Әлеуметтік психология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 04:35, реферат

Описание

Әлеуметтік немесе қоғамдық психология (гр. psyche — жан және logos — сөз, түсінік, ілім) — әлеуметтік топтарға қосылуымен байланысты адамдардың қызметі мен пәнінің заңдылықтарын, сонымен қоса ол топтардың өздерінің рухани ерекшеліктерін зерттейтін жантану ғылымдарының саласы.
Әлеуметтік психология отбасының, ұжымның, таптың, ұлттың, тағы да басқа адамдардың тұрған жеріне, кәсібіне, қоғамдағы алатын орнына қарай жіктелетін топтарының психологиясын зерттейді.

Работа состоит из  1 файл

Әлеуметтік психология.docx

— 38.17 Кб (Скачать документ)

Әлеуметтік  психология

Әлеуметтік  немесе қоғамдық психология (гр. psyche —  жан және logos — сөз, түсінік, ілім) — әлеуметтік топтарға қосылуымен байланысты адамдардың қызметі мен  пәнінің заңдылықтарын, сонымен  қоса ол топтардың өздерінің рухани ерекшеліктерін зерттейтін жантану  ғылымдарының саласы.

Әлеуметтік  психология отбасының, ұжымның, таптың, ұлттың, тағы да басқа адамдардың тұрған жеріне, кәсібіне, қоғамдағы алатын орнына қарай жіктелетін топтарының психологиясын зерттейді. Әлеуметтік психология қоғамда болып жатқан саяси-әлеуметтік құбылыстардың сырын  түсінуге, олардан қорытынды шығарып, қоғамның даму бағытын айқындауға, ірі топтарды және тұтас қоғамды  басқаруға, бағыттарды, шараларды айқындай отырып, оны стратегиялы дұрыс  жолға салып отыруға көмектеседі. Сондықтан ғалымдар бұл ғылымның болашағы зор, XXI ғасырда жетекші  орындарға шығады деп есептейді.

  • Әлеуметтік психологияның негізгі бөлімдеріне мыналар жатады:
  • әлеуметтік топтардың психологиялық мінездемесі;
  • тұлға психологиясы;
  • ақпарат алмасу заңдылықтары және бірлескен қызмет үстіндегі адамдардың өзара әрекеттесуі;
  • түрлі қауымдастықтарда қалыптасатын тұлғааралық өзара қатынастар.

Әлеуметтік  психология өзге ғылымдармен — социологиямен, педагогикамен, философиямен, саясаттанумен, мәдениеттанумен тығыз байланыста болады.

Социология  қоғамның, топтың және жеке адамның  құндылықтары мен нормаларының сипатын  қарастырса, әлеуметтік психология сол  адамдар өмір сүретін микро және макроортаның әсерін ескере отырып, олардың  қалыптасуының нақты механизмдерін  және тұлғаның дара ерекшеліктерін зерттейді. Егер социология тұлғаның әлеуметтік белсенділігінің түпкілікті қайнарларын  ашатын болса, онда әлеуметтік психология олардың пайда болу жолдары мен  заңдылықтарын қарастырады, белсенділікті  мейлінше толық іске асырудың жағдайларын  жасауға көмектеседі. Социология түрлі  адамдар топтары мен қауымдастықтарының ішіндегі тұлғааралық байланыстардың әлеуметтік мәнін ашады. Ал әлеуметтік психологияны жеке адамның немесе жеке топтың қызметінен ол мәннің калай  және қандай формаларда көрініс беруі, тұлғалық сапалықтардың қалыптасуына қалай әсер ететіні қызықтырады.

Әлеуметтік  психологияның философия құрамында  ұзаққа созылған даму тарихы бар; Батыста XVIII ғасырдағы ағартушылық кезеңде  оған көбірек көңіл бөліне бастады.

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың  басында әлеуметтік психология  жеке ғылым саласы ретінде  орнықты.

XX ғасырдың 20-жылдарынан бастап әлеуметтік  психология АҚШ, Англия, Германия, Франция, Жапония сияқты дамыған  елдердегі психология ғылымының  жетекші бағытына айналды.

