Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 20:05, реферат
Психикалық іс-әрекеттің патологиясының кейбір формаларында жалпылау және абстракциялау операцияларын қолдану мүмкіндігінен айырылып, оларды келесі шеткі варианттарға бөліп көрсетуге болады:
• жалпылау деңгеінің төмендеуі;
• жалпылау процесінің бұрмалануы.
Психиатриялық тәжірибеде ойлау динамикасының екі жиі кездесетін бұзылысын қаратырады:
Ойлаудың лабильділігі тапсырманы орындаудың тәсілінін тұрақсыздығында көрінеді.
Ойлаудың инерттілігі – жұмыс тәсілін ауыстыруда қиындықтардың болуы.
Ойлау процесінің ағымының бұзылун келесі топтарға бөлінеді:
• темпі бойынша:
а) жылдамтатылған ойлау – уақыт бірлігінде ассоциациялардың саны бойынша көбеюі;
б) тежелген ойлау – уақыт бірлігінде ассоциациялардың саны бойынша азаюы.
• құрылымдығы бойынша:
а) байланыссыз ойлау – сөйлемдердің арасында мәндік байланыстардың болмауы;
б) инкогеренция – сөздердің арасында мәндік байланыстың болмауы;
в) вербигерация – бірнеше сөздер мен сөз тіркестерін стереотипті түрде қайталау;
г) паралогиялық ойлау – ой қорытындылыры логикаға қарсы құрылады;
д) ойлаудың амбитенденттілігі – бір уақытта қарама-қайшы идеялардың болуы;
е) шеррунги – ойлаудың үзілуі;
• Мақсаттылығы бойынша:
а) резонерлік ойлау – боссөздік, бедеулік даналық;
б) ойлаудың пайымдылығы – мағынасыз детальдерге тоқталып қалу;
в) персеверация – бір ассоциацияға тұрып қалу;
е) аутистикалық ойлау – науқастың ішкі әлемін біржақты бейнелеу;
ж) символикалық ойлау – ой қорытындылары кездейсоқ ассоциациялар мен символдарға негізделген.
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
ЖАЛПЫ ЖӘНЕ ЭТНИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
Психология бөлімі, 3 курс
СРСП
Тақырыбы
Жүйке жүйесі
Жүйке жүйесінің маңызы:
- мүшелерді
бір-бірімен байланыстырып,
- денедегі
барлық мүшелердің және
- организмді сыртқы ортамен байланыстырады.
Жүйкен жүйесінің жалпы сызбанұсқасы:
Адамның нерв жүйесі 2-ге бөлінеді:
1) Орталық нерв жүйесі (ОНЖ) – ми, жұлын;
2) Шеткі нерв
жүйесі – ОНЖ-дан тыс
Сонымен қатар, нерв жүйесі (НЖ) тағы да 2-ге бөлінеді:
1) Вегетативті
нерв жүйесі – ішкі органдар
қызметі мен зат алмасуды
А) симпатикалық;
Б) парасимпатикалық.
2) Соматикалық
НЖ көлденең жолақты
Жүйке ұлпасы
Нерв жүйесінің құрылымдық және функционалдық бірлігі болып нейрон табылады. Нерв жүйесінің құрамына нейрондардан басқа глиалдық жасушалар да кіреді. Нейрондар мен глиалдық жасушалардң жиынтығы нерв ұлпасын құрайды.
Глиалдық жасушалар нерв ұлпасын қоршап, тірек, қоректік және электроизоляциялық қызмет атқарады.
Жаңа туған нәрестеде глиалдық жасушаларға қарағанда нейрондардың саны көп болады. 20-30 жаста олардың мөлшері теңесіп, кейін нейрондардың саны азайып, глиалдық жасушалар көбейеді.
Нерв ұлпасының негізгі қасиеттеріне қозғыштық, өткізгіштік және лабильділік жатады. Бұл қасиеттер өз кезегінде тітіркенгіштікпен тығыз байланысты.
Нейронның негізгі
қызметі алынған нерв импульстерін
талдаумен байланысты. Нейронның
денесі және қысқа өсінді-дендрит, ұзын
өсінді-аксон болады. Нейроннның денесі
сома д.а. Оның пішіні әртүрлді. Сомада
күрделі зат алмасу процестері жүреді,
нейронның қалыпты жұмыс
Дендриттердің ұшы күшті бұтақтанып, нейронның басқа клеткаларымен жанасу ауданын үлкейтеді. Д.- қозуды қабылдаушы негізгі бөлік.
