Жалпы педагогикалық технологияларды оқу- тәрбие үрдесінде ендіру арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Января 2012 в 09:31, реферат

Описание

Әлемдік білім беру кеңістігіне ену мақсатында Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде реформалар жүріп жатыр. Осы реформаларға сәйкес жоғары мектептің оқу үрдісіне педагогикалық технологияларды енгізу белсенді түрде қолға алынып отыр. Ол бүгінгі заман талаптарынан туындап, болашақ мамандардың даярлығын жетілдіруді көздейді.

Содержание

Кіріспе
1. Жалпы педагогикалық технологиялар
Білім беру үрдесін жетілдірудің қазіргі таңдағы бағыттары
Педагогикалық технологиялар классификациясы

2. Педагогикалық технологиялар және ұлттық тәрбие
Ұлттық тәрбие беру мазмұны
Педагогикалық технологиялар арқылы ұлттық тәрбие беру
Қорытынды
Пайдаланан әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Жалпы педагогикалық технологияларды оқу- тәрбие үрдесінде ендіру арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие беру.doc

— 89.50 Кб (Скачать документ)
 
 
Мазмұндық және құрылымдық сипатына қарай
Материализм Идеализм Білімдік Тәрбиелік Азаматтық Діни Жалпы білімдік Кәсіптік Гуманистік  Технократиялық Технология  ететін монотехнологиялар мен политехнологиялар
 
 
Ұйымдастыру формасына қарай
Балама  кластық- сабақтық Клубтық академиялық Топтық жеке даралық Ұжымдық оқыту  амалы Саралап оқыту
 
 
Ақыл- ой қызметін басқару типіне қарай
Классикалық, дәрістік ОТІ көмегімен  оқыту «Кеңесші жүйесі» Кітап бойынша  оқыту Шағын топтар Компью-ерлік «репетитор  жүйесі» Бағдар-амалық оқыту
Қазіргі дәстүрлі оқыту саралау
Дәстүрлі  классикалық Бағдарамалап оқыту
 

  Оқушылар  катеогориясына қарай

Дәстүрлі  «жалпы білім беру) технология орта оқушыға бағытталған Тереңдетілген білім беру (лицей, гимназия,не арнайы мектептердегі) Педагогикалық түзеу (коррекция, теңестіруші) Виктимологиялық (сурдо, тифло, -педагогика) қиын балалармен жұмыс істеу Дарынды балалармен жұмыс істеу
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    2.Педагогикалық  технологиялар және  ұлттық тәрбие

    2.1.Ұлттық тәрбие беру мазмұны

     Еліміздің егемендік алуына байланысты жалпы білім беретін орта мектептерде "Әдеп" циклындағы пәндер, арнаулы орта және жоғары оку орындарында "Этнопедагогика" оку курсы өтіліп келеді. Оған сай оку бағдарламалары, оқулықтар, апталық "Қазақ халкының салт-дәстүрлері" (С.Қалиев, т.б.), "Инабат" (Ж.Нұскабаев, т.б.), "Жантану және әдеп" (Қ.Жарықбаев, Ә.Табылдиев), "Этнопедагогика" (З.Әбілова), "Қазақ тәлім-тарбиесі" (Қ.Жарықбаев, С.Қалиев) жазылған. Бұлардың барлығы оку орындар жүйесінде пайдаланылып, жастарға ұлттық тәлім-тәрбие негіздерін үйретуде елеулі орын алып отыр. Әйтсе де аталған әдебиеттер этнопедагогикалық білім, тәрбие беру ісінде ұғымдар мен түсініктерді жүйелі дамыту жағын шеше бермейді. Бұлай дейтініміз кез келген оку пәні, болмаса оку курсы белгілі бір ғылыми білім жүйесін (ұғымдар мен түсініктерді) окыту арқылы біртіндеп дамытып, шәкірттерді сөйлеуге, карым- катынасқа, іс-әрекетке, құндылықтарды тануға, өз бетімен шешім қабылдауға, жаңа өзгерістер жасауға және кәсібін таңдап, оны үйренуге, қысқасы тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді. Мысалы, орта мектепте "Химия" пәні оқушыға химия жайлы ұғым беруге, химиялық атауларды үйретуге, химиялық реакцияларды жүргізіп, оны өмірде пайдалануға бейімдейді. Осы сиякты "Этнопедагогика" да шәкірттердін ойында жуйелі ұғымдар мен түсініктерді дамытуы керек.

  Ұлттық  педагогика - жаңа қалыптасу кезеңіндегі педагогика ғылымдарының арнайы саласы болғандықтан, онын ұғымдары қалыптасу үстінде. Бұдан этнопедагогика жаңа пайда болған ғылым саласы деген ой тумайды.Ол ұлтымыздың тыныс-тіршілігімен бірге дамып келе жатканмен, әр түрлі қоғамдық күштердің әсерінен кешеуілдеп, тек XX ғасырдын 60-70-жылдарында ғана өз атына ие болып даму үстінде.

