Әлеуметтік психология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 04:35, реферат

Описание

Әлеуметтік немесе қоғамдық психология (гр. psyche — жан және logos — сөз, түсінік, ілім) — әлеуметтік топтарға қосылуымен байланысты адамдардың қызметі мен пәнінің заңдылықтарын, сонымен қоса ол топтардың өздерінің рухани ерекшеліктерін зерттейтін жантану ғылымдарының саласы.
Әлеуметтік психология отбасының, ұжымның, таптың, ұлттың, тағы да басқа адамдардың тұрған жеріне, кәсібіне, қоғамдағы алатын орнына қарай жіктелетін топтарының психологиясын зерттейді.

Работа состоит из  1 файл

Әлеуметтік психология.docx

— 38.17 Кб (Скачать документ)

Әлеуметтік  психологияны зерттеушілердің міндеттері:

  1. Шетелдік әлеутметтік психологияға талдау жасау, шетезерттеушілерінің тәжірибесін сол қалпында көшіріп алмай, біздің жағдайға қарай қарастыру.
  2. Әлеуметтік психолог этникасын мәселені еске ала отырып, бұл мәселені шешуде өз орнын алуға тырысу.

Жаңа  әлеуметтік психология төмендегі міндеттерді  алға қояды:

Өзгермелі дүниеде адамның рөлі мен орнын  табу.

  1. Қазіргі социумдағы қатынас пен қарым-қатынастың көп түрлерін зерттеу.
  2. Мемлекет, саясат, экономика, қоғам негізінде әлеуметтік-психологиялық қатынастарды ұйымдастыру.
  3. Әлеуметтік қақтығыстар теорияларын жасау.
  4. Әлеуметтік психологияның диагностикалық теориялық негізін жасау.

Әлеуметтік  психолог көпшілік көтерілістерді, кепілге  алынғандарды шығаруға келіссөз жүргізуге  көмек беруі тиіс.Әлеуметтік психологияның  жеке ғылым болып бөлініп шығуы:

  1. Тілдің жетілуімен
  2. Этнография, антропология, археология аймақтарындағы маңызды фактілердің жиналуына
  3. Қалалардың дамуы мен өндіріс орындарының көбеюіне байланысты.

Бұл кезеңде өзіндік психикалық құбылыстар, халық рухы, топ мінез-құлқы, еліктеу, сену пайда болды.Оларды зерттеу  үшін зерттеу әдістері жасалына бастады.

Бұл кезеңде ғалымдар әр түрлі  этнографиялық, тарихи, антропологиялық, тілдік материалдарды  жинап, талдау мн ғана айналысты.Оларды эксерименталды тексеруден өткізбеді.Ағылшын  антропологы Э.Тейлор алғашқы қауымдық мәдениет жайлы жұмысын аяқтады.Америка  этнографы Л.Морган индустар тұрмысын зеттеді.Француз социологы және этнографы Л.Леви-Брюль алғашқы  адамның ойлау ерекшеліктерін зерттеді.

Әлеуметтік  психологияның ата-анасы  психология мен әлеуметтану болды.

  1. Әлеуметтік психологияның зерттеу объектілері.
  2. Әлеуметтік психологияның негізгі бағыттары.

Әлеуметтік  психологияда негізгі үш тұрғы: психоанализ, бихевиоризм және гештальт- теория бағыттары анық көріне бастады. Әсіресе, эксперементтік пәнді тұрғызудың  негізі болатын бихевиористік  тұрғыға  көбірек көңіл бөлінді.

Зерттеу объектілері ретінде негізгі  назар – шағын топтарға бөліне бастады. Эксперименттік тәсілдерді пайдалану  шағын топтардағы процестерді зерттеуге  қолайлы болғандықтан, АҚШ – та әлеуметтік психологияның  бір жақты, эксперименттік түрде дамуы басталды. Ғылыми теориялық жағы назардан тыс  қалды.

Әлеуметтік  психологияда тек шағын топтармен  айналысу кезеңі, қолданбалы әдістерді  пайдалану мүмкіндіктерін дамытуда оң әсерін тигізгенімен, теориялық  ғылымның дамуына тосқауыл болды, себебі:

  1. көпшіліктік процестерді, олардың ерекшіліетерін зерттеу мәселеден тыс қалды.
  2. эксперименттік бағдар қоғамдағы нақты проблемалардытүсіндіруге бағытталғанмен, оның әлеуметтік мазмұнын түсіндіруге ғылыми негіздерсіз қалды.

Дегенмен  осы кезеңде эксперименттік зерттеулер көптеп жүргізіліп жатқанда кейбір теориялық  мәселелерді зерттеулер қолға алынып отырды.Бірақ, олар мардымсыз, танымал  болмады.

