Ми жане жуйке жуйе

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 07:17, реферат

Описание

Жүйке жүйесі тірі ағзаның тіршілігін және негігі қасиеті – тітіркенгіштікті қамтамасыз етіп, адамды сыртқы, ішкі ортамен байланыстырады. Анатомиялық тұрғыдан жүйке жүйесі орталық және шеткі болып бөлінеді. Орталық жүйке жүйесіне бас миы мен жұлын, ал шеткіге – шеткі жүйкелердің түйіндері олардан шыққан талшықтар, талшықтардың терминальды ұштары жатады.
Жүйке жүйесінің морфологиялық субстраты болып табылатын рефлекторлы доға. Рефлекторлы доғаның құрамында көптеген функциональды маңызды әртүрлі нейрондар тізбегі бар. Бұл нейрондардың денесі жүйке жүйесінің шеткі түйіндері мен орталық бөлігіндегі сұр затында орналасады.

Работа состоит из  1 файл

Жүйке жүйе.doc

— 123.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі

 

Академик Е.А.Бөкетов  атындағы

Қараганды мемлекеттік  университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 

Орындаған: Сабитов. Қ

Тексерген: Казиева. А

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды 2013

 

Жүйке жүйе

   Жүйке жүйесі тірі ағзаның тіршілігін және негігі қасиеті – тітіркенгіштікті қамтамасыз етіп, адамды сыртқы, ішкі ортамен байланыстырады. Анатомиялық тұрғыдан жүйке жүйесі орталық және шеткі болып бөлінеді. Орталық жүйке жүйесіне бас миы мен жұлын, ал шеткіге – шеткі жүйкелердің түйіндері олардан шыққан талшықтар, талшықтардың терминальды ұштары жатады.

   Жүйке жүйесінің морфологиялық  субстраты болып табылатын рефлекторлы  доға. Рефлекторлы доғаның құрамында  көптеген функциональды маңызды  әртүрлі нейрондар тізбегі бар. Бұл нейрондардың денесі жүйке жүйесінің шеткі түйіндері мен орталық бөлігіндегі сұр затында орналасады.

   Жүйке жүйесі физиологиялық  тұрғыдан соматикалық және вегетативті немесе автономды болып та жіктеледі. Соматикалық адамның денесін ал, вегетативті ішкі мүшелерді, ондағы қан тамырларын және бездерді жүйкелендіреді.

   Дамуы. Жүйке жүйесі жүйке түтігі мен ганглиозды пластинкадан дамиды. Жүйке түтігінің краниальды бөлігінен бас миы мен сезу мүшелері, ал кеуде бөлігі мен ганглиозды пластинкадан жұлын, жұлын түйіні мен вегетативті түйіндер және ағзадағы хромаффинді тін дамиды.

   Сезімтал жүйке түйіндері. Сезімтал жүйке түіндері жұлынның артқы түбіршегінің бойында және бастан шығатын жүйке талшықтарының құрамында кездеседі.  

   Жұлын түйіні – сыртқы дәнекер тінді капсуламен қоршалған. Капсуладан түйіннің паренхимасына өте нәзік қабыршақ түрінде перделер тарайды. Мұндай перделердің құрамында көптеген қан, лимфа тамырлары болады. Жұлын түйінінің құрамындағы ірі нейрондар көбінесе топталып түйіннің шетін ала, ал өсінділері түйіннің орталық бөлігінде орналасады. Бұл нейрондардың дендриттері сезімтал жұлын жүйкелерімен бірге шеткі мүшелерге өтіп, рецепторлар түзеді. Ал аксондары жұлынның артқы түбіршегінің бойымен жұлынның сұр затына, одан сопақша миға өтіп, жүйке импульсін тасымалдайды. Жұлын түйініндегі нейрондар пісіп жетіле келе псевдоуниполярлы немесе жалған бір өсінділі нейрондарға айналады. Түйіннің ішіндегі нейрондарды мантийлі глиоциттер қоршайды. Мантийлі глиоциттерге нейроглияның олигодендроциттері жатады. Бұл глиоциттердің сыртқы нәзік талшықты дәнекер тінді қабықпен қоршалған. Түйіннің құрамындағы глиоциттер иммунды қорғаныс қызметін атқарады.