Бір нейронда бір ғана аксон болады. Сырты қабықшамен қапталған аксон нерв талшығы д.а. Бірнеше нерв талшығы бір нервті түзеді.
Нерв талшықтары мен нервтердің негізгі қызметі – нерв импульстерін өткізу.
ОЖЖ-ге нерв импульстерін өткізетін сезгіш (афферентті, орталыққа тепкіш) нервтерді, ОЖЖ-ден шеткі органдарға нерв импульстерін өткізетін қимыл (Эфферентті немесе орталықтан тепкіш) және сезгіш, қимыл нерв талшықтарынан тұратын аралас нервтерді ажыратады.
Кейбір нерв талшықтарының май тәрізді зат – миелиннен тұратын қабықшасы болады. Миелин қабығы талшықты толық қаптамай, үзілістер жасайды. Үзілістер Ранвье белдеуі д.а Миелиннің атқаратын қызметі қоректік, қорғаныштық және электризоляциялау. Миелинмен қапталаған нерв талшығы миелинді талшық, миелин қабықшасы жоқ талшық миелинсіз д.а. Миелинді талшық бойымен қозу жылдам өтеді. Онтогенездің алғашқы этаптарында миелинді қабықша болмайды да, бала 2-3 жасқа келгенде дами бастайды.
Қабықшаның қалыптасуы баланың өмір сүру жағдайына тәуелді. Қолайсыз жағдайларда миелиндену процесі бірнеше жылға баяулап, ол нерв жүйесінің басқарушы және реттеуші қызметін қиындатады.
Жекелеген нейрондар арасындағы байланыс синапс арқылы жүзеге асады.
Синапстың:
- пресинапстық мембранасы (аксонның ұшы түзеді);
- постсинапстық мембранасы (басқа нейронның участогы түзеді);
- синапс саңылауын ажыратады.
Химиялық
синапстарда қозу арнайы
Рефлекс және рефлекс доғасы. ЖЖ-нің барлық қызметінің негізінде рефлекстік реакциялар жатыр.
Рефлекс ОЖЖ-ның қатысуымен өтетін организмнің тітіркенуге жауап беру реакциясы. Рефлекс кезінде қозу өтетін жол рефлекс доғасы д.а. РД 5 элементтен тұрады:
-рецептор;
-афференттік нерв;
-ОНЖ;
-эфференттік нерв;
-жұмыс органы.
Егер РД 2 нейрон 1 синапстан тұрса, ол 2 нейронды немесе моносинапстық д.а. Егер РД көп нейроннан тұрып, олардың арасындағы байланыс көптеген синапстармен қамтамасыз етілсе, онда РД көп нейронды немес полисинапстық д.а.
Дененің барлық органдарында тітіркендіргіштерге сезімтал нерв ұштары – рецепторлар орналасқан. Рецепторлар құрылысы (көз, құлақ және т.б.), орналасуы және атқаратын қызметі бойынша әртүрлі.
Орналасуына байланысты рецепторларды:
1)экстерорецепторлар (көздің торлы қабықшасы, құлақ, иіс, дәм сезу органдары, тері рецепторлары) тітіркенуді сыртқы ортадан қабылдайды;
2)интерорецепторлар ішкі органдардың ұлпаларында орналасып, тітіркенуді ішкі ортадан қабылдайды;
3)проприорецепторлар – бұлшықеттерде, сіңірлер мен буындарда орналасып, бұлшықеттің жиырылуын, созылуын қабылдап, дененің қозғалысы туралы белгі береді.
Нерв орталығы туралы түсінік. ОНЖ-ның әртүрлі бөлімдерінде орналасқан нейрондардың күрделі функционалдық бірлестіктері нерв орталығы д.а. Нерв орталығы рефлекторлық реакциялардың және функциялардың реттелуіне қатысады. Нерв орталығының өзіне тән қасиеттері болады.
ОНН-гіқозу мен тежелу процестері
НЖ-дегі қозудың негізгі қасиеттері:
- қозуды бір жақты ғана өткізеді;
- ОНЖ-нің синапстарында қозудың өту жылдамдығы төмендейді (синапстық кешігу). Синапстардың қозудың өткізу жылдамдығы нерв бойымен өту жылдамдығынан 200 есе төмен.
