өздік жұмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 11:42, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасының бүкіл әлемдік білім кеңістігінен өз орнын алуы-үлкен әлеуметтік және саяси мәні бар мәселе. Осыған байланысты егеменді еліміздегі жалпы білім беретін мектептердің алдына жауапты да, абыройлы міндеттер қойылып отыр. Солардың бірі – оқушыға өз бетімен жұмыс істете отырып білім алудың - қарапайым дағдыларын менгерту, алған білімді біліктілік дәрежесіне көтеру.

Оқушыға өзбетімен жұмыс істетіп, дағдыны жүйелі жүргізілетін жұмыстардың нәтижесінде қалыптастыру. Атап айтқанда, бастапқыда жеңіл, кейін біртіндеп күрделі тапсырмаларды орындау барысында салыстыру, қорытынды жасау, түрлі жағдайда өздігінен ойлау процестерінен өтеді.

Содержание

КІРІСПЕ 3

1. ӨЗДІК ЖҰМЫС – ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ

ЖОҒАРҒЫ ФОРМАСЫ

1.1 Өздік жұмыстың анықтамасы 7

1.2 Өздік жұмысқа қойылатын негізгі талаптар 8

1.3 Өздік жұмысқа оқытуда сыныптан тыс жұмыстың

салыстырмалы сипаттамалары 10

2. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА

ӨЗДІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК

ІС-ӘРЕКЕТІ

2.1 Озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерінен оқушыларды

өздік жұмыс жасауға үйрету жолдары 14

2.2 Оқушылардың өздігінше жұмысын ұйымдастырудағы

мұғалімнің рөлі 22

ҚОРЫТЫНДЫ 27

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28

Работа состоит из  1 файл

өздик жумыс.doc

— 133.50 Кб (Скачать документ)

     Басқаша айтқанда, осылайша түсінілген өзіндік  жұмыс бейнесінің сыныптан тыс, үй жұмысынан  ажырататын ерекшелігі: оның негізінде  әрқашан да оқушы үшін жаңа материал, жаңа танымдық міндеттер жатады. Жоғарыда аталған сыныптан тыс жұмысқа қойылатын талаптардың екіншісі, сондай-ақ өзіндік жұмыстың іс-әрекеттің өзгеше түрі ретіндегі ерекшелігімен сәйкес келеді. Бұл жерде тек ұйымдастыру формасы ғана емес, жаңа материалды игерудің өзі, яғни, еңбек қауыртты, мақсатты бағытталған, оқушыны баурап алатын тартымды болуы керек. Мысал ретінде шахмат ойнауды жаңадан бастаған шахматшының өз бетінше шахмат партиясын талдауы бола алады. Әрине, мұндай өзіндік жұмыспен бәрі айналысады деп үміттенуге болмайды, бірақ онымен әуестенген оқушылар үшін жағдай мен алғышарт тудыру сөздің тура мағынасында, дамыта оқытудың көрінісі блоып табылады.

     Оқушылардың өз еркімен, белсенді қатысуын талап  ету, пән аралық байланысты енгізудің  орындылығы сияқты, оқу іс-әрекетінің түрі ретінде өзіндік жұмысқа  да қатысты. Сыныптан тыс жұмысқа қойылатын бұқаралық талабы, яғни, оқушылардың мысалы, үйірмелерге, театр-студияларға қатысу сипаты өзіндік жұмыс үшін өзгеретіні көрсеткішті. Ол басым жағдайда оқушының даралық жұмысын ұсынумен алмастырылады. Бірнеше балалардың өзара ауыз бірлігі  бойынша, іштей келісім, тілегі бойынша, мұндай жұмыс ұжымдық та бола алады, мұның өзі оның пәндік, тұлғалық жақтарынан нәтижелілігін арттырады. Осылайша түсінілген өзіндік жұмыс- оқушының сыныпта және сыныптан тыс сабаққа дайындалу кезіндегі алған білімдерін толықтыратын, содан кейін кеңітетін және тереңдететін даралық жоспар бойынша жұмыс формасы деп ұйғаруға болады. 

1.3 Өздік жұмысқа оқытуда сыныптан тыс жұмыс түрлерінің салыстырмалы сипаттамалары.