   Шеткі жүйкелер. Құрылысы жағынан миалинді және миалинсіз болып бөлінеді. Кейбір жүйкелердің құрамында жеке жүйке жасушалар мен оны қоршаған майда глиоциттер де болады. Жүйке бағаналарының көлденең кесіндісінде біліктік цилиндрі мен оны сыртынан қоршаған глиальды қабығы көрінеді. Әрбір жүйке талшықтарының арасындағы борпылдақ талшықты дәнекер тінді қабыршақтары эндоневрий деп аталады. Ал жүйке талшықтарының топтаса орналасқан жігінің сыртын периневрий қоршайды. Периневрийдің құрамында кезектесіп орналасқан жасушалармен жіңішке фибриллалы құрылымдар бар. Фибриллалар жүйке талшықтарын бойлай өтіп жатады.

   Жалпы жүйке бағаналарының  сыртын қоршайтын тығыз талшықты  дәнекер тіні фибробластарға, макрофагтарға,  май жасушаларына өте бай, мұны эпиневрий дейді. Эпиневрийдегі көптеген қан тамырлары периневрийге, одан эндоневрийге өтіп трофикалық қызмет атқарады.

   Вегетативті жүйке жүйесі. Жалпы жүйке жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Ағзадағы висцеральды қызметті атқарып отырады. Бұл жүйе асқорыту жүйесіндегі мүшелердің секрет бөлу процесін, қанның қысымын, дененің жылуы мен зат алмасу процестерін реттейцтін жүйе.

   Бұл жүйе физиологиялық  ерекшеліктері мен морфологиялық  жағынан екіге жіктеледі: симпатикалық және парасимпатикалық. Бірақ жалпы екі жүйе де ағзадағы мүшелерді жүйкелендіруге қатысады. Вегетативті жүйке жүйесінің орталық бөлігі болып табылатын, ол бас миы мен жұлында орналасқан ядролары, ал шеткі бөлігіне ядролардан шығатын жүйке бағаналары, түйіндері мен жүйке ұштары жатады.

   Вегетативті түйін (ганглий). Сыртқы дәнекер тінді капсуламен қоршалып, одан көптеген перделер түйіннің паренхимасына өтеді. Түйіннен шыққан жүйке талшықтарының жуандалған терминальды ұштары болады. Бұларды электорнды микроскопиялық зерттеулерден өткізгенде құрамында холинергикалық синаптикалық көпіршіктер бар екені байқалады.

   Синаптикалық ганглийлердің цитоплазмасында әртүрлі түйіршіктері бар майда жасушалары болады. Бұлардың өсінділері қысқа, электронды микроскопиялық құрылысы бүйрек үсті безінің боз затына ұқсас болып келеді.

   Интрамуральды өрімдер көбінесе асқорыту мүшелерінде, жүректе, қуықта кездеседі. Құрамында үш түрлі жасушалары болады: аксоны ұзын эфферентті – бұларда өте қысқа көптеген дендриттер болады, ал аксоны ұзын болғандықтан ганглийден алыстап кетеді. Тең өсінділі афферентті нейрондары өсінділерінің қайсысы аксон, қайсы дендрит екені байқалмайды, бірақ бұл өсінділер нейрон денесінен алыс орналасады. Көптеген зерттеулердің арқасында бұлардан шыққан аксон эфферентті нейрондармен синапс түзетіні анықталған. Ассоциативті нейрондар өсінділері көршілес жатқан нейрондардың дендриттерімен байланысып синапс түзеді.

   Орталық жүйке жүйесі. Жұлын екі симметрлі бөліктен тұратын, құрамында құралсыз жай көзбен көрінетін ішкі күңгірт түсті – сұр заты және шеткі ашық түсті – ақ затынан тұрады. Жұлынның көлденең кесіндісінде сұр заты Н әрпіне немесе көбелектің қанатына ұқсас, шығыңқы жерлері – сұр затының мүйіздері деп аталады. Бұлар алдыңғы немесе вентральды, артқы не дорсальды және бүйір бөлігіндегісі латеральды мүйіздері болып бөлінеді.

