Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 17:38, реферат
Жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша республикалық олимпиадаларды өткiзу ережесi (бұдан әрі - Олимпиада) жалпы білім беретін пәндер бойынша жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын белгіленген тәртіппен іске асыратын барлық білім беру ұйымдары оқушыларының республикалық олимпиадасының мақсаттары мен мiндеттерін, оны өткiзу тәртiбiн анықтайды.
2. Ғылыми жарыстарға қатысушылар
5. Ғылыми жарыстардың бірінші кезеңіне оқушылардың ғылыми қоғамдарының немесе ғылыми жетекшiлерінiң ұсынуымен 8-11 сынып оқушылары қатыса алады. Зерттеу жұмысын екi оқушыдан артық орындауға болмайды.
6. Екiншi кезеңге бiрiншi кезең
жүлдегерлері қатысады, олар ғылыми жетекшiнiң
пiкiрiн және ілеспе құжаттарды (өтiнiм,
мектептiң есебi, зерттеу журналы) ұсынады.
Зерттеу жұмыстарының тақырыптары тиісті
жылдағы 20 қыркүйектен кешiкпей тiркелуi
керек.
7. Жарыстардың үшінші кезеңiне қатысуға үміткерлер - облыстық, Астана, Алматы қалалары және республикалық мектептері жарыстарының жүлдегерлері, сондай-ақ Кiшi Ғылым Академиясының, "Жас ғалым" республикалық мектебiнiң ғылыми-практикалық конференцияларының жеңiмпаздары болады және әр секция бойынша бiр зерттеу жұмысынан ғана қатыса алады.
8. Сараптамалық комиссия осы Ережеде мазмұндалған талаптарға сәйкес iрiктеу кезеңiнде ұсынылған зерттеу жұмыстарын сараптамадан өткiзгеннен кейiн әр секция бойынша ғылыми жарыстың төртінші кезеңiнiң қатысушыларын анықтайды.
3. Жарыстардың сараптау комиссиясы
9. Әр секцияның сараптау комиссиясының құрамына ғылымның осы бағыты бойынша кемінде бес ғалым (маман) кiредi. Сараптау комиссияның құрамы ғылыми жарыстардың тиiстi кезеңiн ұйымдастыратын ұйымның бұйрығымен бекiтiледi.
10. Iрiктеу кезеңiнiң комиссиясы осы ереженің 2-қосымшасында көрсетілген бағалау өлшемдерi бойынша зерттеу жұмыстарын қарап, әрбiр жобаны рецензиялайды және республикалық кезеңге қатысушыларды анықтайды.
4. Ғылыми жарыстардың үшінші,төртінші кезеңдерiн өткiзу
11. Үшінші кезең екi турда
өткiзiледi:
бірінші тур - бейiндiк пәндер бойынша
тестiлеу. Облыстардың, Астана және Алматы
қалалары жарыстарының жүлдегерлері үшiн,
екінші кезеңнiң қорытындылары хабарланғаннан
соң сынып пен тиісті секцияға сәйкес
осы пәнді тереңдетiп оқыту бағдарламасы
бойынша бейiндiк пәннен тестiлеуден өткізіледi.
Әдiстемелiк кеңес дайындаған тестер орындауға
2 астрономиялық сағат берiлетiн 60 сұрақты
(120 балл) қамтиды.
Алдын ала сараптауға авторлары тестiлеудiң
жалпы ұпай санынан 50%-дан төмен емес ұпай
жинаған жұмыстар ғана жiберiледi. Iрiктеу
кезеңiнің қорытындыларын өткізуде тестiлеуде
алған ұпайлар қосылмайды.
Командалық жұмыстары үшiн өту ұпай саны
жұмыс авторлары жинаған балдардың орташа
арифметикалық саны болып табылады.
Екінші тур - iрiктеу кезеңiнiң сараптама
комиссиясы жүргiзетiн жұмыстардың алдын
ала сараптамасы.
12. Төртінші кезеңге
Iрiктеу кезеңiнiң қорытындылары бойынша
апелляция өткiзiлмейдi.
