Бозбала мен бойжеткен

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 13:47, контрольная работа

Описание

Мақсаты: Ата қасиетімен,ана әлдиінен нәр алған ұлттық үрдісімізді оқушуылырдың бойына сіңіру.Ұл бала мен қыз баланың бір-біріне шынайы құрметпен,қастерлей білуге баулу, өзара сыйласымдылықты достық қарым-қатынасты тәрбиелеу, қалыптастыру. Кіріспе сөз: Біздің елімізде, алқымыздың отбасылық тәрбие дәстүрінде ежелден бері қалыптасқан тәлімді үлгілері оңды салттары аз емес.

Работа состоит из  1 файл

динара апай.docx

— 49.09 Кб (Скачать документ)

 

 Тақырыбы: Бозбала мен бойжеткен. 
Мақсаты: Ата қасиетімен,ана әлдиінен нәр алған ұлттық үрдісімізді оқушуылырдың бойына сіңіру.Ұл бала мен қыз баланың бір-біріне шынайы құрметпен,қастерлей білуге баулу, өзара сыйласымдылықты достық қарым-қатынасты тәрбиелеу, қалыптастыру. 
Кіріспе сөз: Біздің елімізде, алқымыздың отбасылық тәрбие дәстүрінде ежелден бері қалыптасқан тәлімді үлгілері оңды салттары аз емес.Әр отбасы ұл-қызына атадан түйгенін үйретеді. «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің», «Ата көрген оқ жонар,Ана көрген тон пішер», «Ұлың өссе ұлы жақсымен көрші бол,Қызың өссе қызы жақсымен көрші бол», «Қызға қырық үйден тыйым» деген мақалдар осының дәлелі. 
Қазақтың тәлім-тәрбие тарихы-қазақтың теңдесі жоқ даналықтың қасиетті мектебі десек артық айтқандық емес.ақсақалдардың ақылын тыңдау,жөн сөзге тоқтау,үлкеннің айтқанын иек қаққызбай тыңдау-инабаттылықтың,кішіпейілдіктің,бауырмалдылықтың,иманжүзділіктің көрінісі.Осындай халқымыздың салт-дәстүрлерін ұмыт қалдырмай жалғастыру негізгі мақсатымыз. 
Екі бастаушы ұл мен қыз ортаға шығып, кезекпен оқиды. 
Ұл: 
Бабаларым қыздарды қадірлеген, 
Қыз баладан басталар өмір-терең 
Ауыл көркі қыз болып,ән айтылып. 
Күн болмаған сазды күй төгілмеген. 
Қыз: 
Ғажап жандар тарихта жырланатын, 
Қырандай серпе тұғын қос қанатын. 
Біз бүгін дәріптейік мақтанышпен, 
Қасиетті,қадірлі ұлдар атын. 
Ұл: Қыз емес қыздың аты қызыл алтын, 
Көрінер толған айдай жүзі жарқын. 
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес, 
Халқының сақтай білген ізгі салтын дегендей,біздің халқымызда қыз деген сөздің өзі әдеміліктің,әдептіліктің,жан жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады. 
Қыз: 
Нағыз жігіт қорған болар халқына, 
Нағыз жігіт берік болар антына 
Нағыз жігіт жалғастырып дәстүрін 
Адал болар ата баба салтына. 
Иә, бүгін мектеп партасында отырған ұл бала ертеңгі жігіт ер азамат. Ал,азаматтың жүгі ауыр. Себебі, «Мен қазақпын» дейтін азамат өзінің шыққан тегін,кесіп,кір жуған ата жұртын қастерлеп,жеті атасын жадында түтуы қажет. «Жеті атасын білмеген,жеті рулы елді біледі.»деп қазақ бекер айтпаған 
Сондықтан құрметті оқушылар, мұғалімдер бүгінгі «Бозбала мен бойжеткен» атты байқауын ашық деп жариялаймыз. 
Сайыс шарттарын таныстырып өтейік: 
1)«Сәлем сөздің анасы» таныстыру 
2) «Ал,жауабын тауып көр»Сұрақтар 
3) «Өнерлігі өрісі кең» 6А, 6Ә «Қыз өссе елдің көркі» «Жігітке жеті өнерде аз»көрініс 
7А «Ақсүйек»ойынынан үзінді,көрініс көрсету 
7Ә «Қыз қуу» дәстүрінен үзінді,көрініс. 
10А «Қыз Жіібек пен Төлеген»лиро эпостық жырынан үзінді,көрініс. 
