Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 11:42, курсовая работа
Қазақстан Республикасының бүкіл әлемдік білім кеңістігінен өз орнын алуы-үлкен әлеуметтік және саяси мәні бар мәселе. Осыған байланысты егеменді еліміздегі жалпы білім беретін мектептердің алдына жауапты да, абыройлы міндеттер қойылып отыр. Солардың бірі – оқушыға өз бетімен жұмыс істете отырып білім алудың - қарапайым дағдыларын менгерту, алған білімді біліктілік дәрежесіне көтеру.
Оқушыға өзбетімен жұмыс істетіп, дағдыны жүйелі жүргізілетін жұмыстардың нәтижесінде қалыптастыру. Атап айтқанда, бастапқыда жеңіл, кейін біртіндеп күрделі тапсырмаларды орындау барысында салыстыру, қорытынды жасау, түрлі жағдайда өздігінен ойлау процестерінен өтеді.
КІРІСПЕ 3
1. ӨЗДІК ЖҰМЫС – ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ
ЖОҒАРҒЫ ФОРМАСЫ
1.1 Өздік жұмыстың анықтамасы 7
1.2 Өздік жұмысқа қойылатын негізгі талаптар 8
1.3 Өздік жұмысқа оқытуда сыныптан тыс жұмыстың
салыстырмалы сипаттамалары 10
2. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА
ӨЗДІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК
ІС-ӘРЕКЕТІ
2.1 Озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерінен оқушыларды
өздік жұмыс жасауға үйрету жолдары 14
2.2 Оқушылардың өздігінше жұмысын ұйымдастырудағы
мұғалімнің рөлі 22
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28
9.Тақтада мынадай өздік жұмыс өткізуге болады. Екі оқушыны тақтаға шығарып, бір тапсырма беру, кім дұрыс әрі тез шығарады.
Мысалы: Сан қатарларын әрі қарай жалғастыр –
1) 1, 3, 7, 13, 21, 31, ... 2) 3, 4, 7, 12, 19,28, ...
10.Өздік
жұмыс жасауға үйрету
М.М Жанпейісованың технологиясы бойынша әр түрлі деңгейдегі карточкалар дайындап, өз сабақтарымда қолдандым, "Δ" –белгісі бар карточка "3" деген баға, "□" – белгісі "4", "O" – белгісі "5" деген бағаны көрсетеді, егер оқушы осы тапсырманы орындаса, сәйкес бағасын алады. Немесе "сары" - "3", "жасыл" – "4", "көк" – "5" деген карточкалар жасалады.
1 –
деңгей сұрақтары едәуір
2 –
деңгей сұрақтары ақпаратты
3 –
деңгей сұрақтары тақырып
Оқушылардың сабақта өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін математика кабинетінде дидактикалық материалдарды, үлестірмелі материалдар, баспа негіздегі дәптерлер т.б. оқу құралдары жинастырылуы керек. Дегенмен, оқушыларға оқулықпен жұмыс істеуді үйретудің орны ерекше.
Барлық ғылыми- техникалық білімнің
көзі – кітапқа, оның ішінде
оқулыққа оқушылардың
Сондықтан мұғалім математика оқулығының, басқа оқу құралдарымен салыстырғандағы жетістіктері мен кемшіліктерін, методикалық құралдарда ұсынылатын кейбір қағидаларды қолдану ерекшеліктерін жақсы білуі тиіс. Сонымен бірге ғылымның дамуын көрсету үшін, оқушыларға жеке ықпал жасауы үшін оқу материалын ғылыми – методикалық және ғылыми - бұқаралық әдебиеттердегі материалдармен ұдайы сабақтастыра оқытып отырса нұр үстіне нұр. Әр сынып оқулықтары қажетіне қарай орындалуға тиісті жаттығулармен, есептермен, практикалық тапсырмалармен, суреттермен, графиктермен қамтамасыз етілген. Методикалық тұрғыда бұлар өзін - өзі ақтаған материалдар, сондықтан оларды оқу процесінде тиімді пайдалану керек.