Ал 50-жылдардан бастап, осы бағыттағы  зерттеулерге баса көңіл бөлінді. Негізінде  олар төрт бағыттың : бихевиоризм, психоанализ, когнитивтік және интеракционизм төңірегінде  топтасты(Андреева, Богомолова, Петровская, 1978, Шихирев, 1979)

Аталған төрт бағыттың үшеуі психологиялық  ойлардың әлеуметтік – психологиялық  нұсқасы болса, ал төртінші бағыт  – интеракционизмәлеуметтік негізде  еді.

Бихевиоризм қазіргі кезде необихевиористік бағытта дамуда. Негізінен топтағы  процестер емес,екеу аралық (диадалық) қарым –қатынастар зерттеледі (К.Халл, Б.Скиннер, Н.Миллер, Д.Деллард, Дж.Гибо, Г.Келли, Д.Хоманс). Зерттеулердің басым  бөлігі тек жануарларда жүргізілуі (А.Бандур зерттеулерінің көбісіадамдарда  жүргізіледі) бұл бағыттың негізгі  кемшілігі.Топтық процестерді талдаудың  жеткіоіксіздігінен, әлууметтік психологияның  «әлеуметтік»түрі аз көрініс береді.

Психоанализ әлеуметтік психологияда бихевиоризм  сияқты кең таралмаған. Мұнда  да әлеуметтік – психологиялық теория тұрғызу талпыныстары бар.

Бұл орайда неофрейдистік тұрғы, әсіресе  Э.Фромм мен Дж.Салливан еңбектері  алынады. Дегенмен, классикалық Фрейдизм идеяларын әлеуметтік психологияға енгізетін теорияларда бар.Ондаи  теорияларға мысал ретінде топтық процестер теорияларын: Л.Байон, В.Беннис, Г.Шепард, Л.Шутц атауға долды. Бихевиористерден өзгешелігі екеулік (диада) қарым-қатынастан гөрі көбірек адамдар қатысқан топтардағы процестерді қарастыру, осы бағытта  Т- топтарда (тренинг топтары), адамдардың бір-біріне әсерінің әлеуметтік – психологиялық  механизмдерін пайдалану тән. Психоанализді  әлеуметтік психологияда  қолдану  жүйелі түрде емес, кейбір жағдайлардың практикаға кіріктіру негізінде жүргізіледі. Осы тұрғыдан Т. Адорноның «Авторитарлы жеке тұлға» еңбегін атауға болады (фашизмді тудыратын алғышарттар туралы)

Екіншісі- Европалық (топ аралық, әлеуметтік деңгейлерге  баса назар аудару),үшіншісі – дамып  келе жатқанелдерде, экономикалық жағынан  артта қалушылықтың өздеріне тән  проблемалары.

Бұл елдерде психологияны бірінші және екінші елдерден әкелу «импорт» қалыптасқан. Дегенмен  де әлемдік интреграцияның дамуымен бірге, жер бетіндегі бар  адамдарға ортақ әлеуметтік психологияның  қалыптасуы мүмкін.

  1. Методология мәселесі
  2. Методология денгейлері
  3. Әлеуметтік психология зерттеу әдістері.

Методология мәселесі  барлық ғылымдарға маңызды. Әлеуметтік психологиялық  статистикалық  зерттеу жүргізген кезде осы  нәтиженің ғылыми принцептеріне  сүйенеді. Олар: Психология және әлеуметтану.

Қазіргі ғылымда методолгия термині грек тілінен «танып білуге жол» дегенді  білдіреді және ғылыми білімдердің  3 денгейін көрсетеді.

  1. Жалпы методология- бұл жалпы принциптердің қосындысы. Жалпы методологияға әртүрлі философиялық құрылымдар кіреді.
  2. Жеке методология- жеке принциптер құрылымы, нақты білім аймағында қолданылады.Әрекет принціпі үлгі болады. әлеуметтік психологияда бұл принцп адамдардың бірлескен іс-әрекеті ретінде түсіндіріледі. Және бұл кезде ерекше байланыстар түзіледі. Іс-әрекет субьектісі ретінде коллектив іс-әрекет субьектісі бола алады. Бұл принціпті қолдану арқылы коллективтегі іс-әрекет субьектісінің аттрибуттарын зерттеуге болады.(қажетілік, мотив, топ мақсаты
  3. Методологиялық қолданыстар- Т.В.Каркилова  бойынша бұл- зерттеудің көптеген әдістемелері,теориялар.Әдіске және әдістемелерге бөлінеді.

Әдіс-зерттеу  стратегиясы болады. Әдістеме техника  мен эмпирикалық анықтамалардың фиксация әдістері.