  Этнопедагогикалық әдебиеттерге қараганда онда білім мазмүны ретінде әдет-ғүрып пен салт-дәстүрді, акын-жыраулар мен би-шешендердің ой-пікірлерін, ауызекі және жазба әдебиет материалдарын қамтып, одан ұғым мен түсінік беру жағы ойластырылған. Бұл дұрыс, дегенмен этнопедагогикалық білімдер жүйесінің аясы тар көрсетілген сиякты. Ол біздің өміріміздің барлық жақтарын қамтиды. Сондықтан этнопедагогикалық білімдер жүйесінің ауқымы әлдеқайда кең әрі терең.

  Оқу орындарында берілетін білім мазмұны табиғат, онда болатын өзгерістер, карым-катынас, қоршаган орта, адам баласы жасаған құндылықтар т.б. болатыны білім мазмұнын тандау ісімен шұғылданатын дидактик ғалымдардың (М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер, В.В.Краевский т.б.) еңбектерінде көрсетілген. Сондай-ақ педагогика оқулығында жастарға берілетін білім мазмұнын таңдау қағидалары да белгіленген (Ю.К.Бабанский).

  Осы негізге сүйене отырып, біз әлеуметтік өмірімізде екшеле келіп тәлім-тәрбие ісінде кәдемізге жарап келген мыналарды:

  • отбасының бала тәрбиесі жөніндегі тәжірибелер,
  • әдет-ғүрып, салт-дәстүр,
  • ауызекі және жазба әдебиет туындылары,
  • мәдениет, өнер және этнология материалдары,
  • ғүламалардың, би- шешендердің ой-пікірлері мен қас батырлардың 
    ерлікөнегесі,
  • төл тарих,
  • тұрмыс, шаруашылық тәжірибелері,
  • ұлтымыздың балалар мен жастарға білім беру тәжірибесі,

  - білім   беру   жөнінде   мемлекет   қабылдаған   құжаттар этнопедагогикалық білім мазмұнын қамтиды деп санадық. Мысалы, 
"Ғүламалардың, би-шешендердің ой-пікірі мен кас батырлардың ерлік өнегесі" деп аталатын этнопедагогикалық білімдер топтамасында "ғұлама", "би", "шешен", "шешендік", "ғылым", "білім", "нақыл сөз", "тағылым", "тұлға", "батыр", "ерлік", "ұлы түлға", "ел корғау", "отан" сияқты ұғымдардың мән-мағынасын ашып, оған окушыны тәрбиелеуге болады.

  Этнопедагогикалық білімдер - тарихи даму кезінде ұлтымыздың әлеуметтік өмірінде екшеле келіп жүйеге түскен және тәлім-тәрбие ісіне арқау болатын ұғымдар мен түсініктер.

  Корыта  айтқанда, этнопедагогикалық білімдер жастардың бойында ұлттық тұрпат (менталитет) белгілерін дамытуда жетекші орын алатын оқу мазмүнын қүрайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    2.2.Педагогикалық  технологиялар арқылы 

    ұлттық  тәрбие беру

     Қазірғі кездегі тәрбиенің басты қашдасы оқушыларды адамтершілікке, имандылыққа тәрбиелеу. Тәрбиеде жеке тұлғалық бағыт ұстау, жастардың бостандығы мен әлеуметтік хұқын мойндау.   
           Осыган орай болашақ мұғалімнің өзіне ғана емес, оның тәрбиеші ретіндегі дайындығына да талап күшейіп отыр.

   Республикада  бұрынғы адамгершілік сапаларына қарым-қатынас өзгеріп отырған кезенде мұғалімдердің оқушылармен жұмысын кәсіптік жағынан дайындығын күшейту күрделене түседі. Болашақ мұғалімді кәсіптік жағынан дайындауда өзінің әртүрлі ісінде халықтық тәжірибелерді пайдалану қажеттігі осыдан туындайды.-

   Студенттерді  мектептегі сыныптан тыс тәрбие ісіне дайындауды жоғары оқу орындарындағы бүкіл оқу-тәрбие жұмыстарының жүйесі қамтамасыз етуі керек.

   Педагогика  курсы бойынша "Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу" тақырыбының мазмұнын ашу процесінде оқытушы педагогикалық ықпал ретінде мұғалімнің кәсіптік әдептілігінің мәнін ашады, өйткені ол бала санасына әсер ете отырып, оның адамгершілік сапаларыні қалыптастырады.

   Бұл жөнінде ұлы педагог А.С.Макарснко тәрбиешінің жеке басына мынадай талаптар қойды:

  1. тәрбиеші   болатын   адам   өзінің   жүріс-тұрысын,   мінезін 
    жөнге салып, ұйымдастыра білу қажет;
  2. арнаулы білім дағдыны меңгеруі;
  3. жұмысты ұйымдастыра білетін, тиісті жерінде ашулана да 
    алатын болуы;
  4. баламен сөйлесе білуі;
  5. көзқарасымен, ыммен де оз ойын түсіндіру;
  6. тәрбиешінің     әрбір     қимылы,     жүріс-тұрысының     өзі 
    балаларға өнеге, төлім-тәрбие берерліктей болуға тиіс.

