Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 13:47, контрольная работа
Мақсаты: Ата қасиетімен,ана әлдиінен нәр алған ұлттық үрдісімізді оқушуылырдың бойына сіңіру.Ұл бала мен қыз баланың бір-біріне шынайы құрметпен,қастерлей білуге баулу, өзара сыйласымдылықты достық қарым-қатынасты тәрбиелеу, қалыптастыру. Кіріспе сөз: Біздің елімізде, алқымыздың отбасылық тәрбие дәстүрінде ежелден бері қалыптасқан тәлімді үлгілері оңды салттары аз емес.
Интернат, «қамқоршылық» немесе «түзету» мекемелеріндегі балаларға қатысты зорлықтың себебі көптеген факторлар болып табылады және мұндай зорлық-зомбылық бірқатар нысандарды қабылдайды. Басқа балаға қатысты бір баламен жасалған зорлық-зомбылықтың (оның ішінде өзіне-өзі зиян келтіру) маңызы, осы мекемелердің қызметкерімен жасалған зорлықтан кем еместігі жиі кездеседі.
Жағдайдың «топтық» сипаты және осындай мекемелердің жабылғандығы жеке өмірдің болмауы, фрустрация, теріс пайдалануды биліктің ештеңемен ұстамайтындығы, кемсітушілік, персоналдың жағдайды түзетуге және тиісті дәрежедегі тәртіптік шаралар қолдануға қабілетсіздігі ретінде осындай факторларды жүзеге асырудың салдарынан зорлық-зомбылық қатерін көбейтіп отыр.
Бұл проблемалар барлық жерде бар, олар интернат мекемелеріндегі балалардың едәуір санын қамтиды. Интернат мекемелеріндегі зорлық -зомбылық ауқымдарын қысқартуға бағытталған күш-жігер шын мәніне қолданылады, бірақ олар сирек құжатталады, осыған орай, олардың нәтижелерін бағалау жүргізілмейді.
Балаларды интернат мекемелеріне бірқатар себептерге орай орналастырады, оның ішінде мыналар:
Осындай себептердің өрісі балалар орналаса алатын мекемелердің әртүрлілігіне негізделеді. Баланы қанда да бір интернат үлгісіндегі мекемеге орналастыру себебіне және осы мекеменің сипатына қарамастан, олардың барлығы үшін ортақ екі негізгі фактор болып табылады:
Кез келген ішінде балаға қатысты персонал тарапынан да, басқа балаға қатысы бойынша біәр баланының тарапынан да зорлықтың аса жоғары тәуекелі бар «топтық» жағдай.
Бұдан басқа, мекеме аса «жабық» болса да, зорлық-зомбылықтың көрініс табу мүмкіндігі соншама көп және осындай фактілер жария етілмейді.
Осындай жағдайлардың барлығында мемлекет тиісті балаларға қарм-қатынасы бойынша және олардың құқықтарын қорғау жөнінде міндеттемелерін толық орындауды қамтамасыз ету үшін тікелей жауап береді.
Қазіргі уақытта
Қазақстанда осы екі тармақ бойынша:
интернат үлгісіндегі балалар
Арнаулы мекемелердегі
балалар үй-жайларының санын шынайы
сипаттайтын деректерді аймақтық деңгейде
қорытындылау жүргізілмейді, сондай-ақ
дұрыс бағалауды жасауға
Балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелері 2005 жылғы шілдеде Словенияның Любляна қаласында өткен Еуропа мен Орталық Азия елдерінде балаларға қатысты зорлық-зомбылық көрсету мәселелері бойынша аймақтық- консультативтік кеңесте талқыланған болатын. Осы кеңеске қатысқан Еуропа мен Орталық Азия аймағының барлық елдерінің өкілдері балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа байланысты шұғыл іс-қимылдар жөнінде Любляна келісімін қабылдады.
БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннан балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың проблемалары бойынша ғаламдық зерттеудің жетекшісі болып тәуелсіз сарапшы Пауло Серхио Пинейроны тағайындады. Зорлықтың барлық нысандарынан балаларды қорғауға арналған құқықтарға сүйене отырып осы зерттеудің мақсаты балаларға қатысты зорлықтың көріністерін халықаралық, аймақтық, ұлттық және жергілікті деңгейлерде болдырмауға және жоюға бағытталған қызметке жәрдемдесу болып табылады. Бұл зерттеу БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы бекіткен мандатқа сәйкес БҰҰ оларға басшылықты жүзеге асыратын бірқатар ұйымдардың бірлескен жобасы болып табылады. Осы жобаның шеңберінде балалар мен жастар (18 жасқа толмаған) тап болатын зорлық-зомбылықтың нысандарына, себептері мен салдарларына қатысты қазіргі бар ақпарат жинауды және қорытындылауды жоспарлау көзделіп отыр. Осы тақырыпқа негізгі баяндаманы 2006 жылы жариялау жоспарланған, ал оның тиісті ұсынымдары БҰҰ-ның Бас Ассамблеясына ұсынылатын болады.
Мемлекет қызметі мен отбасыларды мемлекеттік қолдау бала отбасында және одан тыс тап болатын зорлық көру қаупін мұқият және жан-жақты бағалау негізінде жүзеге асырылуға тиіс.
Қазақстанда балалардың
құқықтарын сақтау жағдайын талдай отырып,
құқық қорғау органдары, негізінде
учаскелік инспекторлардың
Білім беру органдары, атап айтқанда, орта білім беру орындарының әкімшіліктері тиісті дәрежеде оқушылардың дене жарақатымен келуін, оқушылардың мектептерге келмеуін, олардың үлгерімінің төменділігін анықтамайды, әлеуметтік тәуекел отбасыларындағы оқушылармен алдын алу және ағартушылық жұмыс жүргізбейді, ішкі істер органдарымен, прокуратурамен, халықты әлеуметтік қорғау органдарымен нашар өзара іс-қимыл жасайды.
Ақтөбе қаласы №39 орта мектебі
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Зорлық –зомбылықсыз
балалық шақ
Өткізген:Таяуова Салтанат Жұбатқанқызы
Ақтөбе-2012ж
Мақсаты:Оқушылар арасындағы болып жататын келеңсіз
немесе өмірлеріне қауіп тудыратын жағдайларды
болдырмау. Зорлық-зомбылықсыз балалық
шақты өткізу ең басты мәселе. Осы орайда
оқушыларға ақыл-кеңестер бере отырып,сұхбаттасу
шараларын өткізу.
Сабақтың барысы:
1. Баяндама "Зорлық-зомбылықсыз балалық
шақ"
2. Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің
хал-ақуалы(видео фильмдер көрсету.)
3.Мақал-мәтелдер
1.Қазіргі таңда тәуелсіздік алған мемлекетімізде
зорлық-зомбылыққа жол жоқ. Оның етек алуы
отбасынан басталады. Отбасындағы салауаттылық
– өркениетті қоғамның талабы, өйткені
ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан
дәстүрлер мен мұраттар көбінесе отбасында
дамып,қалыптасады.
Адамды өзара түсіністікке жеткізетін
шынайы да, тұрақты сүйіспеншілік дәстүрлері
де тек салауатты отбасында ғана қалыптасады.
Ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
өзінің Қазақстан халқына жолдауында
,алдағы отыз жыл ішінде мемлекетіміздің
қандай бағытта,қалай дамуы керек екендігін
белгілеп берді. Әрине, осы міндетті болашақта
жастардың жүзеге асыратындығы күмәнсіз.
Олай болса,сол жастардың білім деңгейі,ата-анадан
алған тәлім-тәрбиесі қандай дәрежеде
деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа толық,жан-жақты
жауап беру әзірге қиындау,оған дәлел
– бүгінгі қоғамымызда қылмыстың күнен-күнге
көбеюі. Біздің ойымызша, оның себебі жастарымызға
уақытында ұлттық тәрбиені бере алмағанымыздан
туындағаны жасырын емес. Әрине, қазіргі
таңдағы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайдың
нашарлауы да бұған әсер етуде. Кеңес дәуірі
кезінде балаларымызды мектеп тәрбиелейді
деп отбасындағы ата-ананың рөлін тым
босаңсытып алдық. Мектептер оқу мәселесін
өздерінің басты міндеті деп санады да,
тәрбиелік сабақтарға аса көңіл бөлмеді.
