Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 18:50, реферат
Шығыстың ұлы ойшылы, дәрігері Ибн Синның (Авиценна) (980-1037) «Зияныңды тигізбе» деген дәрігерлердің негізгі адамгершіліктік - этикалық, кәсіби өсиеті бәрімізге белгілі. Ол туралы дәрігерлер дайындайтын жоғары оқу орны түлектерінің беретін Гиппократ антында айтылған. Ендеше, біздің алдымызда педагогикалық ықпалдың тиімділігін және сипатын анықтайтын педагогикада кәсіби уағыз бар ма деген сұрақ туады. Болашақ ұстаздарға сондай уағыз ретінде, біздің терең нанымымыздан туған екі ақыл кеңес берер едік: «оқушыны түсін» және «үйренуге көмектес». Осыған байланысты білім үрдісінің күрделілігін ескере отырып, педагогикалық ықпалдың заңдылықтарын және механизмі білімнің негізгі міндетін орындауға, яғни оқушының тұлға ретінде қалыптасуына және дамуына көмектесер еді.
Кіріспе
Педагогикалық психологияның жалпы ғылыми сипаттамасы
Педагогикалық психологияның қалыптасуындағы жалпы психологиялық контекст
Педагогикалық психологияның қалыптасу тарихы
Педагогикалық психологияның даму кезеңдері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
З. Фрейд, А. Адлер, К. Юнг, Э. Фромм, Э. Эриксоннның психоанализі (ХІХ ғ. аяғынан ХХ ғ. бойы) санасыздық, психологиялық қорғаныс, кешендер, «Мен-нің» кезеңдеп дамуы, еркіндік, экстраверсия-интроверсия категорияларын жетілдіріп, өндірген. (Соңғысы, Г. Айзенк тестерінің арқасында көптеген педагогикалық зерттеулерде қолдану мен таратылу табуда).
Гештальт психология (М. Вертгеймер, В. Келер, К. Коффка – ХІХ ғ. басы), К. Левиннің мінез-құлықтың динамикалық жүйесі тұжырымдамасы немесе алаң теориясы, Ж. Пиаженің генетикалық эпистемиологиясы немесе интеллектің кезеңдеп дамуы тұжырымдамасы, ол инсайт, мотивация, интеллектуалды даму сатылары, интериоризация, түсініктерінің қалыптасуына үлес қосқан (оларды сондай-ақ, әлеуметтік бағытта жұмыс істейтін француз психологтары А. Валлон, П. Жане қарастырған).
Ж. Пиаженің операционалды тұжырымдамасы ХХ ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап ойлау мен интеллект дамуының негізгі дүниежүзілік теорияларының бірі болуда. Бұл тұжырымдаманың контекстінде әлеуметтану, центрация-децентрация, бейімделу өзгешелігі, әрекеттердің қайтымдылығы, интеллектуалды даму сатылары сияқты түсініктер зерттелуде. Ескере кететін жағдай, Ж. Пиаже ХХ ғасыр ғылымына «психиканы зерттеудегі синтетикалық ықпалдың» ерекше өкілдерінің бірі ретінде кірген [10, 26 б.].
ХХ ғасырдың 60-80 жылдарындағы Г.У. Найссер, М. Бродбент, Д.Норман, Дж. Брунердің және басқалардың когнитивті психологиясы білімге, хабардар болуға, семантикалық есті ұйымдастыруға, болжаушылыққа, хабарды қабылдау және қайта өңдеуге, оқу және түсіну процесіне, когнитивтік стилдерге аса көңіл бөлген.
А. Маслоу, К. Роджерстің ХХ ғасырдың 60-90 жылдарындағы гуманистік психологиясы «клиентке негізделгену» терапия тұжырымдамасын, өзін-өзі өзектендіру, адамзат қажеттіліктерінің пирамидасы (бағыныстылығы), фасилитация (жеңілдету немесе белсенділеу) категорияларына алға ұсынып, шәкіртке негізделген, оқытуға деген гуманистік көзқарасты қалыптастырған.
Педагогикалық психологияның дамуына И.М. Сеченов, И.П. Павлов, К.Д. Ушинский. А.Ф. Лазурский, П.Ф. Лесгафт, Л.С. Выготский, П.П. Блонский сияқты және т.б. отандық ойшылдар, педагогтар, жаратылыстанушылардың жұмыстары үлкен ықпалын тигізді. Барлық отандық педагогикалық тұжырымдамаларға негіз болған – К.Д. Ушинскийдің (1824-1870) педагогикалық антропологиясы. Онда оқытудың тәрбиелік сипаты, адамның іс-әрекеттік табиғаты бекітілген. Оқытудың әдістері мен мазмұны категориясын зерттеу К.Д. Ушинскийдің еншісі.