Әлеуметтік  психология бұрынғы Кеңес Одағында да көп көңіл бөлінген. Кеңес билігі тұсында бұл ғылым жетекші  салаға айналды. Кеңестік әлеуметтік психологтардың зерттеулерінде тұлға және ұжым мәселелері Батыстағыдай топ динамикасы заңдылықтарынан  өзгеше бағдарда алынып, ерекше теориялық  құрылғыда қарастырылды. Ұлттардың  және өзге ірі әлеуметтік топтардың  психологиясы зерттелді. Олардың арасында Қазақстандық ғалымдардың да үлесі  болды.

  1. Халықтар психологиясы
  2. Көпшілік психологиясы
  3. Әлеуметтік мінез-құлық инстинктер теориясы.

Әлеуметтік  психологияның дамуының алғышарттары негізінен басқа кез-келген ғылыми пәннің дамуына ұқсас, оның мазмұны, алдымен философия ғылымының  қойнауында қалыптаса бастаған,бірте-бірте  дербес ғылымға айналды, бірақ ол процесс тікелей емес, басқа екі  ғылым арқылы (социология мен психология) іске асырылды.

  Американ зерттеушісі О. Клейнбергтің  көрсетуінше, әлеуметтік психологияның  көптеген проблемалары ежелгі  философия жүйелерінде пайда  болған.

Әлеуметтік  психологиялық түсініктердің негіздері  ертедегі грек еліндегі ғұлама ғалымдар Платонның «Республика» еңбегінде, Аристотельдің «Саясат» және «Этика»  еңбектерінде қаланған.

  Әлемнің екінші ұстазы саналған  ежелгі түрік елінен шыққан  Әл-Фараби бабамыз өзінің «Қайырымды  қала тұрғындары» деген еңбегінде  былай деп жазған: «Адам өзінің  табиғатына сәйкес өмір сүруі,  дамуы және жоғарғы дәрежеге  жетуі үшін көптеген заттарды  қажет етеді, оларды жалғыз  өзі тауып ала алмайды, ол  үшін адамдардың қауымдастығы  қажет».

Жаңа  заман философиясында (XY-XYII ғ.ғ.) Гоббс, Локк, Гельвеций, Руссо, Гегельдерді  атап кету қажет. XIX ғ. орта тұсында, қоғамдық процестерге қатысты көптеген ғылымдар дамуында айтулы прогресс болды. Бұл кезеңде тіл білімі қарқындап дамыды. Осы кезеңде Европада капитализмнің дамуына байланысты, әр түрлі елдер арасындағы экономикалық қатынастар көбейіп, халықтар миграциясы белсенді бола түсті. Тіл арқылы қарым-қатынас жасаудың, басқа халықтың психологиялық ерекшеліктерін ескеру проблемалары туындады. Бұл проблемаларды шешу жалғыз тіл білімінің қолынан келмеді.

Сонымен бірге, осы кездерде антропология, этнография, археология ғылымдарында көптеген деректер жинақталынып, оларды түсіндіруде де әлеуметтік психологияның көмегі қажет  болды.

Американ  антропологы Э.Тейлор алғашқы қауымдық құрылыс мәдениеті туралы еңбегін  тамамдады, этнограф және археолог Л.Морган америка үндістерінің тұрмысын зерттесе, француз ғалымы (социолог және этнограф) Леви-Брюль алғашқы қауымдық құрылыстағы  адамдардың ойлау ерекшеліктерін зерттеді.

Бұл кезеңдегі психология, негізінен, индивидтер психологиясы тұрғысынан қалыптасқан  еді. Адамның мінез-құлқын түсіндіруде  психологияны қайта қарастыру бағдарламасы енді ғана дами бастады.

Социология  ғылымына келсек, оның өзі дербес ғылым  ретінде XIX ғасырдың орта тұсынан бастап дамыды, оның негізін қалаушы француз  философ-позитивісі Огюст Конт.

Социологияда  психология бағыты тез дами бастады. Сонымен екі ғылымның (психология мен социология) дамуында бір-біріне қарай қозғалыс басталды, ал ол жаңа ғылым ретіндегі проблемаларды  қалыптастырумен аяқталуы қажет  болды.

Көптеген  алғашқы әлеуметтік-психологиялық  теориялардың алғашқы формасы ретінде XIX ғасырдың ортасында Германияда қалыптасты.

Халықтар  психологиясы теориясын тікелей  жасағандар философ М.Лацарус (1824-1893). 1859 жылы «Халықтар психологиясы туралы кіріспе тұжырымдары» деген мақаласында  авторлар, негізгі идеяларын-тарихтың негізгі күші-халықтың өзін мәдениет, дін, тіл, аңыз, әдет-ғұрыпта көрсетуі — деп түйіндеді.

