Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2011 в 07:58, реферат
Адамзат діні көп ғасырға созылған тарихында әр алуан сенім- нанымдарға сүйенгені мәлім. Рухани күші бар осы сенім- наным, қандай құбылыс, оның болмысы мен білімі қандай? Қай кезде және қалайша шыққаны әр кімді ойландырады. Көне заманда пайда болып, бүгінге дейін жеткен діни наным-сенімдер халықтың тарихи тағдырына қалай әсер еткен еді. Адамзаттың балаң шағында пайда болған діни наным- сенімдерге әлі күнге дейін жойылмай келуінің себебі неде? Біздің мақсатымыз халқымыздың дәстүрлі рухани жан-жарасын суреттеп беру емес, оның әлеуметтік- психологиялық мәніне ғылыми талдау жасап, оның жарамды жауаптарын ашып беру.
ДІНИ НАНЫМ-СЕНТМДЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘНІ
Педагогика ғылымының кандидаты,
доцент Омарова С.Б. Қайнар университеті. Алматы
Адамзат діні көп ғасырға созылған тарихында әр алуан сенім- нанымдарға сүйенгені мәлім. Рухани күші бар осы сенім- наным, қандай құбылыс, оның болмысы мен білімі қандай? Қай кезде және қалайша шыққаны әр кімді ойландырады. Көне заманда пайда болып, бүгінге дейін жеткен діни наным-сенімдер халықтың тарихи тағдырына қалай әсер еткен еді. Адамзаттың балаң шағында пайда болған діни наным- сенімдерге әлі күнге дейін жойылмай келуінің себебі неде? Біздің мақсатымыз халқымыздың дәстүрлі рухани жан-жарасын суреттеп беру емес, оның әлеуметтік- психологиялық мәніне ғылыми талдау жасап, оның жарамды жауаптарын ашып беру.
Дін мен наным-сенімдердің шығу тегі мен әлеуметтік мәнінің ортақтығына қарамастан, олардың қоғамдық санада алатын орындары әр түрлі. Дүние жүзілік діндер (буддизм, христиан, ислам) бір құдайға құлшылық етуді басты мақсат етеді, ал сенім-нанымға берілген адам құдайға құлшылық етудің орнына тау мен тасқа, бұлақ пен бастауға сыйынады, кун мен айға жалбарынады, ескі мола мен мазарға зиянат қылады, ата-баба рухына мінажат етеді, қысқаша айтқанда, әр түрлі тәңір иелеріне сыйынады.
Адамзаттың физикалық та, биологиялық та аман сақталу үшін адамдардың толық бірлігі керек болды. Саясат бұл қажеттілікті шеше алмады. Діндер әр уақытта адамгершілік-моральдық нормалардың қорғаушысы болды.
Алғашқы адам баласы пайда бола бастаған дәуірінде дін болмағалы белгілі. Дін тарихын зерттеуші белгілі совет ғалымы В.Ф. Зыбковецтің пайымдауынша, «көне және кейінгі палеолит дәуірі, дін пайда бола қоймаған кезеңге жатады». Ғалымның болжамына қарағанда бұдан 40000 жыл бұрын мустьер мәдениеті кезінде діни түсініктер пайда болады. Уақыт өте келе алғашқы қоғамдық сана қалыптасты. Діни сана, бірте- бірте басқа сана түрлерін ығыстырып, қоғамның тағдырына араласа бастады, әр түрлі кағидалар қалыптасты. Солардың бірі «жан» туралы сенім еді. «Жан» деп түсіндірді алғашқы қауымдық құрылыстың абыздары, әсіресе көзі тірі кезінде төнірегіндегілерге ықпалы болған адамдар: ру басшылары, қолбасшылар және ақсақалдар, адам өлген соң денеден шығып, дара емір сүретін материалдық дене деп түсіндірді.
Дәтүрлі қазақ ұғымы да жанды материалдық белгілер арқылы сипаттайды. Мысалы, «жан шықты», «шыбын жан», «жан ату», «жаным қиналды».
«Жан»- көне санскриттік атау. Адам баласы санасында «жан» туралы ұғым әр түрлі деңгейде қалыптасқаны мәлім. Ғалым С. Ақатаевтың пікірінше Қазақстан тарихының қола дәуірінде Алакөл мәдениеті дәуірлеп тұрған тұста пайда болған.
