Аутотренинг

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2011 в 13:06, доклад

Описание

Сіз зәулім сарайдың ішіне кіресіз. Айналаңызды қоршаған төрт қабырғада көркем де керемет суреттер. Сол көркем суреттерді көру үшін сіз әр қабырғаны жағалап, ұстап көресіз.Айналаңыздағы қоршаған төрт қабырғада көркем де кере-мет суреттер. Сол керемет суреттерді көру үшін сіз әр қабырғаны жағалап өтесіз. Ол суреттерде сіздің қиял-ойларыңыз бейнеленген. Бірінші қабырғаға.., екінші қабырғаға..., үшінші қабырғаға..., төртінші қабырғаның соңында сіз аппақ, әрі жұмсақ демалатын жерді байқайсыз.

Работа состоит из  1 файл

Аутотренинг.docx

— 29.30 Кб (Скачать документ)

        

   « Менің әріптесім » жаттығуы. 

     Мақсаты: Мұғалімдердің өзара бір-бірімен қарым-қатынасының эффективті амалдарын дамыту.

      Психолог топтағыларға келесі  ситуацияны ойнауды ұсынады: мұғалім  өз әріптесіне отбасы жағдайына  немесе денсаулығына байланысты  бір-екі күн жұмысты алмастыра  тұруын өтінеді.

      Ары қарай топты мына мәселелер  бойынша талқылау жүргізіледі.: өз  өтінішін білдіргенде мұғалім  қандай коммуникативті амалдар  таңдады, неге кейбір мұғалімдер  көмек көрсетуге келісті,басқа  біреулері келіспеді (егер ойында  ондай жағдай  болса ). Әрбір  қатысушы өз практикасында кездестірген  осыған ұқсас жағдайларды есіне  түсіріп, осындай жағдайда өздерін  қалай  ұстау керек-тігін ойланса  болады. Психолог әрбір мұғалім  біреуден көмек сұрау керек  болса қалай әрекет ету керектігі  жөнінде өз пікірін белсенді  айтып топқа қосылып отыруына  жағдай жасауы  қажет. Топ әріптесінен  көмек сұрау қажет болған жағдайда  қалай әрекет ету керектігі  жайында оптималды формаларды  жасап шығарады, психолог тек  өзіне көмек көрсетуге жағдай  жасап  отыруы  қажет.

                

   «Мектеп директоры» жаттығуы. 

       Мақсаты: Мектеп директорымен  қарым-қатынас жасаудың эффективті амалдарын дамыту.

       Бұл жерде мұғалімнің мектеп  директорымен қарым-қатынас жасаудағы  жағдайларын қарастырамыз. Мұғалім  мектеп директорынан жыл ортасында  ден саулығына байланысты демалыс  беруін өтінуі немесе қатысушылар  практикасында кездескен  басқа  да жағдайларды ойнауға болады.

      Бұл жаттығуды талқылау алдынғы  жаттығудың схемасы бойынша жүреді.  
 

   «Мұғалім-класс» циклы

   «Эмоция » жаттығуы. 

       Мақсаты: Мұғалім бойында артистизм, эмоционалдылық, иілгіштік, оқушылармен қарым-қатынаста образдық пен тірлік техникаларын дамыту.

       Топ жарты шеңбер болып отырады.  Әрбір қатысушы психологиялық  жұмбақ жасырады. Жұмбақты бет  әлпет қимылы, позасы, іс-әрекеті,  жесті және кейбір нейтральді  фразаларды қолдануы, өзі ойланған  эмоцияналдық күйлердің біреуін  топқа жасыруға болады, топ мүшелері  оны табуы қажет.

       Кейіннен психолог мұғалім жұмбақты  қаншалықты шеше алғандығы жайында  ойланауға, ол өз күйін демонстрациялауда  қандай сыртқы амалдарды қолдануда  қайсысы  ( бет, қол, интонация  және т.с.с) мәндері болып келетіндігі  жайлы ойлануды ұсынады. Мысалы: дерективті дауыс немесе «мұғалімдік» қатты мүсін.

