Нашакорлык

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2011 в 20:08, лекция

Описание

Нашақорлық (гректің nark – қимылсыздық, mania – ессіздік, құштарлық мағанасында) – есірткі құрамдас немесе психотроптық, яғни оларға ұқсас заттарға тәуелділіктен туындайтын организмнің аса ауыр және тұрақты тәндік, психикалық өзгеруіне, бұзылыстарына, кейде өлімге әкелетін дерт. «Есірткілерді тұтыну», «нашақорлық» және «наркотизм» сөздерінің мағанасын ажырата білген жөн. Есірткілік заттарды тұтыну алкоголь мен темекі тұтынуға ұқсас: бұлардың бәрі «зиянды ләззаттарға» жатады, өйткені олар тұтынушыға субъективтік ләззат сезімін сыйлайды, бірақ организмге зиянын тигізеді. Есірткілік заттарды тұтыну тек «ләззат алу» ғана емес, сондай-ақ дәрігермен дәрілік препарат (ауруды басатын, ұйықтататын, психостимулятор) ретінде берілуі мүмкін. Егер есірткілерді тұтыну үзіліссіз және үнемі болса, тұтынушының организмінде өзгерістер болады, нәтижесінде есірткілерден болатын тәндік немесе психикалық тәуелділік туындайды.

Работа состоит из  1 файл

нашакорлык.docx

— 21.48 Кб (Скачать документ)

Нашақорлық  
 

Нашақорлық (гректің nark – қимылсыздық, mania – ессіздік, құштарлық мағанасында) – есірткі  құрамдас немесе психотроптық, яғни оларға ұқсас заттарға тәуелділіктен туындайтын организмнің аса ауыр және тұрақты тәндік, психикалық өзгеруіне, бұзылыстарына, кейде өлімге әкелетін дерт. «Есірткілерді тұтыну», «нашақорлық» және «наркотизм» сөздерінің мағанасын ажырата білген жөн. Есірткілік заттарды тұтыну алкоголь мен темекі тұтынуға ұқсас: бұлардың бәрі «зиянды ләззаттарға» жатады, өйткені олар тұтынушыға субъективтік ләззат сезімін сыйлайды, бірақ организмге зиянын тигізеді. Есірткілік заттарды тұтыну тек «ләззат алу» ғана емес, сондай-ақ дәрігермен дәрілік препарат (ауруды басатын, ұйықтататын, психостимулятор) ретінде берілуі мүмкін. Егер есірткілерді тұтыну үзіліссіз және үнемі болса, тұтынушының организмінде өзгерістер болады, нәтижесінде есірткілерден болатын тәндік немесе психикалық тәуелділік туындайды.

Бұның нәтижесінде  есірткілерді тұтыну ауруды («ломканы») азайтатын, басатын қажеттілікке айналады. Үнемі есірткілерді тұтынуға құштарлық  нашақорлық деп аталады.

Есірткілер немен  қауіпті?

Есірткілерді  тұтыну психикалық және тәндік тәуелділікке, адам тұлғасының кейде азғындалуға  дейін өзгеруіне, денсаулығының  нашарлауына (ауруларға және асқынуларға) әкеліп соғады және өміріне қауіп төндіреді.

Есірткі тұтынатын  жасөспірімдер мен жастар өздерін қоғамға және Заңға қарсы қояды, олардың болашағы жоқ. Нашақорлыққа шалдыққан науқас өмірінің орташа ұзақтығы 2-3 жыл.

Есірткілерге  тәуелділік деген не?

• Есірткі тұтынуға күшті, тоқтатуға болмайтын құмарлық

• Есірткінің мөлшерін үнемі үстемелеудің қажеттілігі

• Есірткілер болмағанда психикалық және тәндік қолайсыздықтың пайда болуы 

• Қоршаған өмірге қызығушылық төмендеуінің өршуі (ештеңемен  әуестенбеу, мектеп, жанұя өміріне, достарға, құрдастарға қызықпау)

• Зиянды зардаптарын  біле тұра, есірткі тұтынуды жалғастыру

• Тұтынатын  есірткілердің мөлшерін және оны  пайдалануға байланысты ахуалды  бақылау қабылетін жоғалту 

Есірткілерді  бір-ақ рет пайдалану немен қауіпті?