Тежелу. Нерв жүйесінің барлық бөлімдерінің қызметінде қозумен қатар тежелу процечсі де маңызды роль атқарады. Тежелу процесінің нәтижесінде қозу бәсеңдейді немесе өшеді. ОНЖ-гі тежелу құбылысы И.М.Сеченов ашқан. Тежелу құбылысы кез келген рефлекстің жүзеге асуына қатысады.
Қозу және тежелу процестерінің өзара қатынасы. Қозу және тежелу процестерінің өзара әрекеті нерв жүйесінің барлық күрделі қызметі мен адам организміндегі барлық мүшелердің келісімді қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Сыртқы және ішкі ортадан түскен әсерлерге организм біртұтас құрылым ретінде жауап береді. Организмніңәртүрлі жүйелері қызметінің біртұтас құрылымға бірігуін интеграция, ал олардың организмнің қоршаған ортаның әртүрлі жағдайларына бейімделуіне әкелетін келісімі, өзара қатынасы координация деп аталады. Интеграция мен координация ОНЖ-нің қызметімен байланысты.
ОНЖ-дегі иррадиация мен индукция. Қандай да бір тітіркену кезінде туындаған қозу импульстері ОНЖ-не түскеннен кейін көрші участоктарға тарайды. Бұл – иррадиация құбылысы. Иррадиация кішкене балаларда жақсы көрініс табады. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы оқушылар әдемі ойыншықты көрген кезде ауыздарын ашып, секіріп, күлуін иррадиация құбылысымен түсіндіруге болады.
Бірақ ОНЖ-де қозу белгілі бір шеңберде ғана таралады. ОНЖ-не тсүкен қозуды тежелу шектеп тастайды. Нәтижесінде қозу нейронадардың белгілі бір топтарында тұрақтанады. Ал, олардың айналасындағы нейрондардың қозуы төмендеп, олар тежелу күйіне көшеді. Бұл құбылыс бір уақыттағы теріс индукция деп аталады.
Қозу болған нейрондарда қозудан кейін тежелу пайда болады және керісінше, тежелуден кейін сол нейрондарда қозу туады. Бұл ізді индукция. Мыс, оқушылардың сабақтан кейін үзілістегі белсенділігі.
(тежелу қозуға ауысса – оң индукция, қозу тежелуге ауысса – теріс индукция)
НЖ 2 бөлімнен тұрады: ОНЖ (ми мен жұлын) және ШНЖ (ОНЖ-нен тыс жатқан барлық нервтер мен нерв түйіндері).
Жұлын
Құрылысы: омыртқа жотасының өзегінде орналасқан. Ұзындығы 40-45см, салмағы 34-38г, диаметрі 1 см. Омыртқа жотасының құрылысына сәйкес келетін сегменттерден тұрады: мойын, кеуде, бел және құйымшақ сегменттерін ажыратады (8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз, 1 құйымшақ). Олардан 31 жұп нервтер тарайды. Артқы түбірге афференттік нервтер келіп кірсе, алдыңғы түбірден эфференттік нервтер шығады. Жұлынның ортасында - сұр зат (нерв клеткаларының жиынтығы), сыртында – ақ зат (нерв талшықтарынан түзілген) орналасқан.
Қызметі:
1) Рефлекторлық функция. Ж.. – қарапайым рефлекстік реакциялардың орталығы, оның нейрондарында олардың рефлекс доғасы тұйықталады.Кеңістіктегі дене қалпын сақтауға бағытталған рефлекстер, зәр шығару рефлексі, жыныс рефлекстерінің доғасы жұлынның қызметімен байланысты.
2) Өткізгіштік функция. Адам жұлынының қызметі ОНЖ-нің жоғарыда жатқан бөлімдерінің ықпалына тәуелді.
Дамуы: Жаңа туған сәби жұлынының ұзындығы 14-16см, 10 жаста 2 есе ұзарады, ал 20 жаста дамуы аяқталады. Осы кезеңде жұлынның салмағы 8 есеге артады. Мектеп жасындағы балаларда жұлын нейрондарының көлемінің арту процесі жүреді.
Бас миы – ОНЖ-нің ең маңызды бөлімі.