        

   «Менің кәсіби рөлім» жаттығуы. 

       Мақсаты: оқушылармен өзара әрекеттесудегі мұғалімнің ішкі позициясын және класпен қарым-қатынас жасаудың эффективті амалдарын топпен бірге іздеу.

     Топ шеңбер  болып отырады,  психолог әрбір қатысушыға карточка  таратып береді. Карточкада белгілі  бір кәсіби коммуникативті позиция  рөл анықталған. Негізінен келесі  карточкалар тізбегі болған жөн:  «Көмекші», «Ана», «Тәрбиеші», «Лидер», «Авторитет», «Хабарлаушы», «Идеал»,  «Ең-ең...», «Мейірімді»,  «Бақылаушы», «Оқушымен ата-ана арасындағы делдал», «Интеллектуал», «Сабақ беруші», «Дос», «Пәнші», «Бағалаушы», «Сот», «Ойыншы», «Құрдас».

       Топ мүшелері рөл – позиция   жазылған бір карточка алады.Карточканы  оқып, мұғалімнің кәсіби позициясының  мұндай мінездемесімен келіссе  неге келіскенін, келіспесе неге  келіспегені жайлы пікір айтады. Егер мұғалім бел-гіленген позиция-рөлмен  мүлде келіспесе, онда оның  ойынша кіші мектеп бала-ларымен  қарым-қатынас жасағанда қандай  рөлді жүзеге асыруға болатындығын  атап өтсе болады.

         

   «Мысқыл ат ( прозвища ) » жаттығуы. 

       Мақсаты: Кіші мектеп оқушыларымен қарым-қатынас жасаудың эффекивті амалдарын топпен іздеу.

        «Тауып алу» жаттығуының ұйымдастырылған схемасының аналагиясы бойынша орындалады. (3) Топтан қалауы бойынша жүргізуші талданылады. Оны бөлмеден шығарып, қатысушылардың ішінен біреуін жасырамыз. Жүргізуші бөлмеге кіргеннен кейін қатысушылар жасырылған адамды суреттейтін ( мінез-құлқын, түрін және т.с.с ) ат айтып шығады. Жүргізушіге қойылған шарт жасырылған адамды табу керек. Жаттығу нәтижелерін талқылау  жасағанда қандай аттар сәтті және ұқсас болғанын, қайсыларының ұқсамағанын анализдейміз. Бұл жерде барлық қатысушылардың пікірін тындаған жөн, топ жасырған адам мен жүргізушінің пікірі маңызды және де қатысушылар тәжірбиесінде кездескен мысқыл атаулар мен оларға қалай жауап қайыруды да талқылаған өте қызықты болады.

          

   «Кейіпін тап » жаттығуы. 

        Көбінесе бастауыш мектеп мұғалімдері класқа жаңа материалды түсіндіргенде көп қиындықтармен кездеседі.   Өйткені,кейбір балалар материалды тез және дұрыс қабылдайды да, ал  кейбіреулері баяу қабылдайды және қайта түсіндіргенді қажет етеді. Бұл жерде мұғалім оқушыларға оқу бағдарлама материалын  ұғындыруды ұйымдастырудың  әртүрлі амалдарын қолдана отырып бірнеше рет қайталап түсіндіруге мәжбүр болады.

       Мақсаты: Оқушыларға жаңа оқу материалын түсіндірудің эффективті амалдарын ұйымдастыруда мұғалімнің образды тілін қалыптастыру.