Л.С. Выготскийдің (1896-1934) мәдени-тарихи теориясы – психиканың, тілдің, түсініктік ойлаудың даму теориясы, оқыту мен дамытудың байланысы, мұнда біріншісі алға озып, екіншісін артынан ілестіреді, даму деңгейлері түсінігі, «жақын даму аймағы» және де көптеген басқа да фундаменталды мәселелер қандай да бір дәрежеде соңғы онжылдықтағы педагогика-психологиялық тұжырымдамасының негізіне енді. Мысалы, М.Я. Басовтың іс-әрекет тұжырымдамасы, А.Н. Леонтьевтің іс-әрекет теориясы, С.Л. Рубинштейннің іс-әрекеттің өзінің категорясының жалпы әдістемелік зерттеулері (әсіресе субъектілік тұрғыда), психикаға жалпы ықпалдасуына ыңғай таныту, оның ересектік кезеңдегі даму өзгешелігін анықтау, Б.Г. Ананьевтің және тағы басқалардың ерекше жас кезеңі – студенттік кезді бөліп қарауы білім беру процесін психологтық-педагогикалық ұғынуға, педагогикалық психологияның дамуына сөзсіз әсер етті.
ХХ ғасырдың ортасында отандық психологияда қалыптасқан оқудың, оқу іс-әрекетінің теориялар, тұжырымдамалары, түсіндірмелері, (Д.Н. Богоявленский, Г.С. Костюк, Н.А. Менчинская, П.А. Шеварев, З.И. Калмыкова, П.Я. Гальперин, Н.Ф. Талызина, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, А.К. Маркова, Л.И. Айдарова, Л.В. Занков, Л.Н. Ланда, Г.Г. Граник, А.А. Люблинская, Н.В. Кузьмина және т.б.) педагогикалық тәжірибенің мәнін ұғынуға ғана емес, сондай-ақ ғылым ретінде біздің және басқа да елдерде дамытылып жатқан педагогикалық психологияға да баға жетпес үлес қосты (И. Лингарт, Й. Ломпшер және т.б.).
Педагогикалық
психологияның дамуына үлкен
ықпалын тигізгендер үйренушіле
Педагогикалық психология жетістіктерінің ғылыми рефлексиясы процесінде М.Н. Шардаковтың, В.А. Крутецкийдің, А.В. Петровскийдің педагогикалық және жас ерекшелік психология, оқу психологиясы бойынша оқулықтары сөзсіз жағымды рөл ойнады.
Педагогикалық психологияның қалыптасу тарихы
Педагогикалық психология – дамып келе жатқан ғылым
Ғылыми білімнің көптеген салаларының қалыптасуы гетерогенді және гетерохронды, тіпті уақытқа қарай үзілген процесс болып табылады. Бұл әдетте, әлемде болып жатқан ірі қоғамдық-тарихи (революциялар, соғыстар, апаттық сүргіндер) оқиғалармен түсіндіріледі, олар ғылыми дамудың мазмұны мен бағытына елеулі әсер етеді. Алайда, ол бір пайда болғаннан кейін адамзат ой-санасының тоқталмас қозғалыстарына байланысты жалғасып отырады.
Алғаш рет Ян Амос Коменскийдің 1657 ж. «Ұлы дидактика» еңбегінде жазылған педагогикалық ойлар, педагогикалық теорияның және мектептегі оқытуды мақсатты ұйымдастырудың дамуына жол бастады. Бұл еңбекті педагогикалық психологияның 250 жыл бойы ұзақ қарама-қайшылықты дамуының алғашқы алғышарты ретінде де қарастыруға болады, өйткені тек ХІХ ғасырдың аяқ кезінен бастап ғана ол дербес ғылым ретінде қалыптаса бастады. Педагогикалық ғылымның бүкіл қалыптасу және даму жолын үлкен үш кезеңдермен көрсетуге болады.