Әдістерді жалпы және арнайы методологиядан бөліп  қарауға болмайды.Бұл аббстрактілі емес.

Бір әдістер мен әдістемелер әртүрлі  методологиялар негізінде қолданыла  береді.

Ғылыми  зерттеу үшін.

  1. Зерттеудің нақты обьектісінің болуы.
  2. Фактілерді анықтау, себебін табу,әдістерді жасау, болжам қою
  3. Қойылған фактілер мен болжамдар арасындағы ашық байланыс
  4. Фактілер мен  құбылыстарды жобалау және түсіндіру.

Ғылыми  зерттеулердің ерекшеліктеріне  жаңа жиналған анықтама, оларды принциптерге біріктіру, принціптерді алдыңғы жұмыс  негізінде тексеру және қолдану.

Әлеуметтік  психологияның зерттеу әдістерін  екі топқа бөліп қарастыруга  болады: зерттеу әдістері және әсер ету әдістері.

Зерттеу әдістері өзі – мәліметті(ақпараты) жинау және  оны өңдеу болып  екі топқа бөлінеді.

Мәліметті жинау әдістеріне : бақылау, құжаттарды қарастыру,  өңдеу, (оған  контент  анализ де кіреді) , әр түрлі сұрау  әдістері. (саулнама, интервью) тестілер ( сынақ), оның  ішінде не көп тараған  социометірлік тест (әлуметтік өлшем) және де эксперимент (табиғи және лабораториялық). Осы әдістердің көбі социологияда қолданылатындармен  пара-пар. (Ядов, 1993) .Дегенмен  кейбіреуіне  әлеуметтік психологияның  ерекшеліктеріне  байланысты пайдалану тұрғысынан қысқаша  тоқталуға болады.

Бақылау әдісі. Әлеуметтік психологияда  негізгі  іздестірілетін  сұрақтардың бірі-қалай  бақылау керек?  Бақылаған кезде  не нәрсеге қөңіл бөлінеді?

Әлеуметтік- психологиялық зерттеулерде  бақылау  бірлігі зерттеу затына байланысты нақты түрде шешіледі. Екінші бір  маңызды жағдай-бақыланатын жағдайдың  уақыт аралығы, бақылау бірліктерін  бөліп алудың (уақыты бойынша) көптеген жолдары болганымен , бұл мәселе аяғына дейін  шешілмеген.  Бұл  әдіс оншалықты қарапайым болғандықтан әлеуметтік психологиялық зерттеулерде  табысты түрде пайдаланыла бермеуі  мүмкін.

Құжаттарды  қарастыру- өңдеу әдісі үлкен  маңызы бар әдіс, себебі осы әдіс арқылы адамдардың іс-әрекетінің  өнімдерін  талдауға болады. Әдістің субьектіленген (зертеушінің дара психикалық қасиеттері) қарастыру үшін ерекше  «контент-анализ»  тәсілі («мазмұнды талдау») енгізіледі. Бұл тәсілді текстіде арнаулы  «бірліктер» бөлініп алып, солардың пайдалану жиілігі саналады.  Көбінде бұл әдіс әлеуметтік психологияда көпшілік коммуникациялық зерттеулерде қолданылады (теледидар, баспасөз т.б )

Сұрау әдістері (сұрақ-жауап) көптеген әдістердің ішінде әлеуметтік психологияда ең көп  таралғандары. Әсіресе үлкен топтады  зерттеуде анкеталар (сауалдама) және интервью  пайдаланылады. Осы әдісті қолданғанда негізгі әдіснамалық  проблема- сұрақтарды дұрыс құрастыра  білу өнеріне байланысты. 1 шарт –сұрақтарды  құру логикасы (қисыны), ғылыми болжамға қажетті мәліметті алу және оның неғұрлым сенімді болуы.

Әр  бір сұрақты құрастыру, оларды белгілі  ретпен  орналастыру, бөлек блоктарға  орналастыру және т.б көптеген ережелер бар. Әдебиетте сауалнаманы құүрастыруда кездесетін типтік қателіктер көрсетілген . Сауалнаманы – құрастыру —  өте қиын д маңызды жұмыс, себебі   ол нашар құрылса алынатын да нәтиже де дұрыс болмайды.

Ерекше  үлкен проблема- интерьвюді қолдану, бұл жерде интервью (сұрақ қоюшы) және респондент (жауап беруші)арасында өзара әсерлесу пайда болады, осы  жағдайдың өзі де әлеуметік- психлогиялық құбылыс. Интервью кезінде  кезінде  әлеуметтік психологияда сипаталатын  бір адамның екінші адамға әсері, адамның бір-бірін қабылдау заңдылықтары, қарым-қатынас нормалары- бәрі де көрініс  береді. Осы айтылған сипатамалардың қайсысы болса да  алынатын мәліметтер сапасына әсерін тигізуі мүмкін.Ондай  проблемаларды шешудің шолдары  әлеуметтік психологияда қарастырылған, тек сол әдістерді игеруге  байыппен қарау қажет.