       Топ шеңбер құрып отырады. Психолог  топ қатысушыларына кез келген  оқу материалдарының тематикалық  бірлігіне анықтама беруді ұсынады.  Мысалы, мына тақырыптарға образды  ұғындыру қажет: «Теңдеу», «Көлем», «Септік», және т.с.с. Тандалған тақырып бойынша әрбір мұғалім түсіндірме береді. Мұғалімдер шеңбер бойынша жауап береді. Алдында айтылған қатысушының материалын қайталауға рұқсат етілмейді. Нәтижесінде талқыланған тақырыптар бойынша «анықтаулар банкі » пайда болады. Осы анықтауларды мұғалімдер жазып алып,  болашақта тәжірбиелік жұмыстарында қолданса болады.

       

   «Күйіне келтіру» жаттығуы. 

         Мақсаты: Сабақ басында қуаты мен күшін тез мобилизациялау және жұмыс қабілетін жоғарлату.

        Топ мүшелері ыңғайлы позада  шеңбер құрып отырады. Психолог  денені бос ұстап, көзді жұмып  айтылған әңгімені көз алдарына  елестеуді ұсынады. Келесі мәтінді  баяу, жұмсақ етіп әңгімелейміз.

      «Бүгін сіз класқа барғыңыз келмей тұр. «Егер де... » әрекет ете отырып, өз күш қуатымызды мобильдеуге тырысамыз. Егер де менің көңілім жақсы болып,өзімді демалған және жаңарғандай сезінсем, класқа қуана барар едім. Көшеде келе жатып өз оқушыларым туралы ойланам, оларды тезірек көргім келеді. Мектепке кіріп келдім, өз әріптестеріммен сәлемдесемін, оларға күлімсірей қараймын. Өз классыма бара жатырмын, класқа кірдім қоңырау соғылды, сабақ басталды.

        Сәлеметсіндер ме балалар! »

        Жаттығуды орындап болған соң  жалпы топтық талқылау жүргізіледі.  Бұның барысында мұғалімдер мен  психолог жұмысқа бағытталудың  психотехникалық әдістерімен тәжірбие  алмасады.

         

   «Жест таңдау» жаттығуы. 

       Мақсаты: Әрбір топ мүшесі үшін жест жүйесінің мәнерін қалыптастыру.

   Мұғалімдер  шеңбер құрып отырады. Әрбір қатысушыға тапсырма беріледі, 3-5 минут ішінде өз тәжірбиесінде болған бір қызықты, содан кейін бір қиын оқығаны  естеріне түсіріп баяндап беру. Бұл  жерге әңгімені баяндаудағы мәнерлілік пен қызықтыру шарты қойылады. Әңгімелеуде бет әлпет, поза, жест.т.с.с сыртқы пластика амалдарын қолдану ұсынылады.

   Топ әрбір сөз сөйлеушіні бақылайды. Барлық қатысушылар әңгімелерін  айтып болғаннан кейін ең тиімді болған индивидуалдық жесттеріне талқылау  жасалынады. Әрбір мұғалім бастауыш мектеп оқушыларының педагогикалық  жұмыс жүргізгенде тиімді болатын  жесттер тобын таңдап алуы қажет.

          
 

   «МҰҒАЛІМ-ОҚУШЫ» циклі

   «Бала» жаттығуы. 

      Мақсаты: Мұғалім бойында балаға деген жағымды – эмоцияналды қаты-насын қалыптастыру.

      Топ шеңбер құрып отырады. Әрқайсысы  «бала» (бастауыш мектеп оқушысы) сөзіне анықтама береді. Сөйлем «Бала-бұл.... » принципі бойынша бастауы қажет, әркім өз пікірі бойынша сөйлемді анықтайды. Нәтижесін талқылауда психолог топ назарын позитивті анықтауларға аударады.

        

   « Менің балалық шағым» жаттығуы. 

       Мақсаты: Мұғалімнің балалық естеліктерін активизациялау.

       Топ мүшелері шеңбер құрып  отырады. Психолог қатысушылардан  балалық шағындағы ең қызықты  және қайғылы оқиғаларын естеріне  түсірулерін ұсынады. Мұғалім  балалық шағында эмоцияналдық  травма алып, эмоциясын сыртқа  шығара алмаған болса, онда  ол жағдай оның балаларымен  қарым-қатынасына әсер етеді.  Мұғалім балалық шағындағы күйзелістерін  сыртқа шығарып, топ мүшелерінен   қолдау көрсе, онда ол балалық  шағының жан қиналатын естеліктерінен  айырылады. 

