Ес теориялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 12:15, реферат

Описание

Сигналдың әсері тоқтағаннан кейін информацияның сақталуын анықтауға болады.Мұндай анықтау естің биологиялық пен техникалық түрлерімен шектелмей, жалғасу құбылысын далпы түрде анықтама беруге мүмкіндік жасайды.
Адамның нерв жүйесінде екі түрлі ақпарат сақталады.Оның бірі- эволюцияның мыңдаған жылдары жиналған шартсыз рефлекстер, соқыр сезім ретінде білінеді.Екінші түрі- әр адамның жеке өмірінде ие болатын ақпарат.Естің бұл түрі шартты рефлекстер пайда болуына негізделген.Сонымен,айтылғанға байланысты естің екі түрі болады:тұқым қуалаған түр-тұқымдықтұқымдық және өмірде ие болатын жеке бастық ес.

Кіріспе
Біздің әрбір толғанысымыз,әсерленуіміз бен әрекет-қылығымыз санамызда біршама уақыт сақталып,қажетті жағдайларда қайта жаңғыртуға келетін іздер салатыны баршаға мәлім.Осыдан,өткен тәжірибемізден қалған іздерді жадымызда қалдырып, сақтап,кейін білгендерімізді жойып алмастан,оларды қайта танып, жаңғыртумен ақпарат топтауымыз ес деп аталады.

Сонымен ес- бір-бірімен ұштасқан дара бөлектерден құралған күрделі психикалық процесс.Ес адамға өте қажет жан құбылысы.Оның арқасында субъекті жеке басының өмірлік тәжірибесін жинақтап,сақтап,соңғы пайдасына жаратады.
Жантану ғылымы,осыдан,өз алдына келесі мәселелерді шешу міндетін белгілейді:санадағы өткен тәжірибе іздері қаншама уақыт саталуы мүмкін?;есте қалдырудың ұзақ не қысқа мерзімді болуы неліктен?;ес іздері қандай өзгерістерге түсуі мүмкін?;естің адам танымына ықпалы қандай?
Сұрақтарға жауап іздеуде психолргия өзнің адғашқы эксперименттерін осы ес проблемасын зерттеумен байланыстырды.Өткен ғасырдың 80-жылдары неміс психологі Г.Эббингауз ойлаумен байланысты болмаған таза ес заңдылықтарын ашты:мағынасыз әріп буындарын жаттай отырып,материалды есте қалдырудың негізгі шектерін белгілейді.Ал психиатр Э.Крепелина аталған тәсілді психикалық ауытқуы бар сырқаттардың есте қалдыру әрекетін тексеру үшін қолданды.Адам есінің бекуі және қайта жаңғыруымен байланысты негізгі заңдар Г.Э.Мюллер еңбектерінде жария етілді.
Алғашқы кездегі ес зерттеулері көбіне саналы іс-әрекетпен байланыстырылды,ал XIXғ. Аяғы мен XXғ. басында ғылыми іздену шеңбері кеңейе түсті,енді талдау аймағына есте сақтаудың жалпы табиғи,адамға да,жануарға бірдей механизмдері алынды.Бұл тұрғыдан зерттеу жүргізген американ психологі Торндайк жануардағы дағдылардың қалыптасу заңдылықтарын ашып берді.Бұо үшін ол жануарларды лабиринтте жол табуға жаттықтырып,одан қалыптасатын дағдылардың бірізді беку процессін байқастырды.XXғ. алғашқы он жылдығында ес процессін зерттеу жаңа ғылыми формаға еніп,ғол И.П.Павлов ашқан шартты рефлекстер әдісімен байланысты болды.Есте қалдыруға ықпал жасаушы шартты байланыстадың пайда болуы мен олардың сақталу жолдары осы И.П.Павлов жаңалығына орай белгіленді.Бұл кезеңге дейінгі психологиялық зерттеулер естің ең қарапайым процесстерімен ғана шектелген еді.
Ал естің ең жоғары, адамға өз өмірінің қалаған кезеңін жадқа түсіріп, оны пайдалануға мүмкіндік туғызатын ырықты және саналы формалары тек философтар тарапынан қарастырылып,олар естің табиғи формаларына қарсы қойылды да,жоғарғы сананың туындысы деп танылды.Сондықтан да естің жоғарғы формаларының пайда болуы мен даму себептерін айқындау философ-идеалистер күн тәртібінде тіпті де қойылмады.
Ес психологиясын зерттеудің біршама нәтижелі болуына қарамастан,естің физиологиялық механизмдері мен өзіндік табиғаты көпке дейін сыр болып,философтар мен психологтар есті «материяның жалпы қасиеті» деуден аспады.Кейінгі 30 жыл ішінде ғана бұл ғылым бағытында кейбір саңлақтар көрініс берді.Бұл кезеңдегі зерттеулер нәтижесінде есте қалдыру,сақтау және жаңғырту тереңде жатқан биохимиялық өзгерістермен байланысты екні анықталып,оның РНК құрамындағы ауысуларға тәуелді және ес іздерін биохимиялық жолдармен екінші ағзаға егуге болатыны дәлелденді.
Ес теориялары:
Ес механизмдерін психологиялық зерттеу тарихы басқа психикалық құбылыстардыүйренуден гөрі ертерек бастау алған.Алғашқы,кең етек алған естің ассоциативті теориясы.Бұл теорияның мәні:дүние заттары мен құбылыстарының есте орнығуы мен қайта жаңғыруы бірінен бірі бөлектенген күйде емес,өзара байланысты «топталған не тізбектелген» қалыпта жүреді.Осы процесске тәуелді мида есте қалдыру мен қайта жаңғартудың физиологиялық негізі-уақытша жүйке байланыстары түзіледі.Мұндай байланыстар психологияда ассоциациялар деп аталған.Ассоциациялардың бірізаттардың уақыт пен кеңістіктегі қатынас бейнесін,яғни жанасу ассоциациясы,олардың ұқсастығынан туған бейнеден,яғни ұқсастық ассциациясы,үшішісі-қарама қарсылықа негізделген контрстық ассоциациясы,төртіншісі-себеп салдарлы қатынастардан туындайтын каузальдық ассоциация.Бұл бағыттағы теорияны ұсынып,дамытқандар:Аристотель,Д.Джеймс,Спенсер,И.М.Сеченов,,И.П.Павлов.
Естің нейрондық теориясы.