Халықтар  психологиясы идеясын ары қарай  дамытқан В.Вундт (1832-1920) көзқарастары. 1900 ж. Вундтың он томдық «Халықтар  психологиясы» еңбегі жарық көрді. Вундтың көзқарасы бойынша, психология екі бөліктен: физиологиялық психология және халықтар психологиясынан құрылуы  керек. Физиологиялық психология эксперименттік пән, бірақ эксперимент жоғарғы  психологиялық процесстер-сөйлеу мен  ойлауды зерттеуге жарамайды. Міне, нақ осы жерден халықтар психологиясы басталады. Оның әдістері де басқаша: тіл, аңыз, әдет-ғұрып, мәдениет өнімдерін талдау.

Ресейде халықтар психологиясы идеясы белгілі  лингвист ғалым А.А.Потебня зерттеулерінде қарастырылды. Лацарус, Штейнталь, Вундтжәне  Потебня проблеманы әртүрлі тұрғыда  қарастырғанымен, тұжырымдамаларының идеясы ортақ: психология жеке индивид  санасы емес,халық санасында қалыптасқан  құбылыстарға тап болды, сондықтан, осындай ерекше проблемалармен айналысатын, өзіне тән әдістері бар,психологияның  арнаулы саласы болуы қажет.

Қазақстанда осындай көзқарастарды ары қарай  дамытқан этникалық психология мәселелерімен  айналысқан, осы ғылымның негізінқалаушылардың бірі саналатын М.Мұқанов.

  Әлеуметтік-психологиялық теорияның  екінші формасы бұқара, көпшілік  психологиясы. Бұл теорияда жеке  адам мен қоғамның өзара қатынасы  қарастырылды.

Үшінші, әлеуметтік-психологиялық көзқарастар  жүйесіне әлеуметтік мінез-құлықтың инстинктер теориясы жатады. Бұл теорияны ұсынған  ағылшын психологы В.Макдугалл (әлеуметтік психологияның негізін қалаушылырдың  бірі), оның негізгі тезисі-әлеуметтік мінез-құлықтың түпкілікті себебі адамдардағы  туа біткен инстинктер дегенге саяды. Макдугалл жеті пар инстинктерді және олармен қосарласа жүретін  эмоцияларды бөліп көрсетті. Оның идеяларының өте танымал болғанына  қарамастан әлеуметтік мінез-құлықтың бір мақсатқа («гормэ»- ұмтылу, тілек) жетуге талпыну ғана (санадан тыс) деген идеясы психология ғылымының  тарихында теріс әсерін тигізді. Инстинктер теориясының бұл идеясы салдарларын жеңу ғылыми әлеуметтік психологияның қалыптасуының маңызды  кезеңіне айналды. Аталмыш көзқарастардың бәрінде де эксперименттік зерттеулердің  жеткіліксіздігі көзге ұрады. Дегенмен де «әлеуметтік психология» дербес пән деген ұсыныс жасалды, енді оның эксперименттік базасын тұрғызу  қажет еді.

Әлеуметтік  психологияның эксперименттік кезеңіне өтпестен бұрын, алдымен оның теориялық  негіздерін қарастырған Маркстіңдүниетанымына  тоқтала келейік. Бұл дүниетаным XIX ғасырдың ортасында қалыптаса  бастады. К.Маркстің «Капитал» еңбегін  Дж.Болдуин жеке-даралық және қоғамдық сананың арақатынасында түбегейлі  өзгерістер тудырған еңбектердің бірі, — деп атап көрсеткен.

Әлеуметтік  психология белгілі деңгейде қоғамдық ғылымдарға жататындықтан, маркизм  теориясының іргелі теориялық қағидаларын(қоғамдық құбылыстар, адам табиғаты, қоғам) қабылдауына  болады. Бұл тұрғыдан алғанда, қоғамдық құбылыстардың нақты әлеуметтік-психологиялық  феномендерді зерттеуде қандай көрініс  беретінін қарастыру. Сонымен бірге  әлеуметтік-психологияның әдіснамалық  құрал-жабдықтары маркизм теориясының  негізгі қағидаларына сүйенеді. Әлеуметтік-психологиялық  білімнің маңызды теориялық негіздері  К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин және Г.В.Плеханов, А.В.Луначарский, А.Грамшит, т.б. еңбектерінде көрсетілген. Ұзақ уақыт бойы кеңестік психологтардың көзқарасында маркстік теориялар үстемдік етіп келді. Қазіргі  кезде, әрбір ғалым-зерттеушінің қандай теорияны негізге алуы, зерттеу мақсат-міндеттеріне сәйкес өзінің тізгінінде.

