты шарт: бала мұғалім əрекетін дұрыс түсініп, оны əлсіздік, сенімсіздік демей, жоғары адамгершілік тұрғысынан қабылдауы тиіс. Қай жағдайда да мұғалімнің ситуация дамуына тікелей араласпағаны жөн.

     Аталған əдіс басқа тəрбие əдістерінің баршасымен тығыз байланысты.

     Тұлға мінез-қылығын қалыптастыру əдістері тəрбиеде өте қажет. Олардың бəрі тəрбие процесінің өзегін құрайды. Атап айтсақ, бұл əдістер: жаттықтыру, талап, көндіру, тəрбиелік жағдайлар (ситуациялар).  

4. Ынталандыру əдістері 

     Тəрбиеленушіні  белгілі іс-əрекетті орындатуға талаптандыру ниетімен қолданылатын əдістер тобында ынталандырудың орны өз алдына. Бұл əдістің ежелден-ақ мадақтау мен жазалау түрі белгілі. XX ғасыр педагогикасы жəне бір өте əсерлі ынталандыру əдісі – жарыстыру əдісін алға тартып отыр. Кейінгі он жылдықта дəстүрлі ықпал əдістеріне қосымша субъектив-прагматикалық əдістің тиімділігі жариялануда. Ғылыми зерттеулер мен практика нақтылағандай, бүгінгі жастардың ерекшелігі - өмірге болған прагматикалық (пайдакүнемдік) қатынасы. Осыдан қазіргі заман оқушысы өзіне, өз жолдастарына тəрбие маған не береді, неге, қай уақытта ол қажет, одан түсер пайда қандай жəне қаншалықты деген сұрақтарды үстемелеп қоятын болды. Осы секілді пайдакүнемдік – прагматикалық бағытты ескере отырып, кейбір шет ел педагогикалық жүйелері тəрбие процесін тəрбиеші мен тəрбиеленуші арасындағы коммерциялық қатынас сипатында бағалайды. Ал мұндай қатынас өзегі – пайда. Əдіс əлі қалыптасып, ресми қабылданған емес, бірақ тұрмыста тəрбиеші мен тəрбиеленушілер арасында түзілетін келісім-шарттар жүйесімен біртіндеп тұрақтануда.

     Мадақтау  – тəрбиеленушілер əрекетіне  ұнамды баға беру. Мадақтау ықпалы оқушының ұнамды көңіл-күй сезімін көтеруге негізделген. Осыдан да мадақтау балада өзіне деген сенім орнықтырып, жұмысқа деген жағымды көңіл  қатынасын оятады, жауапкершілік арттырады. Мадақтау түрліше орындалуы мүмкін. Олар арасында тəрбие процесінде жиі қолданылатындары – қолдау, қуаттау, алғыс жариялау, құрметті құқықтар беру, мақтау қағаздары мен сыйлықтар беру жəне т.б.

Информация о работе Тəрбие əдістері