Содержание

1. Кіріспе
2. Негізі бөлім
а. Ес туралы жалпы түсінік
б. Ес теориялары:ассоциятивті, нейрондық, биохимиялық
в. Естің типтері:бейнелік,логикалық,механикалық
г. Естің түрлері: сезімдік әсердің тікелей, нақты ізі, қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді ес
д. Естің негізгі процесстері,олардың ағымының негізгі заңдары
3. Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

Ес теорияларыПико.doc

— 66.00 Кб (Скачать документ)

Жоспар

Естің нейрондық теориясы.Адам миының құпиялары көп жағынан әлі ашылар емес.Ол өте құрылымды.Осы күрделі ақуызды жиынтықтың жаңа ақпарат топтап,оны сақтай алу қабілетін қазіргі күндегі психология онда жүріп жататын құрылымдық немесе химиялық өзгерістермен байланыстырып отыр.Бұл теорияның негізгі мәні мынада:есте қалдыру мидың элекрлік белсенділігімен,яғни мидағы химиялық не құрылымдық белсенділік қандай да бір жолмен ағзадағы электр қуатын арттырады.Бұл үшін қолайлы ес іздерін іске қосатын жүйке тізбегі болуы керек.Физиология заңдарына орай нейрон жеткізген импульстер аксон арқылы бір жасушадан екішісіне беріледі.Аксонның жасушамен тоғысан жері синапс деп аталады.Жеке бір жасушаның өзіндегі осы синапстың саны мыңдаған.Синапс негізінен екі түрде қызмет етеді,бірі-қоздырушы,екіншісі-тежеуші.Сонымен,қысқа мерзімді не ұзақ мерзімді естің екеуі де бірдей қозушы немесе тежелуші жүйке элементтерінің бір-біріне әсерінен туындайды.

Естің биохимиялық теориясы. Нәсілдік негізде жатқан химиялық процесстер ашылуымен ғылымда сол процесстің есте қалдыруға ықпалы жоқ па деген ой пайда болады.Әр ағза үшін тән болған генетикалық ақпарат ДНК молекуласында шоғырланады,ал оны тасымалдау басқа нуклейн қышқылының молекуласысен орындалады.Эксперименттер нәтижесіндетәнді құрайтын молекуланың химиялық құрылымы тіршілік иесінің тәжәрибе топтауымен өзгеріске келетіні анықталды.Тағы бір эксперимент.Планари құрттары бір-бірін қррек етеді.Егер бір планариді белгілі бір әсерленуге үйретіп,оны турап,үйретілмеген екіншісіне жегізсе,онда кейінгі құртта алғашқысының әрекетін қайталайтыны байқалған.