      Оқушылардың өзіндік жұмыс істеуге  қабілеттерін қалыптастыру міндетін орындауда бүкіл педагогикалық ұжым үшін проблема туындайды. Ол осы жұмыс мазмұнына оқушыларды мақсатты түрде, әсіресе, бастауыш сынып оқушыларын оқытуда болып табылады. Оқытылушылардың өзіндік жұмыстарының ерекшеліктерімен олардың үй жұмыстары, сыныптық, сыныптан тыс жұмыстары, яғни, олардың барлық сабақтан тыс жұмыстарының барлық түрлері салыстырылуы мүмкін. Олардың барлығы қандайда бір континум құрайтыны айқын (қандайда бірізділік), оның полюстері бір жағынан оқушының сыныптық жұмысы, ал келесі жағынан- оқу іс-әрекетінің өзіндік ұйымдастырылу жоғарғы формасы ретінде оның өзіндік жұмысы сияқты берілуі мүмкін (кесте1).

    Оқу жұмысының түрлерінің талдауы келесіні көрсетеді: өзіндік жұмыс іс-әрекет тәрізді оқушының өзінің танымдық қажеттілігімен, өзін-өзі бақылауымен, өз жұмыс тәртібімен, оны орындау орны мен уақытын таңдаудағы еркіндікпен сипатталады. Атап өтететін жайт, осылайша түсінілетін өзіндік жұмысты ұйымдастыру формалары мен әдістемелері әлі де толықтай жетілдірілмегенімен де, осы аймақтағы зерттеу материалдары әлден осы проблемаға деген келістің негізін анықтауға мүмкіндік береді. Ұсынылып отырған өзіндік жұмысты оқу іс-әрекетінің ерекше түрі ретінде қарастыру келісі дамыта оқыту принциптеріне сүйенеді. Бұл оқушылардың өзіндік жұмысы- олардың пәндік құрамдастығын арттырумен қатар олардың осы іс-әрекет субъектісі ретінде тұлғалық дамуына ықпал етуі керек деп ұйғарады.

    Математиканы  оқытуда алға қойған негізгі бағыттардың  бірі- оқушылардың таным белсенділігін  арттыру. Оқушылардың ой-өрісінің, белсенділігінің, ізденімпаздығының арта түсуі, олардың өздігінен ізденуін, ойлауын, өз бетімен қорытындылар жасай білу қасиеттерін дамытады.

    Оқушылардың оқудағы танымдық ізденімпазды мен белсенділігін қалыптастыру проблемаларын іс-жүзінде шешудің әртүрлі жолдары бар:

    - танымдық іс-әрекеттің дербестігін қалыптастыратын өзіндік жұмысты ұйымдастыру мен оқу міндеттерін іріктеп шешу;

    - танымдық іс-әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру;

    - іс-әрекеттің бағдарланушылық негізін құрайтын жалпылама білімдер енгізу;

    - оқу іс-әрекетін өздігінше бақылауды дамыту;

    Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытпай, оқытудың интенсивтендіру процесін жүзеге асыру  мүмкін емес екені іс-жүзінде белгілі. Танымдық қызығушылық белгілі компоненттерді қамтитын динамикалық жүйе. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын анықтаудың негізі, мұғалімнің белсенділігі мен пәнге деген қызығушылығы  және педагогика мен психологияның проблемаларына дұрыс бағдар беру болып табылады. Оқушылардың оқу танымдық іс-әрекеттің формаларының бірі - өзіндік жұмыс. Қазіргі кезде негізгі талап- оқушылардың белсенді іс-әрекетін сезімін оята отырып, оларды басқара білу. Оқушылардың өз бетінше іздену арқылы білімін көтеруі, біліктіліке талпынуы, ептілікке дағдылануы оқу процесінде белсенділігін арттырудың бір жолы екендігі ертеден белгілі.

    Өзіндік жұмыс – оқушылардың ойлау  қабілетін, ақыл ой және іс-тәжірибесінен  туындайтын оқу, тану әрекеті. Өзіндік  жұмыстың  әртүрлі жіктеулерін  келтіруге болады:

    1.Дидактикалық  мақсаттары бойынша: оқып үйренетін,  тексеретін, алынған білімді баянды ететін және т.б.

    2.Даралау  дәрежесі бойынша мазмұны әртүрлі  бірақ бірдей тәсілмен орындалатын;  мазмұны әртүрлі және әртүрлі  тәсілдермен орындалатын.