4)Караоке ойыны. 
5)Қорытынды. 
Ұл: Бірлесіп көрермен қауымдармен 
Ән салайық ару таңмен 
Қазағымның ежелгі әдетімен 
Танысайық өнерлі бозбала мен бойжеткен жұптарымен 
Ал енді сахна төріне «Бозбала мен бойжеткен» байқауына қатысатын жұптарымызды шақырайық. 
Байқауымыздың бірінші ережесі бойынша жұптар бір-бірін таныстырып өтеді. 
Қыз:Шуақ сыйлар адамға ән кешінде 
Бұл ғажайып бағалар сән кешіне 
Бұл білімділік ой көкпар тарттыратын 
Кезек бердік сұрақ жауап бәйгесңне. 
Ұл: 
Қой жігіттер,күн болды ойланарлық 
Білім,әдет ақылды ойға аларлық 
Ойынымыз аз болсын,ойымыз көп 
Оймен талап етпеген іс қоймалық 
Ар қайда? Рахым қайда?Әдеп қайда? 
Быт шыт боп неге жүрміз әрбір сайда? дей отырып келесі тапсырмамызға кезек берейік «Бозбала мен бойжеткен» жұптары сахнаға шақырылады. 
Қыз: Қыз емес қыздың аты қызыл алтын, 
Көрінер толған айдай жүзі жарқын. 
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес, 
Халқының сақтай білген ізгі салтын дей отырып сөзіміздің жалғасын «Қыз өссе елдің көркі» «Жігітке жеті өнерде аз» тақырыбындағы көрініс көрсетейік. 
Ұл: Қайырлы күн құртетті көрермен 
Ағытайық әнменен өнер легін 
Осынау шуақ сыйлар мерекеде 
Жасайық таңғажайып гүл өрнегін 
Әр байқауда жұптарға баға беріп 
Өнерінде қошеметтеп саралағын 
Сахнаға «Ақсүйек» ойынынан үзінді және көрініс көрсету үшін 9А сынып жұптарын шақырамыз.Қошеметтеп қол соғып қойыңыздар. 
Қыз: 
Өріледі таңғажайып әсем саздар 
Тербеледі ән мен жырға аққу қаздар 
Тағы да ду қол соғып қарсы алайық 
«Қыз қуу» ойынынан үзінді,көрініс көрсететін 6Ә сынып жұптарын шақырамыз.Ду қол шапалақ. 
Ұл: 
Салады қазағымыз Гәкку әнін 
Желбіретер бақыттың ақ туларын 
Қарсы алайық кәнекей ду көтере «Қыз Жібек пен Төлеген» жұптарын. Сахнаға 6А сыныбының Бозбала Бойжеткені шақырылады. «Қыз Жібек пен Төлеген » лиро эпосынан үзінді және көрініс. 
Қорытынды: 
Бастаушы қыз бала; 
Әзілімізді ұға алатын, 
Қиындықта сыналатын, 
Қыздарды сыйлай білетін, 
Жөн сөзді тыңдай білетін: 
Қыраңдай алғыр, 
Сұңқадай өр, 
Достыққа адал ұлдарымызға арналған бір аз ғана сыйымыз бар,соны тапсыруға рұқсат етіңіздер! 
Қыздар өздері арнайы дайындаған кестелі орамалдарын ұсынады. 
Бастаушы ұл бала: 
Қыздар деген қызыл гүл ғой, 
Өсіп тұрған бақтағы. 
Қыздар деген жігіттердің, 
Асыл арман,ақ таңы. 
Қыздар деген әсем ән ғой, 
Әлі айылып болмаған, 
Қыздар деген бақыт құсы- 
Қолға оңай қонбаған,-деп ақын ағамыз жырлағандай,біздіңде қыздарға арналған мына әдемі гүлімізді тапсыруға рұқсат етіңіздер!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зорлық-зомбылық - жеке тұлғаға қол сұқпаушылық, (тәндік және рухани мағынада) туралы азаматтардың құқын бұзатын бір адамның екінші адамға тәндік немесе психикалық ықпал етуі. Түрлі тәсілдермен ұрып-соғу, дене жарақатын салу, азаптау (азапқа салу және денсаулыққа зиян келтіру); адам психикасына (жүйкесінің тозуы немесе тіпті жынданып кетуін тудыруы мүмкін) қорқыту, тәнге жарақат салу катері жолымен ыкпал ету және т.б. Зорлықзомбылықты қолдану аркылы жасалған қылмыс, қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын мән-жай болып табылады