Аталған эксперимент тәжірибелерден естің ерекше іздері дене молекулаларындағы химиялық бірікпелерде таңбаланып,органихмде еркін қозғалыста болатыны және оладың бір жануардан екіншісіне ауысатыны толық дәлелденді.

Естің типтері.

Бейнелік есі бар адам,оқылған кітаптың мазмұнын еске түсіре отырып,ойша ондағы адамдарды,суреттерді,жекелей көріністерді көре алады.Бейнелік ес-елестерге,табиғат көріністеріне,сонымен бірге дыбыстар,дәмге негізделген жад іздері.Ол көру,есту,сипай сезу,иістік және дәмдік болып бөлінеді.Егер көру,есту естері әрбір жете дамыған адамның өмірлік бағыт бағдарына қалыптасатын болса,онда сезімдік,иістік пен дәмдік естер адамның кәсіптік қасиеттеріне жатады.Сәйкес түйсіктер сияқты мұндай ес түрлері іс-әрекет шарттарына орай қарқынды дамып,кейде кемістігі болған ес түрлерін оанын толықтыруда керемет деңгейлерге көтерілуі мүмкін,мысалы,соқырдың денесімен сезінуі,естігіштігі,аз кереңнің көргіштігійіскей,жанаса сезгіштігі жатады.

Сөздік-логикалық есі бар адамдар ең бірінші кітаптың мағынасын есте қалдырады.Мағыналық ес көбінесе ғылымдарға тән.Сөздік-логикалы ес мазмұнына біздің ой өрісіміз кіреді.Ой тілсіз өрнектелмейді,сондықтан ой тек мағыналық қана болмай,сөзді-логикалы болатыны осыдан.Біздің ойымыз әр-түрлі тіл формаларымен берігендіктен,оны қайта жаңғырту материялдың тек негізгі мазмұнын жеткізумен не сөзбе-сөз қалдықсыз жүзеге асуы мүмкін.Егер кейіені жағдайда жадқа алатынымыз мағыналық өңдеуге түйіспейтін болса,онда оның өзгеріссіз жатталуы логикалы емес мағыналық жаттауға айналады.Сөзді-логикалы жүйеде басты мән екінші сигналдық жүйеде.Сондықтан да,қарапайым формадағы қозғалыс,бейнелі және эмоциялдыестер жануарларда да байқалатын болса,мағыналы ес түрі адамға ғана тән.

Іс-әрекет мақсатына байланыстыес-ырықты және ырықсыз болып бөлінеді.Арнайы есте қалдыру не еске түсіру мақсаты болмаған психикалық процесс-ырықсыз көрініс беріп,ал егер бұл процесс мақсатты бағытталған болса,ырықты сипатқа ие.Кейінгі жағдайда есте қалдыру мен қайта жаңғырту арнайы мнемикалық әрекеттерге орай жүзеге келеді.

Қазіргі кезде ес процесін тану психологиялық, физиологиялық және биохимиялық негіздердегі ізденістерге сүйенеді. Осыдан адам есі біртекті қарапайым қызметтен құралмайтыны белгілі болып отыр. Оның құрамы сан алуан. П.Линдсей мен Д.Норман естің бір-біріне ұқсамас үш типті болатынын алға тартты.

1.            Сезімдік әсердің тікелей, нақты ізі.

2.            Қысқа мерзімді ес.

3.            Ұзақ мерзімді ес.

Сезімдік әсердің тікелей, нақты ізі. Бұл ес жүйесі біздің сезім мүшеміз қабылдаған дүние көріністерін толық, әрі дәл сақтауға жәрдем береді. Мұндай жолмен еске түскен қоршаған орта ақпараты жадымызды өте қысқа мерзімге орнығып, 0,1-0,5 секунд ішінде жойылып кетеді. Көзіңізді біраз жұмып тұрып, кейін сәл мезетте ашумен, қайта жұмыңыз. Ашу-жұму арасында қас-қағымда көрген заттарымыздың бейнесі нақ күйінде көз алдымызда біраз сақталып, кейін жаймен жойыла бастайды.

