Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 06:04, реферат
Ежелгі Үндістан дәрігерлері адамның психикалық әрекетінің негізгі органы — жүрек, оның атқаратын қызметі біртіндеп миға ауысады деген тұжырым жасады. Темперамент жайындағы ілім іргесінің қалануы, әрбір адам өзінің даралық ерекшеліктерімен сипатталады деген ұғым ғылым тарихындағы алғашқы материалистік қарапайым түсініктерді тудырды. Ертедегі Қытай мен Үндістан дәрігерлері темперамент үш бөлшектен тұрады, олар: бастапқыда ауа тектес нәрселерден — өттен және қан мен шырыннан құралған, осы үш түрлі нәрсенің дене құрамындағы мөлшеріне орай адамдар бірнеше типке ажыратылады деп санаған.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Ежелгі психология
2.2. Жаңа заман психологиясы
2.3. Психология ғылымының даму кезеңдері
2.4. Психологияның салалары
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
«Неврология, жалпы және
медициналық психология»
Тақырыбы:
Психология ғылымының даму кезеңдері
Орындаған: Кесикбаева Б.С.
Тексерген: Исимова А.Е.
АСТАНА – 2012
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Ежелгі психология
2.2. Жаңа заман психологиясы
2.3. Психология ғылымының даму кезеңдері
2.4. Психологияның салалары
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Ерте замандардан бастап адам баласының назары, ақыл-ойы өзінің маңындағы дүниенің сырын танып білумен бірге, өз денесінің, ішкі дүниесінің ақыл-ойы мен іс-әрекетінің, тіршілік бейнесінің құпия сырларын ашып білуге ұмтылған. Біздің дәуірімізге дейінгі бірнеше мыңдаған жылдар бұрын Шығыс елдері Мысыр мен Үндістанда, Қытай мен өзге елдерде адам баласының мәдениеті өсіп, дамып, осы заманғы ғылыми білімнің бастапқы іргетасы қалана бастаған. Қоғамның дамуына орай өндіріс күштері өсті, әлеуметтік өмірде таптар пайда болды. Алғашқы құл иеленушілік мемлекет құрылды. Қоғамда адамдардың әрқилы наным-сенімдерге негіз-делген көзқарасы қалыптасты. Мұндай көзқарастар тек діни нанымдарға ғана негіз болып қоймай, адамның жан дүниесі туралы табиғи-ғылыми көзқарастардың туындауына да себепші болды.
Ертедегі Шығыс елдерінде, сонан соң Ежелгі Грецияда адамның тәні мен жанының сырын білуге ден қойылды. Адам тіршілігінің негізі — қан айналысына ерекше мән берілді. Тіршіліктің негізі — қан айналымындағы сұйықтық және ондағы құрам деген түсінік қалыптасты. Ертедегі Қытай медицинасында б. з. д. ХШ ғасырда денені баскарушы жүрек қызметі деп санап, ол ауа тектес нәрседен жаралған деді. Ондай нәрселер организмде тегі бөлек заттармен қосулып, адамның физиологиялық тіршілігімен бірге психикалық қызметін де реттеп отырады, мұндай тіршілік адамның сөйлеу қабілетін оятып, ойын дамытады деген тұжырым жасалды. Адамның ойын жүрегі билесе, ал оның сезімдік қызметін бауыры атқарады деп түсінілді.