13. Төртінші кезең - зерттеу
жұмысын қорғау және осы Ереженің 6-тарауының
талаптарына сәйкес ресімделген стенд
материалын ұсыну. Жұмысты қорғау кезiнде
авторға (бiрiккен авторларға) баяндама
үшiн 10-15 минут берiледi.
Жарыстардың қорытындылары жұмыстардың
алдын ала сараптауда алынған балдарын
есепке ала отырып шығарылады.
Республикалық кезеңнен кейiн апелляция
жүргiзiлмейдi.
5. Жарыстарға ұсынылатын
зерттеу жұмыстарын ресімдеуге
қойылатын талаптар
14. Ғылыми жарыстарға:
1) ғылымның осы саласындағы фактiлерді,
оқиғаларды, құбылыстары жария ететін
және бұрын танылмаған жекелеген қырларын;
2) мектеп тәжірибелерін жетiлдiруге, өндiрiстiк
үрдістердi тиiмдiлiгiн арттыруға ықпал
ететiн практикалық міндеттерді шешуге
жаңалықтар әкелетiн аппараттардың, модельдердің,
құралдардың конструкцияларын;
3) әлеуметтiк-экономикалық проблемаларды
шешуге бағытталған экономикалық-заңды
негiзделген компьютерлiк модельдер және
жобалар ұсынылуы мүмкін;
4) кәмелетке толмағандар үшiн рұқсат етiлмейтiн
аспаптар пайдаланған жағдайда, жануарларға
қатігездік көрсетiлетiн, адам денсаулығы
және жануарлар үшiн зиян келтiретiн заттарды
(улы, радиоактивтiк, канцорегендік және
мутагендік әсері бар зерттелмеген биологиялық
белсендi қосылыстар, адам және жануарлар
үшін патогенді немесе шартты патогенді
заттар микроағзалар, вирустар, iшiмдiк,
никотин) пайдалануға байланысты тәжірибелері
бар жұмыстар жiберiлмейдi;
5) Жарыстарда бұрын қаралған және қорғалған
жұмыстар жарыстарға қатысуға жіберілмейді.
15. Зерттеу жұмыстарын ресiмдеуге
қойылатын талаптар:
1) жұмыс мәтiнi компьютерде басылуы керек
және мынадай құрылымнан тұрады:
титул парағы;
мазмұны;
абстракты (аннотация) қазақ немесе орыс
тiлдерiнде (зерттеу жұмысының қай тiлде
дайындалғанына байланысты), сондай-ақ
ағылшын тiлiнде жазылады;
кiрiспе;
зерттеу бөлiмi;
қорытынды;
пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi;
2) титул парағында мыналар көрсетiледi:
жұмыс орындалған ұйымның толық атауы,
қаласы, мектебi;
автордың (бiрiккен автордың) тегi, аты,
сыныбы;
жұмыстың атауы;
жұмыстың дайындалған бағыты, секциясы;
жетекшiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты;
қаласы (жарыстың өтетiн жерi), жылы;
3) абстракт (аннотация) (250 сөзден артық
емес):
зерттеудің мақсатын;
гипотезасын;
кезеңдерiн, зерттеудiң рәсімін;
тәжірибенің әдiстемесiн;
зерттеудiң жаңалығын және дербестiк дәрежесiн;
жұмыстың нәтижесiн және қорытындысын;
нәтижелерді практикалық қолдану салаларын
қамтитын зерттеу жұмысының қысқаша мазмұнын
білдіруі керек;
4) кiрiспеде (екi беттен артық емес) мыналар
келтiрiледi: зерттеулердің таңдалған тақырыптарының
өзектілігін, осы жұмыстың мақсаты (мiндетi),
алға қойылған мiндеттердi шешу әдiсi қысқаша
көрсетiледi;
5) жұмыстың зерттеу бөлiмi (20 беттен артық
емес) жеке тараулардан (параграфтардан)
тұруы мүмкiн және мына мазмұнда:
осы жұмысты жүргізудің қажеттiлiгiне
көз жеткiзу және оның мақсатын (мiндетiн)
құрастыруға мүмкіндік беретін таңдалған
тақырып бойынша белгілі нәтижелерге
талдама шолу жасау;
алға қойылған мiндеттердi шешудiң әдiстерiн
сипаттау;