Қысқа мерзімді есте жоғарыда баяндалған жүйеге қарағанда материал басқаша тұрақтайды. Бұл жағдайда есте қалған бейне сезімдік деңгейдегі толық көріністей болмай, оқиғаның қандайда бір шағын баламасына сәйкес келеді. Мысалы, сізге қаратылған ақпарат оны құрайтын дыбыстар жүйесінде қабылданбай, біртұтас сөздер қалпында еске алынады, әдетте ұсынылған материалдың ең мәнді деген үш-төрт бөлігі немесе кейінгі элементтері ғана қабылданады. Саналы, ерік күшін қосумен сол қабылданған сөздік материалды бірнеше рет қайталай отырып, оны есте біршама ұзақ уақыт мерзім сақтауға болады. Ал сезімдік естегі нақты бейне қабылданбайды, ол секундқа жетпей жойылады да, ұзарта сақтауға келмейді.

Ұзақ мерзімді ес. Ұзақ мерзімді естің уақыты да, қамту көлемі де шексіз. Бірнеше минуттан артық сақталғанның бәрі ұзақ мерзімді еске кіреді. Ұзақ мерзімді еске байланысты қиыншылық – бұл санадағы ақпаратты іздестіріп, таңдап, қажеттісін таба білу. Ал сезімдегі мәліметтің көптігі соншалықты, оны самен айғақтау мүмкін емес. Солай болса да, санамыздан қажетті дерек дер кезінде шыға келетініне таңданбасқа болмайды. Бірақ ұзақ мерзімді естің де аймақ көлемін мойындамасқа болмайды. Себебі ол өлшем мимен байланысты. Ғылымда дәлелденгендей, ми 10млрд. нейроннан тұрады. Ал әрбір нейрон аса көп санды ақпарат жинауға қабілетті. Бірақ әрбір жеке адам миының есте қалдырып, сақтау мүмкіндігі оның биологиялық, әлеуметтік дамуына тәуелді.

Естің негізгі процесстеріне :есте қалдыру,елестету,ұмыту жататынын айта кету керек. Есте қалдыру-бұл ақпаратты сақтау процесі. Есте қалдыруға әр кез мақсат қойып отыру зор орын алады. Оқу материалын жақсы меңгеру үшін-оған қатты зең қою жеткіліксіз,ол үшін алға айқын,анық мақсат қойылу керек. Есте қалдырудың қоғамдық-тәжірибелік мәні адамның қажетіне де байланысты болады.

Есте сақтау-адам есте қалдырғанды біршама уақыт аралығында жадта сақтап тұру қабілетіне ие. Есте сақтату ес процесінің құрылымдық бөлігі ретінде өз заңдылықтарына бағынады. Есте сақтау динамикалық және статикалық түрде көрінуі мүмкін. Динамикалық есте сақтау мехетті қызметтік есте орын иелеп,ал статикалық – ұзақ мерзімді есте әрекетке келеді.Динамикалық есте сақтауда жатталған материал өзгеріске түсе бермейді,ал тұрақты есте,керісінше,қайта құрылып,өңделеді.

Қайта жаңғыртудың танудан өзгешелігі:ол танудан соң іске асады немесе тіпті тікелей танусыз-ақ,одан тыс жүзеге келуі мүмкін. Сондықтан да бұрынғыны қайта жаңғырту процесі танудан көрі күрделілек келеді.

Қайта жаңғыртудың материал бөліктерін өз көмегімен еске түсіру арқылы жүргізіледі, бұл жағдайда іске белсенді еріктік әрекет қосылады. Қайта жаңғырту тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей қайта жаңғыртуда аралық байланыстарды еске түсірудің қажеті болмайды. Жанама қайта жаңғыртуда адам байланыстырушы аралық тетіктерді пайдаланады, олардың ішінде жаңғыртылуы тиіс материалға қатысы бар тірек сөздер, бейнелер, сезімдер мен әрекеттер кіреді.

Ұмыту процесі еске түсіре алмау немесе тану мен қайталап айта берудегі қателесуде көрінеді. Ұмытудың физиологиялық негізі уақытішілік жүйке байланыстарын жандандыруға кедергі етуші ми қабығындағы тежелу әрекеттері. Көбінесе бұл жағдай материалды есте сақтап тұруға ниеттелген қайталаулардың уақытылы болмауынан туындайтын, ойда қалдырғанды бірте-бірте сөндіріп барушы тежелу процесіне байланысты.

Қолданылған әдебиеттер

1.      Илешева.Р.Г.Медициналық психология.Алматы.ЖШС «Эверо», 2009,228бет

2.      Бап-Баба С.Б.Жалпы психология (жантану негіздері). Жоғарғы оқу орындары студенттеріне арналған дәріс баяндар жинағы.А.М.Құдиярова дасшылығымен.-Алматы, Дарын,-2005.-352 бет

Информация о работе Ес теориялары