Ежелгі Үндістан дәрігерлері
адамның психикалық әрекетінің
негізгі органы — жүрек, оның
атқаратын қызметі біртіндеп
миға ауысады деген тұжырым
жасады. Темперамент жайындағы ілім
іргесінің қалануы, әрбір адам
өзінің даралық
Осы негіздерге сүйене отырып, Қытай дәрігерлері адамдарды мынадай типтерге жіктеген:
1) адамның бойында өттің не қан құрамынңң басым болуы. Мұндай адамдар күшті, батыр келеді. Олардың мінезі жолбарыс тәрізді өжет те шапшаң; 2)Ауа тектес нәрселердің көптігі. Ондай адам ұстамсыз, қозғалғыш болады, маймылдың әрекетіндей әрекеттер жасайды;
3)Шырынның басымдылығы
— қимыл-козғалыстың баяулығын,
Адам организмі жайындағы мұндай пайымдаулар сол дәуірлерде, бір жағынаң, табиғи - ғылыми түсініктерге жол ашқанымен, екінші жағынан, әр түрлі діни наным-сенімдер тарапынан қарсылық тудырған көзқарастарға душар болды. Дегенмен, психологиялық және физиологиялық құбылыстар жайындағы ақылға қонымды көзқарастар өзіне жол тауып, одан әрі дами берді.
Б. з. д. VI ғасырда Үндістанда адамның жан дүниесі жайындағы діни нанымдарға негізделген джайнизм мен буддизм бағыттары кеңінен тарады. Бұдан кейінгі кездерде Үндістанға философиялық мектептер жан туралы түсініктерді метафизикалық-әдептік мақсаттарды дәріптеуге пайдаланды. Бұл бағыт келесі дәуірлерде түрлі жолға түсіп, жан дүние сырын адамның даралық ерекшеліктеріне орай түрліше түсіндірді. Ал иога бағытын ұстанушылар шындықты танып білу үшін адам бойындары психикалық қасиеттердің жасырын сырларын жеңе білу керек деп уағыздады. Ертедегі Үндістан ғұламаларының пікірілше, адамның, өз ішкі дүниесінің сырын менгеріп, оның даралық ерекшеліктерін әдептік (этикалық) жағынан Іздестіріп білуге ұмтылғаны осыдан айқын байқалады.
Ерте дәуірдагі Қытай
елінде кеңінен таралған
ІІ. Негізгі бөлім
Бұл "жан туралы ілім" деген ұғымды білдіреді. Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі — шамамен 2500 жылға созылған, көшбасы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы тұрлі ой-пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе, философиямен қосақтаса дамып келеді. "Психология" терминінің бірінші қолдануы 1590 жылы Неміс схоластик пәлсапасышы Рудольф Гөкельге беріледі. Алайда одан алты ғасыр бұрын Хорват гуманисті - Марко Маурулиц бұл терминді өзінің кейіннен жоғалған еңбегінің есімі ретінде қолданған. Бұл әрине терминнің ең бірінші қолданылуы болмауы мүмкін, бірақ бұл бүгінгі күндегі терминнің ең алғашқы құжатталған қолданылуы болып есептеледі.
Бұл термин қауымның кең қолданулуына Неміс идеалист пәлсапасышысы Кристиан Вольфтің (1732-1734) Psychologia empirica және Psychologia rationalis (1732-1734) атты еңбегі жарық көргеннен бұрын енбеген. Эмпирикалық және рационалды психологиялардың арасындағы бұл ажыратылуы Дидьероның Энциклопедиясынан алынып, Францияда Мэң дө Биғаңның көмегімен кең тараған.
Өзінің "жан" мен "тану"
деп көне грек тілінен аударылған
түбірлеріне қарамастан, психология
ғылымы өзінің діни мәнінде адам жанының
зерттеуі болып тек одан көп уақыт
өткеннен кейін, христиандық заманда
танылды. Психология медицинаның тарауы
ретінде танылуы Томас
Психология тарихының даму кезеңдері.
Психология өз алдына ғылым ретінде ХІХ хасырдың 60 ж. бөлініп шықты. Оған себеп болған ғылыми-зерттеу мекемелері-психологиялық лабораториялар және институттар, жоғары оқу орындарындағы кафедралар сонымен қатар пихикалық құбылыстарды оқып-білуге байланысты экспериментті насихаттау жұмыстары.