• Есірткілердің  бір рет дәмін татқаннан кейін, тағы да тұтынуға құмарлық пайда болуымен

• Психикалық тәуелділіктің  даму мүмкіндігімен 

• Есірткілерді мөлшерден артық тұтынумен 

• Есірткілік заттарға аллергиялық реакциялардың дамуымен

• Есірткіні  қан тамыры арқылы тұтынғанда, ЖҚТБ жұқтырудың нақты мүмкіндігімен

• Есірткіге  әуестік бүкіл өмір бойына сақталу мүмкіндігімен

• Нашақорлықты емдеу ауру адамның және туған-туыстарының  зор күш-жігерін, медицина қызметкерлерінің биік кәсіби дәрежесін, көп қаражат шығындарын қажет ететін ұзақ, күрделі, көп сатылы процесс. Бірлі-жарымды адамдар ғана есірткіге тәуелділікті жеңе алады, яғни дерттен айығады.

• Есірткілік заттарға әуестену бір ғана тәсілмен - есірткіні ешқашан, бір ретте татпау арқылы құтылуға болатын қатерлі, қалыпқа келтірілмейтін қауіп.

Наркотизм –  бұл халықтың кейбір бөлігінің есірткілік заттарды тұтынатынын және тиісті салдарын көрсететін әлеуметтік көрініс. «Нашақорлық» деген сөз есірткілерді тұтынушының жеке басының жәй-күйімен қатар, есірткілерді көпшілікпен қолдануды білдіреді.

Нашақорлықтың себептері.

Балалар мен  жасөспірімдердің девианттық тәртіп формалары тәрізді нашақорлықтың негізгі себептерінің арасында бірінші орындардың бірі отбасындағы келеңсіз көріністер, ата-аналардың спирттік ішімдіктерге немесе нашақорлыққа салынуы, өмір сүру деңгейінің төмендігі, жанұя мүшелері арасында көтеріңкі көңіл-күй қатынастарының болмауы, жанұяда әкенің немесе шешенің болмауы, психоактивті заттарға оңай қол жеткізу, жасөспірімдердің бос уақытын өткізу мен қолы бос болмауының нақты бағдарламасының жоқтығы сияқты әлеуміттік факторлар үлесінде. Жиі жағдайларда есірткілер қоғамдық орындарда: мектептерде, дискотекаларда, кафелерде, көшелерде, саябақтарда, есірткілерді таратушылар мен сатушылардың пәтерлерінде алынады.

Наркотизацияның маңызды факторлары болып табылады: жеке бастың психологиялық ерекшеліктері, жасы үлкен немесе беделді құрбыларға еліктеу, теріс көңіл-күй күйзелістерін  залалсыздандыруға талпыну, жеке тұлғаның нормадан ауытқу белгілері, «ерегісу» наразылық реакциясы, психологиялық қорғаныс пен құндылық тосқауылының төмендігі, психоактивті заттарды тұтынудың алдын алу және олардың адам организміне әсері туралы халықтың хабардылық деңгейінің төмендігі. Сондай-ақ кейбір социологтар жасөспірімдер арасында нашақорлар санының көбеюін жастардың бос уақыты ұйымдастырмаумен байланысты, олар бос уақыт мазмұнды өткізумен қанағаттанбайды да, есірткілерді пайдаланады дейді. Ал басқа социологтар нашақорлықты өмірлік сәтсіздіктермен (кедейлік, жұмыссыздық дискриминация және т.б.) байланысты дейді, сөйтіп есірткілерді тұтыну әлеуметтік және психологиялық патологиялармен қатар,тұлғалардың жеке басындағы қолайсыздықтардан: сексуалдық аумақтағы, отбасындағы, еңбек нарығындағы жайсыздықтардан туындайды деген болжам айтылады.

Нақты қандай индивидтердің  есірткі тұтынуға бейімділігін анықтау үшін ғалымдар нашақорлардың отбасын, мәдени ортасын, сондай-ақ өмірлерінің әлеуметтік факторларын зерттеуде.

Нашақорлық салдары.

Жасөспірімдер мен жастар арасындағы нашақорлық тек кеңауқымды мәселе ғана емес, сонымен қатар өрлеу үстіндегі Қазақстанның маңызды проблемасы. Оның әлеуметтік салдары бар: қылмыстар мен адамгершілікке жат әрекеттер істеледі, жеке тұлғаның және жалпы халықтың кері кетуі байқалады, өлім, әсіресе жастар арасындағы өлім жағдайлары етек алуда, өмірге қауіп төндіретін дерттердің дамуы және берілуі байқалуда, ауру және кеміс балалардың тууы, ажырасулар көбеюде.

