Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2014 в 13:15, курсовая работа
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі: Қазіргі кезде оқыту теориясы мен практикасында сабаққа дамып отыратын жүйе ретінде қарайтын көзқарас қалыптасқан. Сабақты үнемі бір сарынмен қалыптасқан әдіс бойынша өткізу мүмкін емес.Себебі, сабақ – сыртқы ортамен ақпараттық және басқа да арналар арқылы байланысатын жүйе. Осы сыртқы байланыстар мен ішкі қайшылықтар ықпалы арқылы сабақ дамып, жетіліп отырады. Сабақ – өзара тығыз байланысқан, өзара әрекеттесетін бөліктерден тұратын бүтін жүйе. Оқушыға сабақты түсіндірудің түрлі жолдары бар. Қазіргі заман талабына сай түрлі әдіс-тәсілдердерді қолданып сабақтың мазмұнын ашуға болады.Өзін-өзі тану сабағы әр сабақты жаңашылдықпен өтуді қажет етеді. Әр бір сабақ қызықты және басқа сабақтардан ерекше бір әдіспен өткізу оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
КІРІСПЕ......................................................................................................4
I ТАРАУ. ЭКСКУРИЯ ҰҒЫМЫ МЕН ЭКСКУРЦИЯ САБАҒЫ
Экскурция сабағы туралы жалпы түсінік ............................................5-6
1.1 Экскурция сабағының құрылымы......................................................7-9
II ТАРАУ. ЭКСКУРЦИЯ САБАҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Экскурция сабағының өткізілуі мен ерекшеліктері........................... 10-14
2.1 Өзін-өзі тану сабағын экскурсия түрінде өткізу ерекшеліктері ...........15-18
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................19-
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................
I ТАРАУ. ЭКСКУРИЯ ҰҒЫМЫ МЕН ЭКСКУРЦИЯ САБАҒЫ
1.1 Экскурция
сабағының құрылымы......................
II ТАРАУ. ЭКСКУРЦИЯ САБАҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Өзін-өзі тану сабағын экскурсия түрінде өткізу ерекшеліктері ...........15-18
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі: Қазіргі кезде оқыту теориясы мен практикасында сабаққа дамып отыратын жүйе ретінде қарайтын көзқарас қалыптасқан. Сабақты үнемі бір сарынмен қалыптасқан әдіс бойынша өткізу мүмкін емес.Себебі, сабақ – сыртқы ортамен ақпараттық және басқа да арналар арқылы байланысатын жүйе. Осы сыртқы байланыстар мен ішкі қайшылықтар ықпалы арқылы сабақ дамып, жетіліп отырады. Сабақ – өзара тығыз байланысқан, өзара әрекеттесетін бөліктерден тұратын бүтін жүйе. Оқушыға сабақты түсіндірудің түрлі жолдары бар. Қазіргі заман талабына сай түрлі әдіс-тәсілдердерді қолданып сабақтың мазмұнын ашуға болады.Өзін-өзі тану сабағы әр сабақты жаңашылдықпен өтуді қажет етеді. Әр бір сабақ қызықты және басқа сабақтардан ерекше бір әдіспен өткізу оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. Соған орай сабақты өткізудің түрлі формалары бар. Мысалы: лекция, семинар, экскурсия, конференция, “Эврика” сабағы, практикалық жұмыс, “Дидактикалық ертегі” сабағы т.б. Соның ішінде ерекше өткізу формасы экскурция сабағы болып табылады. Экскурция сабағы оқытудың дәстүрлі емес әдісіне кіреді. Оқушыларды түрлі орындарға экскурцияға апару немесе бір сабақты саяхат түрінде өткізу оқушылардың танымдық қасиеттерін арттыруға ықпал етеді. Оқушылар өз бойындағы рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытады және эстетикалық, танымдық қасиеттерін дамыуға ықпал етеді.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: дәстүрлі емес сабақ, экскурция сабағы
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: экскурция сабағының тиімділігі мен ерекшеліктерін қарастыру
Курстық жұмыстың мақсаты: дәстүрлі емес сабақты талдай отырып, экскурция сабағының ерекшеліктері мен тиімділігін сонымен қатар маңызын айқындау. Өзін-өзі тану сабақтарын экскурция түрінде өткізу, экскурция сабағының тиімділігін арттыруға ықпал ету жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері: Экскурция сабағының басқа сабақтардан айырмашылығын қарастыра отырып, өзін-өзі тану сабағын экскурция түрінде ұйымдастыру жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері: тақырыпты зерттеу барысында ғылыми әдістемеде қолданылып жүрген талдау, саралау, салыстыру т.б әдістері арқылы топталып, сипаттама жасалынды.