 

Жастар арасында етек жайған зорлық-зомбылық салдарынан Еуропада жыл сайын 15 мың адам өмірлерімен қоштасып, 300 мыңдай адам ауруханаларға түсіп жатады екен. Дегенмен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзінің Еуропадағы жастар арасындағы зорлық-зомбылық жөніндегі баяндамасында жастар арасындағы мұндай бейәлеуметтік мінез-құлықтардың алдын алуға болады деп есептейтінін мәлімдеген. Осы баяндамада атап көрсетілгендей, аталған проблеманың түп-тамыры қоғамның денсаулығында жатқан көрінеді. Мәселен, зорлық-зомбылықпен жасалған әрбір 10 кісі өлтірулердің 9-ы тұрғындары төмен немесе орташа табыс табатын елдерде орын алады екен. Жастар арасындағы зорлық-зомбылық тұрмыстары қолайсыз саналатын елдерде тұрмыс деңгейі жоғары елдерге қарағанда 7 есе көп болып шыққан. Соған қарағанда қылмыстардың дені тек ақша үшін ғана жасалады деген қағида да шындықтан алыс болмаса керек. 
 
Еуропадағы жастар арасындағы өлім деңгейі бойынша рекордтық көрсеткіш Ресейге тиесілі екенін айта кеткен жөн. Одан кейінгі орындарда Албания, Қазақстан, Белоруссия, Украина, Қырғызстан, Грузия, Өзбекстан сияқты елдер тұр. Бұл тұрғыда Еуропадағы жағдайы неғұрлым жақсырақ ел Германия болып табылады екен. Осы келтірілген мысалдан соңғы жиырма жыл көлемінде қоғамымызда орын алған өзгерістердің, яғни нарық қатынастарына көшудің посткеңестік мемлекеттерде тұратын жастар өміріне қаншалықты әсер еткенін айқын аңғаруға болады. Сарапшылардың бағалауынша, қылмыстық ортаның “жасаруы”, жасөспірімдердің аса ауыр қылмыстарға баруы қоғамдағы жүйелі рухани дағдарыстың айғағы болып табылады. 
 
Өкінішке қарай, жоғарыдағы мысал көрсеткендей, Қазақстанда да жастар арасындағы жағдай көңіл көншітерліктей емес. Құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша өткен 2009 жылдың 11 айында кәмелетке толмағандар тарапынан жасалған 5 мың қылмыс тіркелген. Олардың 1,2 мыңы ауыр және аса ауыр қылмыстар. Бұл ретте жүргізілетін есептіліктің өмір шындығымен үнемі сәйкесе бермейтінін, оның сыртында алыс-алыс ауылдарда болып жататын үлкенді-кішілі құқық бұзушылықтардың мүлде тіркелмейтінін де ескерген жөн. 
 
Жастар проблемасы туралы сөз қозғай отырып, олар тарапынан жасалатын қылмыстармен қатар, олардың түрлі діни секталарға қосылып, күмәнділеу қадамдарға барып жүрулерін де назардан тыс қалдыруға болмайды. Бір қарағанда ешкімге зияны жоқтай көрінетін осынау діни ағымдардың түпкі ой-ниеттерінде нендей пиғылдардың жатқанын ешкім де дөп басып айтып бере алмайды. Өмірлік мақсаттар тұрғысынан алғанда кез келген қоғамның ертеңі болып табылатын жастардың қандай да бір діни ағымдарға ілесіп, уақыттарын босқа өткізгендерінен гөрі, өздері үшін де, ел үшін де пайдалы іс қылғандары әлдеқайда тиімдірек болар еді. Бұл мәселенің әсіресе, егемендігінің іргетасын енді ғана бекітіп жатқан Қазақстан сияқты мемлекет үшін маңызы орасан зор. Егер мәселенің ақиқатына келер болсақ, діни ағымдар мен секталардың өзі қандай да бір ел халқының арасына іріткі салып, оларды уақыт талабына сай алға қарай даму жолынан тайдыру мақсаттарын көздейді. Кез келген діни ағым мен сектаның артында бүлдіргіш күштер тұр. Және олар нақа осал да емес, белгілі бір қаржылық топтарға арқа сүйеген, өздерінің өрмекшінің торындай шырмауықтарын дүние жүзінің бірқатар елдеріне таратқан күштер. Оларды, керек болған кезде ақшаны да оңды-солды шаша отырып, батыл қимылдататын да сол күштер. Өркениетті дамудың жолына жаңадан түскен, заңдары мен қоғамдық институттары жеткілікті дәрежеде жұмыс істей алмай тұрған елдердің адамдары ондай күштердің ықпалына тез түседі. Ағымдар мен секталар өз қатарына тарту үшін әдетте өмірлік көзқарастары әлі қалыптасып үлгермеген, өзінің дербес ұстанымдары жоқ, ерік-жігерлері мықты емес, білім-түсініктері таяз, айтқанға көнгіш адамдарды іздейді. Ал буыны бекіп үлгермеген жастар дәл сондай адамдар тобына жатады. 
 