Педагогикалық психологияның даму кезеңдері
Бірінші кезең – XVII ғасырдың ортасынан ХІХ ғасырдың аяғына дейін – Песталоццидің айтуы бойынша «педагогиканы психологияландыруды сезіну қажеттілігіне» қарай жалпы дидактикалық деп атауға болады. Бұл кезең ең алдымен, Ян Амос Коменскийдің (1592-1670), Жан-Жак Руссо (1712-1778), Иоганн Песталоцци (1746-1827), Иоганн Гербарт (1776-1841), Адольф Дистервег (1790-1866), К.Д. Ушинский (1824-1870), П.Ф. Каптерев (1849-1922) өзінің есімдерімен көрсетілуі мүмкін. Бұл ойшыл – педагогтардың педагогикалық психологияның дамуына қосқан үлестері өздері қарастырған мәселелермен анықталады: даму, оқу және тәрбие байланысы; оқушының шығармашылық белсенділігі, баланың қабілеттілігі және оны дамыту, мұғалімнің рөлі, оқытуды ұйымдастыру және көптеген басқа мәселелер. Алайда, бұл - аталған процестің мәнін ғылыми тұрғыдан түсінудің тек алғашқы әрекеттері еді. Осы мәселелердің шынайы психологиялық жақтарын толығымен ашылмағандығы жөнінде П.Ф. Каптерев «Дидактикалық очерктер. Білім беру теориясы» (1-ші басылым. 1885 ж.) атты кітабында осы кезеңдегі педагогикалық теорияның дамуына терең және жүйелі талдау жүргізу негізінде дәлелдер келтіреді. П.Ф. Каптерев, «…Коменскийдің дидиктикасына тым маңызды кемшіліктер тән: бұл сыртқы механикалық құрал ретінде ұсынылған әдіс дидактакасы; бұл дидактикада оқушылардың қабілеттерін оқыту арқылы дамыту туралы мүлдем сөз жоқ; … Коменскийдің дидактикасына психология жетіспейді» [11, 264 б.].
И. Песталоццидің рөліне талдау жүргізе келе, П.Ф. Каптерев «Песталоцци оқудың барлығын оқушының өз шығармашылығы деп түсінген, ал барлық білімді әрекеттің іштен дамуы, өз бетімін әрекет жасау, өзін-өзі дамыту акті ретінде түсінген» [11, 294 б.].
Алайда, сонымен қатар П.Ф. Каптерев айтқандай, «…Оның (Песталоццидің – И.З.) оқытуда әдістің әсерін тым асыра көтеріп, оқытуда мектепте қолданылатын әдіс, тәсілдерді механизациялауға көп мойын бұрғаны анық. Мектептегі көрнекті фактор ретіндегі мұғалімнің жанды тұлғасы әлі түсініксіз. Жалпы Песталоцци білім беру процесінің психологиялық жағын, оның негіздері, жолдары мен, нысандарын қажетті деңгейде ашпаған» [11, 304 б.] (бөліп көрсеткен мен – И.З.).
Педагогикалық психологияға И. Гербарттың қосқан үлесін бағалай келе, П.Ф. Каптерев «…Гербарт дидактикасының аса маңызды басымдылықтары бар: ол педагогикалық әдіске психологиялық талдау береді, ол оқуға қызығушылық туралы аса маңызды мәселені көтереді, ол оқыту мен тәрбие беруді бір – бірінен ажыратпайды. Гербарт дидактикасының жетіспеушілігі оның біржақты интеллектуализмі және кейбір мәселелерді толығымен игермеуінде, мысалы, оқушылардың қызығушылықтары жөнінде» (бөліп көрсеткен мен – И.З.). Бұл жерде, «тәрбиелеп оқыту» ұғымы И. Гербарттың тұжырымдамасынан бастау алады [11, 316 б.].
А. Дистервегтің шығармашылығы, П.Ф. Каптерев бойынша, оның заманына сай педагогикалық тәжірибенің психологиялық бағыттанған ережелерінен тұрады. А. Дистервегтің білім беру процесінде мұғалімнің, педагогтың басқарушы рөлі туралы тезистері бар. Ол оқу процесін оқушының - оқытылатын субъектің, мұғалімнің, оқылатын пәннің және оқыту жағдайларының біртұтастығы деп қарастырады. Өзін-өзі жетілдіру, оқушының ерекшелігін ескеру және педагог әрекеттерінің пәрменділігі - тәрбиелеп оқытудың кепілі мен негізі. П.Ф. Каптерев атап өткендей, «…Дистервегтің көптеген ережелері ой саралығы мен айқындығы, ықшамдығы, сонымен бірге, педагогикалық қолайлылығы мен мәнділігі бойынша жаңалық пен тереңділігі жоқ болғанына қарамастан, дидактика оқулықтарына кіріп, күнделікті педагогикалық тәжірибенің ережелеріне айналды». Олар оны жан-жақты ғылыми тұрғыдан түсіну қажеттілігіне себепші болды [11, 324 б.].