Курстық жұмыстың теориялық негізі: экскурция сабағының ерекшеліктерін талдай отырып, курстық жұмыстың теориялық негізі ретінде М.Н.Скатинаның «Дидактика средней школы», Ю.Конаржевскийдің «Анализ урока», И.П. Подласыйдың «Педагогика начальный школы» және А.В Хуторскойдың «Современная дидактика» т.б әдебиеттерді пайдаландым.
Курстық жұмыстың жаңалығы: экскурция сабағының ерекшеліктерін талдай отырып, өзін-өзі тану пәнінін табиғат аясында ұйымдастыру тәсілін қарастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттен тізімінен тұрады.
I ТАРАУ. ЭКСКУРИЯ ҰҒЫМЫ МЕН ЭКСКУРЦИЯ САБАҒЫ
Экскурсия - (excursio) латын тілінен аударғанда «серуендеу»
Дәстүрлі емес сабақтар интеграциялық сабақ пән аралық байланысты жетілдіру мақсатына байланысты пайда болған. Мұндай сабақтарда бір тақырыпты түрлі пәндерден беретін мұғалімдер оқытады. Кіріктірілген сабақтың негізгі мақсаты - оқу материалдарын байланыстырып, сабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау қабілетін дамыту. Оқу материалдарын бағдарламаларға сай пәндер бойынша біріктіріп беру оқушылардың жан-жақты тұтас, терең және берік білім алуына мүмкіндік жасайды. Сондықтан жыл сайын әрбір мұғалім пәндердегі ұқсас оқу материалдарын біріктіріп, яғни пән аралық байланыс принципін қолданып, интегралдық жоспар жасайды. Ондағы материалдарды дер кезінде сабаққа пайдаланып, тиімді етіп іске асырады.
Экскурсия кезінде оқу табиғатта, мұражайда,
өндірісте өтіп, оқушылар алуан түрлі
объектілерді және болмыс құбылыстарын
бақылайды және зерттейді, өмірдегі құбылыстарды
тікелей қабылдайды. Экскурсия әсемдікті
түсінуге, танымға қуануға, қоғамға пайдалы
болуға ұмтылуға көмектеседі.
Далада, орманда, өзен жағаларында оқушылар
табиғат сұлулығын түсінуге үйреніп, өздерінің
әсерлерін сурет салу, гербарийлер жасау
арқылы білдіреді. Мұражайларға, көрме
залдарына, өндіріс орындарына бару өнер
шығармаларын түсінуге, үйреншікті заттар
мен құбылыстардан сұлулықты табуға, адамның
еңбегінің сұлулығын сезінуге үйретеді.
Әрбір экскурсия тақырыппен байланысты. Экскурсия арқылы бала әртүрлі курстарда оқылып жатқан құбылыс, зандардың байланысын көреді, оларды қолдануға үйренеді. Мысалы, жерде жұмыс істегенде өлшеу үшін геометрия заңдарын қолданып, қарапайым құралдармен жұмыс істеп, сурет салады, көргендерін жазады, картамен жұмыс істейді.
Экскурсия мәселелерді шешуге мүмкіндік
береді. Мәселенің өзі, танылуға тиісті
объекті оқушыларға қызықты болады. Экскурсия
нәтижелері сыныпта шығарылады.
Экскурсия жаңа білімдермен қатар, мұғалімге
өз оқушыларын жақсы білуге көмектеседі.
Экскурсияға баратын топтарда 10 оқушыдан
40 оқушыға дейін болады, ұзақтығы 40-90 минут.
Оқу экскурсияларын мазмұнына қарай тақырыптық
және кешенді (шолу) деп бөледі. Тақырыптық
экскурсияларға барғанда оқу пәндерінің
бір немесе бірнеше байланысты тақырыптар
оқылады. Кешенді экскурсиялар екі немесе
одан да көп оқу пәндерінің бір-бірімен
мәселен, дүниетанудан "Ағын сулар мен
желдер", өсімдіктер, жануарлар және
"сыртқы орта" деген тақырыптарды
оқу үшін экскурсияға баруға болады, байланысты
тақырыптарын оқу үшін ұйымдастырылады.
Оқылатын бөлімдегі орнына қарай кіріспе,
негізгі, қорытынды экскурсиялар өткізіледі.
Кіріспе экскурсия оқушыларды және оқу
курстарымен, бөлімдерімен таныстырады.
Негізгі экскурсиялар арқылы оқушылар
тақырыпты терең түсінеді, теориялық материалдың
тәжірибесі керектігін үғынады.