Әй дейтін әже, қой дейтін қожаның жоқтығына көздері жеткендіктен бе, олар өздерінің пиғылдарын да жасырып жүрген жоқ. Халық арасында елдің туын, гербін, гимнін мойындамаңдар, әскерге бармаңдар, ата-аналарыңды тыңдамаңдар деп ашықтан-ашық уағыз таратуы осы сөзімізге дәлел. Ең қатерлісі, осындай бүлдіргіш күштерге қарсы жүргізіліп жатқан принципті де тиянақты жұмыстар жоқ. 
 
Осы орайда бұрыннан өзімізге жақсы таныс, өкінішке қарай, соңғы жылдары ұмыт бола бастаған “бос уақытты ұйымдастыру” мәселесінің “іштерінде арыстан ойнап жатқан” жастар үшін атқаратын рөлі ерекше. Бірақ нарық заманы бұл орайда да өз кедергілерін алға тосып отыр. Ол – бос уақытты өткізетін орындардың бәрінің ақылы болуы. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, өмір жолын енді ғана бастаған, әлі жеткілікті жалақы табуға қол жеткізе қоймаған жастар үшін ақылы демалыс орындарына барудың өзі бір мұң. Мәселен, елордадағы спорт сарайларына бір кіріп шығу үшін ғана 300-500 теңге ақы төлеуің керек екен. Спортпен ойлағандай дәрежеде айналысу үшін ондай орындарға тұрақты түрде барып тұру қажет екенін ескерсек, жинала келгенде 500 теңгенің өзі едәуір ақша болып шыға келеді. Оның үстіне жастардың спорттың сыртында, өзге де көңіл көтеретін жерлерге барып тұрғылары келетіні айтпаса да түсінікті. Бір қарағанда жоғарыда айтылған сома онша көп те ақша емес тәрізді. Бірақ, табыстары аз, оның үстіне көңіл көтеруді бір-екі түрлі ғана шара деп түсінбейтін, яғни азғантай қызықты қанағат тұтпайтын жастардың “әй, қойшы, соны” деп қолдарын бір сілтеулері үшін соның өзі де жетіп жатыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.8. Балаларға  қатысты зорлық-зомбылық

Версия для печати



 

 

Қазақстанда балалар, бүкіл  әлемдегідей, үйінде, мектепте және басқа  да қоғамдық мекемелерде күнделікті қатыгездікпен және зорлық-зомбылықпен ұшырасып отырады, алайда осы кезге дейін қоғам бұл проблемаға зейін қойып көрген жоқ.

Балалар, ересектер  сияқты, негіз қалаушы: сыйлау, қол  тигізбеу және адамзаттық абыройын сақтау құқықтарына ие, сондай-ақ Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы мен  Азаматтық және саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пактіде көзделген  заң тарапынан да тең қорғау көрсетілуіне құқылы.

Бала үшін ата-анасының үйі әрқашан ең қауіпсіз жер бола бермейтінін айғақтайтын фактілер жиі кездеседі. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық көрсету проблемасы бойынша мәліметтер мен жетік статистикалық деректердің жетіспеу проблемасы бар елдердің қатарына Қазақстан да жатады: проблеманың тереңдігі мен көлемі әлі де белгісіз, ал біздің қолымыздағы біркелкі емес және үзінді зерделеу нәтижелері іс жүзіндегі жағдай туралы болжамдар жасауға ғана мүмкіндік береді.

Қазақстанның қолдануында  іс-әрекеттер жасаудың белгілі құқықтық негізі – Балалар құқықтары туралы Конвенция бар, дегенмен, нақты міндеттемелерге келер болсақ, жалпы алғанда мемлекет, әлеуметтік қызметтер, құқық қорғау органдарының ресми тұлғалары, қоғам, БАҚ, отбасы тарапынан күннен-күнге тиісті жауапкершілікпен қарауы байқалмай келеді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 137-бабы кәмелетке  толмаған баланы ата-анасының немесе осы  міндет жүктелген басқа адам, сонымен  қатар педагог немесе оқыту, тәрбиелеу, емдеу не кәмелетке толмаған баланы қадағалау міндеттелген басқа да мекеменің қызметкері тәрбиелеу  жөніндегі міндеттерін атқармағаны  немесе жөнді атқармағандығы үшін шара қолдануды қамтиды.

