Педагогикалық психологияның жалпы сипаттамасы мен қалыптасу тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 18:50, реферат

Описание

Шығыстың ұлы ойшылы, дәрігері Ибн Синның (Авиценна) (980-1037) «Зияныңды тигізбе» деген дәрігерлердің негізгі адамгершіліктік - этикалық, кәсіби өсиеті бәрімізге белгілі. Ол туралы дәрігерлер дайындайтын жоғары оқу орны түлектерінің беретін Гиппократ антында айтылған. Ендеше, біздің алдымызда педагогикалық ықпалдың тиімділігін және сипатын анықтайтын педагогикада кәсіби уағыз бар ма деген сұрақ туады. Болашақ ұстаздарға сондай уағыз ретінде, біздің терең нанымымыздан туған екі ақыл кеңес берер едік: «оқушыны түсін» және «үйренуге көмектес». Осыған байланысты білім үрдісінің күрделілігін ескере отырып, педагогикалық ықпалдың заңдылықтарын және механизмі білімнің негізгі міндетін орындауға, яғни оқушының тұлға ретінде қалыптасуына және дамуына көмектесер еді.

Содержание

Кіріспе
Педагогикалық психологияның жалпы ғылыми сипаттамасы
Педагогикалық психологияның қалыптасуындағы жалпы психологиялық контекст
Педагогикалық психологияның қалыптасу тарихы
Педагогикалық психологияның даму кезеңдері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Педагогикалық психологияның.doc

— 123.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы ғылым және министрлігі

Сәкен Сейфуллин  атындағы

Қазақ агротехникалық университеті

 

 

 

 

 

                             Кәсіптік білім беру кафедрасы

 

 

 

 

      РЕФЕРАТ

 

 

Тақырыбы: Педагогикалық психологияның жалпы сипаттамасы мен қалыптасу тарихы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    

                                        Орындаған Досанова А.

                                                Тексерген Кожахметова Ж К

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана 2013 жыл

 

 

 

 

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Педагогикалық психологияның жалпы ғылыми сипаттамасы
  3. Педагогикалық психологияның қалыптасуындағы жалпы психологиялық контекст
  4. Педагогикалық психологияның қалыптасу тарихы
  5. Педагогикалық психологияның даму кезеңдері
  6. Қорытынды
  7. Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Шығыстың ұлы  ойшылы, дәрігері Ибн Синның (Авиценна) (980-1037) «Зияныңды тигізбе» деген дәрігерлердің негізгі адамгершіліктік - этикалық, кәсіби өсиеті бәрімізге белгілі. Ол туралы дәрігерлер дайындайтын жоғары оқу орны түлектерінің беретін Гиппократ антында айтылған. Ендеше, біздің алдымызда педагогикалық ықпалдың тиімділігін және сипатын анықтайтын педагогикада кәсіби уағыз бар ма деген сұрақ туады. Болашақ ұстаздарға сондай уағыз ретінде, біздің терең нанымымыздан туған екі ақыл кеңес берер едік: «оқушыны түсін» және «үйренуге көмектес». Осыған байланысты білім үрдісінің күрделілігін ескере отырып, педагогикалық ықпалдың заңдылықтарын және механизмі білімнің негізгі міндетін орындауға, яғни оқушының тұлға ретінде қалыптасуына және дамуына көмектесер еді.

Білім үрдісінің  күрделілігі, адам өмірінде маңызды орын алғанымен тез арада көрнекі, нақтылы нәтиже бермейді. Білім үрдісінің нәтижесі (әрине ықпал әсерін ескеру және басқа да фактілердің (мысалы тұқым қуалаушылық, отбасы тәрбиесі, өзін-өзі тәрбиелеу т.б.), адамның кейінгі өмір өнегесі, іс әрекеті, мінез-құлқы болып табылады. Сондықтан, кез-келген білім беру ордасында педагогикалық ықпалдың әсерін тікелей бақылау мүмкін емес.

Педагог мамандығын таңдаған әрбір адам, оқушы мен  тәрбиеленушінің алдында ғана емес, сонымен қатар, өзіне-өзі жауап беруге және өзінің кәсіби даярлығы үшін Педагог, Оқытушы, Тәрбиеші құқына ие болуы үшін жауапкершілік алады. Кәсіби педагогикалық парызды лайықты орындау адамнан  бірқатар  міндеттер қабылдауын талап етеді.

Педагогикалық психология - психологияның тәрбиелеу және оқыту жағдайындағы баланың психикалық іс-әрекетін зерделейтін сала.