Қорытынды экскурсиялар бөлімді қорытындылау
және жүйелеу үшін, оның нақты процестермен
және құбылыстармен байланысын анықтау
үшін өткізіледі. Мұғалім алдын ала экскурсия
болатын жерді көріп, оның білімге ықпалын
анықтап, экскурсияның мақсатын және міндеттерін,
түрін және құрылымын анықтайды, оқушылар
үшін проблемалық сұрақтар, тапсырмалар
әзірлейді, экскурсияның әдіс, тәсілдерін
белгілеп, жоспар құрастырады. Жүретін
жерлердің бағдарын жасап, қосымша көрнекіліктер
және керекті жабдықтарды (өлшейтін құралдарды,
блокнот, қарындаштарды, гербарийлерге
арналған папкаларды, фотоаппаратты, компасты)
әзірлейді, оқушыламен әңгімелеседі, қауіпсіздік
ережелерін, өзін-өзі ұстау жөнінде айтады
, экскурсия өтетін жерге қысқаша сипаттама
беріп, қалай, қайда қарау керек екенін,
нені бақылау, жазып алу, суретке түсіру
керектігін айтып, қалай жүру керектігін
түсіндіреді. Әрбір оқушының міндетін
айтып, керек жағдайда топқа бөледі, топ
басшыларын тағайындайды, жауапты оқушыларды
бөліп, мәліметтерді талдап қорыту туралы
нұсқаулар береді.
Кіріспе әңгімеде мұғалім экскурсияның
мақсатын айтады, содан кейін оқушылар
объектілерді қарап, тапсырманы орындауға
кіріседі; сурет салады, жазады, объектінің
ерекшіліктерін бөліп, көргендерінен
қорытынды жасайды.
Мұғалім экскурсия кезінде өз әңгімесін
демонстрациямен ұштастырады. Оқушылардың
бақылауларына басшылық етеді. Экскурсияның
соңында мұғалім оқушылардың жұмыстарын
тексереді, қорытынды әңгіме болады. Керек
жағдайда оқушылар үй тапсырмасын орындайды.
Экскурсия материалдарын кірістіріп сабақ
өткізуге болады. Мектепте өтетін экскурсиялар
оқытудың тиімді формасы болғандықтан,
оларды жиі өткізу керек, себебі ол өмірді
тану дағдыларын қалыптастырады. Ол үшін
экскурсияларға тапсырмалар әзірлеп,
нәтижелерін тексеріп отыру керек.
Оқыту жұмысын тек сабақ арқылы ұйымдастыру мүмкін емес. Сыныптық-сабақ жүйесінің негізгі кемшілігі - оқушылардың дара ерекшеліктерін дамытуға жеткілікті мүмкіндіктердің болмауы - оқытуды ұйымдастырудың басқа жолдарын іздестіруге себеп болды. Сондықтан оқушылардың сыныптық-сабақтағы танымдық әрекетін дамыту, толықтыру және оқушылардың өзіндік шығар-машылық белсенділіктерін, қабілеттерін арттыру мақ-сатында оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша түрлері қолданылады. Олардың қатарына семинар, экскурсия, факультативтік, қосымша, конференция сабақтары, өндірістік оқу, үйдегі оқу жұмысы, тәжірибелік-зертханалық (практикум) және пәндік үйірме жұмыстары, олимпиада, сынақ және емтихан, өзіндік жұмыс түрлерін жатқызуға болады.
Экскурцияның негізгі міндеттері:
1. Экскурсантқа көруге, тыңдауға және сезуге көмек беру;
2. Экскурсантқа объекті көрудің, түсінудің практикалық дағдысын беру;
3. Тақырыпқа, әңгімеге, көрсетуге бүкіл экскурсия бойы тұрақты назар қамтамасыз ету.
Экскурсия методика жұмысы 2 бөліктен тұрады:
1. Экскурсия дайындау методикасы;
2. Экскурсия өткізу методикасы.