    3.Білім  материалдары бойынша: оқулықпен  және оқу әдебиеттерімен жұмыс,  есептерді шешу және салыстыру, лабараториялық және графикалық жұмыстар.

    4.Оқушылардың  ізденімпаздық дәрежесіне байланысты  жұмыстар және т.с.с.

    Осы жіктеулерге сәйкес оқу процесінде өзіндік жұмыстардың 4 түрі қарастырылады. Олар мыналар:

  1. үлгі бойынша орындалатын;
  2. реконструктивті- вариативтік;
  3. жаңалық ашатын;
  4. шығармашылық.

     Бірінші жұмысты орындаған кезде оқушы  көрсеткен үлгі бойынша, белгілі  бір іс-әрекеттің жолын ұғынады. Тапсырмаларды нұсқаулар, белгілі  формулалар, теоремалар арқылы орындайды. Реконструктивті- вариативтік өздік жұмыстар оқушылардың алған білімін қолдануға ынталандырады, сонымен қатар білімі тереңдей түседі. Тапсырмалар тек шешімнің жалпы принциптерін ғана көрсетеді. Мысалы: «1кг мақта ауыр ма, 1кг темір ауыр ма?», «Әтеш бір аяқпен тұрса 2.5 кг, егер екі аяқпен тұрса неше кг болады?»

       Шығармашылық өзіндік жұмыстар  оқушылардың математика пәніне  деген ынтасын қалыптастырады, оқушыға  деген көзқарасын өзгертеді, математикалық  ой-өрісін дамытады. Өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда мұғалімдер мынандай шарттарды қолдануы жөн:

     1. өзіндік жұмысы барысында орындалатын есептердің мазмұнын оқушы түсінуі керек.

     2. оның орындалуы жайлы оқушыларға нұсқау беру керек.

     3. жұмыстың орындалуын қадағалау керек

     4. өзіне - өзі талдау жасау, байқау

     5. оқушылардың жұмысын тексеру, қателерін анықтау.

     Оқушылардың оқу- танымдық іс- әрекеттің нәтижесі – олардың білімді өзбетінше  талдап және бір жүйеге келтіре алатын тапсырмаларды орындауы болып табылады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА  МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ӨЗДІК ЖҰМЫСТЫ  ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК ІС- ӘРЕКЕТІ

         2.1 Озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерінен оқушыларды өздік жұмыс жасауға үйрету жолдары.

      Оқушылардың өздік жұмыстарын  тиімді ұйымдастыру сабақ сапасының  артуына септігін тигізеді. Теориялық  білімнің терең бекіп, жүйелі  қалыптасуына өздік жұмысқа берілетін есептер мен жаттығулардың дұрыс таңдап алынып, құрастырылуына байланысты болады. Өздік жұмыс кезінде оқушылар оқулықпен және дидактикалық материалдармен, түрлі анықтамалық кітаптармен, газет-журналдармен жұмыс істеуге үйрене бастайды. Өздігінен білім алуға талпынады. Жұмысы нәтижелі болса, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады.

    Өздік жұмыстар ұйымдастыруда мынадай  талаптар орындалуы қажет:

    1.Өздік  жұмыстың мазмұны бағдарламаға  қойылатын талаптарға сәйкес  келуі керек.

      2.Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиісті.

    3.Өздік  жұмыстар түрі және мазмұны  жағынан әр түрлі болуы керек.

    4.Әрбір  өздік жұмыс тексеріледі және  бағаланады.

    5.Өздік  жұмысты тек қайталау кезінде  ғана жүргізбей, сабақтың барлық  кезеңдерінде, орынды жерінде өткізу керек.

    Математика  пәнін оқытуда өздік жұмысқа  көп көңіл бөлу қажет. Әр түрлі  жаттығулар орындау барысында математикалық  түсініктер бекітіледі, есептеу дағдылары  қалыптасады, геометриялық фигураларды  сыза білуге, оқушылардың кеңістік жөніндегі көзқарасы дамиды, өз білімін өмірде пайдалана алуға үйретеді. Өздік жұмыс ұйымдастыру формасы мынадай: жеке оқушымен топпен жұмыс барлық оқушымен болады.