Педагогикалық
психологияның осы «алғы
Педагогикалық психология негіздерін құруда П.Ф. Каптеревтың өзінің қосқан үлесі орасан зор. Ол педагогикалық психологияның негізін құраушыларының бірі. Ол өмірге Песталоццидің өсиеттерін - педагогиканы психологтандыруды енгізуге ұмтылды. «Психологиялық педагогика» ұғымы зерттеушілердің айтуы бойынша, ғылыми айналымға 1877 ж. Каптеревтың «Педагогикалық психология» атты кітабы шыққан соң кірді. Шынында да, Э. Торндайктың осыған аттас кітабы тек шаршы ғасырдан соң (1903 ж.) жарық көрді. Сонымен қатар, П.Ф. Каптерев ғылыми қолданысқа қазіргі заманда қолданылып жүрген білім беру мен тәрбие берудің жиынтығы, педагог пен оқушы әрекетінің байланысы ретіндегі «білім беру» ұғымын кіргізді. Сонымен бірге, мұғалім еңбегі мен мұғалім дайындаудың педагогикалық мәселелері, эстетикалық даму мен тәрбие беру мәселелері және басқа да көптеген мәселелер қарастырылды. Білім беру процесінің өзін П.Ф. Каптерев психологиялық тұрғыдан қарастыруы өте маңызды, ол жөнінде «Дидактикалық очерктер. Білім беру теориясы» атты кітабының екінші тарауы - «Білім беру процесі - оның психологиясы» дәлел болады. Автордың ойы бойынша, білім беру процесіне «адам ағзасының ішкі әрекетінің көрінісі», қабілеттілікті дамыту және басқа үрдістер кіреді [11, 340-345 б.].
П.Ф. Каптеревқа
тек ұлы дидактардың еңбектерін
Педагогикалық психологияның қалыптасуына сол кезеңде жаңадан пайда бола бастаған әлеуметтік психология өкілі С.Т. Шацкийдің (1878-1934) қосқан үлесі қомақты. Ол адамды әлеуметтендіру процесінде тәрбие беруді ізгілендіру және демократияландырудың біртұтас тұжырымдамасын жасаған. С.Т. Шацкийге әлеуметтік-педагогикалық қызметтің субъектісі ретінде оның тұлғасы мен кәсіби құзырлылығына қойылатын жалпыланған талаптарды қамтитын педагог моделін құрған. С.Т. Шацкийдің педагогикалық тәжірибесіне шет елдік зерттеушілер жоғары баға берген. Атап айтқанда, Дж. Дьюи ресейлік оқушылардың дайындығының жүйелілігін, ұйымдастырушылығын, қазіргі заманғы американдық мектептермен салыстырғанда демократты екендігін атап өтеді.
Осылайша, бірінші алғы шартты кезең, бір жағынан, И. Ньютонның механистикалық түсінігінің басымдылығымен, Ч. Дарвиннің эволюциялық идеяларымен, Дж. Локктың психикалық өмірді ассоциативтік түсіну - психикалық өмірдің негізін сезімдік әсерлену құрайды деген ежелден дамып келе жатқан ілім - сенсуализммен сипатталады. Басқа жағынан алғанда, бұл кезең негізінен педагогикалық болмысты байқау, талдау және баға беруге негізделген ойша жорытылған, қисынды құрылған жорытпалар кезеңі.
Екінші кезең XIX ғасырдың аяғынан XX ғасырдың ортасына дейін созылған. Бұл кезеңде педагогикалық психология алдыңғы жүзжылдықтың педагогикалық ойларының жетістіктерін пайдаланып, психологиялық, психофизикалық эксперименталдық зерттеулердің нәтижелеріне бағыттанып, дербес сала болып қалыптаса бастады. Педагогикалық психология эксперименталдық психологияның қарқынды дамуымен бірге дамып, қалыптаса бастады, нақты педагогикалық жүйелер құрып, жете зерттеумен болды, мысалы, М. Монтессори жүйесі.
Педагогикалық психологияның осы кезеңінің басы П.Ф. Каптеревтың, Э. Торндайктың, Л.С. Выготскийдің кітаптарының атауларынан байқауға болады, сонымен қатар осы салада алғашқы эксперименталдық жұмыстардың пайда болуымен белгіленеді. Л.С. Выготский Г. Мюнстербергпен келісе отырып, педагогикалық психология – соңғы бірнеше жылдардың өнімі; бұл медицина, юриспруденция және басқа ғылымдармен бірге қолданбалы психологияның бір бөлігі болып табылатын жаңа ғылым екенін атап өтеді. Сонымен қатар, бұл дербес ғылым [12].
Информация о работе Педагогикалық психологияның жалпы сипаттамасы мен қалыптасу тарихы