Оқушыларды оқулықпен жұмыс істеуге үйрету үстінде математикалық тексті талдау, ең маңыздысын бөліп көрсету, оларға сұрақ қоя білу, сұраққа жауап бере білу, жауаптардың жоспарын жасау, таблицалар мен суреттердегі қажетті мәліметтерді іздей білу, сызбаларды оқи білу сияқты маңызды мәселелердің назардан тыс қалмауы керек. Тексте баяндалған мағлұматтарға зейін қоя білу, параграфтың соңында берілген немесе мұғалім қойған сұрақтарға текстен жауап іздеу, графиктер мен таблицалардан мәліметтер ала білу, алфавиттік көрсеткіштерді пайдалану сияқты оқулықпен жұмыс істеудің алғашқы машықтары 4-5 сыныптарда қаланады. Айтып беруге тиісті материалдың жоспарын құруды үйрету ісін алдымен мұғалімнің басшылығымен және көмегімен сабақ үстінде бастаған жөн. Бұл оқушылардың математикалық тексті зейін қоя оқу, оқығандарын ой елегінен өткізіп, талқылау және ой түю машықтарын шыңдауға көмектеседі. Ал оқу материалының жоспарын құру оқушылардың аналитикалық – синтетикалық қызметін дамытып, текстегі ұғымдардың арасында байланыстар орнатуға машықтандырады. Осыған орай, оқулықтағы теориялық материалмен жұмыс барысында мынадай тапсырмаларды орындатады:
1)анықтамамен жұмыс істеу: анықтаманы оқу;
2)жоспар
бойынша оқығандарды айтып
3)сұрақтарға жауап беру;
4)тексті
оқу, ондағы ең маңызды
5) тексті оқу және жоспар құру;
6)
оқулықта берілген материал
Бұрыш – геометриялық фигура; бұрыштың белгіленуі, беттестіру арқылы бұрыштарды салыстыру, бұрыштардың теңдігі, бұрыштың төбесінен жүргізілген сәуле, бұрышты қақ бөлетін сәуле, бұрыштың биссектрисасы. Оқулықта келтірілген материалдарды немесе тарихи мағлұматтарды пайдаланып, математикалық шығарма немесе мазмұндама жаздырудың орны ерекше. Мәселен, 4 сыныпта,»Жай сандар», «Табиғаттағы симметриялар» тақырыптары бойынша шығарма жаздыруға әбден болады.
Оқулықпен жұмыс істеген кезде олардың оқушыларды кітаптың мазмұны және атау көрсеткішімен таныстырудың зор мәні бар. Бұл үшін алдымен оқулықтағы қажетті материалды көрсетуді оқушылардан талап ететіндей жағдайды әдейі туғызады. Мәселен, «Теңдеулер мен теңсіздіктер» тақырыбын өткеннен соң оқушыларға «теңдеу дегеніміз не?» деген сұрақ қойылады. Бұл сұраққа жауап бере алмағандарға оқулықтың мазмұнын «Теңдеу» тақырыбын тауып, теңдеу деп қандай өрнекті айтатынын оқып шығуды ұсынады. Кітап оқығанда суреттермен, таблицалармен немесе графиктермен жұмыс істеудің рөлі ерекше. Олар көп ретте есептің шешуін оқушылардың өздігінен табуына және теориялық есептерден қолданымды есептерге көшуге көмектеседі. Ұғымдарды дұрыс меңгеріп, түсіну үшін оқушылар әрдайым сөздіктерден, анықтамалардан қажетті терминдердің мән-мағынасын өздігінен іздеп табуға машықтануы керек.
Оқушыларды кітаппен жұмыс істеуге үйрету ісі тек ұдайы жүйелі жұмыс жүргізгенде ғана өз жемісін береді. Оқушылардың үйде өздігінен жұмыс істеуі математика курсын игеру процесінің маңызды да қажетті бөлігі. Үй тапсырмасының тиімділігін арттыру үшін оқулықтың тиісті параграфын оқытумен, есебін шығарумен шектелмей, керісінше, оны түрлендіріп отыру қажет. Үй тапсырмаларының тиімділігінің басты шарты – барлық оқушының тапсырманы ұқыпты да сөзсіз орындауы. Бұл тапсырманы орындаудағы дербестіктің деңгейін үйге берілетін есептерге ұқсас есептерді сыныпта шығару, үйге тапсырылған материал бойынша математикалық диктант, конспекті жаздыру және т.б жолдармен анықтайды.