Әлеуметтік  психологияда көбінесе топтық сынақтардан (тест) көрі, жеке тұлғалық сынақтар қолданылады. Психологияның бұл саласында  пайдаланылатын  тестілер , көмекші  әдістерге жатады. Сондықтанда  олардың  нәтижелері басқа алынған  бесқа  алынған  деректермен сәйкестенуі  керек, және де бұл әдіс (тест) көбінде  жеке тұлға  проблемасымен  зерттеуде  көрінеді. Топтарға арналған тест ішінен кең тарағаны әлуметтік өлшем , ол шағын топтарды зертеуде қолданылады.

Эксперимент әдісі әлеуметтік психологияда негізгі  зертеу әдістерінің бірі. Экспериментің  негізгі екі түрі бар: табиғи және лабораториялық. Екеуіне де ортақ  жалпы ережелер:

  1. Эксперименттатордың тәуелсіз  айнымалы шараларды енгізуі мен  оны бақылауы және тәуелді шаралардыдың өзгеруін байқауы.
  2. Эксперементік және бақылау топтарын  бөліп қарастыру шарты жатады.

Барлық  аталған әдістердің  әлеуметтік психологиялық зертеулерде қолданылуындағы  өзіндік ерекшелігі- зерттеленуші мен  зерттеушінің  өзара әсері. Бұл  әсер интерьвюде айқынырақ көрінгенменен, шын мәнінде барлық әдістердеде  орын алып отыр. Оны есепке алып жүруі  әр қашан айтылып жүрсе де , бұл  проблеманы шешу      түпкілікті әлі алда сияқты.

Әдістеменің екінші тобы-материалды  өңдеу әдістеріне  барлық статистикалық  тәсілдер ( коррекциялық анализ, факторлық анализ), логикалық  және теориялық өңдеулер (типологиялар тұрғызу, түсіндірулерді тұрғызудың әр түрлі тәсілдері т.б) жатады. Құндылықтар проблемасы осындай әдістерді пайдаланғанда аса маңызды  мәселелерге айналады.

Аталған проблема сапалы зерттеу  әдістері мәселесімен  астарлас, әлеуметтік психологияда  социологияда кең  талқылануда

Әлеуметтік- психологиялық зерттеу жүргізу  үшін , алдымен бағдарлама құру дұрыс. Әр бір нақты зерттеуде шешілетін  міндеттер, зерттеу обьектісі, зертеу проблемасын тұжырымдау, қолданылатын  ұғымдарды нақтылау және  де пайдаланылатын  барлық әдістерді анықтап алу  қажет. Дұрыс құрылған бағдарлама негізінде  ғана шын мәніндегі нәтиже алуға  болады.

  1. Жеке тұлға анықтамасы
  2. Жеке тұлғаның әлеументтенуі
  3. Қазіргі кездегі жеке тұлға мәселесі

1.Жеке тұлға  анықтамасы

Әлеуметтік  психология, жалпы психологиядағы «жеке  тұлға» анықтамасына сүйене отырып, жеке тұлға бір жағынан, қандай нақты  топтарда әлеуметтік әсерлерді қалай  игеретіні, екінші жағынан нақты  топтарда өзінің әлеуметтік мәнін қалай  іске асыратынын анықтайды. Жеке тұлғаны  зерттеуде әлеуметтік психологияның  негізгі бағдары: жеке тұлғаның топпен қарым-қатынасында, немесе жеке адамды топ мүшесі ретінде қарастыру. Әлеуметтік психологтар адамдардың кәсібі бір-бірін  қалай бағалайды, бір-біріне қалай  әсер етеді, әлеуметтік жағдайлардың ықпалы көптеген адамдарды адамгершіліктік  немесе қатыгездік көрсетуге қалай  итермелейді, қалайша адамдар келісімпаз немесе тәуелсіз болады деген сұрақтарға жауаптар іздестіреді.

Егер  де әлеуметтік психологияда жеке тұлғаны  талдаудың түйіні- оның топпен әсерлесуі  болса, онда ең алдымен қоғамның жеке тұлғаға әсері қандай топтар арқылы іске асырылатынын анықтау қажет.Ол үшін жеке адам даму барысында қандай микро, макроортада болғанын қарастыру  керек. Яғни, әлеуметтік психологияның  дәстүрлі тіліне жүгінсек, бұл —  әлеуметтену проблемасы.

Информация о работе Әлеуметтік психология