   Жұлынның сұр заты нейрондардың денесінен, миалинсіз және өте жіңішке миалинді талшықтары мен нейроглиядан тұрады. Мұндағы нейрондар – мультиполярлы. Жұлынның ақ затының құрамында көбінесе миелинді талшықтар мен нейроглия болады.

   Нейроциттер. Жұлынның сұр затындағы нейрондары мөлшері, құрылысы мен қызметі жағынан бір-біріне ұқсас, бұлар топтаса орналасып, жұлындағы ядроларды түзеді. Жұлын нейрондары бірнеше топқа жіктеледі: түбіршектік жасушалары – бұлардан шыққан нейриттер жұлынның алдыңғы мүізімен бірге жұлыннан шығады, ішкі жасушалары – бұлардың өсінділері жұлынның сұр затының өзінде синапстар түзеді, шоғырлы жасушалары – аксондары жүйке импульсін жұлынның ақ затына, сегменттеріне, тіпті бас миына өткізетін өткізгіш жолдарын түзеді.

Бас миы


Орталық нерв жүйесінің негізгі бөлігі – ми. Ол ми сауытында орналасқан. Ересек адамда мидың салмағы 1400-1450 грамм құрайды. Мидан 12 жұп нервтер тарап, миды көптеген ішкі мүшелермен, беттің, мойынның еттерімен, тілмен, көзбен байланыстырады және сезім мүшелерінен келген ақпаратты миға жеткізеді. Бұларға I - иіс, II - көру, III - көз қимылдатқыш, IV - шығыршық, V – үшкіл, VI – бұру, VII – бет, VIII – дыбыс, IX – тіл-жұтқыншақ, X – кезеген, XI – қосымша, XII – тіласты нервтері жатады. Ми артқы ми, (сопақша ми мен варолий көпірі), мишық, ортаңғы ми, аралық ми жєне екі ми сыңарларынан тұрады.

Артқы ми


Артқы мидың құрамына сопақша ми және Варолий көпірі кiредi. Артқы мидың тiршiлiктегi маңызы өте зор. Мидан шығатын 12 жұп нepвтepдiң сегiзi артқы мидан тарайды. Олар мыналар: үштармақты, көз алмасын кейін тартатын, бет, есту, жұтқыншақ, кезеген, қосымша және тiл асты нepвтеpi. Осы нервтердің қатысуымен тыныс алу, журек соғу, қан айналымы, тамақтану, түшкiру, құсу, терлеу, жылау, кiрпiк қағу, жөтелу сияқты тiршiлiкте маңызды рефлекстер орталықтары бар.

Сопақша ми


Сопақша ми жұлынмен тікелей байланысқан және екі түрлі қызмет өткізгіштік жєне рефлекторлық қызмет атқарады. Сопақша ми мидың сұр заты жұлындағыдай бiр ғана жерге топтаспай, ақ зат аралықтарында жеке-жеке шоғырлар құрып, көптеген ядроларға, кызметi әр түрлi орталықтарға айнaлған. Ақ зат нерв тaлшықтарынан тұрады. Бұл талшықтар қозуды жоғары және төмен қарай өткiзетiн жұлын жолдарының жалғасы және жұлынды мидың басқа бөлiмдерiмен, сопақша мимен байланыстырып тұрады. Сопақша ми арқылы өтетін кейбiр жұлын жолдары осы мида бiр-бiрiмен айқасып оң жақтан келген тaлшықтар сол жаққа, сол жақтан келген талшықтар оң жаққа шығады. Бас сүйектен шығатын 12 жұп ми нepвтepiнiң. соңғы бесеуiнiң (VIII, IX, Х, XI, ХII) ядролары мен бiрқатар аса маңызды рефлекстердi icкe асыратын орталықтар және жұлын қызметiн реттеуде маңызды торлы құрылымның бiр бөлігi сопақша мида орналасқан. Сопақша мидың нерв орталықтары адамның өмірiн қамтамасыз етуде үлкен мән атқарады. Сопақша мида тыныс, ас қорытуға қатысы бар (шайнау, жұту, сiлекей шығару, қарын сөлi мен ұйқы безi сөлiн шығаратын және құсу), қан тамырларын тарылтып, кеңейтетiн (қозғалтатын), жүректiң соғуын баяулатып, сирететiн (тежейтiн) және көптеген қорғаныс (көз жасын шығару, кipпiк қағу, жөтелу, түшкiру, тер шығару) рефлекс орталықтары бар. Сопақша мидың мойын және көз еттерiнiң тонусын өзгертетiн көптеген қозғалтқыш ядролары көпір және ортаңғы мимен бiрге статикалық және статокинетикалық (вестибұлярлық) рефлекстердің жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Сопақша мида демдi iшке алу және сыртқа шығару рефлекстерiнiң орталықтары бар. Олар үздiксiз кезектесiп, бiрi серпiлгенде екiншici тоқырайды. Бұлардың ауыспалы кезектесуi тыныс алу ырғағын үйлестіредi.

