Ойлау бұзылыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 20:05, реферат

Описание

Психикалық іс-әрекеттің патологиясының кейбір формаларында жалпылау және абстракциялау операцияларын қолдану мүмкіндігінен айырылып, оларды келесі шеткі варианттарға бөліп көрсетуге болады:
• жалпылау деңгеінің төмендеуі;
• жалпылау процесінің бұрмалануы.
Психиатриялық тәжірибеде ойлау динамикасының екі жиі кездесетін бұзылысын қаратырады:
Ойлаудың лабильділігі тапсырманы орындаудың тәсілінін тұрақсыздығында көрінеді.
Ойлаудың инерттілігі – жұмыс тәсілін ауыстыруда қиындықтардың болуы.
Ойлау процесінің ағымының бұзылун келесі топтарға бөлінеді:
• темпі бойынша:
а) жылдамтатылған ойлау – уақыт бірлігінде ассоциациялардың саны бойынша көбеюі;
б) тежелген ойлау – уақыт бірлігінде ассоциациялардың саны бойынша азаюы.
• құрылымдығы бойынша:
а) байланыссыз ойлау – сөйлемдердің арасында мәндік байланыстардың болмауы;
б) инкогеренция – сөздердің арасында мәндік байланыстың болмауы;
в) вербигерация – бірнеше сөздер мен сөз тіркестерін стереотипті түрде қайталау;
г) паралогиялық ойлау – ой қорытындылыры логикаға қарсы құрылады;
д) ойлаудың амбитенденттілігі – бір уақытта қарама-қайшы идеялардың болуы;
е) шеррунги – ойлаудың үзілуі;
• Мақсаттылығы бойынша:
а) резонерлік ойлау – боссөздік, бедеулік даналық;
б) ойлаудың пайымдылығы – мағынасыз детальдерге тоқталып қалу;
в) персеверация – бір ассоциацияға тұрып қалу;
е) аутистикалық ойлау – науқастың ішкі әлемін біржақты бейнелеу;
ж) символикалық ойлау – ой қорытындылары кездейсоқ ассоциациялар мен символдарға негізделген.

Работа состоит из  1 файл