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) есірткілер мен қылмыс бойынша Басқармасының 2008 жылғы деректеріне сәйкес, әлемде есірткі тұтынуда тәжірибесі бар 200 млн. адам бар, 110 млн. есірткілерді салына тұтынады және 25 млн. адам есірткілерге тәуелділіктен зардап шегеді. Нашақорлық таралуының қауіпі оның қайтарымсыздығында, жас тұрғындар мен халықтың әлеуметтік осал топтарының денсаулығын зақымдауында, осыған байланысты оның медициналық және әлеуметтік салдарының маңыздылығында. Есірткілерді тұтыну деңгейіне қылмыстық істер, қайғылы оқиғалар, жарақаттанулар, уланулар, кісі өлтірулер мен өзі өзіне қол жұмсаулар саны тікелей байланысты.

Нашақорлық мемлекетке тікелей қауіп төндіретін, зор ауқымды ұлттық мәселеге айналды. Соңғы сараптамалық бағалаулар бойынша, әрбір нашақор «қар көшкіні» сияқты нашақорлықтың қарқынын үдету мақсатында жыл бойына есірткі тұтынуға 13-15 адамды қамтиды. Соңғы жылдары нашақорлар АҚТҚ-инфекциясын (ВИЧ-инфекция) жұқтырудың негізгі себебі болуына байланысты, нашақорлық мәселесіне ерекше назар аударудың маңызы зор.

Нашақорлық көптеген түрлі қылмыстарға итермелейді. Есірткілерге деген сұраныс оны коммерциялық сатуға тыйым салу жағдайында жасырын есірткі бизнесі мен наркомафияны туғызады. Есірткілерді тарату мен нашақорлар қызметіне байланысты басқа да қылмыс түрлері көбеюде. Егер есірткілік заттарды тәуліктік қабылдауға нашақордың қажеттілігі аса жоғары болса, бұл жағдайда кезекті дозаға ақша табу үшін, нашақор кез келген қылмысқа баруы мүмкін. Ол қоғаммен байланысты жоғалтады, сондықтан қылмыс істеуге әрқашан дайын. Нашақорлықтың салдарын бағалауда күрделі есірткілер (героин, крэк, кокаин) мен жеңіл есірткілерді (гашиш, марихуана) айырмашылығын ескерген жөн. Өлімге әкелетін күрделі есірткілер аса қауіпті. Жеңіл есірткілердің зиянын тұтынуға рұқсат етілген алкогольдік және темекі өнімдерінің салдарымен салыстыруға болады.

Есірткілерді  қабылдаудың белгілері. Бұл белгілерді білу арқылы, Сіз балаңыздың қандай есірткіні қолданатынын білуіңізге болады.

Кез келген есірткілерді қолданудың белгілері:

• терісінің  ағаруы;

• ұйқысының  бұзылуы (мүлдем ұйықтамау немесе тым  ұзақ ұйықтау)

• тәбеттің бұзылуы (тәбеттің болмауы немесе үйге оралған  соң, оның кенет көтерілуі, шамадан артық шөлдеу)

• сөйлеу мәнерінің  өзгеруі («шұбатылған» баяу сөз)

• көздің қарашығы көлемінің өзгеруі (көз қарашығының  кенеттен үлкеюі немесе түйреуіш басының  көлеміндей тарылуы)

• баланың терісінен  және киімдерінен өзгеше иістің шығуы

• қозғалу координациясының бұзылуы.

Бала тәртібінде келесі өзгерістер байқалады:

• жан жағындағы  оқиғаларға бейтараптық;

• үйде болмау, мектептегі сабақтарға бармау, оқу үлгерімінің төмендеуі;

• есте сақтау қабылетінің  төмендеуі;

• сынағанды  көтере алмау;

• себепсіз кенеттен баланың көңіл-күйінің ауытқулары;

• ақша сұрау, ақшаның  жоқтығына көнбеу;

• үйден бағалы заттар, киім мен ақшаның жоғалуы;

• белгісіз адамдармен жиі телефон арқылы сөйлесу;

Кейбір «дәлелдер»:

• денесінің  кез келген жерінде, әсіресе білегінде  тамырға жасалған инъекциялардың «көгерген» іздерінің болуы;

• белгісіз сұйықтар құйылған құтылардың, таблеткалардың, резеңке бұраулардың, инелердің, капсулалардың, шприцтердің болуы

Есірткілерге  тәуелділік ұйқы бұзылуымен (мүлдем ұйықтамау  немесе тым ұзақ ұйықтау), бұлшықет, буындар сырқырауымен, артериалдық  қан қысымының бұзылуымен, үнемі  шөлдеумен, жыныстық әлуеттің төмендеуімен, етеккір циклының бұзылуымен, арықтаумен, дене салмағының бұзылуымен организмнің қорғаныш қасиеттерінің төмендеуімен ерекшеленеді.

