Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 17:38, реферат
Жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша республикалық олимпиадаларды өткiзу ережесi (бұдан әрі - Олимпиада) жалпы білім беретін пәндер бойынша жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын белгіленген тәртіппен іске асыратын барлық білім беру ұйымдары оқушыларының республикалық олимпиадасының мақсаттары мен мiндеттерін, оны өткiзу тәртiбiн анықтайды.
Қазақстан Республикасы
Бiлiм және ғылым министрi
міндетін атқарушының
2007 жылғы»28 желтоқсандағы
N 668 бұйрығымен бекітілген
Жалпы бiлiм беретiн
пәндер бойынша республикалық
олимпиадаларды өткiзуді ұйымдастырудың
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. Жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша республикалық олимпиадаларды өткiзу ережесi (бұдан әрі - Олимпиада) жалпы білім беретін пәндер бойынша жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын белгіленген тәртіппен іске асыратын барлық білім беру ұйымдары оқушыларының республикалық олимпиадасының мақсаттары мен мiндеттерін, оны өткiзу тәртiбiн анықтайды.
2. Олимпиаданың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi: ғылыми бiлiмдi насихаттау және оқушылардың ғылыми қызметке қызығушылығын дамыту, дарынды балаларды анықтау үшін қажеттi жағдай тудыру, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды iрiктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделiн көтеру.
2. Олимпиада кезеңдері
3. Олимпиаданы оқу жылы бойы
тиісті білім бөлімі бес кезеңде өткізеді:
Білім беруді басқару органы білім беру
ұйымдарында, аудандық (қалалық), облыстық
(Астана және Алматы қалалары үшін - қалалық),
республикалық ұйымдастыру комитеттерін
құрады.
1) Бірінші кезең - білім беру ұйымдарында.
Өтетін уақыты - қараша айы. Олимпиада
облыстық, Астана және Алматы қалалық
білім департаменттерінің дайындаған
тапсырмалары бойынша өтеді.
2) Екiншi және үшiншi кезеңдер - аудандық
(қалалық) және облыстық, Астана және Алматы
қалаларының, мемлекеттiк және мемлекеттiк
емес халықаралық бiлiм беру ұйымдарының
олимпиадаларын облыстық, Астана және
Алматы қалаларының департаменттерi Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің
(бұдан әрі - Министр) бұйрығымен белгiленген
мерзiмде (бұдан әрі - Әдiстемелiк кеңес)
дайындаған тапсырмалар бойынша өткiзiледi.
Әр кезеңдi өткiзуден бiр ай бұрын облыстық,
Астана және Алматы қалаларының бiлiм департаменттерi
әрбiр пәннен және сыныптардан оқытылу
тiлдерi бойынша қатысушылар санын көрсетiп,
әр қатысушыға олимпиада материалдарын
дайындау үшiн сұраныстар жiбередi.
3) Төртiншi кезең - республикалық олимпиадаға
дайындық деңгейi ең жоғары оқушыларды
іріктеп алу мақсатында өткiзiлетiн iрiктеу
кезеңі (үшінші кезеңнiң қорытындылары
бойынша өткiзiледi). Іріктеу кезеңіне әр
сынып және пән бойынша үшінші кезең жүлдегерлерінің
қазылар алқасы үздік деп таныған үш үздік
жұмыс жіберіледі.
Осы кезеңнің тапсырмасы Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі
- Министрлік) бекіткен Әдістемелік ұсынымдамаларына
сәйкес үшінші кезеңнің параметрлері
және өлшемдері және тапсырмалары бар
пакетке салынған бағалау өлшемдері бойынша
бағаланады. Осы жұмыстарды бірыңғай шарттармен
тексергеннен кейін қазылар алқасы әр
пән және әр сынып бойынша бесінші кезең
қатысушыларын анықтайды
4) Бесiншi кезең - республикалық олимпиада
Министрлiктiң бұйрығымен белгiленген
мерзiмде өткiзiледi. Соңғы кезең үшін тапсырмаларды
әдiстемелiк кеңес әзiрлейдi.
4. Олимпиада өткізілетін жалпы білім беретін пәндер тізбесі және өткізу уақыты, қатысушылар саны жыл сайын Министрдің бұйрығымен бекітіледі.
3. Олимпиадаға қатысушылар
5. Олимпиаданың бiрiншi және
екiншi кезеңдерiне жалпы орта білім беру
ұйымдарының 8-11 сынып білім алушылары
қатысады.
Орыс тiлiнде оқытатын мектептердегi»Қазақ
тiлi» пәнi бойынша ұлты қазақ оқушылар
қатыса алмайды.