Оқушыларға шамадан тыс тапсырма беріп қиындық туғызбау үшін үй тапсырмасының мазмұнын толық, әрі анық тұжырымдап, кездесетін қиындықтарды атап айтып, оларды меңгеруді жолдарын көрсетіп отырған пайдалы. Егер мұғалім сыныпта өткен материалды оқулықпен немесе ондағы қосымша мағлұматтармен байланыстырмаса, сыныпта шығарған есептерге ұқсас есептер бермесе оқушылар сөзсіз қиындыққа ұшырайды.
Жалпы сыныпқа ортақ тапсырмалармен бірге, оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес тапсырма берудің маңызы зор. Математикаға ерекше икемі бар оқушыларға әр түрлі тақырыпқа творчестволық тапсырмалар беріп, зерттеу сипатындағы есептер шығарғанда, баяндама немесе рефераттар жазғанда ерекшк қамқорлық көрсетудің орны бөлек. Үйге берілетін тапсырманың көлемі мен сипаты әрбір жеке жағдайға байланысты оқу жоспарымен анықталып отырады. Дегенмен, үйге тапсырманың шамадан тыс берілуі оқушыларды жалықтырып жіберу немесе уақытын көп алуы мүмкін. Дұрыс ұйымдастырылған үй тапсырмасы оқушылардың жауапкершілігін арттырып, өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастырады. Оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарының бірі – творчестволық жұмыс.
Математикадан өздігінен творчестволық жұмыс орындау оқушылардың пәнге ынтасын арттырып, ізденгіштік қасиеттерін тәрбиелеп, математикалық ой өрісін дамытады. Творчестволық жұмыстарды орындау барысында оқушы оқып үйренген теорияның не есептің жаңа қырларын ашады, өз ой-пікірін айтады, табылған мәләметтер бойынша байсалды қорытынды жасауға үйренеді. Мұның өзі оқу процесінде оқушылардың творчестволық қызметінде ерекше мән беру қажеттігінкөрсетеді. Әдетте, оқушылардың творчестволық жұмысына мынадай жұмыстар жатады: 1) үйреншікті тәсілдерді қолданбай есеп шығару немесе теоремены дәлелдеу; 2) бір есепті бірнеше тәсілмен шығару; 3) есепті не мысалды оқушылардың өздеріне құрғызу; 4) математикалық шығармалар жаздыру; 5) оқушыларға баяндама және реферат даярлату және т.б.
Оқушылардың творчестволық қызметінің дамуына мәліметтері құбылмалы тапсырмалардың атқаратың ролі зор. Себебі, мәліметтері құбылмалы тапсырмалар дербестікті, ізденуді талап ететін творчестволық танымдық қызметінің элементтерінің қамтиды. Мәселен, 4 сыныптың оқушылыранан творчестволық қызметті талап ететін мына есепті қарастырайық.
Есеп. Мектеп оркестрі үшін 2 қобыз, одан 6 есе артық домбыра алынды. Сұрақ қойып, есепті шығарыңдар.
Бұл есепке оқушылар екі сұрақ қоюы мүмкін: 1)Мектеп оркестрі үшін қанша домбыра алынды? 2)Оркестрге барлығы қанша аспап алынды?
Егер есепке 2-сұрақ қойылса, ол екі тәсілмен шешіледі.
Тәжірибиенің көрсетуінше, мұндай есептерді шығарту олардың мәліметтерінің арасында байланыстар орнатуға, талқылауға, ойлауға, қорытынды жасауға мүмкіндік туғызады. Мұның өзі творчестволық қызметке тән сипат.
Орындалу уақыты жағынан творчестволық тапсырмалар әр түрлі болады. Осындай тапсырмалардың бірі математикалық шығармалар жаздыру.