Балаларын бағып-қағу міндеттерін орындамаған, саны мыңнан асқан ата-ана ата-аналар құқығынан айрылды, сонымен қатар, ата-аналар әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа да тартылып жатыр.

Балаларға, әсіресе кішкентай  балаларға зорлық-зомбылықтың үй, отбасы ішінде көрсетілуі көзге түсе қоймағандықтан, көп жағдайда мойындалмайды. Соңғы жылдары БАҚ-та балаларға қауіп-қатер сыртта жүргенде бөгде адамдар тарапынан төнеді деген жалған пікір қалыптастыру үрдісі байқалуда. Жағдайдың шатақ болуы проблеманың күрделілігіне байланысты, сондай-ақ балалар жайлы пікірдің индивидум және отбасының басқа мүшелері сияқты қорғалу құқығы бар құқық субъектісі болудан гөрі, ата-анасының меншігі ретінде қалыптасудың салдары. Қазақстанда осы күнге дейін «үй ішіндегі» немесе «отбасындағы» зорлық-зомбылық анықтамасы және ол үшін жауапкершілік заңды түрде бекітілмеген. Осы тақырыптағы пікірталастар негізінен әйелдерге көрсетілетін зорлық-зомбылыққа меңзейді, ал балаларға күш көрсетілуі заң шығарушы назарынан мүлдем тыс қалып отыр.

Балаларға қатыгездік көрсету және адамзаттық абыройына нұқсан келтіру, оларды ата-аналарының және өзге қамқоршыларының жазалауын қоғамдық пікірдің қолдауы, балалар мүддесін қорғауға бағытталған, аталмыш қоғам ішінде рұқсат етілетін «тәрбиелеу» мен жол берілмейтін «қатыгездік» ұғымдарының ара-жігін ажыратуға мәжбүр қызметтер жұмысына айтарлықтай кедергі келтіреді. Қоғамдағы пікір бойынша балаға қасақана зақым келтіру немесе абыройына нұқсан келтіру қалыпты жағдай болып есептелсе, балаларды қорғау және тәрбиелеудің оң нышандарының дамуына ықпал жасау қажеттілігін көңілге қонымды етіп негіздеу мен жеткізу мүлде мүмкін емес.

Отбасында балаларға  қатыгездікпен қарау көпшілік жағдайларда  мемлекеттік органдардың көзқарасынан тыс қалатындығына, балалар құқықтарын бұзушылықтың осындай түрінің аса жасырындылығына қарай және отбасыларында тұратын балалар құқықтарының сақталуын мемлекеттік билік органдарының әлсіз байқайтынына назар аударған жөн.

Адам құқықтары  жөніндегі қазіргі бар құқықтық құжаттар негізгі мәні балалық проблемасы болып табылатын, осы проблемаларға  қатысты талқылануы мүмкін өзінің жиынтығында  үлкендер қалай қорғалса, балаларды  да солай қорғауды қамтамасыз етуге  бағытталған. Мектеп арасындағы балалар  объектісі болатын дене жарақаттары  мен басқа да адамгершілікке жат  және қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынас ұзақ уақыт сақталып келеді және белгілі бір шыдамды қоғамда осы күнге дейін сақталып келеді, олай болса, БҰҰ Баланың құқықтары жөніндегі комитеті, атап айтқанда, «балалар мектеп табалдырығын аттай отырып, өздерінің адамдық құқықтарын жоғалтпайды» деп атап көрсетті.