   Адамгершілік  төрбие берудің мазмұнын, әдістерін, жолдарын ашуда оқытушы халықтық педагогикадағы балаларға талап қою жүйесіне айрықша назар аударады. Осы тақырып бойынша қазақ халқының мақал-мәтелдерін, жыр-өлеңдерін пайдалануға болады: "Қамшыга бүлдіргі керек, балаға өнеге керек", "Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін", "Бөрі аулайтын жігіт бөрігінен белгілі, жау алатын жігіт - серігінен белгілі". Майлықожаның термесінен үзінді келтіруге болады:

Жақсы сөйлер шешіліп,

Бастағы мінін жасырмай.

  Кішіпейіл әдепті,

Басынан сөзді асырмай.

Адырайған есуас,

Дүмбірлеп сөйлер тасырлай. Болымсыздың қылығы,

Адамға  жоқ жүғымы,

Қашатүғын қашардай.

     Халық ақындарының жырлары арқылы жас  үрпақты адамгершілік қарым-қатынаеты, жақсы мінезбен жамап мінезді салыстырып, әдептілікке, кішіпейілдікке шақырған.

   Халық педагогикасында жастардың жақсы, жаман болмағы өскен  ортасына, жора-жолдасына, отбасына байланысты деп санаған. Бұл пікір    халық    педагогикасының   қайнар    бұлағының   бірі    мақал-мәтелдерден   тиісті   орын   алған:   "Жақсыдан   шарапат,   жаманнан кесапат",  "Жақсымен жолдас болсаң жетерсің мүратқа, жаманмен жолдас болсаң қаларсың ұятқа".

  Жоғарыда  келтірілген мақал-мәтелдер болашақ мүғалімдердін көз алдында   халық   төрбиешілерінің   өнегелі   түлғасын   елестетіп   қана қоймай, өздерінің бала төрбиесіндегі үлкен жауапкершілігін сезініп, -оларды келешекте мекгеп жұмысында пайдалануға ынталандыратыны сөзсіз.    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  Қорытынды

     Тәрбие  — халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген козқарасын және соған сай мінез-кұлкын қалыптастыру.

     Ұрпақ тәрбиесінің тілден басталатындығы, ұлттық сана-сезім мен дүниетанымдық көзқарасты қамтамасыз ететін тіл екендігі халық тәжірибесінде, ғылымда дәлелденіп келеді.

  Бүгінгі танда коғамның басты мақсаттарының  бірі және бірегейі жас ұрпақты рухани мүгедек болып қалмауы үшін қазақ тілін біліп, олардың қажеттілігіне айналдыру, сөз қадірі мен киесін бойына дарытып, еркін қолдануына мүмкіндік туғызу. Мүндай қасиеттер өздігінен қалыптаспайтыны мәлім. Ол үшін жастарды тәрбиелеу керек, өнегелік шараларды ұйымдастыру қажет.

  Қазіргі кезде тәрбие жұмыстарының бағыттары толығымен өзгерді. Қазактың халықтық педагогикасының ерекшеліктері, мүмкіндіктері жан-жақты зерттеліп, көптеген ғылыми еңбектер, монографиялар, оқу-әдістемелік кұралдары жарық көріп, сандаған мақалалар жариялануда. Бұл тұрғыда заман ағымымен бірлесе этнопедагогика проблемаларына ден койған бір топ казақстандық этнопедагог ғалымдардың еңбектерін жүртшылық қызығушылықпен пайдалануда. Атап айтқаңда, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Ә.Табылды, С.Үзақбаева, К.Қожахметова, М.Сымайлова, Қ.Бөлеев және т.б. еңбектері. Осы сияқты  халықтық педагогиканың қыр-сырын ұғындыратын еңбектер қазіргі үлкен бетбүрыстар кезеңінде ауадай қажет деп айтуға болады.

  Ұлттық дәстүр мен салт-сананың адам психологиясынан елеулі орын алатын біркелкі тұрақты құбылыс екендігін әр кездері ғүмыр кешкен ғүламалар ерекше атап көрсеткен. Халықтық психология - адамдардың қоғамдық және жеке тәжірибесінен, өмірдегі пайымдауларынан туындайтын мінез-құлқының мәнді жактарынан мағлұмат беретін, сол арқылы тәрбиелейтін ілім-білімдер жүйесі. Халықтық психологияның теориялық мәселелерін зерттеумен арнайы этнопсихология ғылымы шұғылданады. Ал этнопсихология — әрбір халықтың рухани әрекеті (миф, фольклор, тіл, дәстүр, салт, әдет-ғүрып, дін, т.б.) жемісін, сол халықтың психологиясын, сана-сезімін қөрсететін негізгі өлшемдердің бірі.

Информация о работе Жалпы педагогикалық технологияларды оқу- тәрбие үрдесінде ендіру арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие беру