Психологиялық механизмдері: ерекшеліктері, психологиялық, педагогикалық орта

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 17:35, реферат

Описание

Саяси құқықтық мәдениет жастардың қоғам өміріндегі жақсы жақтарын көрсететін түсінік болса, девианттық мінез-құлық олардың қоғам –өміріндегі теріс орны мен салмағын айқындайды. Сондықтан, жастардың саяси құқықтық мәдениетін көрсетуде девианттық іс-әрекеттердің мәні мен маңызын түсіну өте маңызды. Қоғам өміріндегі қатынастардың жүйесі түбегейлі өзгеріп жатқан қазіргі заманда, өмірлік тәжірибесі жоқ, әлі толыққанды көзқарасы қалыптаса қоймаған жастар үшін қалыпты тіршілік ағымынан ауытқу оңай. Сөзімізді кішігірім болса да девианттық жүріс тұрыстың кейбір теориялық қорларына б ұруды жөн санап отырмыз. Жастар арасында девианттық жүріс-тұрыс мәселесімен айналысқан ғалым Д.К. Қазымбетова «Девиантное поведение –это поступок, деятельность или образ жизни людей, не соответствующие общепринятым моральным, правовым группам или обществу в целом [1,20 б] деп, кең мағына түсінік береді, ал жай ғана айтатын болсақ, қоғамда қалыптасқан нормалардан ауытқуға жол апаратын жүріс-тұрыс – девиантты жүріс-тұрыс.

Работа состоит из  1 файл

Копия девиант.docx

— 20.28 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ 
 
 
 
 
 
 
 

Психологиялық механизмдері: ерекшеліктері, психологиялық, педагогикалық орта  
 
 
 
 

Орындаған: Султанова А. П-327

Тексерген: Жакпарова Г.А. 
 
 

Семей 2011ж.

Психологиялық механизмдері: ерекшеліктер, психологиялық, педагогикалық  орта

Саяси құқықтық мәдениет жастардың қоғам өміріндегі жақсы жақтарын көрсететін түсінік болса, девианттық мінез-құлық олардың қоғам –өміріндегі теріс орны мен салмағын айқындайды. Сондықтан, жастардың саяси құқықтық мәдениетін көрсетуде девианттық іс-әрекеттердің мәні мен маңызын түсіну өте маңызды. Қоғам өміріндегі қатынастардың жүйесі түбегейлі өзгеріп жатқан қазіргі заманда, өмірлік тәжірибесі жоқ, әлі толыққанды көзқарасы қалыптаса қоймаған жастар үшін қалыпты тіршілік ағымынан ауытқу оңай. Сөзімізді кішігірім болса да девианттық жүріс тұрыстың кейбір теориялық қорларына б ұруды жөн санап отырмыз. Жастар арасында девианттық жүріс-тұрыс мәселесімен айналысқан ғалым Д.К. Қазымбетова «Девиантное поведение –это поступок, деятельность или образ жизни людей, не соответствующие общепринятым моральным, правовым группам или обществу в целом [1,20 б] деп, кең мағына түсінік береді, ал жай ғана айтатын болсақ, қоғамда қалыптасқан нормалардан ауытқуға жол апаратын жүріс-тұрыс – девиантты жүріс-тұрыс. Девианттық жүріс-тұрыс:

Құқыққа қарсы жүріс-тұрыс

Моральға қарсы жүріс-тұрыс

Қылмыс және теріс қылық Нашақорлық, маскүнемдік, өзін-өзі өлтіру, гомосексуализм, жезөкшелік, фанатизм, т.б.

Қоғамның басқа топтарына қарағанда девианттық мінез-құлық жасөспірімдерде көбірек байқалады. Оның объективтік себебі жасөспірімдерде құқықтық әлеуметтену процесі (нормаларды меңгеруі) және делинквенттік мінез-құлықы (нормалардан ауытқу) бір мезгілде жүреді. Нашар тұрмыс жағдайы, шиеленіскен қатынастары бар сәтсіз отбасыларында тұратын жасөспірімдерге көбінесе мектеп бағдардамасына үлгермеушілік, мектеп ұжымынан алыстап кетуі және мұғалімнен қарым-қатынасының нашарлауы т.б. тән. Кейбір жағдайларда айналасын тәп-тәуір адамдар қоршаған тұрақты отбасының кәдімгі баласы өз ортасының нормаларынан бас тартып нағыз қылмыстық мінез-құлықтың белгілерін көрсетуі мүмкін. Қиын отбасынан шыққан жасөспірімдер үйлердің жертөлелерінде өткізеді. «Үй асты өмірі» олар үшін қалыпты. Себебі, ол жерге әртүрлі өздері сияқты жастар жиналады.

Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті және криминалды мінез-құлық. Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те атайды.

Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады.

Девиацияның екінші түрі - делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:

1. Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді.

2. Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық.

    3. Наша сату және тарату.

Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.

Девиацияның негативті формалары әлеуметтік патология болып табылады: алкоголизм, токсикомания, нашақорлық, жезөкшелік, суицид, заң бұзушылық және қылмыскерлік. Олар жалпы қоғамға, айналадағы адамдарға және ең бірінші өздеріне үлкен зиян келтіреді.

Девиацияны зерттеуші көптеген ғалымдар девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын түрліше түсіндіреді. Біріншілері оларды екі үлкен топқа ішкі және сыртқы факторлар деп бөлсе, екіншілері оларды бөлмей:  

• жанұяда берекенің болмауы;

• ата-ананың «ерекше» қамқарлығы;

• тәрбие берудегі кемшіліктер;

• өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;

• өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы адамдармен, құрбыларымен жарасымды қатынасқа түсе алмауы;

• сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім қабылдай алмау, сынаушылық ойды дамыта алмау;

• психоактивті заттарды жиі пайдалануы;

• агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы;

• мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің нашар дамуы;

• балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының проблемалары,- деп көрсетсе, үшіншілері оларды негізгі бес факторға бөліп қарастырады.

Әлеуметтік-психологиялық орта — адамдар арасындағы экономикадан тыс қарым-қатынастар, оған адамдардың бір-біріне — деген әр түрлі сыйластық немесе немқүрайдылық қарым-қатынастары кіреді. Әлеуметтік-психологиялық ортада экологиялык және басқа да көзқарастар, сондай-ақ үжымның жалпы және жеке мүшелерінің де пікірлері сараланады. Әлеуметтік-психологиялық орта кез келген адам қауымдастығында — кішкентай олеуметтік топтан (отбасы, т.б.) жалпы кауьшдастықка дейін қалыптасады

Педагогикалық орта - арнайы, педагогикалық мақсаттарға сәйкес құрылатын олардың әлемге, адамдарға, бір-біріне деген көзқарастарын қалыптастыруға бағытталған балалардың өмір мен іс-әрекетін ұйымдастыру жағдайларының жүйесі.

Информация о работе Психологиялық механизмдері: ерекшеліктері, психологиялық, педагогикалық орта