Олимпиаданың үшiншi кезеңiнде 8-11 сынып
оқушылары (екiншi кезеңнен iрiктелiп алынған
ең үздiк үш қатысушы, Астана қаласы үшiн
алты қатысушы), сондай-ақ республикалық
ұйымдастыру комитетi ұсынған ұсынымдамаға
сәйкес сырттай оқытатын мектептердiң
олимпиада жеңiмпаздары қатысады.
Тиiстi деңгейдегi бiлiмi бар орта буын оқушылары
жоғары сыныптардың бағдарламалары бойынша
олимпиадаға қатысуға жіберілуі мүмкiн.
6. Олимпиаданың үшiншi кезеңiн
өткізу нәтижесі бойынша Республикалық
олимпиаданы ұйымдастыру комитетiнің
(бұдан әрі - республикалық ұйымдастыру
комитеті) өткен жылдардың олимпиада қорытындыларын
және үшінші кезеңге қатысушылардың санын
ескере отырып ұсынған жұмыстардың санын
көбейтуге құқығы бар.
Жiберiлген жұмыстар үшiншi кезеңге қатысушылар
тапсырмамен бірге алатын талаптарға
сәйкес ресiмделуi тиiс. Осы жұмыстарды
бiрыңғай өлшемдер бойынша тексергеннен
кейін қазылар алқасы әр сынып және пән
бойынша олимпиаданың бесiншi кезеңiнің
қатысушыларын анықтайды.
7. Олимпиаданың бесiншi кезеңiне жаратылыстану-математика пәндерi бойынша 8-11 сынып оқушылары және гуманитарлық пәндер бойынша 8-11 сынып оқушылары, сырттай оқытатын олимпиадалық резерв мектебінің оқушылары, сондай-ақ»"Қазақ тiлi мен әдебиеті" пәнiнен шетелдердегі қазақ диаспорасының өкiлдерi қатыса алады.
8. Республикалық олимпиадаға
қатысатын облыстар, Астана және Алматы
қалаларының командаларын ең үздiк мамандар,
әдiскерлер, сондай-ақ пән мұғалiмдері
басқарып келу, олимпиада барысында олимпиадаға
қатысушыларды даярлау жөнiнде тәжiрибе
алмасу, жалпы бiлiм беретiн пәндердi оқыту
проблемалары жөнінде өткiзiлетін пiкiр
алмасуларға, семинарларға қатысады.
Жетекшi олимпиадаға қатысушыларды олимпиада
өтетiн жерге алып келу және тұратын жерiне
алып қайту жолында, олимпиада барысында
толық жауапкершiлiкте болады.
4. Олимпиаданың жұмыс органдары
9. Министрлiктің бұйрығы негізінде олимпиаданы дайындау және өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру жұмыстарын үйлестiру және жүзеге асыру үшiн Республикалық ұйымдастыру комитетi құрылады (бұдан әрі - республикалық ұйымдастыру комитетi). Республикалық ұйымдастыру комитетiнiң құрамына Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым вице-министрi, тиісті құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері кiредi.
10. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым вице-министрi республикалық ұйымдастыру комитетiнiң төрағасы болып табылады. Құпиялықты сақтау үшiн ұйымдастыру комитетiнiң төрағасы олимпиаданың тапсырмалары мен талаптарын бекiтедi.
11. Олимпиаданың республикалық
ұйымдастыру комитетi:
1) олимпиаданың барлық кезеңдерiн өткiзудiң
жалпы тәртiбiн анықтайды;
2) олимпиадаға тiкелей басшылық жасауды
жүзеге асырады;
3) олимпиаданы өткiзудiң қажеттi ғылыми-әдiстемелiк
деңгейiн қамтамасыз ету үшiн пәндер бойынша
әдiстемелiк комиссияларды қалыптастырады;
4) ғылым негiздерi бойынша пәндік қазылар
алқасы мүшелерiнiң құрамы және саны жөнiнде
Министрлiкке ұсыныс бередi;
5) республикалық олимпиаданың қорытындысын
талдайды және қорытындылайды, Министрлiк
алқасының бұйрығы мен шешiмiнің жобасын
дайындауға қатысады;
6) олимпиада материалдарын баспасөзде
жариялайды.
12. Олимпиаданың бірінші-үшінші кезеңдерiне басшылық жасауды жүзеге асыру үшiн мектептiк, аудандық, облыстық (қалалық) ұйымдастыру комитеттерi құрылады. Олардың құрамын тиiстi бiлiм беруді басқару органдары бекiтедi.