    Өздік жұмыстардың негізгі түрлері: оқулықпен  жұмыс, жаттығулар, практикалық және зертханалық жұмыстар, тексеру, бақылау жұмыстары, сын жұмысы, шығармашылық жұмыстар, рефераттар мен баяндамалар жасау, тәжірибе жасау, тест жұмысын орындау болып табылады.

    Мен өз баяндамамда өздік жұмыстар өткізу үшін жасалатын әртүрлі карточкалармен тапсырмалар туралы сөз етпекпін.

    Орташа  оқитын оқушылар үшін үлгі-карточкалар  жасаймын.

    1. Мысалы: 4-сыныпта «Тез есептеп үйрен»

    (490/7*5+10)/9*3      (70*8+70)/9*3/7       280/7*4/2*3/6

    Осындай үлгі карточканы әр тақырып бойынша  жасауға болады.

    2. Карточканың 2-ші түрі "шығаруды аяқта" деп жеке параққа есептің басын шығару, қалғанын оқушы аяқтайды.

    Мысалы:    6ц 20кг + 3ц 80кг =  ...ц 100кг

     2м 4дм 3см + 3м 5дм 6см = ...м 9дм 9см

    1000 – 380 = ...20

    3.Теңдеуді  шешкенде, мысалды шығарып, жауабын  жазып, тек теңдіктің екі жағын  теңестіруді өздік жұмыс ретінде беруге болады.

    Мысалы: х : 9 = 187      х = 9 * 187

                х = 1683      1683 : 9 = 187      187 = 187

     4.Тест  жұмысын жүргізгенде, мен перфокартаны  пайдаланам, оның өлшемдері 20*13  N- тапсырмалар саны;    a, b, c, d- жауаптар. Берілген нұсқаны тақтаға немесе плакатқа жазамыз. Көбінесе, бір нұсқада орындаған қолайлы. Перфокартаның сыртын целофанға жазады, тапсырма орындалып болғаннан кейін, өшіріп тастаймыз. Сонда перфокарта келесі өздік жұмысқа дайын болады. Жауаптардың дұрыстығын тексеру үшін мұғалімде жауабы жазылған 1 перфркарта болады. Немесе барлық тапсырманың жауаптары бір бағанда болса, мұғалімге тексеру жеңіл болады.

        N      a      b      c      d
        1        +    
        2        +    
        3        +    

         B жауаптар дұрыс

     5.Сәйкестік  тест жүргізгенде, әр оқушыға  жеке карточка жасап таратылады. Немесе, жалпы сыныпқа арналған, тақтаға ілу үшін, бір үлкен  плакат жасалады. Онда оқушыларға  жалпы тапсырма беріледі, ауызша  мысалдар шығарылады.

     6.Тақырып бойынша бақылау жұмысын жазғанда, жіберілген қателермен жұмыс жасаймыз. Қате жіберілген тапсырмаларға ұқсас мысалдар алып, нұсқалар бойынша жаттығулар жасаймыз, оқулықтан ережелерді іздеп, тауып, оқуға тапсырма беріледі, оқушы өз қатесін тауып алады. Өздік жұмыстар әр сабақта міндетті түрде жүргізіліп отыруы қажет.

     7. Бұл жеке, топтық және түгел сынып оқушыларымен жүргізіледі. Топтық болғанда 4 оқушы бір топ, немесе 3 қатар болса, 3 топ деп алып, әр топқа жеке тапсырмалар беру керек. Әр топтың бір басшысы болады – үлгерімі жақсы оқушы. Ол білмегендерге кеңесін беріп, көмектесіп отырады. 2 топ бойынша өздік жұмыс істегенде, әр топ келесі топқа өз сұрақтарын кезекпен қояды. Мұнда оқушылар үйде өз бетімен сұрақтар, сызбалар, карточкалар, плакаттар, суреттер, сөзжұмбақтар дайындап әкеледі. Сұрақтың жауабын өздері біліп, дәптерге не бір параққа жазып қояды.

     8.Оқушыларға  өздік жұмыс ретінде тарихи  материалдардан баяндамалар, рефераттар, жасауды тапсыруға болады. "Қызықты  есептер", "Логикалық есептер"  деген реферат жасату т.с.с. өздік жұмыс жүргізуге болады.

Информация о работе өздік жұмыс