Бұл мәселе жөнінде біздің ұлы бабамыз
Әбу Насыр әл Фараби:"Адамға ең бірінші
білім емес,тәрбие берілу керек,тәрбиесіз
берілген білім адамзаттың қас жауы".
Балалар –еліміздің болашағы. Оларды
тәрбиелеу,оқыту,білім беру,болашаққа
қадам бастыртып осы өмірде өз орнын таптыру
әр ата-ананың міндеті. Ал,ата –анасыз
жетімсіреген бала қайтеді?! Осы басты
мәселе. Осы орайда оларға көп көңіл бөлінуде.
Оларға қаражат бөлініп,оқытып,тоқытып
отыр. Дегенмен "Бес саусақ бірдей емес"
дегендей оларды қанша жерден бағып,қағып
отырса да,бәрін бірдей қорғауға жағдай
жетіңкіремейді.
Тек балалар үйінің тәрбиеленушілері
ғана емес,қарапайым отбасы балаларыда
зорлық көруде. Барша адамның жауына айналған
алкоголь ішімдіктері көптеген адамдарға
зардабын шектіруде. Ішімдікке масайған
ата-ана , балаларын қараусыз қалдырып,оларға
қол жұмсап, тағдырдың тәлкегіне салуда.
Бұның аяғы неге әкеліп соғарын білмейтін
ата-ана бала алдындағы өздерінің міндеттелген
борышына жауапкершіліксіз қарайды.
Айтылғандары біреудің мәпелеуінде
және ата-анасы,панасы бар балалар. Ал,өмір
есігін ашқалы жатқан балалардың, өмірге
келе сала далада қалатынына не дерсіз?!
Жеңіл жүрісті аналар,үлкен күнә жасап,кейін
оған жауапкершіліксіз қараған болашақ
әкелер осыған себепкер. Біреулердің етегіне
ерген жас қыздар өздерінің алдында не
күтіп тұрғанын білмей,нәпсі қуып,зор
мақсат жетелеп,артынша балалы болып,ол
баланы асырауға жағдайы жетпейді. Әрине,
сосын ол өз құрсағынан шыққан баланы
далада қалдырып, өз болашағына,баланың
болашағына балта шабады.
Ананың бесік жырынан басталатын қарым-қатынасы,іс-әрекет,әдет-
2. Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің
хал-ақуалы(видео фильмдер көрсету.)
3. 1.«Ұл-қызыңды бес жасқа дейін
хандай көтер,он беске келгенше құлдай
жұмса,одан соң құрбыңдай көріп ақылдас.»
2.«Ақылсыз ұл – қырыққа келгенше
бала, ақылды бала – он бесінде дана».
3.«Ақылсыз бала араққа құмар.»
4.«Жақсы бала – сүйеніш,жаман
бала – күйеніш».
5.«Қызың өссе қызы жақсымен,ұлың
өссе ұлы жақсымен ауылдас бол».
6.«Баланы жастан».
7.« Адамы азған қоғам тозушаң
келеді».
Сөз соңында мынандай тілекпен аяқтағым
келеді.
ХХІ ғасырға – 21 тілек
ХХІ ғасыр,қазақ халқының ғасыры болсын.
Демография жағынан қазақ халқының саны
көбейе берсін.
Отандық өнеркәсіп дамысын.
Жастарымыз білімді,мықты болсын.
Мектеп табалдырығында оқушылардың бойында
имандылық қасиеттерді жетілдіріп,тәлім-тәрбиені
жаңғырту,адамгершілік әдетке баулу,рухани
мәдениетке үйрету.
Тренингтің мақсаты: Агрессия ұғымын түсіндіру. Жеткіншек кезеңдегі зорлық-зомбылық ерекшеліктерін талдау. Балаларды агрессиядан арылуға үйрету.
Тренинг барысы: Жаттығу –сәлемдесу. Қатысушылар өздерін таныстырады.