13. Құрамына пәндік қазылар
алқасының төрағалары кiретін Әдiстемелiк
кеңес:
1) олимпиаданың екiншi, үшiншi және бесiншi
кезеңдерiнiң теориялық және эксперименттiк
тапсырмалары мәтiнiнің соңғы нұсқасын
әзірлейді;
2) олимпиаданың барлық кезеңдерiн өткiзу
жөнiнде әдiстемелiк ұсыныс әзiрлейдi;
3) әр пән бойынша олимпиаданы өткізу нысанын,
тапсырмалардың үлгiсiн және бағалау өлшемдерiн
анықтайды.
5. Олимпиаданың қазылар алқасы
14. Республикалық олимпиаданың
пәндік қазылар алқасы төраға, хатшы және
қазылар алқасының мүшелерiнен тұрады.
Қазылар алқасының саны пәнге байланысты
5-6 адамнан құралады.
Олимпиаданың төрағасы мен қазылар алқасының
құрамын Республикалық ұйымдастыру комитетiнiң
ұсынысы бойынша Министрлiк бекiтедi. Олимпиаданың
қазылар алқасының төрағасы мен мүшелерi
олимпиаданың алдыңғы өткен кезеңдерiндегi
қазылар алқасының құрамына кiруiне құқы
жоқ.
Қазылар алқасы құрамына жоғары оқу орындарының
оқытушылары, аспиранттар, бұрын халықаралық
және республикалық олимпиадалардың жүлдегерi
болған студенттер, әдiскерлер, тәжiрибелi
мұғалiмдер және жоғары білікті бiлiм беруді
басқару органдарының өкiлдерi енедi. Қазылар
алқасы құрамына оқушылары олимпиаданың
облыстық және республикалық кезеңiне
қатысатын мұғалiмдердiң кiруге құқығы
жоқ.
15. Олимпиаданың төртінші,
бесінші кезеңiнiң қазылар алқасының төрағалары:
1) Әдiстемелiк кеңеспен бiрлесе отырып
олимпиаданың екiншi, үшiншi және бесiншi
кезеңдерiнiң теориялық және эксперименттiк
тапсырмалары мәтiнiнің соңғы нұсқасын
әзірлейді және құрады;
2) орыс тiлiндегi тапсырмалардың қазақ
тiлiне дәлме-дәл аудармасына, берiлген
тапсырмалардың ғылыми-әдiстемелiк деңгейiне,
мiндеттердiң нақтылығына және олардың
олимпиаданың тиiстi кезеңi талабына сәйкестiгiне
жауап бередi;
3) тиiстi кезеңдерi өткенге дейiн тапсырмалардың
құпиялығына жеке жауап бередi;
4) тапсырмалардың орындалуын бағалау
өлшемдері бойынша ұсыныс және пәндік
олимпиаданың регламенттерін (турлардың
саны және бағытын, әрбір турдың ұзақтығын,
қажетті құралдардың тізбесін және т.б.)
әзірлеу жөніндегі қазылар алқасының
жұмысын ұйымдастырады;
16. Олимпиаданың қазылар
алқасы:
1) тапсырмалардың орындалуын бағалау
өлшемдерін бекітеді, жұмыстарды тексереді
және бағалайды, қатысушыларды үшiншi және
бесiншi кезең тапсырмаларының авторлық
шешімімен және жұмыстарды тексеру нәтижесімен
таныстырады;
2) қатысушылардың жұмысын бағалаудағы
келiспеушiлiктi талқылайды және қажет
болған жағдайда тиiстi түзетулер енгiзедi;
3) жеңiмпаздарды анықтайды және жүлделi
орындарды беру үшін Республикалық ұйымдастыру
комитетіне ұсыныс береді;
4) олимпиадаға қатысушылармен орындалған
тапсырмаларды талқылауды және үйлестіруді
жүргізеді;
5) олимпиадалық резерв мектебiне оқушыларды
қабылдау жөнiнде ұсыныс енгiзедi;
6) республикалық ұйымдастыру комитетiмен
бiрлесе отырып, оқу дайындық жиынының,»"Дарын"
бейіндік мектебiнiң олимпиадалық ауысымының
қатысушылары құрамын анықтайды.
6. Үйлестiрудi жүргiзу тәртiбi
17. Жұмыстарды бағалауда барынша әдiлдiктi қамтамасыз ету үшiн әрбір турдан соң олимпиадаға қатысушылардың барлығымен тапсырмалар талқыланады. Тапсырмаларды талқылаудан кейiн қатысушылардың тiлегi бойынша жұмыстарды үйлестiру жүргiзiледi. Үйлестiрудiң мақсаты - жұмыстарды бағалауда олимпиадаға қатысушылар мен қазылар алқасының мүшелерi арасында толық өзара түсiнiстiкке қол жеткiзу болып табылады.
18. Үйлестiруді қазылар алқасының төрағасы, тапсырманы бағалаған қазылар алқасының мүшесi тiкелей олимпиадаға қатысушымен өткiзедi.