Сопақша мидың рефлекстерi туа бiткeн  рефлскстер болғанымен бұлардың орталықтарына  ми қыртысы әсер ете алады. Әpтicтep сахнада жүрiп, қажет болса,көз жасынтөгіп жылай алады. Бұл айтылғандар сопақша мидын қызметiн ми қыртысы реттейтiнiн керсетедi. Варолий көпірінiң қызметi осы күнге дейiн толық анықталмаған. Ми көпiрінiң құрамында ақ зат көп. Ақ заты жоғары бағытталған және мидың жұлынға қарай (төмен) бағытталған жолдарын құрады.

Ақ заттар аралығында бөлек-бөлек  нейрон шоғырлары жайылған Бұлардың iшiнде бас сүйек, ми нервлерiнiң V,VI,VII жұптарының ядролары, көлденең жолақ еттердi ширықтыруға қатысатын рефлекс орталықтары, ұйықтау және ұйықтамау (сергек болу) тәртiбiн реттейтiн торлы құрылым нейрондары бар. Бұлармен қатар көпiрде дем алуды дем шығарумен алмастырып отыратын пневмотаксикалық орталық пен тыныс орталығында зат алмасуын реттейтiн орталық орналасқан.

Артқы мидың бүкіл бойында көптеген талшықтары бар нерв жиынтықтары орналасқан. Осы нерв пен жасушалар жиынтығын – тор тәрізіді (ретикульді) туындылар деп атайды. Торлы құрылым екi түрлi кызмет атқарады:

а) жұлынның қызметiн  күшейтiп, не әлсiрететiн төмен қарай  бағытталған әсер; б) ортаңғы мидың  торлы құрылымымен бiрге мидың  басқа бөлiмдерiнiң қызметiн күшейтетiн  жоғары жаққа қарай бағытталған  әсер. Торлы құрылымды ми «аккумуляторы» деп атауға болады. Сонымен қатар, ол организмнің ұйқы-сергек күйінің көрініс беруіне де қатысады.

 

Ортаңғы ми


Варолий көпiрi және сопақша мимен  бiрге ортаңғы ми ми діңінің негiзiн  құрады. Оның сырт жағындa ми қақпағы, iшкi жағында ми аяқшалары орналасқан. Opтaңғы мидың негізгі құрлымдарына төрт төмпешiк, қара зат(субстанция), қызыл ядро, III және IV жұп ми нервтерiнiң түйiнiсi мен торлы құрылым болады. Ортаңғы ми арқылы жоғары қарай таламусқа, мишыққа баратын жолдар, ми қыртысынаң жолақ денеден гипоталамустан төмен қарай бағытталған ортаңғы миға, сопақша миға, жұлынға баратын жолдар өтедi.

Төрт төмпешiк  пен көз алмасын қозғайтын  ІІІ жұп нервтер түйiндерi ортаңғы  мидың сырт жағына, ал iшкi жағында  қара зат, қызыл ядро және IV жұп шиыршық  нервтің нейрондары орналасқан.

Көз алмасын  қозғайтын ІІІ жұп нерв аралас нерв тармақтары арасында көздiң қиғаш eттеpiнен басқа еттердi жиырылтатын  талшықтармен қатар көз еттерінен орталыққа тебетiн сезгiш талшықтары бар. Мұнымен қатар, бұл нерв арасында ортаңғы мида орналасқан парасимпатиқалық түйiндердiң прегaнглиялық талшықтары бар. Бұл нерв серпiлiстерiн кірпіктік түйiннен екiншi нейронға жеткiзедi. Бұл түйiннен басталған постганглиялық талшықтар көздiң қарашығын тарылтатын еттi жиырылтатын эфференттiк нерв. Ми нерв терінің IV жұп нервісi де аралас нерв. Талшықтар арасында көздiң жоғарғы қиғаш eтiн жиырылтатын қозғалтқыш талшықтармен қатар еттiң сезгiш талшықтар да бар.