«Жан»- туылған жасалған мағынаны білдірсе, бұл ұғымға төркіндес «жын»-білім, ақыл- ой, ізгілік секілді мағынаны білдіреді. Қазіргі қазақ тілінде «жан» сөзі тек діни тұрғыда ғана емес, абстрактілі адам, кісі мағынасында да қолданылады. Ежелгі түркілер «жан» сөзін өмір, рух, тіршілік мағыңасында, ал
«жын» сөзі тәңірі, аруақ атауымен мағыналас.
«Жан мен рухтың мағынасы бір де, шығу тегі бөлек деген де пікірлерді атауға болады. Жан мен рухтың айырмашылығы мынада: адамның жаны кішкентай, нэзік, қорқақ, қорғаншақ болып саналады да, ал адамның рухы немесе өлген адамның аруағы қорғаушы, жебеуші, әлде жазалаушы болып уағыздалады»- дейді С. Ақатаев.
Ислам- дамыған монотеистік діндердің ішіндегі үшіншісі және соңғысы. Бұл да Таяу Шығыста, христиан діні мен иудаизм діні тамырын тереңге салған, қасиетті жерде туған дін.Құранньщ түсуіне, басқа діндердің тууына кеңістік-уақыт қалай әсер етсе, Арабияның сол кездегі тарихи орыны да солай әсер етті.
4-7 ғасырларда Арабияның солтүстігіндегі көшпелі тайпалардың көбісі Күнге, Айға, Рұхқа, аруаққа табынса, елдің оңтүстігіндегі арабтар әр түрлі киелі заттарға мінәжәт еткен. Онда иудаизм мен христиан да етек алған болатын. 5-6 ғасырларда иудаизм қысқа уақытқа болса да, мемлекеттік дінғе айналған болатын. Бір кездерде Персияның араб жерлеріне баса- көктеп кіріуіне байланысты зороастризм де үстем дінге айналыпты. Міне, осылайша елдің діни жағынан бытыраңқылығы араб жұртының басқыншыларға қарсы туруына мүмкіншілік бермеген. Осындай жағдайларға ұшыраған сан елдің кұрып кеткендігіне адамзат тарихы талай рет куә болғантын. Талантты араб халқының бірлігін сақтап қалуға қасиетті Құран- Кәрімнің орыны бөлек еді. (Д. Өтеков)
Адамзат баласының санасын заңғар биіктерге көтеретін күш постулаттарға толы кітабін догматизмнің ордасына айналдырған дін емес, адамның өзі, бар адасушылық - діндер мәнін танымастай етіп бұзып таратып, соны уағыз даушыяардан.
Аспаннан түскен ақ нұр біртіндеп жіктеле, ашкөздік, қанкөздік сипат ала бастады. Бірнеше ғасырға созылған крест тағушылардың басқыншылығы, өз елі мен өз халқына жасаған инквизиция апологеттерінің айуандықтарын аспаннан түскен Киелі кітаптің көрсетуі деуге аузың бармайды. Жалпы символдармен бүркемеленген қасиетті жазулардың мән- мағынасын түсінүге әлі де дайындығы жоқтардың асығыстық ісінен және дәлелденбеген қағиданы талассыз ақиқат деп түсіндіруінің себебінен туды. Ал кейінгілер - жазулардың мағынасын толық түсінуге мүмкіншілігі бар есейген ұрпақтар - өзгеріске ұшыраған «ақиқаты» ақиқат деп қабылдай алмайды, Соның нәтижесінде қасиеті сөздерге сенбеушілік, қанағатанбаушылық туып, ақыл-ой қобалжып, теңселуге ұрынады. Христиан дініндегі әртүрлі секталардың тууы осының дәлелі. (Сағындықүлы Берікбай Мүсіреу Телеу)
19 ғасырдың соңында өмір сүрген француз философы Шюре былай деді:
«Діннің сиқырлық күші адам жүрегінің сауалдарына жауап бере алмай, ғылымиың жеңімпаздығы ақылдың салауына бүлтартпас нақтылы жауан беруінде. Діннің айғақсыздығы мен ғылымның дінсіздігі бір-біріне сенімсіздікпен, өшленділікпен қаратып, бірін- бірі жеңе алмастай теке-теріске әкеп соғады».
Бірте- бірте дін мен ғылымның аралары ажырап, бірін- бірі түсінуден қалып бара жатты. Соңында дін үшін білім «тиым салынған жеміс» болып шықты. Өткен өркениеттердің ұлы ғылымы Дін, грек философы Ксенофон айтқандай
«Құдай адамды жаратқан жоқ, керісінше, адам құдайды ойлап таптымен» шектеліп, пайғамбарлармен әулие адамдардың Аспаннан алған Ақиқаты емес, жабайы адамдардың наным- сенімдерінің жиынтығына айналды.
