Ес теориялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 12:15, реферат

Описание

Сигналдың әсері тоқтағаннан кейін информацияның сақталуын анықтауға болады.Мұндай анықтау естің биологиялық пен техникалық түрлерімен шектелмей, жалғасу құбылысын далпы түрде анықтама беруге мүмкіндік жасайды.
Адамның нерв жүйесінде екі түрлі ақпарат сақталады.Оның бірі- эволюцияның мыңдаған жылдары жиналған шартсыз рефлекстер, соқыр сезім ретінде білінеді.Екінші түрі- әр адамның жеке өмірінде ие болатын ақпарат.Естің бұл түрі шартты рефлекстер пайда болуына негізделген.Сонымен,айтылғанға байланысты естің екі түрі болады:тұқым қуалаған түр-тұқымдықтұқымдық және өмірде ие болатын жеке бастық ес.











Кіріспе
Біздің әрбір толғанысымыз,әсерленуіміз бен әрекет-қылығымыз санамызда біршама уақыт сақталып,қажетті жағдайларда қайта жаңғыртуға келетін іздер салатыны баршаға мәлім.Осыдан,өткен тәжірибемізден қалған іздерді жадымызда қалдырып, сақтап,кейін білгендерімізді жойып алмастан,оларды қайта танып, жаңғыртумен ақпарат топтауымыз ес деп аталады.
Сигналдың әсері тоқтағаннан кейін информацияның сақталуын анықтауға болады.Мұндай анықтау естің биологиялық пен техникалық түрлерімен шектелмей, жалғасу құбылысын далпы түрде анықтама беруге мүмкіндік жасайды.
Адамның нерв жүйесінде екі түрлі ақпарат сақталады.Оның бірі- эволюцияның мыңдаған жылдары жиналған шартсыз рефлекстер, соқыр сезім ретінде білінеді.Екінші түрі- әр адамның жеке өмірінде ие болатын ақпарат.Естің бұл түрі шартты рефлекстер пайда болуына негізделген.Сонымен,айтылғанға байланысты естің екі түрі болады:тұқым қуалаған түр-тұқымдықтұқымдық және өмірде ие болатын жеке бастық ес.








Сонымен ес- бір-бірімен ұштасқан дара бөлектерден құралған күрделі психикалық процесс.Ес адамға өте қажет жан құбылысы.Оның арқасында субъекті жеке басының өмірлік тәжірибесін жинақтап,сақтап,соңғы пайдасына жаратады.
Жантану ғылымы,осыдан,өз алдына келесі мәселелерді шешу міндетін белгілейді:санадағы өткен тәжірибе іздері қаншама уақыт саталуы мүмкін?;есте қалдырудың ұзақ не қысқа мерзімді болуы неліктен?;ес іздері қандай өзгерістерге түсуі мүмкін?;естің адам танымына ықпалы қандай?
Сұрақтарға жауап іздеуде психолргия өзнің адғашқы эксперименттерін осы ес проблемасын зерттеумен байланыстырды.Өткен ғасырдың 80-жылдары неміс психологі Г.Эббингауз ойлаумен байланысты болмаған таза ес заңдылықтарын ашты:мағынасыз әріп буындарын жаттай отырып,материалды есте қалдырудың негізгі шектерін белгілейді.Ал психиатр Э.Крепелина аталған тәсілді психикалық ауытқуы бар сырқаттардың есте қалдыру әрекетін тексеру үшін қолданды.Адам есінің бекуі және қайта жаңғыруымен байланысты негізгі заңдар Г.Э.Мюллер еңбектерінде жария етілді.
Алғашқы кездегі ес зерттеулері көбіне саналы іс-әрекетпен байланыстырылды,ал XIXғ. Аяғы мен XXғ. басында ғылыми іздену шеңбері кеңейе түсті,енді талдау аймағына есте сақтаудың жалпы табиғи,адамға да,жануарға бірдей механизмдері алынды.Бұл тұрғыдан зерттеу жүргізген американ психологі Торндайк жануардағы дағдылардың қалыптасу заңдылықтарын ашып берді.Бұо үшін ол жануарларды лабиринтте жол табуға жаттықтырып,одан қалыптасатын дағдылардың бірізді беку процессін байқастырды.XXғ. алғашқы он жылдығында ес процессін зерттеу жаңа ғылыми формаға еніп,ғол И.П.Павлов ашқан шартты рефлекстер әдісімен байланысты болды.Есте қалдыруға ықпал жасаушы шартты байланыстадың пайда болуы мен олардың сақталу жолдары осы И.П.Павлов жаңалығына орай белгіленді.Бұл кезеңге дейінгі психологиялық зерттеулер естің ең қарапайым процесстерімен ғана шектелген еді.
Ал естің ең жоғары, адамға өз өмірінің қалаған кезеңін жадқа түсіріп, оны пайдалануға мүмкіндік туғызатын ырықты және саналы формалары тек философтар тарапынан қарастырылып,олар естің табиғи формаларына қарсы қойылды да,жоғарғы сананың туындысы деп танылды.Сондықтан да естің жоғарғы формаларының пайда болуы мен даму себептерін айқындау философ-идеалистер күн тәртібінде тіпті де қойылмады.
Ес психологиясын зерттеудің біршама нәтижелі болуына қарамастан,естің физиологиялық механизмдері мен өзіндік табиғаты көпке дейін сыр болып,философтар мен психологтар есті «материяның жалпы қасиеті» деуден аспады.Кейінгі 30 жыл ішінде ғана бұл ғылым бағытында кейбір саңлақтар көрініс берді.Бұл кезеңдегі зерттеулер нәтижесінде есте қалдыру,сақтау және жаңғырту тереңде жатқан биохимиялық өзгерістермен байланысты екні анықталып,оның РНК құрамындағы ауысуларға тәуелді және ес іздерін биохимиялық жолдармен екінші ағзаға егуге болатыны дәлелденді.
Ес теориялары:
Ес механизмдерін психологиялық зерттеу тарихы басқа психикалық құбылыстардыүйренуден гөрі ертерек бастау алған.Алғашқы,кең етек алған естің ассоциативті теориясы.Бұл теорияның мәні:дүние заттары мен құбылыстарының есте орнығуы мен қайта жаңғыруы бірінен бірі бөлектенген күйде емес,өзара байланысты «топталған не тізбектелген» қалыпта жүреді.Осы процесске тәуелді мида есте қалдыру мен қайта жаңғартудың физиологиялық негізі-уақытша жүйке байланыстары түзіледі.Мұндай байланыстар психологияда ассоциациялар деп аталған.Ассоциациялардың бірізаттардың уақыт пен кеңістіктегі қатынас бейнесін,яғни жанасу ассоциациясы,олардың ұқсастығынан туған бейнеден,яғни ұқсастық ассциациясы,үшішісі-қарама қарсылықа негізделген контрстық ассоциациясы,төртіншісі-себеп салдарлы қатынастардан туындайтын каузальдық ассоциация.Бұл бағыттағы теорияны ұсынып,дамытқандар:Аристотель,Д.Джеймс,Спенсер,И.М.Сеченов,,И.П.Павлов.
Естің нейрондық теориясы.

Содержание

1. Кіріспе
2. Негізі бөлім
а. Ес туралы жалпы түсінік
б. Ес теориялары:ассоциятивті, нейрондық, биохимиялық
в. Естің типтері:бейнелік,логикалық,механикалық
г. Естің түрлері: сезімдік әсердің тікелей, нақты ізі, қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді ес
д. Естің негізгі процесстері,олардың ағымының негізгі заңдары
3. Қорытынды

Работа состоит из  1 файл