Төрт төмпешiктiң алдыңғы екі төбешігі көрудің алғашқы рефлекторлық орталығы. Осы орталықтың арқасында көздiң, бастың, дененiң жарық түскен жаққа қарай бұрылуы, көз қарашығының тарылуы және аккомодация рефлекстерi пайда болады. Көру орталығында орналасқан ми сыңарын алып тастағанда да аталған рефлекстер жойылмайды.

Артқы төмпешiктер естудің алғашқы рефлекторлық орталығы. Бұлардың қатысуымен eң алдымен есту, соған орай жөн табу рефлeкстepi, яғни құлақ жарғағы, бастың қаттыдыбыс шыққан бағытқа бұрылуы. Бұл рефлекстер үлкен ми жарты шарын алып тастағанда жойылмайды.

Төрт төмпешiк  кенеттен әсер еткен тiтiркендiргiшке  жауап ретiнде қорғаныс рефлекстерiн  тудырады, осыған байланысты олар сақтық рефлекстерi деп аталдаы. Мысалы, ыдыстағы сұйықтық байқаусызда төгiлгенде адам оның қayiптi eкeнiн түciніп үлгермей-ақ лезде бiр жаққа қарай ығысады.

Қызыл ядро


Қызыл ядро орталық нерв жүйесiнiң  барлық бөлiмдерiмен және ми қыртысымен тығыз байланыста болады. Ол бұлшық еттердiңтонусын реттейтiн қозғалыс орталығы. Мысалы, мысықтың ми бағанасын қызыл ядродан жоғарырақ жерден көлденең тiлiп жiберсе, оның жүріс-тұрысында айтарлықтай өзгерiстер пайда болмайды. Ал миды қызыл ядродан төмeнipeк тiлгенде мелшию пайда болады. Барлық бұлшық еттер, әcipece жазылу еттерi ширығып, қатаяды. Сондықтан, мысықтың басы қақиып, шалқаяды, жотасы созылып, сирақтарының буындары жазылып тiкiрейе cipecіп, қатаяды, құйрығы тiк көтерiледi. Мысықта мұндай құбылыс қызыл түйiн мен жұлынды қосатын жол - Монаков буданы бұзылғанда байқалады

Қызыл ядро мен  артқы мидағы Дейтерс түйiнiнiң  жұлынға әcеpi бiр-бiрiне қарама-қарсы. Қызыл ядродан басталатын Монаков  буданы жұлынның бүгу орталығының a және б мотонейрондарын қоздырады немесе жазылу орталығын тежейдi. Ал Дейтерстүйiнiнен шығатын кiреберiс жұлындық жол жазылу орталығын қоздырады да бүгу орталығын тежейдi. Сондықтан, Монаков түйiнi зақымдалғанда Дейтерс түйiнi ғана әсер етедi. Дейтерс түйiнiн зақымдаса, мелшию жойылады. Қара зат - нейрондарында қара пигмент көп болғандықтан солай деп аталады. Қызметi, қыртыс және қыртыс асты түйiндерiмен торлы құрылыммен бiрге, бұлшық еттердiң әcipece, нәзiк және нақты қимыл-қозғалыстарды реттеу.

Торлы құрылым немесе ретикулярлық формация


Торлы құрылым (ретикулярлық формация). Бұл сырт пішiнi торға ұқсайтын, бір-бірімен шырмалып жатқан нейрондардан тұрарады. Торлы құрылым ми бағанының ортаңғы бөлігін алып жатыр. Ол бірнеше нервтік жолдарды бнтнді афференттік жолдары:

1) жұлын-торлы құрылым жолы, 2) ми-торлы құрылым, 3) ми қыртысы-торлы құрылым; Эфференттік жолдары: 1) торлы құрылым-жұлын, 2) торлы құрылым-ми жолы, 3) торлы құрылым-ми қыртысы жолы.[1]

Информация о работе Ми жане жуйке жуйе