19. Олимпиадаға қатысушы қазылар алқасының бағасымен келiспеген жағдайда, ол ұйымдастыру комитетiнiң төрағасына шағым айтуына болады, төраға үйлестiруге бөлінген мерзiмде мүшелер қатарынан осы мәселенi шешу жөніндегі тиiстi комиссия құруға құқылы.
20. Iрiктеу кезеңінiң жұмыстарын үйлестiру 10 күн iшiнде өткiзіледi. Бесінші кезеңге өтпеген оқушыларға үшінші кезең жұмыстарының рецензиясы берiледi.
7. Олимпиадаға қатысушыларды марапаттау
21. Олимпиаданың ашылуы, қорытындысын шығару және қатысушыларды марапаттау салтанатты және мерекелiк жағдайда өтедi.
22. Мектептiк, аудандық және облыстық (қалалық) олимпиадалардың жүлдегерлерi бiлiм беру саласындағы жергілікті өкілетті және атқарушы органдарының дипломдарымен, грамоталарымен және сыйлықтарымен марапатталады.
23. Республикалық олимпиадалардың
жеңiмпаздары пәндік қазылар алқасының
шешiмiмен әр пән және сынып бойынша бірінші,
екінші, үшінші дәрежелi дипломдармен,
грамоталармен, сондай-ақ арнайы және
бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Әр пән және сынып бойынша алты жүлделi
орын тағайындалады, ерекше жағдайларда,
алтыншы нәтиже көрсеткен жүлдегермен
бiрдей ұпай алған қатысушыларға қазылар
алқасы төрағасының ұсынысымен және республикалық
ұйымдастыру комитетi төрағасының шешiмiмен
қосымша жүлделi орын берiлуi мүмкiн.
24. Оқушылары жүлделi орынды иеленген мұғалiмдер, жалпы бiлiм беретін ұйымдардың оқытушылары, сондай-ақ республикалық олимпиаданы дайындау және өткiзуде белсендiлiк танытқан бiлiм беру ұйымдарының қызметкерлерi Министрлiктiң құрмет грамотасымен және медальдарымен марапатталады.
Жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша
республикалық олимпиадаларды
өткiзу ережесi
1-қосымша
Республикалық олимпиадалар
өтетін жалпы
білім беретін пәндер
1. Қазақ тілі және әдебиеті
2. Орыс тілінде оқытатын мектептердегі
қазақ тілі
3. Орыс тілі және әдебиеті
4. Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі
орыс тілі
5. Қазақстан тарихы
6. Құқықтық пәндер негіздері
7. Ағылшын тілі
8. Неміс тілі
9. Француз тілі
10. Математика
11. Информатика
12. Физика
13. Химия
14. Биология
15. География
16. Ұйғыр тілі
17. Өзбек тілі
Қазақстан Республикасы
Бiлiм және ғылым министрi
міндетін атқарушының
2007 жылғы»28 желтоқсан
N 668 бұйрығымен бекітілген
Жалпы білім беретін
пәндер бойынша ғылыми
жарыстар өткiзу
ЕРЕЖЕСІ 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жарыстар (бұдан әрі - Жарыстар) ғылым мен техника бойынша Халықаралық жарыстар (Intel International Science and Engineering Fair (бұдан әрі - Іntel ISEF)) жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) өткiзедi.
2. Жарыстардың негiзгi мақсаттары
мен мiндеттерi:
1) оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық
қызметін ынталандыру;
2) ой еңбегiнiң беделiн арттыру;
3) ең талантты және дарынды жас зерттеушiлердi
iрiктеу және оларға қолдау көрсету;
4) Қазақстан Республикасының зияткерлік
әлеуетiн қалыптастыруға ықпал ету болып
табылады.
3. Республикалық жарыстар
төрт кезеңде өтедi:
1) бiрiншi кезең - мектептiк, жалпы білім
беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарында өткізіледі;
2) екiншi кезең - облыстық ( Алматы және
Астана қалаларының мектептерi мен республикалық
мектептері жарыстары мәртебесi жағынан
облыстық жарыстармен теңестiрiледi);
3) үшiншi кезең - iрiктеу кезеңi екі турда
өтедi:
бірінші тур - бейiндiк пән бойынша тестiлеу;
екінші тур - жобаны алдын ала сараптау;
4) төртiншi (қорытынды) кезең - республикалық.
4. Жарыстардың бірінші кезеңiн өткiзу мерзiмi облыстық, Астана және Алматы қалалары бiлiм департаменттерiнiң бұйрықтарымен белгiленедi. Жарыстардың екінші-төртінші кезеңдерi Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінiң (бұдан әрі -Министр) бұйрығымен белгiленген мерзімде өткізіледі.