XIX ғасырдың басы, әсіресе бірінші  дүниежүзілік соғыстар кейінгі  кезең, әлеуметтік психологияның  эксперименттік ғылымға айналу  кезеңідеп саналады. Ресми бастамасы  ретінде Европада В.Мид, АҚШ  ғалымы Ф.Оллпорт ұсынған, әлеуметтік  психологияны эксперименттік психологияға  айналдыру қажет деген талаптары  болды. Әсіресе, Америкада капитализмнің  қауырт дамуына байланысты, әлеуметтік  психологтардың өзекті әлеуметтік- саяси мәселелерге көңіл аударып,  қолданбалы зерттеулерді жүргізу  қажеттілігі туындады.

  1. Әлеуметтік психологияның пәні мен міндеттері.
  2. Әлеуметтік психологияның білімдер жүйесінен бөлініп шығуы.

Әлеуметтік  психологияның пәні екі бөлек  ғылымның социология (әлеуметтану) мен  психология (жантану) жігінде пайда  болып, 20-ғ. Басынан өз бетінше дербес ғылым ретінде қалыптасуда.

Сондықтан әлеуметтану ғылымы әлеуметтік психологиясын  өзінің бір тармағы деп есептесе, екінші жағынан ол психология ғылымының  бір саласы деп есептелінеді.

Оның  бірнеше себептері бар. Негізінде  қоғамдық өмірдегі көптеген құбылыстарды зерттеу екі ғылымның да психология мен әлеуметану ғылымдарының жетістіктерін  пайдаланғанда жемісті болуы  мүмкін. Қоғамдық заңдылықтар, адамдар  іс-әрекеті, адамдардың мінез-құлқы, психологиялық  ерекшеліктеріне байланысты болса, екіншіден адамдардың қарым-қатынасында, іс-әрекетінің барысында ерекше байланыс, өзара әсерлесу, ерекше қарым-қатынас  типтері пайда болады, ал оларды талдау психология білімінің жүйесін  білмейінше, мүмкін емесі анық. Әлеуметтік психологияның екі жақтылығы, бұл  пәннің осы екі ғвлвмнвң психология мен әлеуметтанудың қойнауынан дамып, жеке пәнге айналуына байланысты.

Әлеуметтік  психологияның жеке тұлға психологиясымен  де түйісетін жерлері бар.Екеуінің де негізгі қарастыратыны – индивид. Әлеуметтік психологтя индивидтен тұратын  адамдар тобы тұтастай алғанда, бір-бірін  қалай бағалайды, бір-біріне қалай  әсер етеді деген мәселемен айналысады.

Әлеуметтік  психологияның дербес ғылым ретінде  пайда болуы 1908 жыл деп санайды.Осы  жылы ағылшын психологі В.Макдугалдың  «Әлеуметтік психологияға кіріспе» еңбегі Европада басылып шықты.Америкада  Э.Росстың «Әлеуметтік психология»  деген еңбегі жарық көрді.

1897 жылы Дж.Болдуиннің «Әлеуметтік  психологиядан зерттеулер» атты  еңбегі жазылды.Өз дамуында әлеуметтік  психология зерттеу пәнін анықтауда  көптеген қиындықтарға кез болды.Егерде 20 ғ. басында  зерттеушілер  көбіне қоғамдық көпшіліктік  психологияны зерттеуге көңіл  бөлсе, ғасырдың орта шегіне  таман, негізінен, шағын топтар, адамдардың әлеуметтік бағдары,  топтарға әсер ету тәсілдері  және әр түрлі адамаралық қатынастарға  үңіле бастады.

Қазіргі уақытта адамның әлеуметтік мінез-құлқының жалпы теориясын құру проблемасы өте өзекті.

Әлеуметтік  психологияның пәні әр түрлі әлеуметтік топтарға кіріктірілген адамдардың қарым-қатынасының  заңдылықтарын  және сол топтардың өзінің психологиялық  сипаттамаларын зерттейтін ғылым деген  көзқарас басым.

Информация о работе Әлеуметтік психология