Қазақстандағы ахуал. Бүгінгі күні есірткілерді тарату мен тұтынуға байланысты Қазақстандағы  ахуал кәзіргі заманғы қоғамның әлеуметтік келеңсіз көріністеріне тез және жиі ұшырағыш кәмілетке толмағандардың, балалар мен жасөспірімдердің өміріне төнген нақты қатер болуда.

ҚР ДСМ нашақорлықтың медико-әлеуметтік ғылыми-практикалық Республикалық орталығының деректері бойынша 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы психоактивті заттарды тұтынудан туындаған психикалық және тәртіптік бұзылыстар диагнозы алғаш анықталған тұлғалар саны 61 396 адамнан 60 609 адамға (100 мың халық санына 390,4-тен 381,5-ке дейін) азайды. Бұл көрсеткіш республикалық көрсеткіштен жоғары Алматы қаласында (1351,1), Шығыс Қазақстан обл. (649,7), Атырау обл. (438,7), Қарағанды обл. (432,7), Павлодар обл. (424,9), Қызылорда обл. (354,0), Солтүстік Қазақстан обл. (336,2) және Астана қаласында (333,0). Анықтаудың төмен көрсеткіштері Қостанай обл. (251,0), Батыс Қазақстан обл. (229,7), Оңтүстік Қазақстан обл. (176,3), Жамбыл обл. (172,4), Ақтөбе обл. (151,7), Маңғыстау обл. (132,9), әсіресе Алматы облысында (89,1).

Нашақорлықтың медико-әлеуметтік проблемалары Республикалық ғылыми-практикалық орталығының деректері бойынша Қазақстанда жасөспірімдер арасында нашақорлыққа бастапқы шалдығу 2009 жылы 100 мың тұрғын халыққа 564,2 құрады, атап айтқанда 2008 жылмен салыстырғанда (100 мың тұрғын халыққа 473,6) 20% өсті. Алкогольдік, седативтік және ұйықтататын заттарды, стимуляторларды, темекіні, сондай-ақ олардың қоспаларынан туындайтын тәуелділік өскені байқалады. Жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың ең жоғары көрсеткіші Алматы қаласында анықталды (100 мың жасөспірімге 2320,6).

Сонымен қатар, нашақорлыққа шалдығу балалар арасында 20% төмендеді және 2009 жылы 100 мың халық санына 13,5 құрады (2008 жылы – 14,9).

Қазақстанда нашақорлықты жеңу бойынша жұмыс келесі бағыттарда жүргізіледі: есірткілерді еліміздің аумағына жасырын әкелуді болдырмау; есіркілерді таратуға және қолдануға тыйым салу; есірткіге тәуелді азаматтарды емдеу. Өскелең ұрпақ арасында жеке басының психологиялық қиындықтарын және өмір проблемаларын өз бетімен шеше алатын, психоактивті заттарды, оның ішінде есірткілерді қабылдауды қажет етпейтін, психикасының саулығын, жан-жақты дамуды тәрбиелеуге ықпал ететін профилактикалық жұмыс басымды бағыт ретінде мойындалды.

Нашақорлықтың алдын алу бойынша Салауатты  өмір салтын қалыптастыру проблемалары Ұлттық Орталығының қызметі:

Есірткілерді  тұтынуды қысқартуға ықпал ету Бағдарламасы 2007 жылдың 21 желтоқсанында Үкіметтің  №1260 қаулысымен бекітілген «Салауатты өмір салты» Бағдарламасының өмір салты факторларының қолайсыз ықпалын болдырмау басым бағыттарының бірі болып табылады.

Мақсатты топтар: бүкіл халық, ерекше назар балаларға, жасөспірімдер мен жастарға аударылады.

Іс-әрекеттердің негізгі бағыттары:

• Білім беру жүйесінде профилактикалық бағдарламаларды  әзірлеу арқылы есірткілер мен психоактивті заттарды тұтынуға байланысты, олардың  зияны және салдары туралы балалар, жасөспірімдер мен жастардың хабардылық деңгейін арттыру;

• Нашақорлықтың  алдын алу бойынша бұқаралық  ақпарат құралдарын (БАҚ) кеңінен  пайдалану;

• Волонтерлік  қозғалысыт әрі қарай жетілдіру;

• Кең ауқымды  акциялар өткізу;

• Әдістемелік  және ақпараттық-оқыту материалдарын әзірлеу;

• Балалар, жасөспірімдер мен жастарда есірткілерді тұтынудан бас тартуға және оның келеңсіз көріністеріне қарсы тұруға мүмкіндік беретін дағдылар қалыптастыру.

Информация о работе Нашакорлык