жұмыстың нәтижелері және оларды талқылау;
безендiрiлген материал (сызбалар, кестелер,
фотосуреттер және суреттер т.б.);
6) пайдаланылған әдебиетке сiлтеменi төртбұрышты
жақшада беру керек. Мәтiнде кездесетiн
сiлтемелерде нөмiрлеу жүйесі болуы керек;
7) қорытынды (бiр беттен артық емес) жұмыстың
негiзгi нәтижелерi және олардың негiзiнде
жасалған қорытындыларын, жұмыстың нәтижелерiн
ғылыми және практикалық мақсаттарға
пайдалану жөнiндегi ұсыныстарды қамтиды;
8) пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында
жалпы тiзiммен мынадай тәртiпте берiледi:
автордың тегi және қысқартылған аты-жөнi;
мақаланың және журналдың аты (журналдық
мақалалар үшiн);
журналдың, кiтаптың аты;
басып шығарылған орны және баспасы (кiтаптар
үшiн);
басылған жылы, шығу нөмiрi, бетi;
9) әрбiр жұмыста таңдалған тақырыптың
өзектілігі, автордың жұмысқа сiңiрген
жеке еңбегi, жұмыстың кемшiлiктерi және
нәтижелерiн әрi қарай пайдалану жөнiндегi
ұсыныстары айтылатын жетекшiнiң пiкiрi
қоса берілуі керек;
10) Жарыстардың төртiншi кезеңiне (баяндамаға)
135х125 шаршы сантиметр көлемдегi стендке
орналастыру үшін демонстрациялық материалдарды
жасау ұсынылады.
16. Стендтi ресiмдеуге қойылатын
талаптар:
стендтiң жоғарғы жағына көлденеңiнен
абстракты, қатысушының тегiн, жасын, мектебiнiң,
қаласының, облысының атын орналастыру
қажет;
стендтегi материалдар жұмыстың мазмұны
айқындалған, кестелер, фотосуреттер,
суреттер, диаграммалар, қорытындыларды
қоса алғанда талғаммен ресiмделген болуы
керек;
мазмұнды дайындау кезiнде негiзiнен назарды
жоба авторының алған нәтижелерiн көрсетуге
аудару қажет.
17. Ғылыми жетекшi алынған нәтижелердің нақтылығы мен мүлтiксiздiгiне, жұмыстың диплом жұмыстарынан, магистрлік және кандидаттық диссертациялардан, ғылыми ұжымдардың есептерiнен көшiрiлген нәтижелерден тұрмайтындығына жауапкершiлiк алады. Оқушы жаңа білім мен өз бетінше зерттеу қызметінің дағдыларын ала отырып өз қолынан келетін жұмысты орындау керек.
6. Жеңiмпаздарды марапаттау
18. Облыстық, Астана және Алматы қалалары жарыстарының жеңiмпаздары, облыстық, Астана және Алматы қалалары бiлiм департаменттерiнiң бұйрығы негiзiнде бірінші дәрежелі, екінші және үшінші дәрежелi дипломдармен марапатталады.
19. Ғылыми жарыстардың төртінші кезеңiнде әр секциядан алтыдан артық емес үздiк зерттеу жобалары Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің бұйрығы негiзiнде бірінші, екінші және үшінші дәрежелi дипломдармен марапатталады.
Жалпы білім беретін пәндер
бойынша ғылыми жарыстар
өткiзу ережесіне
1-қосымша
Республикалық ғылыми жарыстар өткізілетін пәндер
№ |
Бағыт |
Пәндері |
Физика |
физика | |
Техника |
физика | |
Жер және космос туралы ғылымдар |
физика | |
Математика |
математика | |
Қолданбалы математика |
математика | |
Информатика |
информатика, математика | |
Экономика |
география, математика | |
Биология |
биология | |
Химия |
химия | |
Адам денсаулығын
және қоршаған |
биология | |
Тарих |
тарих | |
Құқық негізі |
тарих, құқық негізі | |
Өлкетану |
География және тарих | |
Әдебиет |
әдебиет | |
Этномәдениеттану |
тарих, әдебиет | |
Тiл бiлiмi |
қазақ, орыс, ағылшын, |