Кіріспе: Тренинг- сабақтың мақсаты түсіндіріледі. Оқушыларды топқа бөлу. «Қол алысу» жаттығуы.Әр оқушы басқалармен қол алысуға тырысады. Әр қол алысқаны үшін бала жүрекше алады. Қол алысу достық аясында, мейірімі бір-біріне сезіліп тұратындай болсын.
«Ассоцация» ойыны
1. «Агрессия» , «Зорлық –зомбылықты » суретте. Балаларға қатысты қатал көзқарас, қарым-қатынас және олардың қызығушылықтарын кемсітудің түрлері мен формалары олардың денсаулығына, әлеуметтік жағдайына ауыр зардабын тигізеді, өміріне жиі қауіп төндіреді немесе өлімге алып келеді. Жастар арасында кездесетін зорлық –зомбылық біздің қоғамымызда орасан зор мәселе, кейде оны анықтаудың өзі қиын. Жастар айналасындағы адамдарды басқару үшін зорлық-зомбылықты қолданады. Басында зорлық ауызша түрінде туындауы мүмкін, бірте-бірте ол физикалық, кейде нәтижесі өлімге алып келеді. Кейбір зерттеулерге сүйенсек әрбір 5-ші жеткіншек өзіне қатысты зорлық –зомбылықты басынан кешірген.
Вербальды зорлық : көңілге тиетін лақап атпен атау, ұрысу, қорлау, айғайлау, дауыс көтеру, келеке қылу, өсек тарату, үнемі сынау, бұйрық беру.
Эмоциялық, ақыл-ой зорлығы: қысым көрсету, біреуді қорқыныш сезімінде ұстау, елемеу.
Физикалық зорлық: түрткілеу, шымшулар, үрып-соғу, заттарды лақтыру, қабырғаға соғу, біреуге зиянын тигізу, адамның жеке меншігін бұзу, отбасына қауіп төндіру.
Сексуальдық зорлық: сексуалдық қатынастарға көндіру, зорлау.
Оқушылар пікірін білу.
2.«Агрессивті адам» ұғымын ашу
3.Кімге жиі зорлық көрсетіледі?
4.Біздің мектепте зорлық- зомбылық байқала ма? Ұстаздар пікірін білу. Сауалнамаға талдау.
Топпен талқылау
1. Сіздің ойыңызша, неге біреу басқа адамға қатысты зорлық көрсетеді? /мазақтайды, күледі/ ? (Ол басқаларды төмендету ( мүмкін оны да біреу төмендеткен шығар) арқылы, жолдасын келемеждеп, оны күлкіге қалдыру арқылы өзіне назар аудартады. Оның ойынша жолдасын кемсіту арқылы айналадағы адамдардың құрметіне ие болуға, олардың басшысы болуға тырысады.)
2. Кімді жиі ренжітеді? (Кішілер, әлсіздер, бір нәрсемен басқаларынан ерекшеленеді)
3. Қаталдық көрсетудің себебі? (Үйдегі нашар қарым-қатынас. Жақындары тарапынан көңіл аударудың жетіспеушілігі, ата-анасының ажырасуы, басқалар тарапынан кемсіту, нашар үлгерім – осының бәрі ашу мен реніштерін көрсетуге әкеп соғады.)
4. Егер қысым көрсетілген жәбірленуші өте ақылды болса, сіздің ойыңызша, неге жәбірлеуші оған қысым көрсетеді? (қызғаныш сезім, оның намысына тигісі келеді)
5. Жәбірленуші
6. Егер әңгімелесу көмектеспесе не істеу керек? (Ересектермен бөлісу, мұғаліммен, ата-аналармен, дау-дамайды басуға көмектесетін басқа ересектермен)
7. Егер жолдасың ашулы, көңіл-күйі нашар болса, қалай көмектесуге болады? (әңгімеге тартуға тырысу, оны не мазалап жүргенін анықтау, тыңдау, назар аудару, қолдау көрсету)
8. Мүмкін зорлық туралы бірден айтпау керек шығар, біраз күте тұру керек пе? (Зорлық туралы бірден айту керек, өйткені ол өрши түседі)
«Біз зорлыққа қарсымыз!» жаттығуы. Біз зорлыққа қарсымыз. Әр оқушы жүрекшелерге себебін жазып, жер шарына ілу.