Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2014 в 13:15, курсовая работа
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі: Қазіргі кезде оқыту теориясы мен практикасында сабаққа дамып отыратын жүйе ретінде қарайтын көзқарас қалыптасқан. Сабақты үнемі бір сарынмен қалыптасқан әдіс бойынша өткізу мүмкін емес.Себебі, сабақ – сыртқы ортамен ақпараттық және басқа да арналар арқылы байланысатын жүйе. Осы сыртқы байланыстар мен ішкі қайшылықтар ықпалы арқылы сабақ дамып, жетіліп отырады. Сабақ – өзара тығыз байланысқан, өзара әрекеттесетін бөліктерден тұратын бүтін жүйе. Оқушыға сабақты түсіндірудің түрлі жолдары бар. Қазіргі заман талабына сай түрлі әдіс-тәсілдердерді қолданып сабақтың мазмұнын ашуға болады.Өзін-өзі тану сабағы әр сабақты жаңашылдықпен өтуді қажет етеді. Әр бір сабақ қызықты және басқа сабақтардан ерекше бір әдіспен өткізу оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
КІРІСПЕ......................................................................................................4
I ТАРАУ. ЭКСКУРИЯ ҰҒЫМЫ МЕН ЭКСКУРЦИЯ САБАҒЫ
Экскурция сабағы туралы жалпы түсінік ............................................5-6
1.1 Экскурция сабағының құрылымы......................................................7-9
II ТАРАУ. ЭКСКУРЦИЯ САБАҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Экскурция сабағының өткізілуі мен ерекшеліктері........................... 10-14
2.1 Өзін-өзі тану сабағын экскурсия түрінде өткізу ерекшеліктері ...........15-18
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................19-
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................
II ТАРАУ. ЭКСКУРЦИЯ САБАҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдай жасау қажет. Оқушының дарындылығының даму, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты. Кез-келген сабақты қызықты өткізу, оқушының қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру мұғалімнің басты міндеттерінің болып табылады.
Оқушының шығармашылығын арттыру үшін жеке тапсырма қосымша сабақтар өткізу, сабақта қызығушылығын арттыру, әр тақырып бойынша қорытынды жасау, тест дайындығын үйрету. Өзін - өзі тану баланы жолдастары арасында өзін сыйлата білуге, өзін - өзі жетілдіріп басқадан үлгі алуға, қоршаған орта жағдайында өзін - өзі бағып алуына, өз бетінше бір шешім айта алуына, әр іске жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді. Бірақ бұл жолда мұғалімге үлкен шығармашылықпен ізденіс керек. Онсыз ұстаздың бала жүрегіне жол табылуы мүмкін емес. Өзін-өзі тану пәні сабақтарының ерекшелігі - оқушылардың үнемі қарым - қатынаста болатындығы. Балалар өзі туралы, өзінің ішкі ойлары, көзқарасы, кез - келген іс - әрекетіне қарсы ойын немесе пікірін білдіре алады.
Экскурция
сабағы басқа сабақтардан ерекше сабақ
түрі болып табылады. Экскурция сабағының
өзіне тән ерекшелігі халқымыз табиғат
аялауға, қорғауға ерекше көңіл бөлген.
Тіпті адам бойындағы адамгершілік қасиеттерді
де өзінің туып - өскен табиғатымен сабақтастырып
жазады.
Мысалы, халық арасында жаны жаздай, көңілі
көлдей, пейілі кең даладай деген сөз тіркестерін
жиі кездестіруге болады.
«Шығармашылық жұмыс» - өзін-өзі тану пәнінің ең маңызды бөлігі болып табылады, балалар үнемі шығармашылық жұмыста болады, мысалы, табиғатпен ұштастыра отырып сурет салу, өлең жазу, тілек құрап айту, кітапшалар жасау сияқты жұмыстарымен балалардың шығармашылық шабыты оянады, өз ісіне сын көзбен қарап, басқаның еңбегін бағалауды қалыптастырады.
Экскурция сабағын қызықты етіп өткізу, мазмұнды етіп ұйымдастыру мұғалімнің шығармашылығына байланысты. Объект болып бір оқиғамен байланысты ғимараттар, түрлі құрылыстар, археологиялық ескерткіштер, өнер туындылары саналады. Экскурсия кезінде объекті көрсету басты орын алады. Дұрыс таңдалған объектілер олардың саны, көрсетудің кезектілігі экскурсия сапасына әсер етеді.