Педагогикалық психология - білім беру мен тәрбиелеудің психологиялық негіздерін зерттейді  және жастың даму (жас ерекшелігі) психологиясымен  тығыз байланысты, өйткені, білім беру мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын оқитындардың жас шамасын және даралық ерекшеліктерін ескермейінше дамыту мүмкін емес. Педагогикалық психология саласындағы зерттеулер білім беру мен тәрбиелеудің мәнін дұрыс түсінуге, оқулықтар мен оқу құралдарына қойылатын әр түрлі талаптарды анықтауға, оқушылардың ақыл-ой әрекеті мен мінез-құлығын басқара отырып, олардың дамуын қамтамасыз ететін білім беру және тәрбиелеудің тиімді тәсілдерін тауып негіздеуге мүмкіндік береді. Педагогикалық психология педагогтар мен оқушылардың арасындағы өзара қатынас мәселелерін, педагогтың жеке басына қойылатын талаптарды зерттейді, педагогикалық қабілеттер мазмұны мен қалыптасу үрдісін ашады. Сонымен қатар оқушылар ұжымындағы өзара қатынастармен, олардың психологиялық даралық ерекшеліктерімен санасып отырудың мүмкіндіктерін іздестіреді. Оқу-тәрбие жұмыстарын және балалардың психологиялық ерекшеліктерін қарастырып, бірқалыпты даму зандылықтарынан ауытқыған балалармен тәлім-тәрбие жұмысын жүргізу әдіс - тәсілдерінің психологиясын зерттейді. Сондай-ақ, ересек адамдармен жұмыс істеудің ерекшеліктерімен және оларды қалай оқыту мәселелерімен де шұғылданады.

Педагогикалық психологияның

жалпы ғылыми сипаттамасы

 

Педагогикалық психология басқа 

адамтану  ғылымдарының ішінде

 

Қазіргі заман ғылымының  дамуында оның  ғылыми салалар,  пәндер мен  проблемалық салалардың  (жүйелендіру, иерархияландыру, куммулятивтік  сияқты беталыстармен қатар) ықпалдасуы  мен саралап жіктелінуі сияқты негізгі  екі беталысының өзара әрекеттесуі  неғұрлым айқын көрініп келеді. Ғылымның ықпалдастығын талдай келе, Ж. Пиаже, Б.Г. Ананьев пен Б.М. Кедров ғылыми білімнің ортасында адам туралы ғылым - психология тұр деп көрсеткен. Ғылыми білім үшбұрышының Б.М. Кедров ұсынған  түсіндірмесі (оның шыңы – жаратылыстану ғылымдары, оның тағандарының бұрыштары – философия және қоғамдық ғылымдар, ал оның ортасында осы ғылымдармен психология түйісіп тұр) Ж. Пиаженің келесі пайымдауымен сәйкестендіріледі «...психология барлық басқа ғылымдардың өнімі ретінде ғана маңызды орын алып тұрған жоқ, ол сондай-ақ олардың қалыптасуы мен дамуына  түсініктеме бере алушы    бастау ретінде де орталық орын алады» [1, 155 б.].

Адам проблемасының ғылым  дамуындағы рөлін анығырақ Б.Г. Ананьев анықтайды, оның ойынша адамды тереңірек зерттеу, саралап жіктеу,  сонымен бірге осы саладағы барлық зерттеулердің ықпалдасуы  адам  проблемасының жалпы ғылымдық сипатқа ие болуына ықпалын тигізді. Осы адам мәселесін жаһандандыру беталыстарының педагогикалық психология саласындағы көрінісін  кезінде К.Д. Ушинский да байқаған, яғни 1868-1869 жылдардағы «Адам тәрбие пәні ретінде. Педагогикалық антропология тәжірибесі» атты еңбектерінде, адам тәрбиесіне өз үлесін қосқан ғылымдардың бағыныстылығын анықтау негізінде психологияның жетекші рөлі атап көрсетілген [7] .

Өз кезегінде, психология да күрделі ықпалдасқан білім  болып табылады, оның құрылымдық көрінісінің  негізінде, А.В. Петровскийге сәйкес, келесі психологиялық жақтары алынған: «1) нақты іс-әрекеттің, 2) даму, 3) адамның (дамуы мен іс-әрекеттің субъекті ретінде) қоғамға қатынасы (өзінің  іс-әрекеті мен іске асатын дамуы)» [2, 80 б.].

Педагогикалық психология көбінесе «нақты іс-әрекет» негіздемесі бойынша  ажыратылатын жалпы психологиялық  білімдердің дербес саласы ретінде  қарастырылады, оның  негізінде оның басқа тағы екі жағы өз көріністерін табады. Бұл тұжырым, педагогикалық психологияның негізін білім беру іс-әрекетінің өзі, немесе, педагогикалық психологияның негізін салушылардың бірі П.Ф. Каптеревтің анықтауындай, білім беру процесінің механизмдері мен заңдылықтары қалайтынын  білдіреді. 