Дамуы: Бала дүниеге келер сәтте бас миның жалпры массасы 400гр. Ересек адаммен салыстырғанда нәрестенің миының массасы оның дене массасынан едәуір артық болады. Мидың негізгі бөлімдері ұрықтық дамудың 3-айында басталса, ал 5-айда үлкен ми сыңарларының негізгі жүлгелері көрінеді. Ми постнаталдық дамудың алғашқы 2 жылында қарқында дамиды. Сонан кейін бас миының даму қарқыны төмендейді. Бас миының дамуы 20 жасқа қарай аяқталады. Бұл жаста мидың массасы 4-5 есе артып, орта шамамен 1300-1400 гр болады. Мидың абсолюттік массасы адамның ақыл-ой қабілеттілігін анықтамайтынын айта кеткен жөн.
Ми бөлімдері. Жұлын ми бағанасымен жалғасады. Бағанаға сопақша ми, варолиев көпірі, аралық ми және мишық жатады. Ми бағанасының бөлімдері рефлекторлық және өткізгіштік қызмет атқарады.
Сопақша мида: тыныс алу және жүрек қызметін реттеу, сонымен қатар түшкіру, жөтелу сияқты көптеген қорғаныш рефлекстерінің орталықтары және У-ХІІ жұп бассүйек нервтері мен олардың құрамында болатын парасимпатикалық нервтердің ядролары орналасқан. Ұзындығы 2,5-3 см, салмағы 7г.
Ортаңғы ми бастапқы көру және есту орталықтары мен күрделі қозғалыстарды реттеуге қатысатын және дененің кеңістіктегі қалпын бағдарлауға бағытталған нерв орталықтары орналасқан.
Аралық мида: төмпешік асты аймақ (гипоталамус) пен көру төмпешіктері – таламусты ажыратады.
Гипоталамус зат алмасуды, дене температурасын, ашығу және шөлдеу сезімдерін, бүкіл ішкі мүшелердің қызметін реттейді. Негізгі биологиялық мотивация мен эмоцияның қалыптасуында маңызды роль атқарады. Гипофизбен бірігіп, эндокриндік бездердің нервтік реттелуін қамтамасыз етеді. Гипоталамус ядроларының дамуы жыныстық жетілу кезінде аяқталады.
Таламус – байланыс коллекторы. Таламус арқылы бас миының барлық нервтік-сезгіш жолдары өтеді.
Мишық – қозғаушы функцияларды реттеуші және үйлестіруші орган. Мишықтың күшті өсуі бір жастың соңына қарай байқалады. 15 жаста мишықтың көлемі ересек адамдікімен бірдей болады.
Сонымен, онтогенез процесінде ми бағанасының құрылымдары постнаталдық дамудың алғашқы екі жылында қарқынды өсіп, қалыптасуы 13-16 жаста аяқталады.
Ретикулярлық формация ми энергиясының аккумуляторы. Ұйқы мен сергектікті, мінез-құлықтың қарапайым және инстинктивті формаларын реттеп, шартты рефлекторлық реакциялардың өтуіне қатысады.
Соңғы немесе алдыңғы ми базалдық ганглийлер мен үлкен ми сыңарларынан тұрады. Үлкен ми сыңарлары – бас миының негізгі бөлігі. Ересек адамның ҮМС массасы бас миының 80% құрап, ми бағанасының массасынан 40 есе көп болады. Ми сыңарларының үстіндегі сұр заттың жіңішке қабаты ҮМС қыртысы деп аталады. Ересек адамның үлкен ми сыңарларының жалпы ауданы 2200-2600 см2. қыртыстың қалыңдығы 1,3-4,5 мм. 12-18 млрд нейрон болады. ҮМС-ң беті жүлгелаермен тілімделген, ал олардың арасында иірімдер орналасқан.
Оң және сол жақ ми сыңарларында 4 бөлікті ажыратады: маңдай, самай, төбе, желке. Олар бір-бірімен сүйелді дене арқылы тығыз байланысқан.
Үлкен ми сыңарларының қыртысында: 1) сенсорлық; 2) моторлық; 3) ассоциативтік қыртыс аймақтарының болатынын анықтаған.
Сенсорлық аймақтар барлық шетеі рецепторлық түзілістерден нерв импульстерін қабылдайды. Көру, иіс сезу, дәм сезу, соматикалық, висцеральдық, сенсорлық аймақтарды ажыратады.
Қыртыстың қимыл аймағынан нерв импульстері әр түрлі бұлшықеттерге барады. Қыртыстың ассоциативті аймағынан тек адамға ғана тән 2-ші сигналдық жүйенің қалыптасуы тән.
Қыртыстың астында үлкен мисыңарларының ақ заты орналасады. Ақ зат құрамына:
1)ассоциативті талшық;