Экскурсия сабағының басты объектілерін келесі топтарға бөлінеді:
1. Мазмұны бойынша: бір жоспарлы және көп жоспарлы;
2. Функционалды белгісі бойынша: негізгі және қосымша;
3. Сақталу дәрежесі бойынша: толық сақталған, біздің уақытымызға дейін біраз өгерістермен жеткендер, жартылай сақталған және жоғалтылған.
Экскурсияға кіргізілген объектілерге баға беру үшін келесі ережелерді пайдалану ұсынылады:
1. Танымдылық құндылығы – бұл дегеніміз объектінің бір нақты оқиғамен белгілі мәдени қайраткерлердің өмері мен шығармашылығына байланысты.
2. Объекттің әйгілігі – оның халық арасында белгілігі.
3. Объектінің әдеттігіден тыс болуы – объектінің қайтланбас ерекшелігі бір аңызбен немесе оқиғамен байланыстылығы.
4. Объекттің айқын көрінуі –
сыртқы айқындығы қоршаған
Экскурция сабағында білімді және әрекет тәсілдерін бекіту төмендегідей кезеңдерден тұрады:
Экскурция сабағы кезінде оқушылармен жұмыс жасау, сабақты талдау: оқу жұмысын жүргізетін мұғалім сыныптағы барлық оқушылармен тікелей іскерлік қарымқатынас жасайды; әңгімелейді, түсіндіреді, оқушыларды проблема талдауға қатыстырады, оқушылардың бәріне басшылық етіп, нұсқау береді; мұғалім оқушылардың идеялық жағына, сезіміне тікелей әсер етіп, оқушылар мұғалімдердің қойған сұрақтарына жауап беріп, сезімдерін, ой толғаныстарын білдіреді; әрбір оқушы мұғалім берген ақпаратты меңгеруге тырысады; мақсатқа жетуге әрбір оқушы үлес қосады; мұғалім оқу жобалап, сыныппен байланыс орнатып, олардың назарын сабаққа аударып, білімді қабылдауға қызықтыру керек. Сабақтың соңында білім тексеретін сұрақтар қойған жақсы. Тақырыпты проблемалық, түсіндірмелі - иллюстративтік әдіспен ашуға болады, бірақ оқушылармен іскерлік байланыс болуы қажет; жаппай жұмыстың тиімділігі мұғалімнің барлық оқушыларды өз назарында ұстауына, әрбір оқушыны белсенді жұмысқа тартуына, зейінді шоғырландыра білуіне, тәртіпті ұстауына байланысты. Егер оқушыларға тек қана оқу ақпараттарын берсе, онда жаппай жұмыстың кемшіліктері көрінеді. Сабақтың нәтижелеріне жалпы баға беріледі.
Экскурция сабағын міндетті
түрде бір жерге саяхат
Сабақты қорытындылау кезінде оқушылар тақырыпқа байланысты сабақтан түсінгендерін шығарма жазу арқылы және әр қалаға сурет салу арқылы сипаттама жасауға болады. Үйге тапсырма ретінде Қазақстанның көрікті жерлерін бейнелеу тапсырылады. Сонымен қатар басқа сабақтарды да осындай әдіспен түрлі жолдармен ұйымдастыруға болады.
Экскурсия
кезінде тек қана әңгімелей берсе біраз
уақыттан кейін экскурсияға деген қызығушылық
төмендейді, одан кейін тіпті жоғалады.
Сондықтан объектілерді көрсетудің, әңгімелеудің
арасында үзілістің болуы тиіс. Экскурсия
кезінде оқу табиғатта, мұражайда, өндірісте
өтіп, оқушылар алуан түрлі объектілерді
және болмыс құбылыстарын бақылайды және
зерттейді, өмірдегі құбылыстарды тікелей
қабылдайды. Экскурсия әсемдікті түсінуге,
танымға қуануға, қоғамға пайдалы болуға
ұмтылуға көмектеседі.
Далада, орманда, өзен жағаларында оқушылар
табиғат сұлулығын түсінуге үйреніп, өздерінің
әсерлерін сурет салу, гербарийлер жасау
арқылы білдіреді. Мұражайларға, көрме
залдарына, өндіріс орындарына бару өнер
шығармаларын түсінуге, үйреншікті заттар
мен құбылыстардан сұлулықты табуға, адамның
еңбегінің сұлулығын сезінуге үйретеді.
