Тəрбие əдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 15:14, реферат

Описание

Тəрбие əдістері –бұл тəрбие көздеген мақсатқа жетудің жолдары, тəсілдері. Мектеп тəжірибесіне орай əдістердің жəне бір анықтамасы – қажетті сапаларды қалыптастыру мақсатымен тəрбиеленушілердің санасына, еркіне, сезіміне жəне қылық-əрекетіне ықпал жасау тəсілдері.

Содержание

1. Тəрбие əдістері мен тəсілдері жөнінде түсінік
2. Сана қалыптастыру əдістері
3. Іс-əрекет ұйымдастыру əдістері
4. Ынталандыру əдістері
5. Педагогикалық қолдау, оның мəні жəне ұйымдастыру жолдары
6. Тәрбие әдістерін таңдау

Работа состоит из  1 файл

реферат Нури.doc

— 110.00 Кб (Скачать документ)

     Қарапайымды бола тұра, мадақтау өте жауапкерлі де іс. Мадақ шектен тыс əсіреге айналып кетпей, орынсыз кем де болмауы керек. Санамен сарапталмаған əсіре мадақ баланы бұзады. Осыдан мадақтаудың психологиялық қырлары мен оның салдарын ескерген жөн:

     1. Мадақ-марапат сырттай көзге түсіп,  əйгілену ниетімен емес, мақтаушы мұғалім мен марапатталушы оқушының, яғни екі тараптың бірдей жан дүниелік қалауы мен қабылдауынан болуы шарт.

     2. Мадақтау арқылы тəрбиеленушіні  басқа балаларға қарсы қойып  алмауды да ойластырған жөн.  Сондықтан тек табысқа жеткен  оқушыны ғана мақтап шектелместен, шын ықыласымен еңбектенген, өз ісіне адалдық танытатындардың бəріне де жылы лебіз, мадақ сөзді аянбаған жөн.

     3. Мадақ қолдана отырып, кім, не  үшін, қаншалықты сыйға тұрарлық  екенін сараптауды ұмытпаңыз.  Əсіре мадақ астамшылдыққа апарады.

     4. Əрқандай мадақ жеке тұлғалық  ерекшеліктерді ескерумен беріледі. Өзіне сенімі жоқ, үлгерімі  төмен оқушыны қолдап-қуаттау  қажет. Қандай да ұнамды сапасын  танып, педагог сол арқылы балада  сенім оятады, ұмтылыс пен дербестік,  кедергілерден сескенбеу қасиетін баулиды. Өзіне тəрбиеші, төңірегіндегі адамдар сенімін артқан бала, өз кемшіліктерін де «жүгендеп», оңды жолға түсе бастайды.

     5. Бүгінгі мектеп тəрбиесіндегі  басты міндеттерден жазбау. Мадақтау  мəселесін шешуде өз шəкірттеріңізбен  пікір алысуды да жадтан шығармаңыз.

     Жарыс, бəсеке. Көп бала топтала қалса, сол  бойда өзара бедел таластыра  бастайды. Балалар табиғатына аса  тəн құбылыс – бəсекелестік. Төңірегіндегілер арасында өз беделін танытып, оны  бекіту – əр адамның тума қажеті. Ал бұл қажеттілікті іске асыру басқалармен жарысуды керек етеді. Жарыс нəтижесі баланың ұжымдағы беделін ұзақ уақытқа айқындап, бекітеді.

     Жарыс əдісімен баланың бəсекелестікке деген  табиғи қажеттігін жеке тұлғаға жəне жалпы қоғамға сай қасиеттерді  баулитын тəрбие арнасына бұруға болады. Өзара жарыса жүріп, оқушылар қоғамдық қылық тəжірибелерін тез игеріп, тəн-дене, адамгершілік, эстетикалық сапаларын дамытады. Жарыс əсіресе үлгерімі төмен оқушылар үшін аса қажет: өз нəтижелерін жолдастарының жетістіктерімен салыстыра отырып, өз білімдері мен ептіліктерін көтеруге болған қозғау күш алады, оқуы мен өзіндік тəрбиесіне ден қоя бастайды. Жарыс ұйымдастыру – оңай іс емес: балалар психологиясын жете тану қажет, біртұтас маңызды шарттар мен талаптарды ұстану əрі орындау керек. Жарыс тиімділігі оның ұйымдастырылуында. Бұл үшін жарыстың мақсаттары мен міндеттері айқындалады, бағдарлама түзіледі, баға өлшемдері белгіленеді, жарыстыру шарт - жағдайлары жасалады, қорытынды шығарылып, жеңімпаздар марапатталады. Жарыс өзіне сай күрделілігімен əрі қызықты өткізілуі тиіс. Сонымен бірге жарыс ережелері соңғы нəтижелерді бағалап, салыстыруға келетіндей нақты болғаны жөн. қорытындылау мен жеңімпаздарды анықтау жариялы болып, бағалау өлшемдері қарапайым, баршаға түсінімді болғаны дұрыс. Жарыс бағдары мен мазмұны айқын болуы тиіс. Бүгінгі таңда мектеп тəжірибесінде сынып, мектептің озық оқушысы, пəн білгірі атақтарын алу жарыстары өткізілуде.

