Нашакорлык

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2011 в 20:08, лекция

Описание

Нашақорлық (гректің nark – қимылсыздық, mania – ессіздік, құштарлық мағанасында) – есірткі құрамдас немесе психотроптық, яғни оларға ұқсас заттарға тәуелділіктен туындайтын организмнің аса ауыр және тұрақты тәндік, психикалық өзгеруіне, бұзылыстарына, кейде өлімге әкелетін дерт. «Есірткілерді тұтыну», «нашақорлық» және «наркотизм» сөздерінің мағанасын ажырата білген жөн. Есірткілік заттарды тұтыну алкоголь мен темекі тұтынуға ұқсас: бұлардың бәрі «зиянды ләззаттарға» жатады, өйткені олар тұтынушыға субъективтік ләззат сезімін сыйлайды, бірақ организмге зиянын тигізеді. Есірткілік заттарды тұтыну тек «ләззат алу» ғана емес, сондай-ақ дәрігермен дәрілік препарат (ауруды басатын, ұйықтататын, психостимулятор) ретінде берілуі мүмкін. Егер есірткілерді тұтыну үзіліссіз және үнемі болса, тұтынушының организмінде өзгерістер болады, нәтижесінде есірткілерден болатын тәндік немесе психикалық тәуелділік туындайды.

Работа состоит из  1 файл

нашакорлык.docx

— 21.48 Кб (Скачать документ)

• Интерактивті оқыту негізінде өз денсаулығына, дұрыс шешім қабылдау мен тәртібіне  жеке жауапкершілік қалыптастыру.

• «Тең-теңге» принципі бойынша волонтерлерді, педагогтарды оқыту, жастарға арналған семинар-тренингтер өткізу;

• Балалар, жасөспірімдер мен жастардың бос уақытын пайдалы өткізу мақсатында қол жетімді балалар клубтарын, үйірмелер, секциялар, аула клубтарын, жазғы лагерлер жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету; • Пара – пар қозғалыстар дамыту (велосипед қозғалысы, роликтер, стритбол, скейтбордтар және т.б.);

• Балалар, жасөспірімдер мен жастарды қамтумен акциялар (диспуттар, пікірталастар, салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтарды қатыстырумен теле- және радиохабарлар өткізу, сазды және мәдени көпшілікке арналған іс-шаралар) ұйымдастыру және өткізу;

• Наркологиялық  орталықтар, психологиялық көмек  көрсету диспансерлері базасында  ата-аналар үшін сабақтар, семинарлар өткізу, нашақорлықтың алдын алу  бойынша отбасылық кеңес беру пункттерін ұйымдастыру;

• Барлық мүдделі  құрылымдардың өзара ықпалдастық  қызметін, сектораралық бірлескен жұмысты  күшейтумен, жастардың есірткілерден  бас тартуына бағытталған жастар мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету;

• Балалар, жасөспірімдер мен жастардың жеке және әлеуметтік проблемаларын жеңуде психоәлеуметтік қолдау жүйесін дамыту;

• Жастарға арналған денсаулық, құпия кеңестер беру орталықтарын құру және дамыту, «сенім» телефондары жұмысын жетілдіру.

http://kaz.hls.kz/

Информация о работе Нашакорлык