Педагогикалық психология әр түрлі себептерге байланысты  көптеген басқа ғылымдармен байланысты. Біріншіден, ол ғылыми білім үшбұрышының ортасында  орналасқан жалпы психологиялық  білімнің нақты саласы болып табылады. Екіншіден, оның басқа ғылымдармен байланыста болуының себебі, білім беру  процесі өз мақсаты мен мазмұнына сәйкес әлеуметтік мәдени тәжірибені беруші болып табылатынында және осындай мәдениетте бүкіл өркениеттік білімдердің таңбалық, тілдік формада шоғырландырылғанына байланысты. Үшіншіден, оның зерттеу пәні өзі танып білуші және танып білуге  үйретілуші,  басқа да көптеген адамтанушы ғылымдармен зерттелінетін  адам болып табылады. Педагогикалық психология, мысалға педагогика, физиология, философия, лингвистика, әлеуметтану және т.б. ғылымдармен үздіксіз байланыста екені анық. Соның өзінде, педагогикалық психология – жалпы психологиялық білімнің саласы деген тұжырымдама оның осы білімдердің негізінде, яғни  психикалық даму, оның қозғаушы күштері, адамның даралық және жыныстық-жас ерекшеліктері, оның тұлға ретінде жетілуі мен дамуы жайлы білімдердің негізінде қалыптасатынын білдіреді. Сондықтан педагогикалық психология психологиялық білімдердің (әлеуметтік, дифференциалды психологиямен және т.б.) басқа салаларымен, ең алдымен жас ерекшелік психологиямен байланысты.

Педагогикалық және жас ерекшелік  психология бір-бірімен осы ғылымдардың  зерттеу объекттерінің  ортақтығымен байланысты. Яғни, олардың зерттеу  объекті дамып келе жатқан адам болып  табылады. Бірақ, жас ерекшелік психологиясы «адам психикасының жас ерекшелік динамикасын, дамып келе жатқан адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің  онтогенезін» зерттесе, ал педагогикалық психология білім беру ықпалымен психикалық жаңа құрылымдардың қалыптасуының шарттары мен факторларын зерттейді. Осыған байланысты педагогикалық психологияның барлық проблемалары білім беру процесіндегі адамның жас ерекшеліктерін есепке алу негізінен қаралады [3, 5 б.] .

 Сонымен бірге, (бұл  жағдайды тағы да ерекше атап көрсетейік) педагогикалық та, жас ерекшелік психология да «...жалпы психологиялық заңдылықтарды ашып көрсететін, қалыптасып қойған адам тұлғасының психикалық процестерін, психикалық күйлерін және даралық-психологиялық ерекшеліктерін зерттейтін» жалпы психологияның білімдеріне жүгінеді [4, 7 б.]. 

Педагогикалық психологияны бір жағынан пәнаралық ретінде, ал екінші жағынан – ғылыми білімнің дербес саласы ретіндегі осындай  түсіндірмесі, Б.Г. Ананьев позициясымен теңестіріледі. Б.Г. Ананьев  бойынша, педагогикалық психология – шекаралық, кешендік білімдер саласы, ол «...педагогика мен психологияның ортасынан белгілі орын алып, өсіп келе жатқан ұрпақты дамыту, оқыту, тәрбиелеу арасындағы өзара байланысты  бірлесе зерттеу сферасына айналды» [5, 14 б.].

Алайда, мұндай түсіндірме басқа авторлар келтірген педагогикалық психологияның мәртебесінің анықтауларына сәйкес келмейді, мұның өзі осы сұрақты шешудің біржақтылы еместігін көрсетеді. Мысалы, «Жалпы, жас ерекшелік, педагогикалық  психология курсында»  «...егер жас ерекшелік және педагогикалық психологияның дамуының бірінші кезеңінде олардың жекелену беталыстары байқалса, онда біздің кезеңде, керісінше – жақындасу, кейбір жағдайларда тіпті қосылуы байқалады» [6, 4 б.] деп көрсетілген. Екінші жағынан, «Жоғары мектеп педагогикасы мен психологиясының негіздерінде» бір кешендік ғылыми пәнді қалыптастырған, педагогика мен психологияның бірлігін, кешенділігін атап көрсетеді [8, 5-6 б.].

Іс жүзінде  педагогикалық психология кешендік болып табылды деп  ұйғаруға болады. В.И. Гинецинский бойынша педагогика оның теоретикалық және тәжірибелік жақтарында онымен тығыз байланысқан дербес ғылым болып табылады. Ал жалпы және жас ерекшелік психология онымен іштей тығыз, үздіксіз байланыста болатын жалпы психологиялық білім саласы [9].

