Мінездің акцентуациялануы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 16:57, реферат

Описание

Темперамент қасиеттеріндегі көптүрлілік даралық ерекшеліктер кешенін тұтастай сипаттай алмайды. Адамдар арасындағы айырмашылықтардың көптүрлілігі соншалық, олар өмірдің барлық қырларынан көрінеді. Адамдар тек сырт бейнесімен ғана емес, күллі психикалық құрылымымен, яғни басқа адамдар мен зеттаға қатысты әрекет-қылық мәнерімен, қарым-қатынасқа түсу тәсілдерімен ерешеленеді.

Содержание

КІРІСПЕ БӨЛІМ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Мінездің акцентуациялануы
Мінез акцентуациялары
Мінез акцентуациясының шетелдік психологтерінің еңбектерінде талдануЫ

ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

Минез реферат.docx

— 127.48 Кб (Скачать документ)

9. Эмотивті тип  (Т) – сезімдерімен өмір сүреді, барлық эмоционалды күйдің диапазонын қобалжиды, басқа адамдардың көңіл-күйін тез қабылдайды.

10. Аффективті  – экзальтировты тип (Т) –  нәзік және әсершіл адамдар, шындық өмірді иллюзорлы әлемге ауыстырады.

Аталған белгілердің  акцентуациясының әлсіз түрінде көрсетілген. Олардың кейде пайдасы да бар. Мысалы истероидты акцентуациясы бар Адам публикалық мамандыққа шизоидты акцентуация шығармашылық ойлауға және оригиналды шешім қабылдауға, параноидты мінез-құлқының мақсаттылығында көрінеді.

К. Леонгард мінездің кейбір өмірге қиындық туғызатын сипаттарын ғана көрсетті. К. Леонгард еңбегін Санкт – Петербург зерттеушісі Личко толықтырды. Ол акцентуацияның 12 түрін көрсетті. Көбінесе К. Леонгард классификациясын мінезі әлі қалыптаспаған жеткіншектермен жұмыс жасағанда қолданады.

Белгілі MMPI тестінің авторлары С.Хатуэй және Дж.Маккинли мінез акцентуацияның көрінуіне қолданған, невротикалық триаданың 3 шкаласын және психикалық тетраданың  4 шкаласын бөліп көрсетті. Психопатия невротикалық бұзылулардан 3 белгі бойынша ерекшеленеді  ( Ганнушкин бойынша ):

1. Тоталды ( яғни  эмоционалды – аффективті, когнетивті  сферасын және мінез-құлқын қамтиды ), сол уақытта неврозда локалды мінез болады ( мысалы, энурез, тұтығу, тиктар ).

2. Психопатия  уақыт бойынша тұрақты және  ұзақ емделеді, ( сол уақытта невроздарда  өзіндік емделулер болады немесе аяқ асты ремиссия болады ).

3. Психопатияда  әлеуметтік бейімделе алмаушылық, яғни өзіне деген қатынасының  критикалық бұзылулар, мінез-құлық нормасының бұзылуларын сипаттайды, ( бұл уақытта невротиктарда кінә сезімдерінің аса айқын көрінуі ).

Сондықтан да кейде  психопат – бұл басқалармен араласу  қиын болған адам, ал невротик — өз-өзімен қиын болған адам.

Ф.Б.Березинаның  невротикалық бұзылуларға берген классификациясы  бойынша 3 түрін көрсетуге болады:

  1. Депрессия – айқын мазасыздық, қоқыныш.
  2. Ипохондрия – денсаулығы үшін тынышсыздық, мазасыздықтың соматизациясы.
  3. Истерия – мазасыздық факторларының ығыстырылуы.

Психикалық бұзылулар  келесі топтарды құрайды:

1    Әлеуметтік психопатия (мінез-құлықтағы қысым);

2 Параноялды  синдром (аффект регидтілігі,  қатып қалу, сандрау, жабысқақтық);

3 Мазасыздық-фобиалық синдром, психоастения (шектеулі мінез-құлықтың, мазасыздықтың шегеленуі);

4 Шизоидты синдром  (мазасыздықтың аутизмы, бөлектену, «психикалық дистанцияның» көбеюуі).

Мінез – динамикалық  құбылыс, өзін әр түрлі көрсетеді. Әсірессе, жас өспірімде. Біріншіден, акцентуация аффекттік реакцияларда көрінуі мүмкін. Оның бірнеше түрлері бар:

1. Интрапунитивті (өзіне жарақат түсіру жолындағы аффект күші);

2. Экстрапунитивті  (қоршағандарға агрессия жолымен аффект күші);

3. Импунитивті  (аффектогендік жағдайдан ақылсыз қашу);

4. Демонстративті (аффект «спектакльдан» қуат алады).

Екіншіден, өтпелі психопотологиялық мінез-құлықтың бұзылуы. Оның түрлері:

1. Делинквенттілік  (ұсақ құқық бұзушылық);

2. Токсикоманикалық  мінез-құлық;

3. Үйден қашу  және қаңғыру;

4. Транзиторлы  сексуалды девиация (ерте жыныстық  өмір, жасөспірімдік гомосексуалға өтуі).

Үшіншіден, акцентуация  фонында психикалық бұзылулардың дамуы  мүмкін.

А.Е.Личко акцентуацияның өзгерісінің динамикалық бағытын  анықтап, оған оның түрінен латентті түріне өтуді жатқызады, акцентуацияның «шеткі психопатияға» және трансформациясының мазмұны жағынан өзіне ұқсас акцентуацияның қосылуын көрсетеді (мысалы, гипертимдінің циклоидтыға ауысуы).

Мінез өзінің орнығуын жеткіншек шақта аяқтайтын болғандықтан, оның дамуына әсер ететін фактор – жанұялық тәрбие. Э.Г.Эйдемиллер және В.В,Юстицкий ата-ана тәрбиесі стиліндегі кейбір бұрмалалар мен акцентуацияның арасындағы байланысты анықтады.

Сонымен, гиперпротекцияға лайықты (бақылау жоғары және тыйым  жоқ болғанда) истероидты және гипертимді түрі дамиды, ал басыңқы гиперпротекций жағдайында (жоғары бақылауда тыйым аса көп болса) психоастениктерде, сензитивтілерде және астено-невротиктерде астеникалық сипат басым болады. Ал гипертимділер ата-аналарынан босауға тырысады, үйден қашады. Эмоционалды шеттету жағдайында ата-аналар жағынан эпилептоидты акцентуация қалыптасады; ал алғашқы эмоционалды-лобилді фонында сензитивті немесе астено-невротикалық акцентуацияда декомпенсация күшейеді, невротикалық бұзылулардың тууын әкеледі. Жоғары моральды жауапкершілік психоастеникалық акцентуацияның пайда болуын әкеледі. Қадағалаумашылық стилі (ата-аналар мен баланың бақылауы, тыйым салулары,талаптары, қажеттіліктің қанағаттануы осал болғанда) гипертимді акцентуацияның пайда болуын немесе конформды акцентуацияның немесе баллада тұрақсыздықтың әлсіз психикалық қоймасына әкеледі.

Азды –көпті қалыптасқан акцентуация осымен өзқ дамуын аяқтамайды. Тұлғаның өмір сүру барысында акцентуация өзгеруі мүмкін. 25-30 жаста психопатиялы адамдар психикалық тұрақтылық жағынан өзгереді, қалыпты жағдайда еңбек етіп, өзінің психикалық сау еместігін көрсетпеуі де мүмкін деп П. Б. Ганнушкин көрсеткен.

Әрбір жеке адамды толығымен мінездің бір түріне жатқызуға болмайтыны түсінікті. Көбі араласқан типке жатады, олардың арасынан екі негізгі түрге: аралық (эндогендік факторлармен шартталған, мысалы лабилді-циклоидты, конформды-гипертимді) және амальгамды (бір типтің басқаның эндогенді ядросына сипаттарын телу салдары ретінде қалыптастырушы). Мынадай құқықтық сұрақ туады: табиғатта «қалыпты мінезі» бар адам өмір сүре ме? Қандай да мінезді сипаттағанда психологтар психикалық тепе-теңдікті араластыра отырып, қандай да бір айқын аспектіге топталады. Айталық, шын мәнінде сезімдері, ойлары және әрекеттері толық тепе-теңдікте болатын адамдар кездесе ме, онда бұл әр түрлі мінездің, индивидуалды түстің жойылуы емес пе? – деп Рибо жазды. Сөйтіп «мінезсіз» адам теоретикалық ойлар болып табылады, ал танымал психиатр П. Б. Ганнушкин сияқты адам акцентуациясы өмір сүруі үмкін емес деп саналған.

MMPI сұрақтамасы  және оның модификациялары арқылы  жүргізілген мінездің қалыптасуындағы  тума және орта үлесін зерттеу,  жеке акцентуация ретінде дамуға  деген психогенетикалық әсерлердің, сонымен қатар жалпы көрсеткіштердің  профильдердің жоқтығын көрсетті. Тек қана әлеуметтік интроверсия  шкаласы ғана  өзгеше болып табылады. Генотиппен неғұрлым көп байланысқан қарым-қатынас жағдайындағы мінез-құлық анықтайтын қасиеттер тобы болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

Шашына қарап  мінезін таны

 

Қара шашты әйелдер.Мұндай әйелдер әдетте айтқанынан қайтпайтын бірбеткей мінезді болып келеді.Айтар сөзін өктем айтып, жұрт назарының бірден өзіне ауғанын қалайтын жандар.Ұтымды әзіл айта білгенімен, кей кездері өткір тілімен орап, бірақ кісі жанына тигенін сездірмейтін мінезі бар.

 
Қоңыр шашты әйелдер.Шашының түсі қоңыр немесе қоңыр сары әйелдер ашық мінезді, кең пейілді, кез келген адаммен тіл табыса алатын қасиетке ие жандар.Олардың жаны жомарттықты қалайды.Өзінің бойындағы қарапайымдылық пен тартымдылығын жоғалтпайды.Жасанды қылық жасауды ұнатпайды.Тал бойынан байсалды мінезі айқын көрініп тұрады. 
Жирен шашты әйелдер.Тумысынан жирен шашты әйелдер өте сирек кездеседі.Ал мұндай әйелдер жан жақты талантты болып келеді.Бір көргенде бұлардың бойынан қаталдықтың бір белгісін байқауға болады, секем де алып қаласың.Алайда олардың мінезі жайдары әрі сезімтал болып келеді.

 
Сары шашты әйелдер.Тумысынан шашы сары әйелдер мінезі байсалды әрі жұмсақ болып келеді.Көпшілігі мұндай әйелдерді қу әрі сырын ішіне бүккен тымырсық деп кінәлауы мүмкін.Дегенмен, олармен жақсы тіл табыса алатын болсаңыз, бойындағы ізгі қасиеттерімен қуанта алады.Ал олардың жүрегіне жол таба білетін ер адамдарға сары шашты әйелдер ерекше жан сұлулығын сыйлай алады.

Музыка және мінез

 

Ғалымдар бізді  таң қалдырудан шаршамайды. Ендігі жаңалықтары: сүйіп тыңдайтын музыка түрі интеллектің дәрежесі мен адам мінезіне тікелей әсер етеді екен. 
Нәтижелер бойынша хип-хоп пен r’n’b стилін сүйіп тыңдайтын адамдардың ой-өріс дәрежесі ең төмен болып шықты. Тест ретінде дәстүрлі IQ-мен қатар, мектептік бағдарлама бойынша сұрақтар болды. Жоғары көрсеткішке классикалық музыкаға құмар жандар ие болды. Көпшілік ата-аналардың өкінішіне орай, ауыр рок тыңдайтындар да алдыңғы қатарда. 
36 мың адаммен болған сұхбат нәтижесінде алынған көрсеткіштер мынадай жаңалықтарды көрсетті. Классикалық музыкаға құмар жандар ұялшақ, ал ауыр рок ұнататындар мейірімді болады екен. Бір қарағанда ылғи мұңайып жүретін рок сүйгіш жандар зерттеу нәтижесінде ең мейірімді мен ақылды адамдар қатарында болды. 
Блюзді өзіне сенімді, өнер сүйгіш, жұмсақ, сабырлы, көңілді адамдар тыңдайды. 
Джаз музыкасын сенімді, шығармашылыққа құмар, батыл, достары көп, байсалды адамдар, интровертер тыңдайды. 
Классикалық музыканы жоғары талғамды, өзіне сенімді, өнер сүйгіш, тыныш, кейде тұйық адамдар, интровертер тыңдайды. 
Рэп — қарым-қатынасқа оңай түсе алатын, көңілді адамның сүйікті музыка түрі. 
Опера жоғары талғамды, жұмсақ, шығармашыл адамдардың көңілінен шығады.  
Кантри және вестерн музыка түрін еңбексүйгіш, көңілді жандар ұнатады. 
Би музыкасын сүйіп тыңдап, арасында билеп те кететін жандар шығармашыл, басқалармен тез тіл табысады. 
Рок музыкасын өзіне онша сенімді емес, шығармашыл, көпшіліктен гөрі жалғыздықты таңдайтын, жұмсақ, сабырлы адамдар тыңдайды. 
Поп музыкасын еңбекқор, көңілді, жұмсақ, сенімді адам таңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

Саусақтар арқылы мінез анықтау (тест)

Мұндай тестерді көбіне психологиялық тренингтерде оқушылар мен студенттерге жасатады. Кішкентай тесттен адамның болмысын суреттеп шығуға, әрине, болмас, алайда өзіңіз жайлы кішкентай мағлұмат алуға болады.

1. Саусақтарыңызды бір-бірімен айқастырыңыз.

Егер оң қолыңыздың бас бармағы сол қолыңыздың бас бармағының үстінде жатса, параққа «2» деп жазыңыз, егер сол қолыңыз үстіде жатса - «1».

2. Бір көзіңізді жұмып, кез келген нысанаға дәлдеп көздеңіз.

Егер сол көзіңіз ашық қалса, «1» санын жазыңыз, егер оң көзіңіз ашық қалса - «2».

3. Қолыңызды кеудеңізге  айқастырыңыз, қай қолыңыз үстіде жатыр?

Егер сол қолыңыз саусақтары оң қолыңыздың үстінде жатса, «1» санын жазыңыз, егер оң қолыңыз үстіде жатса - «2».

4. Көлденең шапалақтаңыз.

Егер сол қолыңыз үстіде болса - «1», егер оң қолыңыз болса, онда «2».

Қорытындысын сандардың орналасу тәртібі бойынша анықтаңыз:

«2222» - (жүз пайыз оңақай) – мінезі тұрақты, консерватизм, біреулермен шиеленісуден, ұрсысудан қашады.

«2221» - ең үлкен кемшілігі  – батылсыздық, тартыншақтық.

«2212» - өте ашық, кез  келген адаммен тіл табысып кетеді.

«2111» - тұрақсыздық, жалтақтағыш, біреудің қолдауы мен пікіріне тәуелді, өзіне сеніп үйрену керек.

«2211» - мұндай үйлесім көп кездесе бермейді. Ашық адамдар, жақсы қарым-қатынас жасайды, әрі мінездері жұмсақ.

«2122» - бұндай адамдарда  аналитикалық ақыл-ой жүйесі қалыптасқан, мінезі жұмсақ. Бәріне сақтықпен қарайды, адамдармен өзін салқынқанды ұстайды.

«2121» - бұл тіркес те сирек кездеседі, қорғансыздық, адамдардың ықпалына ұшырап тұрады.

«1112» - өте әсершіл, қайратты әрі батыл адамдар.

«1222» - жиі кездесетін мінез. Әсершіл, алайда өмірлік сұрақтарды шешуде жігерлік пен батылдық жетпей жатады, басқалардың ықпалына көніп кетеді. Өте ашық, адамдар өздері тартылады.

«1221» - әсершіл, батылдық жетіспейді, мінезі жұмсақ, аңғал.

«1122» - досжанды адамдар, бірақ  сонымен қатар аңғал және қарапайым. Істерін саралап, өз-өзін қазбалауға құмар. Қызығушылығы көп, бірақ уақыты жете бермейді.

«1121» - адамдарға қатты сенеді және мінезі өте жұмсақ. Көбіне шығармашылыққа бейім адамдар.

«1111» - (жүзпайыз солақай) – кертартпа адамдар. Шығармашылыққа өте бейім. Көптеген заттарға ерекше көзқараспен қарайды. Өте әсершіл, дарашылдық, эгоизм басым. Қыңыр әрі өзімшіл, бірақ бұл оларға өмір сүруге кедергі емес.

«1212» - рухы мықты адамдар. Бірбеткей десе де болады, қойған мақсаттарына жетеді.

«1211» - өз-өзін қазбалауға құмар, тұйық адамдар, көпке ашылмайды, бірақ рухы мықты, алдына мақсат қойса ештеңеден тайсалмайды.

«2112» - жайдары, еркін мінезді, достарды тез табады, танысуы да оңай және қызығушылықтарын да жиі ауыстырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолына  қарап мінезін біл

 

Бүгінде адам баласының ішкі дүниесін алыстан тұрып байқай алатын алуан түрлері тәсілдер бар. Байырғы заманның кей бақсылары мен ішкі түйсігі мықты адамдар алдында тұрған адамның мінез-құлқын оның бет әлпетіне, дене бітіміне, иығы мен кей қылықтарына қарап отырып айқындай алған. Ал біздің заманымызда мұндай мүмкіндіктер көбіне психолог, психиатр мен криминалист мамандарына тән. Алайда алдыңда тұрған адамның ішкі дүниесін айтқызбай-ақ біліп отыру әр адамның ойында бар деуге болады. Әйтсе де, өзі жөнінде адамның қолы-ақ айтып беретіндігін естен шығармаңыз, ең бастысы, оның қол пішінін дұрыс суреттеп, дұрыс болжай білу керек. Алдымен төмендегі белгілер арқылы өзіңіздің қандай адам екеніңізді біліп алыңыз, содан кейін өзгелерге болжам жасайсыз. Ол сіздің қандай адам екеніңізді және қай жерде қандай әрекет жасау керектігіңізді айтып береді.

Қара жұмысқа  бейім

 

Қолдың тым үлкен әрі жалпақ саусақты болғаны – адамның ашық-жарқын көңіл-күйден алыстау екендігін айқындайды. Мұндай адамдар көбіне қара жұмысқа бейім әрі ашушаң болып келеді. Сондай-ақ бұл адамдар қандай да бір шешім қабылдамас бұрын тым ұзақ ойланады. Өйткені оларда батылдықтың нышаны жоқ. Ойлау қабілеті тым төмен, ұрысқа бір қадам жақын, бала секілді бұртиып отыра қалғанға құмар. Мұндай адамның қасында жүргенде мейлінше керіспеуге тырысыңыз. Алдап, еркелетіп бағындырған абзал. Оның тым сенгіш екенін де естен шығармаңыз, бірдемеден көңілі қалса, сізге қайта сенім артуы екіталай.

Ақкөңіл адам

 

Сұлу пішінді қол мен ондағы жіңішке әрі нәзік саусақтар – егесінің жарқын жүзді ақкөңіл жан екендігін білдіреді. Мұндай адамдар өз ортасына қуаныш сыйлап, олардың көңілін көтеріп жүргенді жөн көреді. Жүрегі нәзік болғандықтан ұрыс-керістен аулақ жүргенді қалайды, ешқашан да біреудің ала жібін аттамайды. Ол өзі секілді ашық адамдармен бірге жүргенді қалайды, ал тұйық, мінезі ауыр адамдардан мейлінше аулақ жүргенді ұнатады. Әйтсе мұндай адамдардың қулығы да басым болып келеді. Сондықтан олар кез-келген қабақ шытып отырған адамның көңілін көтеріп жібере алады. Осындай себептермен бұл адамдардың айналасында үнемі ондаған адамдар жүргенге құмар болады.

Мәдениетті жан

 

Өз қолыңызға қарап отырып, сіз айналаңыздағылардың өзіңізге ұқсас тұстарын анықтай аласыз. Себебі қол пішіндері ұқсас адамдардың мінездері де ұқсас келеді. Сондай-ақ адамның мінез-құлқын оның саусақ қимылдарына да қарап анықтауға болады.

Адамның бас бармағы тез  бүгіліп-ашылғыш, әрі оңай қимылдағыш болып келсе, ол мәдениетті жанымен сүйеді. Жүрегі де, көңілі де өте нәзік, шығармашылықпен айналысып, көбіне уақытты жалғыз өткізгенді қалайды. Алайда мұндай адамдар өте қу болып келеді. Өйткені олар әртістікке тым жақын және өздері де соған бейімделгіш. Күліп тұрып егіле жылай салуы да ғажап емес. Сіз оның мұндай тұстарына таңқалмаңыз, себебі олардың жаратылысы осындай. Олар тек өз дегенін істегенді ұнатады, осыған байланысты ештемеден тайынбай бар өнерін салады. Бірақ айуандыққа бармайды, өнерінің арқасында өз дегеніне қол жеткізгісі келеді.

Жігерлі де қайсар

 

Сұқ саусағы төртінші саусағынан ұзындау келетін адамдар өте жігерлі, әрі өз дегенінен қайтпайтын қайсар болады. Өзін қай жерде қалай ұстау керектігін жақсы біледі, жүрген ортасында салмақты, өзіне сенімді. Ешқашан да жалған сөйлемейді әрі біреудің алдап тұрғанын тез сезіп қояды. Мұндай адамның қасында жүргеннің өзін бақыт деп есептеуге болады. 

 

Жағымсыз да қорқақ

 

Ал сұқ саусағы төртіншісінен  келте болып келетін адамдардың мінездері айналасындағыларға өте жағымсыз болады. Олар тым қорқақ, өз ойын толығымен жеткізе алмайды және кез келген адамды орға жығып кетуден тайынбайды.

Саусақ арасындағы арақашықтық  та адамның мінезін айтып бере алады. Қолыңызды жай үстел үстіне қойып, алыстан қараңыз (оларды қысып немесе ашу дұрыс емес), егер сұқ саусақ пен үшінші саусақтың арасы 2-3 сантиметр ашық болатын болса, ол адам өз ісінің шама-шарқын біліп, мүмкіндігіне сай жұмыс істегенді жөн көреді. Тым жақын болса, керісінше. Үшінші саусақ пен төртінші саусақтың ара қашықтығы 2-3 сантиметрден ашық болса, мұндай адамдар қандай да бір іс бастамас бұрын әбден ойланады. Оның тиімді жағы мен зиянды тұстарын да қатар ойлайды. Қысқасы, жеті өлшеп, бір рет кескенді жөн көреді. Мойнына алған міндетті үлкен жауапкершілікпен атқарады.

Сыпайы, бірақ  ашушаң

 

Сырт көзге тым қырлы  болып көрінетін саусақ иелері өткір мінезді болып келеді. Олар мәдениеттілікті, сыпайылықты, оған қоса ашушаңдықты да қатар алып жүре алады. Үлкенге құрмет, кішіге ізеттілікпен қарайды. Әр адамды өз өнері мен мінезіне қарай сыйлайды.

Қолымызбен қатар ондағы тырнақтарымыз да өз иесі жайында  біраз сырларды ашып береді. Сопақтау тырнақ – жайдарлы мінезді айқындайды, тегіс тырнақ иелері – тым ашушаң, жіңішке тырнақ – ашық мінезді, бірақ қулықтың белгісі, жалпақ әрі тым тегіс тырнақ иелері – еңбекқор, бас жағы жіңішке, ал аяқ жағы жалпайып кеткен адамдар – өте қатыгез, арсыз, өтірікші, суыққандылықтың, өз ойлағанына жету үшін кез-келген адамды жерге тығып кетуден тайынбайтындар.

Ешқашан өтірік сөйлемейді

 

Саусақтары тым жіңішке, бірақ жұдырығы ірі болып келетін адамдар арамызда сирек кездескенімен, ондай жандар да жоқ емес. Мұндай адамдар көбіне айналасындағылармен тығыз қарым-қатынас жасағанды ұнатпайды. Сондықтан да үнемі бөлектеніп, істеген жұмыстарын да жасырып жүреді. Және де олар көбіне құпия істерді атқарғанды жақсы көргендіктен, өздері де іштей соған бейімделеді. Қандай да бір іс бастамас бұрын өзінен үлкен әрі сөзі өтімді адамдармен ақылдасқанды жөн көреді. Ал күлегеш, жеңілтек мінезді адамдардың жанында бір минут та тұра алмайды. Тек іс барысы жөнінде ғана әңгімелескенді қалайды. Мінезі қандай суық болса, олардың түрлері де өте суық болады, бір қарағаннан кез-келген адамның денесін түршіктіріп жібере алады. Айтқан сөздері де нық, әрі қатты болып келеді. Мұндай адаммен жолыққан қыз немесе жігіт өзін бақыттымын деп есептеуіне болады. Өйткені мінезі қатал, түрі суық адамдар тек адалдықты қалайды. Олар ешқашан өтірік сөйлемейді және сүйгенін өмір бойы қорғаштаумен өтеді.

Жоғарыда айтылған сипаттамалар адамның мінез-құлқын анықтауға үлкен мүмкіндік береді. Сіз оны анықтап қана қоймай, ол адамның мінезін өзгерте аласыз. Ең бастысы, адамның жүрегіне жылы жол тауып, оның санасына жақсы қылықтардың артықтық етпейтіндігін дұрыс сіңіру. Мінез адамға туа бітпейді, ол өсе келе қалыптасады, сондықтан да оны кез-келген адам қалаған уақытында өзгерте алады.

Информация о работе Мінездің акцентуациялануы