Мысалы, жерде жұмыс істегенде өлшеу үшін
геометрия заңдарын қолданып, қарапайым
құралдармен жұмыс істеп, сурет салады,
көргендерін жазады, картамен жұмыс істейді.
Экскурсия мәселелерді шешуге мүмкіндік
береді. Мәселенің өзі, танылуға тиісті
объекті оқушыларға қызықты болады. Экскурсия
нәтижелері сыныпта шығарылады. Экскурсия
жаңа білімдермен қатар, мұғалімге өз
оқушыларын жақсы білуге көмектеседі.
Оқылатын бөлімдегі орнына қарай кіріспе,
негізгі, қорытынды экскурсиялар өткізіледі.
Кіріспе экскурсия оқушыларды және оқу
курстарымен, бөлімдерімен таныстырады.
Негізгі экскурсиялар арқылы оқушылар
тақырыпты терең түсінеді, теориялық материалдың
тәжірибесі керектігін үғынады. Кіріспе
әңгімеде мұғалім экскурсияның мақсатын
айтады, содан кейін оқушылар объектілерді
қарап, тапсырманы орындауға кіріседі;
сурет салады, жазады, объектінің ерекшіліктерін
бөліп, көргендерінен қорытынды жасайды.
Мұғалім экскурсия кезінде өз әңгімесін
демонстрациямен ұштастырады. Оқушылардың
бақылауларына басшылық етеді. Экскурсияның
соңында мұғалім оқушылардың жұмыстарын
тексереді, қорытынды әңгіме болады. Керек
жағдайда оқушылар үй тапсырмасын орындайды.
Экскурсия материалдарын кірістіріп сабақ
өткізуге болады. Экскурция сабағында белгілі бір жерге
саяхат жасап, сол жермен мәдени орталармен
танысқаннан кейін оқушылардың сабақтан
түйгендері мен саяхат жасаған орын туралы
мәліметтер кез-келген сабақтың соңында
хаттама арқылы толтырылады. Хаттама төмендегідей
түрде жасалынады.
Хаттама
Күні__________________________
Мектеп: ______________________________
Мұғалімнің аты, жөні__________________________
Жұмыстың өтілуі: ______________________________
Пәні__________________________
Тізім бойынша оқушылар саны___________________
Нешінші сабақ____________________
Сабақтың мақсаты дидактикалық__________________
Тәрбиелік_____________________
Дамытушылық___________________
Сабақ кезеңдері _____________
Іс-қимыл әрекеті ______________________
Сіздің ойыңыз, қорытындыңыз, немесе
ескертулеріңіз________________
Мұғалімнің____________________
Экскурция сабағының басқа сабақтардан басты ерекшелігі дәстүрлі емес тәсіл арқылы оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Танымдық белсенділіктерін дамыту. Эстетикалық талғамдарын дамыту болып табылады. Себебі оқушылар түрлі мәдени және тарихи орталарға бару арқылы мәдениеттілік пен көркемдікке бейімделеді. Сонымен қатар табиғаттың әсем жерлеріне серуенге шығу арқылы оқушылардың көркемдік пен шығармашылыққа қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
Бүгінгі таңда оқушылардың үзіліссіз білім алу міндеттерін жетілдіруге сай мектеп мұғалімдерінен олардың ойлау қабілеттерін одан әрі арттыру, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, сонымен қатар өзіндік жұмыстарына қатысты іскерліктері мен дағдысын тәрбиелеу талап етілуде. Ол үшін өзіндік жұмыс оқушы-лардың тек үй жұмысын орындау барысында ғана емес, оқыту процесінің өн бойында өз орнын табуы тиіс. Оқушылардың әртүрлі өзіндік жұмыстары негізінде сабақтың нәтижесін және таным қабілеттерінің белсен-ділігін арттыруға болады. Оқушылардың таным белсенділігі - оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгеру және оларды өмірде, практикада пайдалана білуге, үйренуге оқушының істейтін саналы әрекеті.
Оқушылардың таным
Экскурция
сабағы жалпы орта білім беретін мектептің
10-11 -сыныптарында өтілетін «Өзін-өзі
тану» пәні бойынша берілетін білім мазмұнын
арттыруда ерекше ықпал етеді . Ол өзін-өзі
тану рухани-адамгершілік білім берудің
жалпы мақсаттарына жетудің құралы болып
табылады.