Егер
оқушы математикалық шығарма
жазғанда ізденгіштік танытса, қайсібір
фигураның қасиеттерін
Сонымен
бірге, ғылымда бұрынан белгілі,
бірақ программада жоқ
Математикалық шығарма жазу оқушылардан: 1)қосымша әдебиеттер оқуды; 2) оқыған материалдарды қорытуды; 3) жазба тілдің қалыптасуын; 4) жазғандарын көркемдеуді талап етеді.
Сондықтан мұғалім қажетті әдебиеттердің тізімін оқушыларға берумен бірге, оларды зейін қоя оқуға, оқыған материалдарын өз сөздерімен конспектілеуге, түсінді мәселелерін бөліп алуға, оларды рет-ретімен жазбаша баяндауға баулыған жөн.
2.2 Оқушылардың өздігінше жұмысын ұйымдастырудағы мұғалімнің ролі.
Өндіріс процестерінің дамуы, өндірістің жеке сұраныстарға қарай бағытталуы түптеп келгенде еңбек мазмұны мен қызметкерлер біліктілігіне деген талапты да күшейте түспек. Жаңа жағдайдағы жұмыс тиімділігін арттырудың маңызды шарттарының бірі-бұл оқушылардың дербестігі дер едік. Бұған мектепте ерекше мән берілуі тиіс.
Бұл проблема әрқашан да мектеп назарынан тыс қалып көрген емес. Аталмыш жұмыстар барлық пәндер бойынша жүргізіледі, дербестік аспектілер, сондай-ақ, психологиялық-педагогикалық зерттеулерде кеңінен қарастырылған. Әйтсе де, процесі мен технология барысында дербестікті қалай, қай кезде пайдалану қажет-бұл мәселе әлі толық шешімін таппаған. Мысалы, Қазақстан Республикасында бұл оқу пәні енгізілгеннен бері оқушылардың технологияны үйрену барысындағы дербес жұмыстарының өзгелерге ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктерін байқауға болады. В.А.Перов, В.Ф.Клим, И.Н.Яровой, Н.Т.Малюта, В.И.Рыбенцев еңбектерін талдау да осы пікірімізді айғақтап түспек.
Осы проблеманы зерттеу үстінде біз екі бірдей мәселеге кезігіп отырмыз:
2)
дербес жұмысты ұйымдастыру
Аталмыш мәселелердің теориялық жағынан негіздеп алмай алда тұрған проблеманы ойдағыдай шешу де мүмкін емес. Сондықтан, зерттеуіміздің алғашқы қадамы ретінде "дербес жұмыс" деген ұғымды анықтап алдық. Осы мақсатпен психологиялық-педагогиалық зерттеулер мен әдебиеттерге талдау жүргізіледі. Талдаулар көрсетіп отырғанындай, әлгі ұғымды анықтау үстінде авторлар оның мынадай белгілерін айқындайды:
1) іс-әрекет түрі;
2) оқу процесінің түрі;
3)оқу әдісі;
4) оқу жұйесінің тармақтары;
5) шеберлік жиынтығы т.б.
Жоғарыдағы жайлар бір-бірін жоққа шығармайды, қайта бір-бірін толықтырып отырады. Оқушылардың дербес жұмысы - өзінің функциасы, міндеті және құрылымы жағынан алғанда өте күрделі құбылыс.
Егер оқушылардың дербес жұмысын ұйымдастыру жағынан алып қарар болсақ, ғылыми еңбектерде оның 3 түрлі тәсілі баяндалады: 1)оқушы жұмысты мұғалімнің көмегінсіз өз бетінше атқаруы тиіс; 2)оқу материалын шәкірт өздігінше ой елегінен өткізіп, ұғына білуі шарт; 3)жұмысты орындау барысында оқушыға дербестік беріледі (тапсырманың қандай мазмұнын таңдайды, жұмысты қалай атқарады - өз еркінде болады). Жоғарыда баяндалған жайларды талдай келе, мынадай тұжырым жасауға болады. Технологияны үйретуге арналған дербес жұмыстар оқушыларды қажетті білім, шеберлік және дағдылармен қаруландырып, оларды белгілі бір мамандыққа қарай бейімдеуі тиіс.