Психология ғылымының даму кезеңдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 06:04, реферат

Описание

Ежелгі Үндістан дәрігерлері адамның психикалық әрекетінің негізгі органы — жүрек, оның атқаратын қызметі біртіндеп миға ауысады деген тұжырым жасады. Темперамент жайындағы ілім іргесінің қалануы, әрбір адам өзінің даралық ерекшеліктерімен сипатталады деген ұғым ғылым тарихындағы алғашқы материалистік қарапайым түсініктерді тудырды. Ертедегі Қытай мен Үндістан дәрігерлері темперамент үш бөлшектен тұрады, олар: бастапқыда ауа тектес нәрселерден — өттен және қан мен шырыннан құралған, осы үш түрлі нәрсенің дене құрамындағы мөлшеріне орай адамдар бірнеше типке ажыратылады деп санаған.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Ежелгі психология
2.2. Жаңа заман психологиясы
2.3. Психология ғылымының даму кезеңдері
2.4. Психологияның салалары
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Психология тарихының даму кезеңдері.docx

— 29.83 Кб (Скачать документ)
  1. Жас ерекшелік психологиясы

 Қалыпты адам психологиясының  даму заңдылықтарын нәрестелік  кезеңнен қарттық кезеңге дейінгі  психологиялық ерекшеліктер мен  заңдылықтарды зерттейтін психология  саласы. Тармақтары: 1. Балалар; 2. Жеткіншектер; 3. Жастар; 4. Ересектер (акмиология); 5. Қарт адамдар психологиясы (геранто психология). 6. Арнаулы психология Адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуы. Ми ауруына ұшыраған психикалық күйзелістері мен осы саладағы себептерді қарастырады. Тармақтары: 1. Олигофрено психология – ми зақымы ауруымен туылған адамдардың психологиясының зерттелуі; 2. Сурдо психология – саңырау немесе керең адамдардың психологиясын зерттейді; 3. Тифло психология – нашар көретін немесе соқыр адамдардың психологиясын зерттейді.

  1. Салыстырмалы психология

Салыстырмалы психологияға зоопсихология, этология дейтін салалар кіреді. Мәселен, балалар психологиясы қоғамдық жағдай мен биологиялық факторлардың баланың дүниеге келгеннен кейінге дейін психикалық дамуына тигізетін әсерлерді зерттейді. Салыстырмалы психология жануарлар психикасымен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастырады.

  1. Әлеуметтік психология

Тұлғаның әлеуметтік –  психологиялық көріністерін, индивидтің басқа адаммен өзара қарым-қатынасын, адамдардың психологиялық үйлесімдігін, үлкен топтардағы әлеуметтік психологиялық  көріністерді зерттейді.

9. Әскери психология Адамның соғыс жағдайы кезіндегі мінезі, соғыс техникасын меңгеру мен басқару әдістерін зерттейді.

 

 

 

 

Қорытынды

Грек, латынның кейбір сөздері  өз ана тіліне айналып кеткен Батыс  елдері(ағылшын, неміс, француз, итальян, испан, грек) үшін, "психология" сөзі - "руханият" деген мағынада ұғылады. Мысалы, қазақ үшін, арабтың "рух" сөзі қазақтың өз сөзі сияқты ұғылады емес пе?! Дәл сол сияқты, "псюхе" сөзі батыста "рух" деп ұғылады. Батыс елдері "Ағылшын руханияты", "Француз руханияты", "Грек руханияты" дегендей етіп өздерінің ұлттық руханиятын зерттеуге ден қойған. Яғни батыстағы "руханият жайлы ғылым" дегенің ақылға қонымды, пайдалы ғылым бола алады. Ал Кеңестік шекпеннен шыққан елдер үшін, оның ішінде Қазақстан үшін "психология" дегеннің не мағына беретіні де бұлыңғыр. Бізде, "псюхе" сөзін "рух" деп санамайды, "жан" дейді; ал "психология" дегенді "руханият" деу орнына "жантану" деп қателеседі. Батыс елдері "рухани даму", "рухани азық", "рухани кесел" дегендей мәселелерді қарастырып жатса, біздікілер олардың атауын ғана алып, "психикалық даму", "психикалық азық", "психикалық кесел" деп, ішкі мәнін дұрыс ұқпай шала түсінікті сөздерге айналдырады, сосын оның түпкі мәнін жеткізе алмай сандырақтап кетеді. Осы сияқты кемшіліктер, дәлірек айтқанда "былықтар" бізде толып жатыр. Сондықтан да Қазақстандағы "психология" ғылымы - ғылым емес. Әлбетте, оның ашқан жаңалығы да атымен жоқ. Мәселен, шет елдерде жасалып жатқандай кісітануға қажетті сын-сұрақтамалардың бірін де біздің "психологтар" жасай алған жоқ. Біздегілер Батыс елдеріндегі рухани жарамсыз қоқысқа саналған ескі тесттерін аударумен, көшірумен ғана айналысады. Мысалға, Батыс елдеріндегі ғалымдар, төрт темперамент түрін анықтау тесті түгілі, сол темпераменттің төрт түрі бар дегеннің өзін қате деп жоққа шығарған. Ал біздікілер "Айзенктің темперамент түрін анықтау тестін" енді аударып, студенттерге оқытуға кіріскен.