     Гуманистік  педагогика жазалауды да жоққа шығармайды, бірақ оның шегін, сипатын, орындалу жолдарын өзгертуді талап етеді.

     Жазалау –келеңсіз қылықтарды шектеп, тежеу  үшін, басқалар алдында, өз тұрғысынан айыбын мойындау сезімін ояту мақсатында қолданылатын педагогикалық ықпал  əдісі. Басқа тəрбие əдістері секілді  жазалау да қылық-əрекеттердің сырттай  себептерінің тұлғалық ішкі ықылас-ниеттерге ауысуына негізделген. Мектеп тəжірибесінде жазалаудың келесідей түрлері қолданылуда; 1) қосымша міндеттер таңу; 2) кей құқықтардан айыру не шектеу; 3) моральдық сөгіс, не айып тағу. Тəрбие барысында жазалаудың келесі формалары қабылданған: жақтырмау, ескерту, сөгіс жариялау, алдын ала сақтандыру, айыпқа сай талап қою.

     Жазалау əдісінің тиімділігін анықтаушы  шарттар төмендегідей:

     1. Оқушы «пір» тұтқан абыройлы  адам тарапынан болған жаза  əсерлі келеді. Келеңсіз қылығы  тек тəрбиеші емес, дос, жолдастарының да жақтырмауына, ескертуіне ұшыраса, айып сезімі күштілеу болады. Сондықтан тəрбиеші ұжымдық пікірге көбірек жүгінгені жөн.

     2. Бүкіл сыныпқа жаза қолдануға  болмайды.

     3. Жаза шешімі қабылданса, ол орындалуы  шарт.

     4. Жаза тиімділігі оның оқушыға түсінімді болып, оны əділ деп қабылдауынан. Өтелген жаза қайтып еске алынбайды, оқушымен қалыпты қатынас жалғасын табады.

     5. Жазала, бірақ оқушының намысына  тиюші болма. Тəрбиеші жазаны  өз жек көргендігінен емес, педагогикалық  қажеттіктен қолданады. «Келеңсіз қылық - жаза» формуласы мүлтіксіз орындалуы шарт.

     6. Жазалау мəселесін шешуде негізінен  келеңсіз қылықтарды, болымсыз мінез  бітістері мен əдістерді шектеу, тежеуге бағытталған тəрбие əрекеттері  тізбегін біртіндеп қолданып, басты, мəні нақты, ұнамды сапаларды орнықтыруға қаратылған іс-əрекеттерге өту қажет.

     7. Жазалау əдісін қолдануға негіз-  дау-дамайлы жағдай (ситуация). Бірақ  көрінген орынсыз қылық пен  ережеден ауытқу жанжал туындатпайды, сондықтан, парықсыз жаза қолдана  беруге болмайды. Жазалау мəселесінде жалпы, барша жағдайға жаза тағайындау мүмкін емес, əрқандай тəртіп бұзу өзінің дара сипатына ие: оны істеген кім, қандай жағдайда болды, себептері не – осы жəйттерді ескерумен жаза жеңіл не өте қатал болуы ықтимал.

     8. Жазалау - өте ауыр да əсерлі əдіс. Жаза таңдаудағы педагог қателігін түзету өте қиын. Сондықтан, жүз берген жағдай жөнінде толық та анық түсінім болмағанша, асығыстықпен жаза қолдануға болмайды. Кері жағдайда жаза өз əділдігі мен пайдасын жоғалтады.

     9. Педагогикалық процестегі жаза – кек алу құралы емес. Балада жазаның оның өз пайдасы үшін қолданылып жатқанына сенім тудырыңыз. əрқандай жаза əр баланың жеке ерекшеліктеріне орай қолданылғаны дұрыс.