Иә, «Жер ісіндегі» ғылымның қарқындап дамуы, тіпті Ғарышты қамтитыидай сауалдармен айналыса бастауы діни элиталардың наразылығын гудырды. Батыста надандық түнегі орнап, инквизиция алаулары үрей тудырса, Шығыста «Жын қонған» адамдардың терісін тірідей сыпырап тастауға дейін барды. Сөйтіп ғылым мен діннің арасындағы байланыс антогонистік сипат алып, дін бірте- бірте артқы шепке сырғып кетті. Қоғам болса, жаңа техника мен техиологияға сұранысын арттыра түсті.
Ал 20 ғасырдың бірінші жартысында «Барлық діндерге, барлық конфессияларға, тіпті діни комплекстің барлық түстарын қамтитын жан- жақты және жалпы дағдарыс басталды. Оның негізі ауқытша да етпелі факторларда емес, нақты фундаментальды әлеуметті- экономикалық, саяси, ғылыми-техникалық және заманның идеологиялық процестерінің негізінде жатыр. Ғылыми- техникалық прогресс қоғам өміріндегі күннен күнге өсіп келе жатқан ғылымның рөлін одан ара арттыра түсті. Сәйтіп әдеттегі. діни сананың деформациялануына әкеліп соқты».
Шындығында, Маркс айтқандай «Дін- халықты уландыратын апиын» емес, ол- Болмытың құрылымын, Өмірдің пайда болуын, жанның негізін, адамның жер бетіндегі өмірінің мәнін түсінідіретін негізгі ғылым еді. Бірақ ол адамның тұрмысын жақсартып, өз еңбегін жеңілдетпеді, еңбектің өнімді құрал-жабдықтарын тауып бере алмады. Бұдан дінді жоққа шығаруға болмас еді, өйткені Құранымызда «Ей пендем, ғылым ізде» деген сөз бар емес пе?
Адамзаг тарихында қандай да болмасын қолайсыз жағдайлар туғанымен, өмір мәнін жақсы түсінген және сол идея үшін жанын кұрбан етуге дайын жеке тұлғалар мен топтар да болған. Олардың ізденістеріндегі нәзік журектерімен, интуиция деп аталатын жоғарғы саналарымен жеткен ақиқатымен ешкім санаспаған. Олардың барлыгын, қандай дінді ұстағандарына қарамай, «діннен тайған», «ақиқаттан жаңылған» деп жазалап отырған.
Ертеректе ғылыми және діни танымдардың, олардан туындайтын білім мен мағлұматтардың негізі бір болған. Қоғамдық сана да философияның құрамында болды да, кейінректе ол арнайы жеке білімдерге жіктеліп, соңында өздігінше ғылым салалары болып қалыптасты. Ғылыми пәндердің бөлінуі процесі қоғамдық болмыстың рухани атмосферасын саяси, экономикалық және идеологиялық аспекттерін «бір шаңырақтың астында» жинақтайтын «ұлы бірлестік»(целостность) бағдарламасының туыны себепші болмады. Қазіргі кездегі өнер, ғылым және философия, тіпті мемлекеттердегі биліктің өзі о баста діннің ырым-жораларынан туындап, дамып, соңында әр түрлі салаларға бөлінді.
Ғылым, көбіне, зерттеу формаларының эксперименттік тәсілдерін қолданғандықтан, оның материализм мен рационализмге бой ұрьш, материалдық мүқтаждықтан басқаларына мән бермейтіні хақ. Мысалы, көпке дейін математикадағы, физикадағы және биологиядағы теологияға апаратын көптеген фундаментальдық түсініктерге, зерттеуді керек етіп- ақ тұрған проблемаларға көңіл бөлмеді. Қасиетті кітаптардағы және кейінгі кездегі
Ғарыштан келіп жатқан Жаңа Ілім ескертулеріне құлақ аспады.
«Ғылыми дәлелденген» делінсе болды, оны «ақиқат»деп түсіндік.