1879ж Лейпцигте Вундт алғаш рет дүние жүзінде экспериментальды психологиядан лаборатория ашты. ХҮІІІ ғ .” Психология” терминін неміс философы Христиан Вольф кіргізді. Психологияның ғылым ретінде даму жолдары нақты кезеңдерден тұрады
1-ші кезең. ( б.з.дейінгі 5ғ. ).Психология жан туралы ғылым ретінде. Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель (б.з.д. 384-322) есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану, т.б.) аралас, астарласа дамып келді. XIX- ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылыстарын (түйсік, ес, ойлау, қиял т.б.) эксперимент жүзінде әртүрлі құрал-жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап, психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірбиелік ғылым ретінде дамыды. Психология ғылымының тарихы да біріне-бірі қарама-қарсы (материализм, идеализм) жоғарыда аталған екі бағыттың үздіксіз ой-пікір тартысына толы. Мысалы, ертедегі грек ойшыларының бірі Демокрит (б.э.д. 460-370) сол кездің өзінде-ақ жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон (б.э.д. 427-347) керісінше “жан- мәңгі өлмейді, өшпейді”,- деп тұжырымдады. Психикалық әрекетті осылайша екі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну, қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, әсіресе, орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өріс ала бастады. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) дүние- материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді, жан денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деп материалистік тұрғыдан дұрыс пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский (1225-1274ж.ж.) жанның мәңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді ары қарай дамытып, осы көзқарастың кең өріс алуына мүмкіндік берді.
2-ші кезең. Психология сана туралы ғылым ретінде. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы философтар психиканы түсінудің методологиялллық алғы шарттарының негізін қалады,оның психологияның өз алдына білімнің жеке саласы ретінде қалыптасуына ықпалы тиімді. Р.Декарт (1596-16650 ) жануарлар мен адам психикасына әр түрлі қаруды белгілейді.оның теориясы бойынша ,жануарлардың жаны жоқ олардың мінез-құлқы,сыртқы әсерге рефлекс болып табылады.
Д.Локк (1632-1704) сенсуализмнің –ақыл-ой жүйесінде сезім мүшелері арқылы өтпейтін еш нәрсе жоқ дейтінді уағыздайтын философиялық бағыттың аса көрнекті өкілдерінің бірі.Ғалым психикалық іс-әрекет механизмін ассоциациялардан ,яғни жеке түсініктер мен идеялар арасындағы байланыстардан көреді.Д.Локк сананы өзімен-өзі тұйықтап,сана туралы ілімде іс жұзінде декарттық тұрғыда қалып қойды.
3-ші кезең. Психология іс-әрекет туралы ғылым ретінде.
1913жылы американ психологы
Д.Уотсонның психологияны
4-ші кезең. Психология ғылым ретінде психиканың фактілерін, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейді.
Сыртқы әсердің адамның
ішкі ерекшеліктері арқылы
Психикалық бейнелеудің дұрыстығын мойындаудың принциптік маңызы зор. Себебі нақты осы қасиет ақиқатты танып-білуді,оның объективті заңдылықтарын анықтауды және одан кейінгі жерде оларды адамның теориялық және практикалық қызметінде қолдауды мүмкін етеді.
Психика-қоғамдық –тарихи практикамен тексеріліп, құпталған дүниенің шынайы да дұрыс бейнеленуі.
Негізгі психологиялық теорияларға бихевиоризм, гештальтпсихология, психоанализ, іс-әрекет теориясы, гуманистік психология.
Психология салалары
Адамның еңбек іс-әрекетінің
психологиялық ерекшеліктерін, еңбек
дағдыларының даму
Оқу, тәрбие істерінің оқушы
санасына қалайша әсер ететіндігін
зерттейді. Оқу материалының мазмұны
мен көлемін анықтау, балалардың
жас мөлшеріне лайықты
Дәрігер мен науқастың
арасындағы қатынасты, олардың мінез-құлқының
түрлі құрылыстарын зерттейді. Емдеу
мен психотерапияның
Адам мен техниканың қарым-қатынасынан
туындайтын психологиялық мәселелерді
зерттейді. «Адам-машина» жүйесінде
әрекетті тиімді етіп ұйымдастыру, басқару
жүйелерінің құрылымын