     10. Жазаның жеке балаға,оны даралығына  сай қолдануы – əділдіктен ауытқу емес. Бұл өте маңызды проблема. Егер педагог оқушының жеке тұлғалық ерекшеліктеріне мəн беретін болса, жаза да, мадақтау да жікке келеді, ал, егер ол тек келеңсіз қылықтың өзіне мəн беріп, қай тəрбиеленуші тарапынан болғанына назар аудармаса, жаза түрлері жіктелінбей қолданылып, тұлғалық бағыт заңдылығына қайшы келеді. Мұғалім өз педагогикалық позициясын балаларға түсіндіруі шарт, сонда ғана шəкірттер жаза əділдігін мойындайды.

     11. Əрқандай жаза педагогикалық  əдептілікті, жас кезеңдері психологиясын, сонымен бірге тек жазамен істі оңғаруға болмайтынын түсінген жөн. Осыдан да жаза басқа тəрбие əдістерімен бірлікті қолданылады.

     Субъектив – прагматикалық əдіс негізі –  тəрбиесіздік пен білімсіздіктің, тəртіп пен қоғамдық талаптарды өрескел  бұзудың пайдасыз екенін түсінуде. Қоғамдық жəне экономикалық қатынастар баланы ерте жастан қатаң конкуренттік тайталасқа қосып, өмірге тыңғылықты дайындық көруге мəжбүрлейді. Осыдан да нарықтық экономикаға ертерек көшіп, дамыған елдердегі мектептік білім мен тəрбие қарапайым тұрмыс-тіршілік қажетіне (утилитарное) бағытталып, басты мақсат – шəкірттерді оқу орнын бітірген соң жұмыс табу, тіршілік қамын жасауға тəрбиелейді. Біздің өткен кеңестік дəуірдегі тəрбиеміз, керісінше, оқушыға бəрін білдірді, бірақ субъектив – прагматикалық тəрбиені буржуазиялық деп жоққа шығарғандықтан, мектеп түлегі білгенін тұрмыста қолдана алмай, жеке де, қоғамдық та пайдаға жарата алмады.

     Педагогтар  қоғамдық-экономикалық тарығуларды  тəрбие мақсатында қолданады. Алдымен  олар жоғары сапалы мектеп тəрбиесінің əр адамның нарықтық əлеміндегі орны жəне жағдайымен байланысты болатынын баса түсіндіреді, тəрбиесі төмен, білімі кем адамдардың болашақта беделді қызметтен, жоғары жалақыдан жұрдай болатынын, жұмыссыздар қатарында қалуы мүмкін екндігін нақты мысалдармен көрсетеді. Осыған байланысты тəрбие қатаң жеке тұлғалық бағытта жүргізіледі, себебі əр тəрбиеленуші мектеп бітіруде ұнамды пікір, бағамен еленіп, жұмысқа орналасу мен оқуға түсу үшін негіз қалайды. Бұлай болмағанда, жұмыс орындары мен мекеме басшылары оны қызметке алмайды. Егер педагог академиялық табыс, яғни педагогикалық процестегі жетістік əр оқушының қабілетіне байланысты болатынын əрі ол табысты қолға түсіру бала даралығына орай екенін жете түсінсе, оның қолынан болымсыз түлек шықпайтынына кəміл сенуге болады.

     Субъектив – прагматикалық əдістің нақты  іске асыру жолдары төмендегідей:

  - тараптар міндеттері анық көрсетіліп, тəрбиеші мен тəрбиеленуші арасында  жасалған келісім-шарт (контракт);

  - тəрбиешілер жəне ата-аналар ортасында  келісіммен түзілген жеке өзіндік жетілу бағдарламасы (өзіндік тəрбие мазмұны);

  - жеке қызығушылықты арттыру үшін  оқушылар қалаулары бойынша түзілген  төлемді оқу-тəрбие топтары; 

  - құқық бұзуға бейімді балалармен  тəрбие – сақтандыру жұмыстарын  алып баруға арналған «тəрбиешілік топтары»;

  - ең соңғы техникалық құралдар  жəне электронды – есептеу  машиналары жəрдемімен тəрбиеленушілердің  мінез-құлығын, əлеуметтік дамуын  үздіксіз бақылауға алу, яғни  мониторинг жүргізу; 

  - техникалық құралдармен жинақталған  сандық жəне сапалық көрсеткіштер нəтижесі негізінде тəрбиеленушінің жеке-дара даму бағытын анықтап, тұлғаның қажетті қасиет-сапаларын алдын ала жоспарланған арнада тəрбиелеудің «сценариін» түзу;

  - ұдайы өткізіліп тұратын ойын, жарыс, курстарға байланысты əрбір  оқушының тəрбиелік, əлеуметтік кемел, азаматтық дəрежесін анықтау үшін ұйымдастырылатыны тест-байқаулар;

  - тəртіп бұзушыларды жазалау мақсатында  қолданылатын айыппұл төлету, құқықтары  мен еркіндігінен айыру, əлеуметтік-қоғамдық  басымдықтарын (привилегии) алып тастау жəне т.б. секілді шараларды пайдалану.