Этимологиялық деңгейде психология рух пен руханиятты (көне грекше: ψυχή — рух) зерттеу (көне грекше: -λογία — сөз, ғылым, тану) деп танылады. Өзінің грекше мағынасында бұл зерттеу вегетативттік (жан дүниесі мен рухани болмысы), сезімдік (ниет-пиғыл, байым, әрекет), интеллективттік (ақыл-ой) функцияларымен шектеледі. Алайда психология — ақыл-ой қызметтерін зерттеумен бірге, рухани себеп-салдар әдістемесі, рухани жекешілдігінің, тұлға ішіндегі ақиқатты зерттеу. Ақыл-ой — тек комбинация мен арақатынас мекені емес, ол абстракция мен материалдық қатынас арқылы адам затын ойлау әрекетіне икемді нәрсе ретінде анықтайды. Осы тұста адам мен жануар арасындағы айырмашылық көрінеді.

Психологияның зерттеу объекті  — осы күннің өткен ғасырлардан  бері келе жатқан дау мен талқылаудың  тақырыбы. Бұл күрделі дауға шешім  табатындай пікірлер қалыптасқан әдет-ғұрып  бойынша бірнешеу, атап айтсақ, психологияның  зерттеу объекті — мінез-құлық  пен оның қалыптасуы; ойлау үдірістері; эмоциялар мен пейіл; тұлға; адамдар  арасындағы қарым-қатынастар, т.б.

Психологияның әртүрлі тараулары  қолданған әдіс (клинакалық немесе тәжірибелік), немесе адамның әрекеті (жұмыс, еске салу, есте сақтау, еске түсіру, сезу, тәлім тану, т.б), немесе зерттеу  бағыты (бала дамуы мен руханияты, Келбет руханияты, жануар жан дүниесі) арқылы ажыратылады.

Психологияны зерттеу  өрісінде басқа да антропология, социология сияқты қоғамдық ғылымдармен де соқтығыстыруға болады.

Психология оны оқыған адамдардың алған жағына қарай бірнеше  мәселелермен кесіп өтілген. Көптеген нәтижелер жинақталған болып, кейбір гипотезаларды растау немесе қабылдамай тастау мүмкін болса да, қорытындылардың синтетикалық және рационалдық комбинациясы ортақ пәтуаға келмеген. Әлі күнге дейін де бұл сұрақ қойылып отыр. Екі концепциялар бір біріне қарама қайшы, біріншісі психология ғылым ретінде қалыптасқан десе, екіншісі оны тек пре ғылым деп, талқыға салады.

Аристотельдік (преғылыми) және галилейлік (преғылыми) ойлау түрлерін салғастырған Курт Левиннің текстіне сүйеніп, бұл мәселені қарастыра  аламыз.

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

  1.  Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет.

 

 

  1. Ә. Алдамұратов “Жалпы психология” Алматы 1993 ж. 256 – бет

 

 

  1. С. Бап – баба “Жалпы психология” Алматы 2004 ж. 123 – бет

 

 

  1.  Интернет материалдары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Психология ғылымының даму кезеңдері