Көру түйсінулері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 17:09, реферат

Описание

Біздің организмге түс пен жарықтың әсері қандай? Қоршаған ортаның түрі сіздердің көңіл-күйңіздерге, қал-жағдайларыңызға қалайша ықпалын тигізетінің байқаған жоқсыздар ма? Неге кейбір адамдар жарқын, жылы тонда түстерді ұнатады, ал кейбіреулер суық тонды түстерді қалайды? Сіздің сүйкті түсіңіз қандай? Ал сіз ол түс туралы не білесіз? Қандай түстер пайдалы, немесе зиянды болып келеді?

Содержание

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Көру түйсінулері
• Түстер туралы жалпы түсінік
• Ахроматикалық және хроматикалық түстер
• Хроматикалық түстердің үш қасиеті
• Түстер араласу заңы
• Ілеспе, ергіш бейнелер
• Хроматикалық контраст заңы
• Көру түйсінуіндегі қателер
• Көздің құрылысы және оның мүшелерінің қызметі
2. Түстердің адамға әсер етуі
3. Жарықты қабылдау
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Koru tuisunileri.doc

— 74.00 Кб (Скачать документ)

Гельмгольц теориясы түстерді араластырудың ортақ заңдарын жағымсыз ілеспе бейнелерді де түсіндіреді. Қызыл түсті затқа едәіур уақыт қадалып қараудың нәтижесінде, сәуле торындағы қызылды сәулелендіретін заттың қозуы бәсеңдейді. Назарды ақ қағазға түсіргенде, үш заттың барлығы бірдей қозбай, жасыл мен күлгінді сезетін заттар күштірек, басымырақ қозады. Соның нәтижесінде ақ қағаздан жаңағы заттың көгілдір жасыл бейнесін көреміз. Бұл теория түрлі түске соқырлықтың мәнін де дұрыс түсіндіреді: егер үш заттың біреуі әрекет етпей қалса, оның сәулелендіретін түсін адам көрмейтін болады. Герингтің теориясы бойынша, көзде түстерді түйсіндіретін үш түрлі зат бар. Олардың ажырауынан не қосылуынан ақ-қара, жасыл-қызыл және сары-көк түстерді түйсінуге болады. Мысалы, олардың ажырауынан ақ, қызыл, сары түстер, қосылуынан қара, жасыл, көк түстер сезіледі.

Дүниеде заттармен, не құбылыстармен байланыссыз түстер болмайды. Сондықтан адам тегінде түстерді түрлі заттармен және құбылыстармен байланыстырып отырады. Бұл жөнінде адамның тәжірибесі үлкен орын алады. Көбінесе, тұрмыста сары түс күннен, оттың жалынымен, қызыл түс қанмен, көгілдір түс - өсімдіктермен байланыстырып отырылады. Сонымен бірге әр түс адамға өзінше әсер етеді, түрлі физиологиялық процестерді пайда болдыруға да себеп болады.

Түстердің адамға әсер етуі:

Қызыл – толқын ұзындығы ең үлкен түс. Қоздырғыш, белседі, жылытатын. Жүйке орталығының жұмысын тездетіп, бұлшық еттерді және бауырды зарядтайды (допинг әсері)

Қызғылт сары - әсері қызыл түстей, бірақ одан сәл кем. Асқорытуды жақсартады. Ырықты, ықтиярды бекітеді. Күйзелітен шығарады.

Сары – тонустық, физиологиялық оптималды түс. Көру мен жүйке жүйесін жақсартады. Қуанышты көңіл-күйді сыйлайды. «Интеллектуалды» түс.

Жасыл – физиологиялық оптималды, нейтралды түс. Қан қысымын ретке келтіріп, каппилярларды кеңітеді. Бас ауруын жеңілдетеді.

Көгілдір – тыныштық күйді сыйлайды, бұлшықет ширығуын, қан қысымын төмендетеді. Тозған жүйкеге жақсы әсер етеді.

Көк – үлкен мөлшерде күйзеліске апаруы мүмкін. Адамның физиологиялық жүйелердің функциясын тоқтатады. Эмоционалды, күйінгіш пациенттерге көмектеседі. Ұзақ әсер етуі дипрессияға етуі дипрессиға ұшырауы мүмкін.

Көгілдір – қызыл мен көктің әсерлерінің қосындысы. Жүйкеге зиянды.

Жарықты қабылдау

Жүйке жүйесінің дүниесінің барлығында жарықты қабылдау– рецепторларда жүреді, алмасу нәтижесінде жарық энергиясы химия реакциясы арқасында электрге трансформацияланады. Жұмыстың эффективтілігі қосымша құралдар – алмаз, қарашық т.б арқылы болады.

Жарықты қабылдау – жоғары дамыған клеткаларда бар, оларды фоторецепторлар дейді. Эксперименттер дәлелдеуі бойынша әрбір көру жүйесінің деңгей нейронының өздінің рецесивті аймағы болады.

Әрбір көру жүйесінің деңгей нейроны өздерінің рецесивті аймағының құрылысына ие, ал жоғарғы жан-жануарларда олар үштен кем емес: тор, материалды дене (орталық ми құрылысы), көру аймағы.