     Бұл əдіс, əзірше еліміз мектептерінде  кең өріс ала алмай отыр. Дегенмен, тұрмысымызға қарқындай еніп жатқан əлеуметтік жəне экономикалық өзгерістер уақыт оздырмай, тəрбие процесінің маңызды шарттарының бірі ретінде субъектив-прагматикалық əдістің алғы шепке шығуы – заңды күтілетін құбылыс.  

5. Педагогикалық қолдау, оның мəні жəне  ұйымдастыру жолдары 

     Тəрбие  процесінің нəтижелілігі көбіне оған болған педагогикалық қолдаудың  дұрыс ұйымдастырылуына тəуелді. Мұндай қолдау бүгінгі таңда төмендегідей қарастырылады:

  - нақты адамға оның денсаулығы  мен психикалық қалпына, оқуына, тұрмыстық əрі кəсіби бой тіктеуіне  кедергілердің алдын алу жəне  нақты іс-əрекеттік көмек көрсету; 

  - адамның жеке басы ерекшеліктерінің  орнығу процесін қамтамасыз етуге бағытталған педагогикалық қызметтер;

  - ауытқуға бейім қылық-əрекет қиыншылықтарын  жеңуге бағытталған ықпалдасты  əрекеттердің ерекше түрі;

  - келеңсіз мінез əрекеттеріне  бейім жас өспірімге нақты  жекеленген жəрдем беру;

  - баланы басшылықты жетекке алу;

  - тəлім-тəрбие мекемесінің педагогикалық  қолдау проблемасын өзінің өмірлік  принципіне айналдыруы;

  - балалардың өзін-өзі тану шартына  айналып, оқу мен тəрбие шеңберін  үйлестіруге бағытталған мұғалім  мен оқушы ықпалдастығын күшейте түсу.

     Педагогикалық қолдау – бұл: а) тəрбиеленуші сенімінен  шығу; б) көбіне педагогикалық қолдау қажеттігін өзі сезбейді, бірақ оған мұқтаж болған тəрбиеленушілерге қол  ұшы жəрдемін беріп, қолдап-қуаттау.

     Педагогикалық қолдау мəні: жайма-шуақ психологиялық жағдай жасау; тұлғаның өз бойындағы мүмкіндіктерін өзінше іске асыруына шарт-жағдайлар түзу; өз қадір-қасиеті мен ар-намысын сақтап қалуға жəне ұтымды нəтижеге жету жолындағы кедергілерді бірлікті жеңіп бару; «жəрдем бер» деп алақанын ашық жайып отырғанға ғана емес, достық ықылас-ниетке мұқтаж болғанның бəріне көмек көрсету; əрқандай тəрбиешінің өмірдегі өз орнын табуға құштарлық білдірген тəрбиеленуші проблемаларын өз назарында ұстай білуі; тəрбиешінің кəсіби деңгейінің жоғары болуы.

     Педагогикалық қолдаудың көрініс формалары – жылы лебіз; құлақ сала білу, қажет болса – кеңес беру; тəрбиеленушіге сенім; оның құқығын қорғау; тəрбиешінің балаға болған қамқорлық қатынасы; шəкірттің қандай да табысын көре танып, оған ұнамды баға беруден жалықпау жəне т.б.

     Педагогикалық қолдау 1) тəрбиеленушілердің баршасына  бағытталып, оларға деген қамқорлық  пен сенім қатынасында көрінумен  өзара сыйластық, түсіністік, қызметтестік көңіл-күй жағдайын түзуге көмегін  тигізеді; 2) жеке тұлғаға бағытталып, оның дамуына, білім игеруіне, тəрбиелілігіне, өз басы проблемаларын шешуге жəрдем көрсетіп, азаматтың өзгерістерін диагностикалап баруға мүмкіндік береді.

     Жеке  тұлғаға арналған педагогикалық  қолдаудың мазмұны – адамды алда көздеген нəтижелерден алшақтататын кедергілерді жеңу жолдарын қамтиды. Мұндай кедергілердің түрі:

Информация о работе Тəрбие əдістері