                   

   «Менің алғашқы ұстазым» жаттығуы. 

        Мақсаты: Мұғалімдердің педагогикалық рефлекциялық қабілетін дамыту, жеке тәжірбиелік әсер етулерін бағалау және анализдеу

       Психолог топ мүшелеріне өздерінің  алғашқы  ұстаздарын естеріне  алуды ұсынады.  Оның балаларға  қарым-қатынасы, сабақ түсіндіру  мәнері, оқушылар жұмысын қалай  бағалау, сыныптағы ахуал қандай  болғанын естеріне алуы қажет.  Жаттығудың эффективтілігін жоғарылату  үшін оларға өз тәжірбиесінде  кездестірген алғашқы ұстаздарына  ұқсас іс-әрекеттерін немесе одан  жақсырақ, әділдірек болғысы келетіндігі  жайлы пікірлерін сұрауға болады. Тағы бір маңызды жайт, олар  өздерінің балалық елестерінің  негізінде өз оқушыларын терең  сезіне алуына үйрету.

     

   «Менің ең қиын оқушым» жаттығу. 

        Мақсаты: Мұғалім бойында балаға деген жағымды –эмоцияналды қатынасын дамыту , қиын балалармен қарым-қатынаста тәжірбие алмасу.

        Топ мүшелерін шеңбер бойымен  өздерінің тәжірбиесінде кездескен  бір қиын оқушы жайлы оның  түр әлпетін, өзін сабақта қалай  ұстайтындығы, оның үлгерімі, соған  байланысты қандай қиын ситуациялар  болған және т.с.с. жайттарды  баяндап беру тапсырылады. Мұғалім  оған әсер ету үшін қандай  амалдар қолданғанын суреттеуі  керек. Топ мүшелері өздерінің  тәжірбиесін пайдалана отырып  ол балаға әсер етудің эффективті  тәсілдерін табуға көмек береді.

       

   «Интонация » жаттығуы. 

         Мақсаты: Мұғалімдердің коммуникативтік мүмкіндіктерін диапазонын кеңейту.

         Топтың әрбір мүшесі оқушыға  арнап бір мадақтау фразасын  айтуы керек. Мысалы: « Жарайсың! Сенде барлығы дұрыс. » Бұл фразаны қатысушы бет әлпетін және интонациясынәртүрлі етіп кемінде бес рет қайталауы қажет. Топ қай фразасы сәтті және қайсысы сәтсіз болғанын  анықтайды.

       Психолог әрбір мұғалімге оқушылармен  қарым-қатынаста мәнерлі және  әсерлі интонациясын табуға көмектеседі.

    

   «Айна » жаттығуы. 

        Мақсаты: Мұғалімнің коммуникативтік мүмкіндіктерін дамыту.

        Қатысушылар екі-екіден топқа  бөлінеді. Әр  топта біреуі жүргізуші,  ал екіншісі оның айнасы болады. Жүргізуші қолдарымен спонтонды  әрекеттер жасайды. Ал екінші  адам айнадағы бейнесі сияқты  синхронды қайталауға тырысуы  керек. Мұндай вербальді емес  коммуникацияда пайда болатын  ойыншылар арасындағы психологиялық  байланыстармен қиындықтардың туу  сәттерін талқылайды. Психолог өзімен  қарым-қатынастағы партнерді дұрыс  түсіну және сезінудін маңыздылығын, адамдар арасындағы индивидуалды-динамикалық  айырмашылықтар қандай болатындығын  «осы жерде және қазір» тәжірбиеде сезінуі қажет екендігін топтың әрбір мүшесіне айтуы қажет. 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Аутотренинг