Сондай-ақ зорлық-зомбылық, дәлірек айтқанда, зорлық-зомбылықтың әр түрлі түрлері мұғалім/оқушыларға қатысты оқу орнына, білім деңгейіне және т.б. тән, мектепте қандай да бір ерекше феномен ретінде қадағаланбайтындығын атап өткен жөн, ол қоршаған жағдайларға, атап айтқанда, экономикалық, әлеуметтік, саяси факторларға, отбасындағы жағдайға байланысты болмай отыр, зорлық-зомбылықтың (оның әр түрлі нысандарының) пайда болуы ретінде де, оны ескерту ретінде де жәрдемдесуі мүмкін. Сондықтан зорлықтың түрлі нысандарының пайда болу себептері туралы мәселеге мектептің ерекше түпмәтіні ретінде қарауға болмайды, өйткені керісінше оны талдау үшін интербелсенді, жүйелі көзқарас қажет. Мектеп арасындағы шеңберден тыс зорлық-зомбылық проблематикасын қараған кезде мектеп тыйым салған мектепте жүзеге асырылатын алдын алу немесе қуғын-сүргін шаралары шығады деп түсінуді білдіреді және мұның зорлықты тудыратын экономикалық, әлеуметтік, отбасылық және мәдени проблемалардың түпмәтінінен толық үзіп алынуына қарай болмашы ғана қызығушылықты білдіруі мүмкін.

Зорлық-зомбылық актісі, әлеуметтік аномалия жағдайын, яғни ережелер мен нормалардың жоқтығын, ақыр аяғында, олардың құндылықтарының негізінде жатқан бағдарларды жоғалту мен естен шығаруда жиі көрініс табады. Шындығында да, оқу орнында педагогикалық, моральдық, әлеуметтік немесе таза реттеушілік шартының болмауынан кез келген зорлық-зомбылық актісі үшін аса игілікті негіз бола алмайды. Осыған ұқсас ақтаңдақ тиісті құқықты, бостандық пен бұрмалаушылықты анықтауға мүмкіндік бермейді. Моральдық міндеттемелердің болмауы, санкциялар ретінде тең, тыйымдардың шегінен тыс көкжиекке өзгеріссіз жылжытып тастайды, ол билік жүйесімен оның нақты емес материалдық және символикалық түрде іске асыру жүйесімен аяқталмайтын «мүмкін болатын әлеует» ойынына айналады.

Бұдан басқа, шарттың  болмауынан санкция барынша әділетсіз  өтеді және кемітуге әкеледі. Ұсақ, болмашы іс-әрекеттен, дөрекіліктің пайда болуынан зорлықтың елеулі актілеріне ақырындап бастайтын арқау тиімділігінің алдын алған жөн. «Мектеп ахуалына» зорлық актілерінің катализаторы ретінде келген жөн.

Мектепте оқитын балалардың да, мұғалімдердің де психикалық-эмоциялық жай-күйіне жеткіліксіз бақылау жасау мұғалім мен оқушының бір-біріне деген әдепсіз тәртіпке жол беру жағдайларына алып келетіндігі бүгінде айқын болып отыр. Сондықтан, ата-аналардың қатысуымен жиі созылмалы жанжалды жағдайлар, мұндай жанжалдар мектептегі қарым-қатынастарды ушықтырып жібереді және баспасөз беттерінде көрініп қалады. Белгілі бір уақыттан кейін жанжал жасаған тарап балалардың құқықтары туралы ұмытып кетіп, өз проблемаларын шеше бастауы жиі кездеседі.

Қозғалған аспектілер мектептегі оқушылар тарапынан зорлық-зомбылық актілерінің пайда болуына, әділетсіздіктің пайда болуына реакция ретінде және сонымен бір мезгілде мектеппен арадағы үзіліс туралы, мектеп сабақтарына қатыспау туралы мәселелерді қосымша қайта қарауға өзгеше келуге мүмкіндік береді.

Бұл орайда, зорлықтың-зомбылықтың сирек жарияланатын жиі үнсіздік тәрізді басқа да нысандары бар, сонымен бір мезгілде, атап айтқанда, тәрбиешілердің тарапынан моральдық қудалауды немесе нәпсіқұмарлықты назардан тыс қалдырмаған жөн. Осындай зорлық-зомбылық нысандарынан оқу орындарының өздері құтылуға жиі ұмтылады. Олар сонымен бір мезгілде өзіне өзі баға беруді төмендету туралы, мектеп ахуалына зиян келтіре отырып, куәландыруы және кейбір нысандарды өзімен өзі үндеместен және шеттетіле отырып, сондай-ақ оқушылар тарапынан кейбір белгілі бір зорлық-зомбылықтың көрініс табуы туралы түсіндіруі мүмкін.

Тәртіп бұзу жағдайы (дөрекілік, бағдарларын жоғалту, әлеуметтік қатынастардың нашарлауы және т.б.) сонымен бір мезгілде қауіптілік сезімі мен зорлық-зомбылықтың дамуын және қылмысты тудырады, ол өз өзіне қол жұмсауға алып келеді немесе бала тағдырын бұзады.

Информация о работе Бозбала мен бойжеткен