Ганглии жүйесі клеткаларында рецесивті аймақ концентірлік формаға: көру, тежелуге ие . Кортикалық нейрондар тек қана белгілі иілген қара немесе ашық түстерді анықтайды.

Д.Хьюбел мен Т.Визел   мысықтың көру аймағында диаметрі 0,001 мм-лі микроэлектрод енгізеді. Олар көру аймағындағы нейрондарды анықтайды. Бұл нейронға тордан келетін мыңдаған фоторецептордан информация келеді. Бұл нейрондар рецепторлар аймағына ие болды. Мысалы: қарапайым аймақ жолаққа адекватты, белгілі бір иілу бұрышы және орналасы тәртібі бар. "Өте жоғары" аймақ сызықтарды ғана анықтамайды, белгілі бір ұзындығы бар сызықтарды анықтайды.

Барлық иілген диапазон бұрышында 0º-тан 180º дейін спецификалық нейрондар анықталған. Мысалы: тек горизонталь сызықты көретін аймақтар немесе асты-үсті қозғалыста, ал вертикаль, оңға-солға бұрылғанға ешқандай реакция бермейді. Көру нейрондары миллиондаған. Олардың рецептивті аймақтары бір-бірімен байланыста. Бір рецепторлар жарық, контур т.б, тордың ортасы – формалары, шеті – қозғалыс, жарық аймағына жауап береді. Бұл рецепторлар барлық сүтқоректілерде, мысық, маймыл, қоян, суыр т.б анықталған.

Рецесивті аймақты зерттеушілер жан-жануарлар әртүрлі сызықтар, шеңбер, үлкен, кіші, горизонтальды вертикалды иілген, қара, ақ, түрлі-түстерді көрсетеді. Көру аймағында осылардың біреуіне ғана жауап берген нейрон табылды.

Кейбір тіршілік иелерінде жарық пен қараңғылықты ажырататын – эндокринді без анықталды. Бұл қайта туған – "үшінші көз". Бауырмен жорғалаушыларда эпифиз (мида орналасқан) – ретінде көрінеді. Ересек адамда эпифиздің салмағы 100-200 мг, формасы бойынша жаңғақ тәріздес. Эпифиздің генетикалық құрылысын қазір зерттеу басталды. Бұл бездің көптеген мінездемесі өлген көз органы деп есептеуге болады екен. Алайда басқа да жан-жануаларда эпифизі жарыққа жауап береді. Бақа головастигін қараңғыда 30 минут ұстасақ, онда оның түсі ақшылданады, алайда егер одан эпифизді алып тастасақ, онда оның түрі өзгермейді. Эпифиз биологиялық сағаттың да қызметін атқарады. Мысалы: құстар жарықты көз арқылы да кейде эпифиздің арқасында қаңқа арқылы да қабылдайды. Егер тауықтан эпифизді алып тастап, оны Петри чашкасында орналастырақ, жарық өзгерісіне жауап береді. Себебі, эпифизде серотонин, мегатонин гармонына айналады, ал бұл жарық циклі мен уақыт есебіне жауап беретін зат.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Расында, адамның көру түйісуі өмірінде маңызды орын алады. Біз көру арқылы ақпараттың 80-% қабылдаймыз. Кейбір адамдар көзді фотоаппараттың объективімен салыстырады. Мен олармен келіспеймін. Көздің құрылысы ерекше, әрі объективтен күрделілек болып келеді. Көз – адамның ең сезімтал мүшесі. Объективпен салыстырғанда көз ілеспе, ергіш бейнелерді мидың есінде қысқаша мерзімге сақтайды, хроматикалық контраст заңына бағынады. Өндірісте шыққан фотоаппараттар біздің әлемімізді бірдей «көреді». Ал адамның көзі әртүрлі болады. Кейбір адамдар түстерді ажырата алмайды, басқалары не алыстан не жақыннан ғана көре алады. Біздің көңіл-күйіміз, қалымыз көздің қоршаған ортаның түстерімен, жарықтылығымен тығыз байланысты. Мысалы, ашық күнді, аспанды, саябақтарда толған гүлдерді көргенде көңіліміз көтеріңкі болады. Ал жаңбырлы күндерде бізге көңілсіз, сентименталды ойлар келеді. Көз – адамның сақшысы, биологиялық сағатының «тілі» деп те айтуға болады.

Бір мезгілге елестетіңізші, егер де бүкіл адамдар ештеңе де көре алмай, соқыр болып жүрсе, қалай болушы еді? Сондықтан көзді сақтау қажет. Оған тым талуға жол бермеу керек. Күніне бір рет болса да көзімізге сүйене жатығу жасап, көзді тынықтыру қажет деп ойлаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.      Тажибаев Т. «Жалпы психология»

2.      Ш.С. Сатиева «Психология»

3.      Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл. Бас ред., 1990

4.      Миронов «Цветоведение», 1984 ж (аударылған)

 

 

 



Информация о работе Көру түйсінулері