Жаңа экскурсияны дайындау 3 кезеңнен тұрады:
1. Алдан - ала жұмыс – келешек экскурсияға мәліметтер жинау және сол мәліметтерді зерттеу, сонымен қатар экскурсияда көрсетілетін объектілерді таңдау;
2. Тікелей экскурсия дайындау – бұл дегеніміз экскурсиялық маршрутты құру, нақты мәліметтерді өңдеу, бірнеше негізгі сұрақтардан тұратын экскурсияның негізгі бөлігінің мазмұнын құрастыру, бақылау мәтінін жасау, экскурсия методикасын жинақтау, әңгімелеудің, көрсетудің тиімді методикалық тәсілдерін анықтау;
3. Қорытынды кезең –
Объектілерді келесі топтарға бөлуге болады:
1. Біздің халқының өмірінде
2. Ғимараттар мен құрылыстар, мемориалды ескерткіштер, белгілі адамдардың өмірі мен қызметіне байланысты орындар: архитектуралық ансамбльдер, қоғамдық-инженерлік құрылыстар, мәдени саласындағы ғимараттар және т.б.;
3. Табиғи объектілер: ормандар, саябақтар, өзендер, көлдер, қорықтар мен қорықшалар және реликті өсімдіктер;
4. Мемлекеттік және халық мұражайлардың сурет экспозициясы, тұрақты және уақытша көрмелер;
5. Археология ескерткіштері: ежелгі тұрақтар, қоныстар, қорғандар, киелі орындар және т.б;
6. Өнер ескерткіштері: бейнелеу өнерінің туындылары, қолтаңбалы өнер, мүсін және т.б.
Экскурция сабағының құрылымы басқа сабақ тәсілдеріне қарағанда ерекше. Экскурсия жұмысының мақсаты - оқушылардың сабақта алған теориялық оқу материалдарын практикамен жалғастыру, бекіту. Сондықтан оқыту процесінде оның маңызы зор. Ол барлық оқу пәндерінде, әсіресе физика, химия, биология, тарих және еңбек сонымен қатар өзін-өзі тану сабақтарында кеңінен қолданылады. Бұл оқушыларды оқу процесін бақылай білуге жаттықтырады және оқу материалын өмірмен байланыстыра алуға үйретеді.
Экскурсия сабағын өткізу орнына: мектептің
оқу алаңына, табиғат аясына, ауыл шаруашылығына,
өндіріске, көрмелерге, музейге бару т.б.
нысаналар жатады. Оқыту процесін бұлай
ұйымдастыру мұғалімнен зор ұйымдастыру
жұмысын талап етеді. Экскурсия түрінде
жақсы өткізілген әрбір сабақ оқушыларға
нақтылы фактілер мен құбылыстарды жақсы
оқып үйренуге, өз түсініктерін кеңейтіп,
білімдерін бекітуге мүмкіндік береді.
Экскурсия сабақтарында мұғалім оқушыларға
оның тақырыбы мен мақсатын алдын ала
түсіндіреді. Соның негізінде оқушылар
нақтылы заттарды байқап, оларға бақылау
жасайды. Оқытуды экскурсия жолымен ұйымдастырудың
үш түрі бар:
Біріншісі - кіріспе экскурсия деп аталады. Ол сабақта күрделі тарау, тақырыптарды өтер алдында ұйымдастырылады. Экскурсияның бұл түрін бастауыш және орта сыныптарда алдын ала өткізсе, олар үшін сабақ өте қызықты жағдайда болады.
Екіншісі - ілеспелі экскурсия деп
аталады. Ол белгілі бір тақырыпқа арналып,
сабақ барысында оның орта шенінде немесе
өн бойында жүргізілуі мүмкін.
Үшіншісі
- қорытынды экскурсия. Ол күрделі тарау
немесе тақырыпты өтіп болғанан кейін
оқушылардың сабақтар жүйесінде алған
теориялық білімдерін пысықтау, бекіту
мақсатын көздейді.
Экскурсия сабағының нәтижелі өтуі негізінен
мұғалімнің алдын-ала дайындық жұмыстары
мен өткізу орнын дұрыс таңдай білуіне
байланысты болмақ. Мұғалім экскурсия
болатын нысананы
алдын ала барлап, содан кейін оқушыларға
оның мақсатын түсіндіреді. Мақсатына
қарай оның жоспары жасалады. Жоспарда
негізінен мына мәселелер қарастырылады: экскурсияның
барысы, негізгі кезеңдері, басталу және
аяқталу уақыты; маршруты, қамтитын нысанасы;
экскурсияға қажетті құрал-жабдықтар;
экскурсия барысында байқау нысаналары
мен оларды пайдалану жолдары жеке және
топ болып атқаратын жұмыстардың түрлері;
экскурсия қорытындысына сай оқушылардың
тапсырмалары т.б.
XVIII ғ. Францияның атақты ғалымы Жан-Жак
Руссо балалардың сезімін дамыту үшін,
олармен табиғатқа экскурсия жасау қажеттігін
дұрыс деп тапты. Оқытудың бұл түрі тек
XIX ғ. бастап қолданыла бастады. Оны Ресейде
Л. Н. Толстой ұйымдастырған Ясная Поляна
мектебінде кеңірек пайдаланды.
Информация о работе Өзін-өзі тану сабағын экскурсия түрінде өткізу ерекшеліктері