 

 Педагогикалық психологияның  қалыптасуындағы

 жалпы психологиялық контекст      

 

Педагогикалық психология адам туралы ғылыми түсініктердің  жалпы контекстінде дамиды. Олар әрбір  нақты тарихи кезеңдерде педагогикалық  ойларға үлкен әсерін тигізген негізгі психологиялық ағымдарда (теорияларда) жазылып көрсетілген. Бұл - оқу процесінің психология теориялары үшін қашанда табиғи зерттеу «полигоны» ретінде болуымен байланысты. Педагогикалық процесті ұғынуға ықпалын тигізе алатын психологиялық ағымдар мен теорияларды нақтырақ қарастырайық.

Ассоциативтік психология (XVIII ғасырдың ортасынан бастап Д.Гартли және ХІХ ғасырдың аяғына дейін – В. Вундт), түп тамырында психикалық процестердің байланысы ретіндегі ассоциация механизмдері мен психика негіздері ретіндегі ассоциациялардың белгілі бір түрлері анықталған. Ассоциацияларды зерттеу материалдарында еске сақтау мен үйренудің ерекшеліктері зерттеліп қарастырылған. Осы жерде, психиканың ассоциативті баяндауының негізін Аристотель (384-322 ж. біздің эрамызға дейін) салғанын айта кету қажет, оған «ассоциация» түсінігін, оның түрлерін енгізу, ақыл-парасатын (нус) екі түрін теоретикалық және практикалық деп ажырату, қанағаттану сезімін үйрену факторы ретінде еңбектері тиесілі.

Г.Эббингауздың (1885) ұмыту процесін зерттеу бойынша эксперименттерінің эмпирикалық мәліметтері және алынған ұмыту «қисығының» сипаттарын одан кейінгі зерттеушілер дағдыларды өндіруде, жаттығуларды ұйымдастыруда есепке алады.

У. Джемс (ХІХ  ғ. аяғы – ХХ ғасырдың басы) және Дж. Дьюидің  (ХХ ғасырдың бірінші жартысы) прагмативті функционалды теориясы – бейімделуші реакцияларға, ортаға бейімделуге, ағзаның белсенділігіне, дағдыларды өндіруге акцент қояды.

Э. Торндайктың (ХІХ ғ. аяғы – ХХ ғ. басы) байқап көру және қателесу теориясы үйренудің негізгі заңдарын қалыптастырған – жаттығу, әсер және дайындық заңдары; үйрету қисығын және осы мәліметтерге негізделген жетістіктер тестерін  сипаттаған  (1904).

Дж. Уотсонның бихевиоризмі (1912-1920) және Э. Толмен, К.Халл, А. Газри және Б. Скиннердің (ХХ ғ. бірінші жартысы) необихевиоризмі. ХХ ғасырдың ортасында-ақ Б. Скиннер оперантты мінез-құлық тұжырымдамасы мен бағдарламаланған оқыту тәжірибесін жетілдірген. Э. Торндайктің жұмыстарының бихевиоризмнің алдын-алуы, Дж. Уотсонның ортодоксалды бихевиоризмі және бүкіл необихевиористік бағыттардың еңбегі үйренудің (learning) тұтас тұжырымдамасын жетілдіру болып табылды, бұл тұжырымдама оның заңдылықтарын, фактілерін, механизмдерін қамтиды.

Сенсомоторлық функцияларды өлшеу  саласында Ф. Гальтонның (ХІХ ғ. аяғы) зерттеулері тестілеуге (Ф. Гальтон бірінші болып сауалнама, бағалау шәкілдерін ұсынған); математикалық статистиканы пайдалануға бастау берген;  А. Анастази көрсеткендей, Дж. Кэттелдің «ақыл-ой тестері» сол кездің типтік зерттеу әдісі деп санаған. Т. Симон мен А. Биненің (1904-1911) даралық және топтық тестілеу вариациясымен, интеллектуалды тестері, мұнда ең алғаш рет ақыл-ой жасының іс-жүзіндегі жасқа қатынасы ретінде интеллектуалды даму коэффиценті қолданылған (Л. Термен 1916 жылы Америкада). Маңыздысы, Ф. Гальтон өзінің алғашқы (1884) өлшеулерін білім беру жүйесінде бастаған, Дж. Кэттел (1890) Америкада колледж студенттерінен тест алған, Бине-Симонның (1905) алғашқы шкаласы Францияда білім беру министрлігінің бастамашылығымен жасалған.Бұл психологиялық зерттеулер мен білім берудің бұрыннан бергі тығыз байланысына куә болады.

Информация о работе Педагогикалық психологияның жалпы сипаттамасы мен қалыптасу тарихы