Меніңше ғылым мен техниканың жетістіктерін теріс пайдаланудан сақтандыратын қалқан- аса құлықтылық, жоғарғы саналылық. «Оны бойына сіңіріп- ойында қалдыратын нәрсе- дін»- дейді ғалымдардың кешпілігі. Адамзат баласының ертерек- ақ оң қанаты болған дінін қайта жалғастырудың уақыты келді, ойткені, ғылым мен діннің одақтасуынсыз дүниеде тыныштық болмайды. Кептеген ұлы ғалымдардың Жаратқанға сеніп, діннен қол үзбегендігі ғылым тарихында бар. Мысалы, Ньютон, Планк, Максвелл, Фарадей,. Эйнштейн, Машанов, Марғүлан жене де басқалар. Әрқайсысы объективтік дүниеге әсер етіп түрған ерекіне жоғарғы күш бар екеніне, жанның негізіне, өмірдің негізгі мәніне өздерінше түсінігі болған.
Ғылым мен дін туралы ғылым докторы, физик В. Тихоплав былай деді:
«Біріншіден, дін шамамен адаммен бірге туды. Оның өзіне міндеттеген негізгі жэне күрделі жүгі- адам жанына қамқорлық. Осы заманға дейін сол қамқорлықты діннен артық орындаған ешкімде, ешнәрсе де болған емес.
Екіншіден, дін өзінің сенім ілімін жоғарғы моральдық принциптерге негіздеп қана қоймайды, оны әрбір адамның санасына қүйып, жүріс- түрысына сіңіру арқылы адамзат қоғамының моральдық нормаларына айналдыруға ат салысады.
Үшіншіден, дін мен ғылым антиподтар емес, олар- бірін-бірі толықтырып тұратын мағлұматтар формасы. Дін ғылымды құ.дайсыздық, күпірлік деп, ал ғылым дінді надандық, тіпті алдамшылық деп жеңе алмағандығына тарих куә.
Төртіншіден, адамды тәрбиелеуге, оның рухын көтеріп сақтауда діннен артық фактор болмағандықтан, оны мыңдаған жылдық тәрбиесін қоғамымызды жақсарту мақсатында пайдалануымыз керек».
Қасиетті кітаптарда айтылатын Мөлдір Әлем мен ондағы ақыл- ес иелері және адамдарға әсер ететін ой формалары мен ой образдары туралы түсінік беруге жоғарыда айтылған сезім мүшелері мен оның мүмкіншіліктерін арттыратын қондырғылардың қуаты әзірше жеткіліксіздеу.
Қазіргі замандағы ғалымдардың, оның ішіндегі математиктердің, тоеретик физиктердің, экспериментатор физиктердің қол жеткен табыстарьш Шығыс халықтары ертеден- ақ білген. Олар ешқандай формулаларсыз- ақ, эзотерикалық жолдармен, мысалы, қадалу-медитация арқылы Жаратушы, Әлемнің жаралуы, жанның табиғаты, жалпы Ғарыштың құрылымы, тағы да басқа мәселелер жайында мағыналы тұрғыда хабарлар ала берген.
Академик Г.И. Шипов белгілі элементар бөлшектермен, олардың бір-бірімен әсерлерін жүйелейтін толқындар мен өрістерді физикалық таныммен біріктіре отырып философиялық түсінік береді. Шиповтың физикалық он олшемді әлем моделі эзотерикалық іліммен қабыса отырып, қасиетті кітаптардағы құпия сырларға және парапсихологиялық феномендерге түсінік беру әрекетін жасайды. Басқа да физик- теоретиктердің соңғы зерттеулеріндегі элемнің жеті деңгейі: Абсолюттік «Ешнәрсе» (Құдай монадасы), алғашқы торсиондық өріс (Әлемнің сана өрісі), физикалық вакуум (эфир), плазма (от), газ (ауа), сүйықтық (су) және қатты затпен (жермен) үндесіп түр.
Аталған теория бойынша ақиқаттың бірінші деңгейінде бақылаушы (сана) да, зат (материя) да жоқ. Бүл деңгейде белсенді бастама Құдай- «алғашқы» Сана шешуші роль атқарады. Екінші деңгейге Әлемнің Сана өрісі жатады. Бірінші деңгейден екінші деңгейге өту барысында торсиондық өріс пайда болады. Бұл epic информация тасылмалдайтын элементар болшектер кеңістік уақыт құйындарынан тұрады.
Бұл кұйындар оң жақты және сол жақты торсиондық өрістер түғызып, кеңістікті тесіп өтіп жатқан информациялық өріс деп түсіндіруге болады.
Бұл өріс барлық ақиқат барысындағы информацияны сақтайды және адам санасына әсер ету арқылы ғылым жаңалықтары мен діни ілімді қоғамға жеткізеді. Торсиондық epic женінде В. Екшибаров былай деп жазған: