Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 16:57, реферат
Темперамент қасиеттеріндегі көптүрлілік даралық ерекшеліктер кешенін тұтастай сипаттай алмайды. Адамдар арасындағы айырмашылықтардың көптүрлілігі соншалық, олар өмірдің барлық қырларынан көрінеді. Адамдар тек сырт бейнесімен ғана емес, күллі психикалық құрылымымен, яғни басқа адамдар мен зеттаға қатысты әрекет-қылық мәнерімен, қарым-қатынасқа түсу тәсілдерімен ерешеленеді.
КІРІСПЕ БӨЛІМ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Мінездің акцентуациялануы
Мінез акцентуациялары
Мінез акцентуациясының шетелдік психологтерінің еңбектерінде талдануЫ
ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Мінез-құлық ауытқуларына бейім балалармен жүргізілетін психологиялық түзеу жұмыстарының ерекшеліктері
Қазіргі нарықтық
қоғамда оқушылар арасындағы ұлғайып
кеткен тәртіп бұзушылық пен бұзақылықтың
алдын қалай алуға болады деген мың сан
сұрақтар, проблемалар туындап отыр.
Бұлардың бәріне шешім табу, оқушылардың
әр жас деңгейіндегі психикалық даму мүмкіндіктерін
анықтау, белгілеу және дер кезінде көмек
көрсету мектеп психологының ең негізгі
міндеттерінің бірі.
Сондықтан, мектеп психологтары психологиялық
анықтау жұмыстарын дер кезінде және білікті
түрде жүргізуі қажет.
Психологиялық анықтау нәтижесі бойынша
жүргізілетін түзеу жұмыстары мақсатты
түрде және ұзақ мерзім бойында, әртүрлі
адекватты әдістемелерді қолдану арқылы
орындалады.
Эмоционалды ерік аясы бұзылған балалардың
мінез құлқындағы ауытқуларды түзеу жұмыстары
барысында шағын бағдарламалар қолданылады.
Бұл бағдарламалар балалардың бойында
қоршаған ортаға деген сенімділікті қалыптастыруға,
өздігімен басындағы мәселені шеше білуге
, эмоционалдық реакцияларын дұрыстауға,
мінез-құлық стереотиптерін жоюға, «мен»
бейнесінің үйлесімді болуына үйретеді.
Түзету жұмыстары барысында келесі әдістер
мен тәсілдерді қолдануға болады:
1.Мінез-құлық бұзылуы және тұлға аралық
қарым-қатынастың бұзылуын түзеуге бағытталған
әдістер
-гештальттренинг, арттерапия, психодрамалық
әдістер: әсіресе «айна» техникасы мен
рольдерді ауыстыру әдісі.
-рольдерді ауыстыру арқылы агрессивтікті
азайтуға арналған тренингтер.
-кеңестер беру,әңгімелесу. Мінез- құлық
түрлері және олардың акцентуациясы туралы
әңгімелесу.
-кәсіптік бағдарлау- бағыттау бойынша
жүргізілетін жаттығулар мен ойындар.
2.Коммуникативтік аясының бұзылуын түзеуге
бағытталған әдістер
-өзін -өзі бағалауды көтеруге бағытталған
тренингтер
-қарым-қатынас тобын ұйымдас-
тыру арқылы тілдің коммуникативтік жағын
дамыту
-күнделікті мәдениеттану сабақтарын
өткізу
-жеке тұлға типологиясы бойынша және
конфликтер түрлері бойынша әңгімелесулер,лекциялар
өткізу
-жеке кеңестер өткізу.
3.Оқыту процесінің бұзылуын түзеуге бағытталған
әдістер
-мектептік тақырыпта ойын тренингтерін
жүргізу,осы тақырыптар бойынша рольдер
ауыстыру арқылы психодрама ұйымдастыру
-қарым-қатынасты жақсарту тренингтері
-өзін-өзі бағалауды көтеруге және үрей,
қобалжу күйлерін азайтуға бағытталған
тренингтер
-топтық басқару, кәсіптік таңдау туралы
әңгімелесу,кеңес беру.
4.Қаңғырып кетіп қалуға бейімділікті
түзеуге бағытталған әдістер
-өзін-өзі бағалауды көтеруге бағытталған
тренингтер
-рольдерді ауыстыру психодрамасы
-жанұялық тақырыптағы «айна» техникасы
-қарым-қатынасты жақсарту тренингтері
-қобалжу және өзін-өзі кінәләу сезімін
жоюға арналған жеке жұмыс-
тар
-оқыту тренингтері
-жеке тұлға типологиясы бойынша және
конфликтер түрлері бойынша әңгімелесулер,лекциялар
өткізу
5.Ата-анамен қарым-қатынастың бұзылуын
түзеуге бағытталған әдістер
-өзін -өзі бағалауын көтеруге бағытталған
тренингтер
-ертегілер материалында жүргізілетін
«психологиялық театр» әдісі
-қарым-қатынасты жақсарту тренингтері
-жанұядағы қарым-қатынас түрлері туралы
әңгімелесу,пікір таластыру
-жеке түрде дараланған кеңестер беру
-бала мен ата-ана бірлескен топтық тренингтер
6.Эмоционалдық аясының бұзылуы
-қобалжуды азайтуға,жоюға бағытталған
тренингтер
-релаксация және өзін-өзі басқару дағдыларына
үйрету
-арттерапия
-агрессивті күйді шешуге бағытталған
белсенді ойындар мен жаттығулар
-қорқыныш сезімін жоюға бағытталған ойын
терапиясы
-психогимнастика
Психологиялық түзеу жұмыстары барысында
тренингтердің алатын орны ерекше. Тренинг
барысында талданатын мәселелер күнделікті
өмірде кездесетін қарапайым мәселе болуы
керек. Мысалы: мектепте сені не толғандырады?
Ата-аналармен қарым-қатынаста қиындық
неліктен туындайды? Неге біз көп ашуланамыз?
Өз бойымызда қандай жағымды қасиеттерді
дамытқымыз келеді? т.с.с.
Сонымен қатар тренингтер барысында қатты
әсер,сезім туғызатын және кері байланыс
туғызатын жаттығулар қолданылады. Тренинг
кезінде психолог әр баланы толығымен
тануға мүмкіндік алады. Бұл жұмыстардың
нәтижесінде топтық ұйымшылдық артады,
балалар арасындағы кикілжіңдер азаяды,
өз құрбыларымен және ересектермен қарым-қатынасы
жақсарады. Жалпы айтқанда тренинг жұмыстарынан
кейін көптеген жағымды нәтижелер көрініс
береді.
Қорытындылай келе, адамның өзіне деген қатынасы өзіндік таным құрылымында когнитивті, эмоциональді, бағалаушы компоненті ретінде қалыптасады. Ерте балалық шақтан бастап, бүкіл өмір бойы қоршаған адамдар баланың әрекет-қылықтарын бағалап өтеді. Бұл қатынас адамның өз-өзіне деген ішкі психологиялық қатынасына, мінез сапасына айналады. Балаға деген қатынас типінің басымдылығына қатысты мінезде қарапайымдылық не масаттанушылық, өзіндік сыншылдық не өз-өзіне сенімділік, намысшылдқ не бәсеңдік, өз-өзін бағалау немесе толымсыздық сезімі пайда болады. Адамның заттарға қатынасы да аса маңызды. Нәресте туғанынан басқа адамдардың еңбегімен жасалған заттарды қолданады. Жасы өскен сайын баланың заттарға деген қажеттіліктері арта түседі. Заттар дегеніміз - ойыншықтар, кітаптар, киімдер, ыдыстар, т.б. Бір бала ойыншығын сындырса, оған ұрысады, ал екіншісіне келесіні сатып әпереді. Бір бала жолдасына өз ойыншығын бермесе, келісі бірі өз ойыншықтарын таратып салады. Осыдан біртіндеп балада ұқыптылық, ашықтық не негативті қасиеттер жинақталады.
Адамның әрекеті
мен істеріңде көрініс беретін
мінез ерекшеліктеріне
Азды –көпті қалыптасқан акцентуация осымен өзқ дамуын аяқтамайды. Тұлғаның өмір сүру барысында акцентуация өзгеруі мүмкін. 25-30 жаста психопатиялы адамдар психикалық тұрақтылық жағынан өзгереді, қалыпты жағдайда еңбек етіп, өзінің психикалық сау еместігін көрсетпеуі де мүмкін деп П. Б. Ганнушкин көрсеткен.
Мінез-құлық
дегеніміз не?
Адамның тұрақты психи-калық ерекшеліктерінің
жи ынтығын мінез-құлық деп
атайтыны белгілі. Ол тірілер дің барлығына
ортақ қасиет. Адамдардың мінез-құлығын
қылықтары арқылы анық-тап, сол бойынша
бағалай-ды. Өйткені, әркімнің тұрмыс-тағы,
еңбектегі, өзгелермен қарым-қатынасындағы
қы-лықтарынан өмірлік бағыт-бағдары,
талғам-танымы, ой өрісі, мақсат-мұраты,
жан-дүниесінің байлығы, сезімі айқын
байқалып тұрады.
Психолог мамандар әрбір адамның өз мінез-құлқына
бақылау жасауы арқылы он дағы міндерін
түзей алатын-дығын айтады. Адам баласы-ның
мінез-құлқының көрініс бермейтін кезі
жоқ. Ол өзіне тапсырылған іске, отбасына,
жеке басына деген жауапкершілігінен
де, туған-туыс, көрші көлеміне, дос-жолдастарына
деген пиғылынан да аңғарылады, бүкіл
тыныс-тіршілігіне әсер етіп, сыртқы ортамен
байланысын сан қилы сатыға көтереді.
Өмірдің кез-келген жағдайында адамның
іс, қимыл жасауы оның мі нез-құлқының
ауанына қа-рай болады. Мінез адамға жеке
өзі үшін ғана емес, өмір
сүріп отырған қоғамы үшін де
қажет. Кейде үйдегі, жұмыс-тағы, қонақтағы,
сапардағы, мәжілістегі бір адамның кө
ңіл-күйі көптеген замандас тарына жақсы,
жаман әсер
етіп, моральдық-психология-лық ахуалды
қатты өзгерте-ді. Сондықтан да біз ең
алдымен, мінездегі міндердің сипаттамасын
жан-жақты біл геніміз абзал.
Ғұламалар
мінездегі
міндер туралы
Ұлы ойшыл Теофраст өзі нің «Мінез» трактатында
мыл жыңдық, өресіздік, әдепсіз-дік, дөрекілік,
өсекшілдік ту ралы мынандай анықтама
берген:
«Мылжыңдық - ... сөз саптауындағы ұстамсыздық.
Мылжың жолай кездесе қал ған кісінің
әр сөзіне қыс-тырылып, өзі бәрін білетіндей,
жұрттың бәрін ақымақ қа санайды. Ол кісіні
мынандай сөздермен бөле береді: «Мұнда
осыны айту ды ұмытпа», «Есіме салға-ның
жақсы болды», «Мінеки, әр нәрсені айтудың
пайдасы», «Мынау есімнен шығып кетіпті-ау!»,
«Сөз төркінін тү сіне қойдың», «Сен мен
ой-лаған қорытындыға келер ме деп, баяғыда-ақ
күткем». Ол осы тектес сөздермен кісіге
тыным бермейді...
Егер әңгімелесуші қайтуға
асығыс екенін айтса, мыл-жың оның үйіне
дейін еріп баруға әзір. Ол «Тілде сүйек
жоқ» дей отырып, сөзден тиылудың азап
екенін мойындайды, ол қарлығаштан бетер
сайрап, бөспеліктен еш жалықпайды.
Өресіздік – ұсақ пайда күнемдік... Дос-жарандары-ның
бірі арзанға берген затына көңілі толмай,
оның қажетсіздігін айтады. Алда-жалда
зайыбы бір бақыр тиынды жоғалтып алса,
ол
үй-мүлік, төсек-орын, сан дықты қопарыстырып,
бүкіл еденді тіміскілей іздеуге
бар... Егер бірдеңе сата қалса, бағасын
көтеретіні сонша, сатып алушы сырт айналуға
мәжбүр. Ал базаршылап шықса, үйге құрқол
келе беретіні де бар.
Әдепсіздік – қолайлы сәт ті талғай алмаушылық,
ара-ласқан адамға жайсыз әсер қалдырады...
Үйлену тойында әйел қауымын балағаттайды...
Қолы тимей жатқан адамнан кеңес сұрай
кетеді... Жиында істің жай-жапсар, мәнін
елдің бәрі түсінгенде, ол орнынан тұрып,
бәрін басынан қайта айтуға кіріседі...
Біреу бастаған ісін аяқтағысы келіп тұрса,
ол көмек бергісі келіп өршелене түседі...
Дөрекілік – адамның кө-ңілін қалдыратын
әдепсіздік. Ол «сен жайыма қалдыр», дейді.
Сәлемге жауап бермей ді. Біреу абайсыз
соқтығысып қалып, не аяғын басып кетіп
кешірім сұраса, қабылдамай-ды... Көшеде
тасқа сүрініп кетсе, оны да қарғап-сілеуге
әзір. Біреуді ұзақ күтуге шыдамы жетпейді.
Басқа пәле-тілден. Бұл – теріс ниеттің
сөздегі көрінісі... Егер «Пәленше қандай
адам?» деп сұрай қалса, бейне оның ата-тегіне
қанық адамдай қаз балай жөнеледі... «Бұл
оң-баған, асылып өлгір туралы мен бәрін
білемін ғой», - деуге де тайынбайды. Жұрттың
көзінше жаңа ғана шығып кет кен адамды
жамандай жөне-луге бейім, ал бір бастаса
ол адамға қоса туыстарын да ба лағаттаудан
тартынбайды. Үй іші, дос-жарандары, тіпті,
аруақ тар туралы ол тарататын сұм-пайылықты
санап болмайды».
Адамдар мінезінің айырмашылығы
Қазақтың ғұлама перзент-терінің бірегейі
Жүсіпбек Аймауытов «Жан жүйесі және өнер
таңдау» жөнінде өз заманында көрікті
ойлар толғаған-ды.
Сонда ол адамдардың мінезін дегі бір
айырмашылықтың өзіне өзінің сену сезімінің
әртүрлі болуында, дейді. Иә, адамдар-дың
өзіне-өзінің қатты сенетіндігі, сенбейтіндігі
бірден көзге түседі. Олардың арасында
қо лынан келсін, келмесін кез-келген іске
араласа кететіндер, өн бойында міні тұнып
тұрса да басқаларға ақыл ай туға шеберлер
аз емес. Кері-сінше, білімі мен таланты,
ақыл-ойы, тәжірибесі мол кейбір кісілер
өзіне-өзінің сенімі нің аздығынан оны
жарқыра-тып тұрып көрсете алмайды. Өмірдің
тағы бір жұмбақ сыры, осындай адамдардың
арасында бойындағы әлгіндей жақсы қасиеттерін
мейлінше тиімді пайдалана алатындары
да бар шылық.
Жалпы, бір адамның мінезін жақсы білсең,
оның белгілі бір жағдайларда не істей
алатынын алдын ала аңғарып, пайымдауыңа
мүмкіндік мол.
Оған жол ашатын бұл психи-калық қасиеттерді
«мінездің бітісі» деп атайды. Осы мінез-дің
бітісінің түрлі сипаттары: ержүректілік,
адалдық, жігерлілік, еңбексүйгіштік,
адал ниеттілік, қорқақтық, жалқаулық,
тұйықтық, көрсе қызарлық, күншілдік, мақтаншақтық
жә-не тағы да басқалар. Адамдар мінезінің
айырмашылығын біз сөз етіп отырған «мінездің
бі-тісі» арқылы анықтауға болады. Әсіресе,
мінездегі міндерді ашып көрсетуде, баға
беруде
психолог мамандар оған кеңі-нен арқа
сүйейді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университеті
Тақырыбы: «Мінез акцентуациясы»
Өскемен қ, 2012ж