Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 07:17, реферат
Жүйке жүйесі тірі ағзаның тіршілігін және негігі қасиеті – тітіркенгіштікті қамтамасыз етіп, адамды сыртқы, ішкі ортамен байланыстырады. Анатомиялық тұрғыдан жүйке жүйесі орталық және шеткі болып бөлінеді. Орталық жүйке жүйесіне бас миы мен жұлын, ал шеткіге – шеткі жүйкелердің түйіндері олардан шыққан талшықтар, талшықтардың терминальды ұштары жатады.
Жүйке жүйесінің морфологиялық субстраты болып табылатын рефлекторлы доға. Рефлекторлы доғаның құрамында көптеген функциональды маңызды әртүрлі нейрондар тізбегі бар. Бұл нейрондардың денесі жүйке жүйесінің шеткі түйіндері мен орталық бөлігіндегі сұр затында орналасады.