Мектептің жоғары сатысындағы
базалық мазмұн адам мен қоршаған әлем
туралы түсініктерді тек танымдық тұрғыда
ғана емес, өзекті сипатта яғни зерттеушілік
ізденіспен, мәселені шығармашылық тұрғыда
түсінетіндей кең мағынада қарастырылады.
Өзін-өзі тану пәнін оқытуда сабақтастықты
сақтай отырып бірінші сыныптан бастап,
оқушылардың жас ерекшеліктеріне орай
мектептің жоғары сатысындағы 10-11 сыныптардың арасында негізгі төрт тақырып
бойынша экскурция сабақтарын ұйымдастуға
болады.
Олар:
1.Таным
тағылымдары.
2.Адам болам десеңіз...
3.Жарасымды өмір салтанаты.
4.Кең дүние келбеті.
Мектеп бітіруші бозбалалар мен бойжеткендер өзінің алдағы өмірін таңдап, жауапкершілік, дербестік, мақсатқа талпынушылық сияқты құндылық бағдарға ерекше мән берілетін үлкендер қауымына белсенді түрде әлеуметтену үдерісіне түседі. Жастардың өмірдің қандай кезеңдерінде болмасын белсенді әрекет етіп, оң шешім қабылдай білуге даяр болуы мен табысқа жетудің шешуші шарты жоғарғы адамгершілік құндылықтарды негізге алуында болып табылады.
10-11-сынып оқушылары ересек өмірдің табалдырығын аттаудың алдында тұрғандықтан олардың үйлесімді тұлға болып дамуында танымдық әлеуметтену маңызды деп саналады.
Аталған жас кезеңінің негізгі ерекшеліктері оқушылардың өмірлік жолын таңдауына байланысты тұлғаның көпқырлы өзіндік «Менін» қайта қарауынан туындайды. Бұл алуан түрлі қызығушылықтар, талпыныстар, мақсат қою мен міндеттер, іс-әрекеттерін жоспарлау, рухани ізденістер, абырой іздеу, кез келген ықпалдан өзін алшақ ұстау, қарым-қатынас аясын таңдау, өзін-өзі дәлелдеуі арқылы көрініс береді.
«Таным тағлымдары» атты бірінші тарау мазмұны оқушылардың жалпы адамзаттық құндылықтардың ерекшелігін саналы сезіну арқылы өзіндік артықшылықтарын ұғыну мақсатын көздейді.
Адамның өзімен-өзі және қоршаған ортамен үйлесімді қарым-қатынас орнату қабілетін дамытуға, танып-білуге ұмтылысын, өзінің эмоциялық күйін басқара алу білігін дамытуға басты назар аударылады. Оқушылардың арманға қол жеткізудің адамгершілік жолы, өмірде қуана білудің адам үшін мәнділігі, адалдық, ой тазалығы, шынайылық, талаптылық, тәуекелдік сияқты жеке тұлғалық қасиеттерінің жаңа қырлары туралы білімі мен махаббат, бақыт, өмір туралы түсініктері кеңейтіледі және тереңдетіледі. Адамның өмірдегі басты және қосалқы мәселелерді айыра алу білігіне, өмірдегі өз орнын түсінуіне ықпал ететін рухани байлық, қызмет ету сияқты ұғымдарды ұғындыру қарастырылады.
Осы тарау бойынша оқушылардың танымдық
қабілеттерін дамыту мақсатында оқушыларды
түрлі мәдени орындарға экскурсияға алып
бару арқылы мәдени-танымдарын арттыруға
үлкен мүмкіндік туындар еді.
Мысалы: ақын-жазушылардың музейлеріне
апару арқылы сол жазушылардың өмірі мен
шығармашылығымен танысу арқылы әдеби
танымдарын арттыра алады. Сонымен қатар
әдебиет пен шығармашылыққа қызығушылықтарын
арттыруға мүмкіндік туындар еді. Шығарма
мен өлең жазу өзін-өзі тану пәнінде маңызды
орын алады. Бұл өз кезегінде рухани-адамгершілік
білім берудің дамуына ерекше ықпал етеді.
Информация о работе Өзін-өзі тану сабағын экскурсия түрінде өткізу ерекшеліктері